2
Мазмұны
1. Жалпы ережелер ............................................................................................ 3
2. Ұжымдық шарттың пәні ...............................................................................
5
3. Ұжымдық- шарттық қатынастардың тараптары ........................................
6
4. Ұжымдық шарттың қолданылуы және оны ұзарту шарттары .................. 6
5. Жұмыс берушінің оқу үдерісін ұйымдастыру, мамандарды дайындау
және өндірістік қызмет жөніндегі міндеттері .............................................
7
6. Жұмыс және демалыс уақытын анықтау шарттары ..................................
8
7. Жалақы төлеу және еңбек тәртібін сақтау талаптар .................................. 11
8. Өндірістік және қаржылық-шаруашылық қызмет ..................................... 12
9. Жұмыскрлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету ................................. 14
10. Тарптардың әлеуметтік-тұрмыстық міндеттемелері. Әлеуметтік қолдау
шаралары ........................................................................................................
17
11. Біргелікті қызмет ...........................................................................................
18
12. Кәсіподақ қызметінің кепілдігі ....................................................................
19
13. Кәсіподақ қызметінің өкілеттілігі ................................................................ 20
14. Ұжымдық шарттың талаптарының орындалуын бақылау ........................ 21
3
1.
Жалпы ережелер
1.1. Ұжымдық шарт жұмыс беруші мен жұмыскерлердің өкілді органы –
Кәсіподақ арасында жасалған құқықтық акт болып табылады. Ұжымдық
шартпен тараптардың өзаралық құқықтары мен мүдделерін келісімді түрде
айқындауға бағытталған білім беру және ғылымды дамытуға бағытталған
тараптардың қызметі, әлеуметтік-еңбек және өндірістік-экономикалық
қатынастар реттеледі.
Еңбек қатынастары тараптарының қызметі келесі бағыттарды қамтиды:
білім алушылардың сапалы білім алуы үшін оларға қолайлы жағдай
жасау;
оқу үдерісін, білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік
әдебиеттердің сапасын жақсартуға, соның ішінде Халықаралық білім беру
мектебі базасында;
академиялық ұтқырлық – екі дипломдық білім беру бағдарламасын
жетілдіруге;
талантты, дарынды жастарды қолдаудың жаңа тәсілдерін толығырақ
енгізуге, оларды іздеуге және табуға, студенттерді әлеуметтік қолдау жүйесін
әрі қарай жетілдіруге, білім алушылардың әлеуметтік-осал бөлігіне
материалдық көмек көрсетуге;
жастардың, студенттік бірлестіктердің шығармашылық қызметтеріне
қолдау жасауға;
заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана
отырып қашықтықтан білім берудің жаңа нысандарын, білім алушылардың
білім сапасын бағалаудың жаңа жүйесін енгізуге,
университеттің қызметін, білім беру бағдарламаларын, университеттің
жетістіктерін әлемдік ақпараттық кеңістікте таныту үшін қажетті жағдай
жасауға;
G-global алаңында кеңінен ғылыми жобалар мен мақалаларды
әзірлеуге;
заманауи, қолжетімді электронды кітапхана мәліметтер базасын
жасауға – Ақпараттық коммуникациялық технологиялыр орталығының
дәрежесін көтеруге;
университет қызметінің барлық бағыттары, соның ішінде көрсетілетін
қызметтің негізгі түрлеріне қосымша жанама қызметтерді еңгізе отырып
(Орталықтар, лабораториялар және басқа құрылымдар базасында)
қаржыландырудың жаңа көздерін қалыптастыруға;
университеттің кадрлық әлеуетін күшейтуге, біліктілікті көтеру
Орталығының қызметін жетілдіруге, университеттің педагогикалық
жұмыскерлерді «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытуға, қайта даярлау
курстарынын өтуге жағдай жасауға;
үздіксіз гендерлік білім беруді қамтамасыз ету мақсатында,
университеттің Әлеуметтік және гендерлік зерттеу институты базасында,
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйел істері және
демографиялық саясат бойынша Ұлттық комиссиялың, «Қазақстан іскер