Бекітілді Еңбек ұжымы конференциясының



жүктеу 228,83 Kb.
Pdf просмотр
бет4/7
Дата01.12.2017
өлшемі228,83 Kb.
#2677
1   2   3   4   5   6   7

 

5.3.  Еңбек  шартының  жағдайларын  анықтауға,  оларды  сақтауға 



байланысты  еңбек  шартының  қажетті,  қажетті  туынды  және  шартты 

(факультативті) талаптарын сақтайды. 

5.4.  Оқу үдерісін ұйымдастыруда шетелдік жұмыс күшінің қатысуымен 

еңбек  шартын  жасасу  тәртібі    Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012 

жылғы  13  қаңтардағы  №45  Қаулысымен  бекітілген  «

Шетелдік  қызметкерді 

жұмысқа  қабылдауда  және  жұмыс  берушілерге  шетелдік  жұмыс  күшін 

тартуға  рұқсат  берудің  қағидалары  мен  шарттары  туралы»  Ереженің  5-

тармағының 15) тармақшасына сәйкес анықталады.

 

Шетелдік 



қызметкерлерді  жұмысқа  тартқан  кезде,  осы  Ережелердің 4-

қосымшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша, жұмыс беруші немесе соған 

уәкілеттілік берілген тұлға уәкілетті органға ақпарат-хабарлама береді. 

Ескертпе. Хабарлама нысаны осы Шартқа қоса тіркелді. №1 Қосымша

5.5.  Шетел  еңбек  күшін  жалдау  жағдайы  бойынша,  осы  Шартқа 

тіркелген  №2  Қосымшада  көрсетілген  нысан  бойынша,  Қазақстан 

Республикасының  Білім  және  ғылым  Министрлігіне  және  Алматы  қаласы 

әкімшілігінің  Жұмыспен  қамтуды  үйлестіру  және әлеуметтік  бағдарламалар 

Басқармасына хабарландыру – мәлімет беріледі.  

 

6. 

Жұмыс және демалыс уақытын анықтау шарттары 

6.1.  Жұмыс  және  демалыс  уақытының  режимі  Ішкі  еңбек  тәртібі 

Ережелерімен,  еңбек  шартымен,  ауысым  кестесімен,  жұмыс  кестесімен, 

сабақ кестесімен және басқа актілермен айқындалады. 

Тиісті  актілерді  дайындау  кезінде  күн  сайынғы  және  апта  сайынғы 

бекітілген жұмыс ұзақтығының шегі сақталуға тиіс. 

6.2.  Педагогикалық жұмыскерледің еңбегін нормалау, жылдық жүктеме 

нормасын  айқындау  мәселесіне  қатысты  (елеулі  еңбек  жағдайы  ретінде) 

кредит көлемі еңбек шартында көрсетілуге тиіс. 

В  целях  обеспечения  учебного  процесса,  по  производственной 

необходимости,  на  время  написания  учебной  литературы,  по  соглашению 

сторон  в  трудовом  договоре  может  быть  указано  меньшее  количество 

кредитов.  

Оқу  үдерісін  қамтамасыз  ету  мақсатында,  өндірістік  қажеттілік 

бойынша,  оқу  әдебиетін  дайындау  үшін,  тараптардың  келісімі  бойынша 

еңбек шартында кредиттердің азайтылған саны көрсетілуі мүмкін. 

6.3.  Педагогикалық жұмыскерледің жұмыс уақыты ҚР ЕК-нің 1-бабы 1-

тармағының  48)  тармақшасы,  75-бабы,  Қазақстан  Республикасыңың  2007 

жылғы  27  шілдедегі  «Білім  туралы»  Заңының  52-бабы  7-тармағының  4) 

тармақшасы негізінде жылдық жүктеме шегінде бекітіледі, оның құрамында 

жылдық оқу, ғылыми және тәрбие жұмыстарының жылдық көлемі ескеріледі,  

білім берудің кредиттік технологиясы негізінде кредитпен – жиынтықты есеп 

жүргізу ережелері бойынша есептеледі. 

6.4.  Жылдық  оқу  жүктемесі  бекітілмеген  жұмыскерлердің  апталық 

жұмыс уақыты еңбек заңнамасына негіз 40 сағатты құрайды. 



 

6.5.  Жылдық  ақылы  еңбек  демалысы  белгіленген  тәртіпте,  бекітілген 



кестеге сәйкес: педагогикалық және оларға теңестірілген жұмыскерлерге – 56 

күнтізбелік күнге, оқу-қосалқы қызметкерлерге (ОҚҚ) және  ӘБҚ, ҚКҚ – 28 

күнтізбелік күнге беріледі. 

Ескертпе.  ҚР  2007  жылғы  27  шілдедегі  «Білім  туралы»  Заңының  53-

бабы  1-тармағының  2)  тармақшасына  сәйкес,  педагог  жұмыскерлер  мен 

оларға  теңестірілген  тұлғаларға  ұзақтығы  күнтізбелік  56   күнге  ақы 

төленетін жыл сайынғы демалыс алуына әлеуметтік кепілдік берілген. 

6.6.  ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 «Мемлекеттік білім 

беру  ұйымдары  қызметкерлерінің  үлгі  штаттарын  және  педагог 

қызметкерлері  мен  оларға  теңестірілген  адамдар  лауазымдарының  тізбесін 

бекіту 


туралы» 

Қаулысына 

сәйкес, 

педагог 


қызметкерлерге 

теңестірілгендерге: 1) жоғарғы білім беру ұйымдарының ректорлары; 2) оқу 

жұмысы,  оқу-әлістемелік,  ғылым  және  халықаралық  байланыс,  тәрбие, 

әлеуметтік  жұмыс  жөніндегі  проректор;  3)  кафедра  меңгерушісі,  әскери 

кафедраның  басшысы;  4)  тікелей  оқу,  білім  беру  қызметін  тікелей  іске 

асыратын профессор, доцент; 5) аға оқытушы, оқытушы танылады.   

Педагогикалық  қызметкерлеге,  сонымен  қатар,  келесі  қызметкерлер 

теңестірілген:  1) факультет деканы, оқытудың барлық түрлеріндегі институт 

директорлары; 2) кәсіптік практика жетекшісі (бөлім не басқарма басшысы); 

3) оқу-өндірістік (оқу) шеберхана меңгерушісі (білім беру ұйымдарында); 4) 

білім беру ұйымдарындағы зертхана, кабинет, сектор меңгерушісі; 5) басшы 

қызметкерлердің  және  мамандардың  біліктілігін  көтеру  және  қайта  даярлау 

институтының ассистенті. 

6.7.  Университетте  5  жылдан  астам  еңбек  өтілі  бар  ӘБҚ,  ОӘҚ  және 

ҚКҚ жұмыскерлеріне – 30 күнтізбелік күнге жылдық, ақылы еңбек демалысы 

беріледі.  

6.8.  Жекеленген  санаттағы  жұмыскерлерге,  олардың  еңбек  өтілі  және 

кәсіби  қызметі  саласындағы  ерекше  жетістіктері  ескеріле  отырып,  жұмыс 

берушінің  бұйрығымен,  мадақтау  сипаттағы  қосымша  ақылы  еңбек 

демалыстары берілуі мүмкін. 

6.9.  Өндірістен 

қол  үзбей  білім  беру  ұйымдарында  оқитын 

жұмыскерлерге,  емтихан  тапсыру  және  дипломдық  жұмыс  жобаларын 

орындау кезеңдеріне, жалақысы сақталмайтын оқу демалысы беріледі.  

Жұмыскердің  жұмыс  берушіге  (жұмыс  берушінің  өкіліне)  оқу 

демалысын беру туралы өтініші емтихан тапсыру кезеңі басталмастан бұрын, 

кемінде 1 ай бұрын беріледі.   

6.10.  Еңбек 

шартының  бұзылатындығы  туралы  ескерту  алған 

жұмыскерлерге,  ҚР  ЕК-нің 52-бабы  1-тармағының  2)  тармақшасына  сәйкес, 

жұмыскерлер  санының,  штаттық  кестенің  қысқартылуына  байланысты,  бір 

ай көлемінде, аптасына 4 сағатқа дейін орташа жалақысы сақтала отырып өз 

бетінше жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беріледі. 

6.11.  Жұмыскерлерге,  олардың  өтініші  негізінде,  ҚР  ЕК-не  сәйкес 

жалақысы сақталатын келесідей әлеуметтік демалыс беріледі: 



жүктеу 228,83 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау