Бекітілді Еңбек ұжымы конференциясының



жүктеу 228,83 Kb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата01.12.2017
өлшемі228,83 Kb.
#2677
1   2   3   4   5   6   7

10 

 

1) некеге отыруға байланысты – 5 күн; 



2) отбасында баланың дүниеге келуіне байланысты – 5 күн; 

3) жақын туысының қайтыс болуына байланысты – 5 күн; 

4) жұмыскердің мерекелік жасқа толуына байланысты – 3 күн. 

6.12.  Жұмыс  берушінің  актісі  негізінде,  жылына  бір  рет,  жұмыскерге 

отбасылық  жағдайы  ескеріле  отырып  жалақысы  сақталмайтын  еңбек 

демалысы берілуі мүмкін: 

 

14 жасқа дейінгі екі не одан да көп балалары бар жұмыскерге; 



 

18 жасқа толмаған мүгедек баласы бар жұмыскерге; 



 

14 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналарға



 

14 жасқа дейінгі баланы анасысыз тәрбиелеп отырған әкелерге. 



Жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша еңбек демалысының ұзақтығы 

тараптардың келісімімен айқындалады. 

6.13.  Барлық  жағдайда,  өндірістік  қажеттілік  бойынша,  құрылымдық 

бөлімше  басшысының  рұқсатымен  және  жұмыс  берушінің  тиісті  бұйрығын 

шығару нысанында еңбек демалысы берілуі мүмкін. 

6.14.  университетте 20 жылдан кем емес жұмыс істеген, университеттен 

өз  еркі  бойынша,  тараптардың  келісімі  бойынша  және  еңбек  шартының 

мерзімі  аяқталуына  байланысты  жұмыстан  шығатын  зейнет  жасындағы 

университет қызметкерлеріне бір лауазымдық жалақы көлеміндегі бір реттік 

төлем: 


 

Университетте  10  жылдан  кем  емес  жұмыс  істеген,  зейнет  жасына 



жеткен қызметкерлерге – лауазымдық жалақының 75% көлемінде; 

 



Университетте  5  жылдан  кем  емес  жұмыс  істеген,  зейнет  жасына 

жеткен қызметкерлерге – лауазымдық жалақының 50% көлемінде; 

 

еңбек  өтіліне  қарамастан,  Университетте  жұмыс  істеген,  зейнет 



жасына жеткен қызметкерлерге – лауазымдық жалақының 35% көлемінде.  

6.15.  Студентердің  демалыста  болу  уақытында,  талапкерлердің  оқуға 

тапсыру уақытында, сондай-ақ, оқу ғимараттарында, лабораторияларда және 

басқа  бөлмелерде  жоспар  бойынша  ағымдағы  және/немесе  күрделі  жөндеу 

жұмысы  кезінде,  жұмыс  берушінің  бастамасы  бойынша  (хабарлама  енгізу 

нысанында)  жұмыскерлерге  олардың  еңбек  өтілі  мен  әлеуметтік  жағдайы 

ескеріле  отырып,  тараптардың  келісімі  бойынша  әлеуметтік  жәрдемақы 

төлей отырып еңбек демалысы берілуі мүмкін. 

Әлеуметтік жәрдемақы төлеудің жеке мәселелері «Жұмыскерлерге еңбек 

ақы төлеу туралы» Ережемен айқындалады. 

6.16.  Жұмыскерлердің  жұмыс  және  демалыс  уақыттарының  режимі 

келесі актілермен: 

 

Ішкі еңбек тәртібі Ережемен



   Қысқартылған жұмыс күніне және қосымша еңбек демалысына құқық 

беретін зиянды еңбек жағдайындағы мамандықтар мен лауазымдардың 

Тізімімен; 

 

«Жұмыскерлерді  демалыс  және  мереке  күндері  жұмысқа  тарту 



туралы» Ережемен; 


11 

 



 

«Жұмыскерлерді  үстеме  жұмысқа  тарту  туралы»  Ережемен 

анықталады. 

 

7. 



Жалақы төлеу және еңбек тәртібін сақтау туралы талаптар 

7.1.  Жалақы,  кем  дегенде,  айына  бір  рет  келесі  айдың  10  (оныншы) 

күнінен кешіктірілмей төленеді. 

7.2.  Жұмыскерлерге 

жалақы 

төлеу, 


белгіленген 

тәртіпте, 

жұмыскерлердің  жеке  шоттарына  қаржатты  аудару  арқылы  жүзеге 

асырылады.  Еңбек  шартында  жалақы  төлеу  орны  «Алматы  технологиялық 

университеті» АҚ кассасы болып көрсетілуі мүмкін. 

7.3.  Жұмыскерлерге  жалақы  төлеу  тәртібі  «Жұмыскерлерге  еңбек  ақы 

төлеу  туралы»  Ережемен  айқындалады.  «Жұмыскерлерге  еңбек  ақы  төлеу 

туралы»  Ереженің  жобасы  2016  жылдың  25  тамызына  дейін    тараптармен 

бекітілуі тиіс. 

Ескертпе.  Салалық  келісімнің  5.1.  тармағына  сәйкес  Университетте 

жалақы  төлеудің  уақыттық-сыйақылық  нысаны  қолданылады.  Тиісінше, 

жалақы  төлеу  мәселесі  бойынша  еңбек  қатынастары  ішкі  нормаларға 

Кәсіподақтың  келісімі  бойынша  еңбекке  ақы  төлеу  Ережелеріне  негізделуі 

қажет. 

7.4.  ҚР  ЕК-нің  157-бабы  2-тармағының  2)тармақшасына  сәйкес, 



жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында, білім алушылардың санының, 

көрсетілетін  қызмет  көлемі  мен  түрлерінің  өсуін  ескере  отырып,  жұмыс 

беруші  жұмыскерлердің  жалақысын  жыл  сайын  индексациялауды  іске 

асыруы мүмкін. Индексациялау көлемі ҚР Ұлттық экономика Министрлігіне 

қарасты  Статистика  жөніндегі  Комитетпен  айқындалатын  экономикалық 

көрсеткіштерге  сәйкес  тиісті  жылға  инфляциялық  жағдай  ескеріле  отырып 

айқындалады. 

7.5.  Қоса  атқаратын  жұмыс  үшін  жұмыскерге  төленетін  үстеме  ақы 

атқарылатын  жұмыстың  көлемінің  ұлғайылуы,  уақытша  жұмыста  жоқ 

адамды  ауыстыру,  бірнеше  мамандылықты  талап  ететін  жұмысты 

орындағаны,  не  жаңа  технологияны  меңгергені  үшін  жауапты  лауазымды 

тұлғаның не құрылым бөлімше басшының ұсынысы негізінде іске асырылуы 

мүмкін. 

7.6.  Негізгі  қызметпен  қатар  қоғамдық  және  өндірістік  маңызы  бар 

уақытша  не  бір  реттік  жұмысты  орындағаны  үшін,  жұмыс  берушінің  актісі 

негізінде, жұмыскерге үстеме ақы төленуі мүмкін.  

7.7.  Жыл  сайынғы  ақы  төленетін  еңбек  демалысын  беру  кезінде 

сауықтыру  мақсатындағы  жәрдемақы  төленетін  жұмыскерлердің  тізімі, 

жәрдемақының көлемі жұмыс берушінің актісімен айқындалады.  

7.8.  Жұмыскердің  уақытша  еңбекке  жарамсыздығына  байланысты 

демалыста болуы Кадр бөліміне өткізілетін уақытша еңбекке жарамсыздығы 

туралы парақпен расталады.  

7.9.  Құрылым  бөлімше  басшысы,  жұмыскердің  уақытша  еңбекке 

жарамсыздығы туралы жағдайымен бірінші күні хабардар болуға тиіс. 




жүктеу 228,83 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау