Бекітілді Еңбек ұжымы конференциясының



жүктеу 228,83 Kb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата01.12.2017
өлшемі228,83 Kb.
#2677
1   2   3   4   5   6   7

 

3.2.  Ағымдағы  міндеттерді  шешу  үшін,  осы  тараудың  3.1.  тармағында 



көрсетілген  тұлғалар,  шарттық  қатынастарғы  қосымша  құжаттарды 

рәсімдемей түседі. 

Аталған  тұлғалардың  өкілеттіктері  лауазымдық  нұсқаулықпен,  еңбек 

шартымен не бұйрықпен, не/немесе сенімхатпен анықталуы мүмкін. 

3.3.  Университеттің  еңбек  ұжымы  болып  педагогикалық  және  ғылыми 

қызметкерлер  (ПҒҚ),  әкімшілік–басқару  құрамы  (ӘБҚ),  оқу–әдістемелік 

құрамы  (ОӘҚ),    қызмет  көрсету  құрамы  (ҚКҚ),  ғылыми  зерттеу 

институттарының (ҒЗИ), ғылыми орталықтардың (ҒО)  және басқа да оқшау 

орналасқан құрылым бөлімшелердің жұмыскерлері танылады.  

3.4.  Кәсіподақ мүшесі болып табылмайтын жұмыскерлердің мүдделерін 

білдіру  «Ұжымдық  шартқа  қосылу  жөнінде  Кәіптік  одақ  мүшесі  болып 

табылмайтын  тұлғалардың  Кәсіптік  одақ  органына  өкілдік  беруі,  ұжымдық 

келіссөз  жүргізу,  ұжымдық  шартты  жасасу,  оны  дайындау  және  бекіту 

жөнінде  олардың  мүдделерін  жұмыс  беруші  алдында  білдіру  туралы» 

Келісім  негізінде  іске  асырылады  (бұдан  әрі  –  Өкілдік  беру  жөніндегі 

Келісім).  Өкілдік  беру  жөніндегі  Келісім,  тараптармен,  2016  жылдың  30 

қыркүйегіне дейін бекітіледі. 

3.5.  Кәсіподақ  төрағасы,  Қазақстан  Республикасы  Еңбек  кодексінің 

(бұдан  әрі  –  ҚР  ЕК)  1-бабы  1-тармағының  44)  тармақшасына  сәйкес, 

жұмыскерлердің (еңбек ұжымының) өкілі болып танылады. 

 

4. 

Ұжымдық шарттың қолданылуы және оны ұзарту шарттары 

4.1.  Осы  Ұжымдық  шарт  және  барлық  Қосымшалары  қол  қойылған 

күннен бастап күшіне енеді және үш жыл бойы күшінде болады.  

4.2.  Тараптар  Ұжымдық  шарттың  қолданылу  мерзімін  жаңа  Ұжымдық 

шарт қабылданғанға дейін ұзартуға құқылы. 

4.3.  Осы  Шарттың  және  оның  жекелеген  тармақтарының  күші 

тараптардың  келісімге  келуімен  –  Жеке  еңбек  даулары  және  ұжымдық 

шарттың орындалуын бақылау жөніндегі Келісім комиссиясының шешімімен 

(бұдан әрі – Комиссия) осы Шартқа қоса қабылданатын қосымшаға қол қою 

нысанында тоқтатылуы мүмкін.  

4.4. Осы  Шартқа  өзгерістер  мен  толықтыруларды  енгізу  қосымша 

келісім  сөздер  жүргізу  тәртібінде  Комиссия  құрамында  айқындалады  және 

жүзеге асырылуы мүмкін. Өзгерістер мен толықтыруларды енгізу Ұжымдық 

шартты жасау тәртібінде жүзеге асырылады.   

4.5.  Ұжымдық  шарттың  талаптарының  орындалуын  тексеру  тоқсан 

сайын Комиссиямен жүзеге асырылады. Тексеріс нәтижелері Ұжымдық шарт 

талаптарын  жүзеге  асыру  іс-шаралары  Жоспарын  жасау  нысанында 

рәсімделеді.  

ҚР  ЕК-нің  182-бабы  2-тармағының  9)  тармақшасына  сәйкес  негізінде, 

осы  Шарттың  орындалуы  жөнінде  мониторинг  жүргізу,  ағымдағы  қызметті 

талқылау  үшін,  тоқсанына  бір  рет  тараптардың  біргелікті  отырысы 



 

жүргізіледі.  Комиссия  жұмысының  қорытындылары  «Қыздар  университеті» 



газетінде және Университеттің ресми сайтында жарияланады. 

4.6.  Ұжымдық  шарт,  Кәсіподақ  құрамына  кіретін,  өкілеттілікті  беру 

туралы  Келісімге  қосылған  тұлғаларға  және  Университеттің  жұмыс 

істемейтін  зейнеткерлеріне  қатысты  айқындалған  ережелерден  бөлек, 

Университеттің барлық қызметкерлеріне таралады.  

 

5. 



Жұмыс берушінің оқу үдерісін ұйымдастыру,  

мамандарды дайындау және өндірістік қызмет жөніндегі міндеттері 

 Жұмыс беруші келесідей міндеттерді өзіне жүктейді: 

5.1.1. жұмыскерлердің  құқықтары  мен  мүдделеріне  қатысты  болатын 

Ғылыми  кеңестің,  Ректораттың  шешімдері,  бұйрықтар  және  басқа  да 

құжаттары  жөнінде  өз  қызметінің  жариялылығын  қамтамасыз  ету 

мақсатында жұмыскерлерді хабарландырады

5.1.2. жаңадан 

жұмысқа 

қабылданған 

жұмыскерлерді 

Салалық 


әлеуметтік  әріптестік  жөніндегі  Келісіммен  (бұдан  әрі  –  Салалық  Келісім), 

Ұжымдық  шартпен  және  жұмыс  берушінің  актілерімен  таныстырады  (Кадр 

бөлімі басшысына және құрылым бөлімше басшыларына жүктеледі); 

5.1.3. бекітілген  жұмыс  жоспарына  сәйкес  құрылым  бөлімшелерде,  оқу 

жылы  ішінде,  Бақылау  жәнен  құқықтық  қамтамасыз  ету  бөлімінің 

мамандары,  Кадр  бөлімінің,  Құқық  және  басқару  негіздері  кафедрасының 

педагогикалық  қызметкерлерінің  қатысуымен  еңбек,  білім  беру,  өндірістік 

шаруашылық,  кәсіпкерлік  туралы  заңнаманы  түсіндірумен  байланысты 

кездесу семинарларын өткізеді; 

5.1.4. педагогикалық,  ғылыми  және  өзге  де  санаттағы  жұмыскерлердің 

біліктілік  деңгейін    үнемі  көтеріп  отыруды,  мамандарды  дайындау  сапасын 

арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады; 

5.1.5. факультет 

декандарының, 

кафедра 

меңгерушілерінің 

педагогикалық  және  ғылыми  жұмыскерлердің  еңбегін  жоспарлау  және 

ұйымдастыру  бағытындағы  олармен  оқу-педагогикалық  жүктемені  бөлуге 

байланысты  қызметін,  сонымен  қатар,  оқу  дәрістері  кестесін  жасауда  оның 

үнемділік талапқа жауап беретіндігін бақылауға алады; 

5.1.6. жоспарлы  негізде,  даму  Стратегиясына  сәйкес,  кемінде  5  жылда 

бір  рет,  педагогикалық  және  ғылыми  жұмыскерлердің  біліктілігін  көтеру 

курстарында оқуын және олардың тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етеді; 

5.1.7. шығармашылық, 

интеллектуалдық 

қызмет 


нәтижелеріне 

байланысты  қызметкерлердің  интеллектуалдық,  соның  ішінде  қашықтықтан 

білім  беруді  ұйымдастыру  бойынша  құқығын  қорғаудың  нысандарын 

зерттейді және анықтайды. 

5.2.  Оқу  үдерісін,  еңбекті  ұйымдастыру  және  жоспарлау,  еңбекке  ақы 

төлеу кестесі мен күн тәртібін анықтау мәселесіне қатысты шешім қабылдау 

кезінде жұмыс берушінің актілерінің жобасын Кәсіподақ комитетімен келісе 

отырып дайындайды. 




жүктеу 228,83 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау