«Бекітемін» Агрономия факультетінің деканы


Топырақты күзде және себу алдында өңдеудi жоспарлау үшiн мәлiметтер



жүктеу 0,79 Mb.
бет117/141
Дата26.03.2022
өлшемі0,79 Mb.
#37914
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   141
umkd zemlede 2 kaz agronom 2021-22

Топырақты күзде және себу алдында өңдеудi жоспарлау үшiн мәлiметтер.



Топырақ аймағы,

топырақ типi мен механикалық құрамы



Топырақ тығыздығы, ылғалдану күйi мен жер бедерi

Танаптың ластануы, арамшөптер түрлерiнiң құрамы мен ластану балы

Алғы дақыл мен себiлетiн дақыл

1

2

3

4

5

1

Орманды дала, сiлтiсiзденген қара топырақ, ауыр құмбалшық

Борпылдақ көлемдiк салмағы 1,08 г/см3, ылғалды жазық

Егiстiк қалуен –2.

қара сұлы-2

қаңбақ -1


Жаздық бидай – арпа

2

Орманды дала, кәдiмгi қара топырақ, жеңiл құмбалшық

Тығыз-көлемдiк салмақ 1,32г/см3, ылғалдылығы нысапты жазық

қара сұлы-2

кәдiмгi гүлтәжi-2

қызғылт қалуен - 1


Жаздық бидай - жаздық бидай

3

Дала, кәдiмгi қара топырақ, жеңiл құмбалшық

Орташа тығыз, көлемдiк салмақ-1,22г/см3, сәл еңкiстi беткей

Далалық шырмауық-2

Тауық тары-1



Жүгерi – жаздық бидай

4

Дала, оңтүстiк қара топырақ, ауыр құмбалшық

Борпылдақ көлемдiк салмақ 1,12г/см3, ылғалдылық нысапты жазық

Татар қалуенi-2

Түктi тары-1

Егiстiк ярутка-2


Көп жылдық шөп – тары

5

Дала, оңтүстiк қара топырақ, кебiрленген жеңiл құмбалшық

Тығыз – көлемдiк салмақ 1,38 г/см3, құрғақ жазық

Ащы жусан-2, көк итқонақ-2

Жаздық бидай – тары

6

Құрғақ дала, күңгiрт қара

қоңыр, орта құмбалшық



Орташа тығыз, көлемдiк салмақ 1,28 г/см3, ылғалдылық нысапты сәл еңкiстi беткей

Далалық шырмауық-2

Иiссiз ромашка-1

қаңбақ-2


қарақұмық - жаздық бидай

7

Құрғақ дала, күңгiрт қара қоңыр, карбонат-

ты, жеңiл құмбалшық



Тығыз, көлемдiк салмақ 1,38 г/см3, құрғақ сәл еңкiстi беткей

қара сұлы –2, күрең у кекiре - 2

Арпа – жүгерi

8

Құрғақ дала, қара қоңыр, кебiрленген, ауыр құмбалшық

Тығыз, көлемдiк салмақ 1,37 г/см3, ылғалдылық нысапты, жазық

Кәдiмгi сурепка-2, қара сұлы-2, сүттiген-2

Сұлы пiшенге – күздiк қара бидай

9

Тау етегiндегi шөлдi дала, сұр топырақ, орта құмбалшық

Тығыз – көлемдiк салмақ 1,42 г/см3, ылғалды беткей

қарашағыр-2, ақ алабұта-2, дала қышасы-2

Жоңышқа – күрiш

Шифрдың бiрiншi саны топырақ аймағын, топырақ типiн және механикалық құрамын көрсетедi; екiншi сан – топырақтың тығыздығын, ылғалдылығын және жер бедерiн; үшiншi сан – танаптың ластануын; төртiншi сан – алғы дақыл мен себiлетiн дақылды көрсетедi.

Мысалы: 4316 шифры бойынша мәлiметтер былай анықталады: 40 кесте бойынша төртiншi жолды табамыз, (шифрдың бiрiншi саны –4) дала, оңтүстiк қара топырақ.

Содан кейiн үшiншi жолда (шифрдың екiншi саны – 3) анықтаймыз – орта тығызды топырақ, көлемдiк салмағы 1,22 г/см3, құрғақ, аз еңкiстi беткей. Содан кейiн бiрiншi жолға өтемiз де (шифрдың үшiншi саны – 1) жазып аламыз: арамшөптердiң түрлерiн және ластану балдарын – егiстiк қалуен-2, қара сұлы-2, қаңбақ-1.

Соңында шифрдың ақырғы санымен байланысты алтыншы жолдан алғы дақыл мен биыл сол танапта себiлетiн дақылды табамыз – жаздық бидай.

Топырақты күзде және көктемде өңдеудi жоспарлауды 14 қалыпқа сәйкес жазамыз.

14- қалып

Топырақты күзде және көктемде себу алдында өңдеу




Өңдеу әдiсi

Әдiстi өткiзу кезеңi

Өңдеу тереңдiгi

см


Машина және құралдар маркасы

Әдiс қажеттiлiгi

Технологиялық операция-лар






















Күзгi өңдеулердiң саны орудан кейiнгi уақыттың ұзақтығына және арамшөптердiң өсiп-өну жағдайына байланысты болады. Бiздiң мақсатымыз топырақты өңдеудiң бiрнеше варианттарынан берiлген жай үшiн ең қолайлысын таңдау. Сонымен қатар мына кезектiлiктi сақтау керек: табиғи жағдайға байланысты топырақ өңдеу әдiсiн таңдау, аударып немесе аудармай өңдеу немесе олардың қабысуы. Эрозиялық процесстер пайда болу қауiптiгi болмаған жағдайда және жаппай егiлген дақылдарды орған соң суарса, аударып жырту қажет. Далалық аймақтарда құрғақшылықтар жел эрозиясымен қабысып тұратын жағдайда жазықтiлгiштi аудармай өңдеуге басымдық беремiз. Бiрақ сол жағдайларда, егер қажеттiлiк туса, негiзгi өңдеу ретiнде жыртуды қолдануға да болады. Мысалы, топыраққа органикалық тыңайтқыштарды енгiзу үшiн ауыр механикалық құрамды топырақтарда тығыз шымды, көп жыл өскен көпжылдық шөптердiң қыртысын өңдегенде, жаңа жерлердi игергенде жыртуды тамырсабақтары терең орналасқан тамырсабақты арамшөптермен ластанған танаптарда және басқа құралдармен жойылмайтын жерлерде қажет.

Содан кейiн алдын ала сыдыра жыртудың қажеттiлiгiн анықтайды. Ол егiн орғаннан кейiнгi жылы күндер жағдайында атпатамырлы және тамырсабақты арамшөптермен ластанған танаптарда өткiзiлуi мүмкiн. Егiн ору кеш өтсе, жыртуды орған соң алдын ала сыдыра жыртпай-ақ өткiзедi. Арамшөптермен ластанбаған топырақтарда, әсiресе механикалық құрамы жеңiлдерде, отамалы дақылдардан кейiн сыдыра жыртпай ақ қоþға болады.

Егiн орғаннан кейiнгi кезең ұзақ және жылы аймақтарда ерте орылатын дақылдардан кейiн күзгi өңдеудi жартылай парлы тип секiлдi өңдеуге болады. Ол үшiн негiзгi өңдеу немесе одан кейiн арамшөптер өнген сайын бiрнеше рет топырақтың бетiн өңдеу жасалады. Негiзгi және беткi өңдеулердiң кезектестiрiлуi топырақтың ластануы мен ылғалдылығына байланысты болады. Топырақ ылғалды болса және көпжылдық арамшөптермен ластанбаса оны алдын ала терең өңдейдi, кейiн аз жылдық арамшөптердi құрту үшiн таяз өңдеулер жасалынады. Егер атпатамырлы және тамырсабақты арамшөптер болса алдын-ала тарайтын вегетативтiк мүшелерiн ұсақтау үшiн таяз өңдеулер жасалынады.

Өңдеу әдiсiн анықтаған соң оның тереңдiгiн анықтайды. Ол жыртылатын қабаттың қалыңдығына, тығыздығына, механикалық құрамына (ауыр топырақтар қатты тығыздалады), өңдегендегi топырақ ылғалдылығына, ерiген сулардың сiңiруiн анықтайтын жер бедерiне, ластану типi мен дәрежесiне, өңдеу тереңдiгiне, дақылдардың реакциясына байланысты болады. Қар ерiген кездегi ерiген суларды сiңiруiн қамтамасыз ететiн Солтүстiк Қазақстан аймағындағы негiзгi топырақ өңдеудiң тереңдiгiн анықтау үшiн келесi теңдеудi қолдануға болады (Чмиль А.И. 1991):

Н=70 (64)

Мұнда, H – топырақты негiзгi өңдеу тереңдiгi, см,

T - қар қалыңдығы, см,

d - қар тығыздығы, г/см3,

W0 – топырақтың толық су сыйымдылығы, %

W - өңдеу кезеңiндегi топырақ ылғалдылығы, %

V - өңделген топырақтың көлемдiк салмағы, г/см3.

Келтiрiлген теңдеу механикалық құрамы ауыр топырақтарға жақсы келедi. Қарашiрiгi көп борпылдақ, аз тығыздалатын топырақтарға және жеңiл құмбалшықтарға, құмдарға және құмайттарға теңдеу мынадай болады:

H= 70 (65)

Мұнда,  - жыртылатын қабаттың сыртына ерiген судың инфильтрациясын көрсететiн коэффициент. Ол инфильтрация көлемiнiң қардағы жалпы су қорының санына салыстырмасымен анықталады.

Өсiмдiктерге топырақты негiзгi өңдеу тереңдiктерi әр түрлi әсер етедi. Тамыржемiстiлерге, түйнектiлерге, жүгерiге, мақтаға, жоңышқаға, бедеге, күнбағысқа, сиыржоңышқаға, атбас бұршақтарға және бақша дақылдарына терең өңдеулер жақсы әсер етедi. Күздiк қара бидай мен бидайға, бұршаққа, арпаға, сұлыға, қызыл от арпабасқа орташа әсер етедi. Жаздық бидай мен зығырға сәл әсер етедi.

Көпжылдық арамшөптермен ластанған ылғалдылығы жеткiлiктi жағдайда (22% және одан жоғары) тығыз топырақтарды, әсiресе механикалық құрамы ауыр топырақтарды терең өңдеу керек – жыртылатын қабаттың толық тереңдiгiне өңделедi. Еңкiстi жерлерде таяз өңдеуге қарағанда терең өңдеген дұрыс (жырту, терең қопсыту, тiлу). Бұл жерлерде топырақты беткейге көлденең немесе нұсқасымен өңдеу керек.

Басқа барлық жағдайларда егер ол өсiмдiктер талабына қарсы келмесе, таяз өңдеумен шектеледi. Қара сұлы мен басқа азжылдық арамшөптермен қатты ластанған танаптарда жазықтiлгiш-терең қопсытқыштармен негiзгi өңдегенге дейiн немесе одан кейiн олардың тұқымдарын арандату үшiн топыраққа енгiзiп тырмалаған дұрыс.

Көп жылдық шөптер қыртысын өңдеу әдiсi шымның қалыңдығы мен тығыздығына байланысты онда орналасатын дақылдардың ерекшелiгiне және ауа-райының жағдайына байланысты қойылады. Шөптер орудың алдында шым қатты тығыздалған, топырақ құрғаған және сәл ластанған болады. Сондықтан эрозия қауiптiгi жоқ жағдайда шым аударғышы бар соқамен мәдени жырту ең қолайлы болады. Ауаның еркiн жетуi арқылы борпылдақ топыраққа терең енгiзiлген шым тез шiридi. Жақсы уатылуы үшiн тығыз шымды екi бағытта дискiлi тырмамен жырту алдында өңдейдi. Қалың шымы бар танаптарды, әсiресе ауыр топырақтағы астық тұқымдасты шөптерден соң (еркекшөп) егер өңдеу жақсы сапалы болса, ертерек жыртқан дұрыс. Бiрақ шым қатты құрғап кеткен болса топырақты ылғалдандыратын жауын-шашын жауғанша күте тұру қажет.

Шым аударғышы бар соқамен жоңышқадан кейiнгi танапты жыртқанда, оның келесi жылы қайтадан өсуi мүмкiн. Сондай танаптарды алдын ала түрендi сыдыра жыртқышпен өңдеген дұрыс және жоңышқаның тамыр мойны кепкеннен кейiн негiзгi терең жыртуды жасайды.

Ауа-райы құрғақ жағдайларда терең аударып жыртқаннан кейiн шамадан тыс борпылдақ топырақтарды ылғал булануын азайту үшiн шығыршықты таптауыштармен тығыздау керек.

Жел эрозиясының болуы мүмкiн Солтүстiк Қазақстанның далалы аймақтарында ауыр топырақтағы көпжылдық шөп қыртысын негiзгi өңдеу үшiн БДН-3 тырмамен 8-10 см тереңдiкке дискiлеу, кейiн 25-27 см-ге терең қопсыту қажет. Осы жағдайда қыртысты ерте, қара немесе жартылай пар типiмен өңдеуге болады.

Жеңiл топырақтарда көпжылдық шөптердiң шымдары тығыз болмайды. Бұл жағдайларда қыртысты дискiлi тырманың орнына ОПТ-3-5 машинасымен өңдеген дұрыс, содан кейiн терең өңдеу керек.

Кейiн топырақты ерте көктемде және себу алдында өңдеу жоспарлданады. Топырақты ерте көктемде өңдеудiҢ мақсаты -ылғалды сақтау, топырақ бетiн тегiстеу және арамшөптердi арандату. Бұл мақсат үшiн топырақтың физикалық пiсiп жетiлуiнiң алдында ерте көктемдегi тырмалауға кiрiседi (ылғал тоқтатады). Аңызды жерлерде БИГ-3 немесе БМШ-15 тырмаларымен жасалынады, аударып жыртқан жерлерде Зиг-Заг тырмаларымен 3-4 см тереңдiкке өңдеу қажет. Танаптарда тоң кесектер болмаса, егер сол жер күзде тырмаланса, ерте көктемде тырмалаудың қажетi жоқ. Ауа-райы құрғақ болса борпылдақ топырақтарды ерте көктемде тырмалағаннан кейiн 3-4 күннен соң, су буларының топырақта диффузиясын азайту үшiн және арамшөп тұқымдарының топырақпен араласуы жақсы болу үшiн шығыршықты таптауышпен тығыздаған дұрыс.

Топырақты себу алдындағы өңдеу дақылдардың себу кезеңiмен, топырақ күйiмен және танаптың ластануымен анықталады.

Себу алдындағы өңдеулер арамшөптердi құртады, топыраққа тыңайтқыштар мен пестицидтердi енгiзедi, берiлген тереңдiкке мәдени дақылдардың тұқымын бiркелкi енгiзуге жағдай туғызады.

Сәл ластанған танаптарда дәндi дақылдарды себумен себу алдындағы өңдеудi қиыстырады, оған бiр өткенде төрт операцияны орындайтын: культивация, себу, тыңайтқыштар енгiзу және топырақты таптау, СЗС-6, СЗС-8, СЗС-12 және СЗС-14 құралдарын қолданады.

Танап қатты және орташа ластанса себу алдында культиваторлармен немесе сыдыра жыртқыштармен себу алдындағы өңдеудi өткiзедi. Кеш себiлетiн дақылдарға (арпа, сұлы, тары, қарақұмық) ерте көктемде тырмалағаннан кейiн арамшөптер өнген сайын культиваторлармен немесе дискiлi сыдыра жыртқыштармен 8-10 см тереңдiкке аралық өңдеудi өткiзу қажет. Осы өңдеуден кейiн құрғақ, ыстық ауа-райында топырақты шығыршықты таптауыштармен таптау қажет.

Қатты тығыздалған, ауыр, кебiрленген топырақтарда себу алдында соңынан тығыздаумен бiрге, әсiресе тамыржемiстiлер және түйнектiлер үшiн топырақты жыртуға болады. Көктем құрғақ болғанда, тәлiмi жерде егер қыртысты аударудың қажетi болмаса, жазықтiлгiштi культивацияны қолдану қажет.

Себу алдындағы өңдеудi әдетте дақылдардың себу тереңдiгiне жасайды. Бұл жағдайда тұқымдар тығыз жерге жатады. Себу алдында терең қопсыту қажет болса, ылғал жоғалуын тоқтату үшiн және берiлген тереңдiкке тұқымдарды дұрыс енгiзу үшiн кепкеннен кейiн шығыршықты таптауышпен тығыздау қажет. Суару жағдайында дақылдарды себудi көктемгi жыртудан немесе терең қопсытудан кейiн өткiзуге болады. Бұл жағдайда топырақ өңдегеннен соң тырмалармен немесе шлейфтермен тегiстеу қажет. Төменде берiлген жағдайға қарай мүмкiндi топырақты көктемде және күзде өңдеулер берiледi.


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау