Тапсырма:Топырақ қорғайтын ауыспалы егiстiң натуралды түрiн суреттеу.
Қүрастырылған ауыспалы егiстерге ауысу жоспарын және ротациялық кестелерiн жасау.
Студенттерге тапсырма беріледі
Тапсырманы 4 беттегі - Ауыспалы егiстерге көшу жоспарларын құрастыруға арналған кестеден аламыз, әр тапсырма 7 сабақтан орындаған ауыспалы егістер кестесінен орындалады
Егер ауыспалы егіс 5 танапты болса сіз берілген нұсқадан төмен қарай 5 көшірісіз, екінші кестеге тағы төмен қарай
Студенттердің аты-жөні
|
нұсқалар
|
Акбарова Гаухар Мұратқызы
|
|
Алматаева Мадина Алимовна
|
|
Амантай Ақниет Мухтарқызы
|
|
Амантай Асылбек Даниярұлы
|
|
Асанқызы Нилуфер
|
|
Әлжан Жанетхан Айдаұлы
|
|
Әмбе Дәулет Талапбекұлы
|
|
Әшіров Нұрахмед Дінахметұлы
|
|
Беркінғалиұлы Рамазан
|
|
Бимағамбет Бекарыс Қасқырбайұлы
|
|
Досжанұлы Мәди
|
|
Жакенов Фархат Ермекович
|
|
Жұмағазина Шұғыла Жұмағазықызы
|
|
Қыстақбай Айдар Ғаниұлы
|
|
Нуржигитов Асылбек Қанатұлы
|
|
Нұрлан Мұқағали Төлегенұлы
|
|
Орынбек Нәзипа Болабетқызы
|
|
Сабырғали Әсел Талғатқызы
|
|
Ұразбай Махамбет Мұхтарұлы
|
|
Хозыбай Хулан
|
|
Эргашев Марат Тохируғли
|
|
Ауыспалы егiстi игеру үшiн ауысу жоспарын жасау қажет болады. Ол екi бөлiктен түрады: бiрiншiсiнде соңқы жылдардағы болған алғы дақылдар есепке алынады, екiншiсiнде ауыспалы егiстi игеру кезеңiндегi дақылдар мен сүрi жердiң кезектесу ретiн көрсетедi. Жоспарды жасауға пайдаланатын негiзгi қүжат-танап тарихының кiтабы, одан соңқы бiрнеше жылдарда дақылдардың орналасқаны және танаптардың арамшөп пен ластануы жөнiндегi деректер алынады.
Ауыспалы егiстiң жоспары жасалғанда төменгi үстанымдарды ескеру қажет:
Жыл сайын қажеттi өсiмдiк шаруашылық өнiмдерiн алуды қамтамасыз ету.
Мүмкiндiгiнше игеру мерзiмiн 3-4 жылдан асырмау керек. Әдетте көп уақытты пайдалану мерзiмi әр түрлi көп жылдық шөптерi бар және дақылдар мен сүрi жер жолақтап орналастырылған топырақ қорғайтын ауыспалы егiстердi игеру үшiн қажет етедi.
Ескi ауыспалы егiстi дақылдары мен сүрi жерiн жаңа жасалғанға келтiрiп ауыстыру.
Бiр танаптағы шүбартанаптықтан бiрте-бiрте шығу, яғни биологиясы мен өсiру технологиясы бойынша тым айырмашылықтары бар дақылдарды бiр танапта өсiрмеу.
Ауысу жоспарын жасағанда мына кезектi үстанады:
1. Дақылдар ауыспалы егiстiң барлық танаптарында орналастырылады. Ауыспалы егiстiң бiр танабын, басқаларына көңiл бөлмей, толық игеруге болмайды.
2. Жаңа жерлер аумағын белгiлеп, оларды игерудiң бiрiншi жылына енгiзедi.
3. Ауысу жоспарының кестесiне бүрынғы жылдары себiлген дақылдар туралы мәлiметтердi жазады. Мүндай дақылдарға себiлген жылын есептемей, 3-5 жылы бойы пайдаланылатын көп жылдық шөптер, сондай-ақ, игерудiң бiрiншi жылы жиналатын күздiк астық дақылдары жатады.
4. Негiзгi дақылдарды ең жақсы алғы дақылдардан кейiн орналастырады; егер ондай алғы дақылдар жетпесе, онда бiрiншi жылы оларды басқа болқан барлық жақсы алғы дақылдан кейiн орналастыруға болады
5. Басқа дақылдарды ауыспалы егiсте кезектесу үстанымдарына сәйкес орналастырады.
6. Өте күштi, әсiресе көп жылдық арамшөптермен ластанған танаптарды сүрi жерге қалдырады.
7. Көпжылдық шөптер ауыспалы егiсте болса, оларға танап таңдайды.
Бес танапты ауыспалы егiске ауысу жоспарының мысалын қарастырайық (37- кесте) кестенiң бiрiншi бөлiмiнде танаптардың нөмiрiн және соңғы үш жылдағы әрбiр танаптағы алғы дақылдар, олардың аумағы жазылады.
Кестенiң бесiншi бағанасына арамшөптердiң түрлерi және ауыспалы егiс танаптарының ластану дәрежесi жазылады. Танаптардың ластануын және алғы дақылдарды ескере отырып, бiрiншi жыл игеру бағанасына, өткен жылдары егiлген дақылдар жазылады. Бүл ауыспалы егiстiң екiншi танабындағы көп жылдық шөптер. Содан соң жетекшi дақыл жаздық бидайға алғы дақылдарды таңдайды. Оны ең жақсы алғы дақыл таза сүрi жерден кейiн орналастыруға болады (1-шi танап) немесе арпа, сүлыдан кейiн, өйткенi бүл танап арамшөптермен аз ластанқан (3-шi танап). Содан соң шаруашылық қүндылықы төмендеу ретiмен ауыспалы егiстегi басқа дақылдарды орналастырады. Арпа мен сүлы жем астық дақылдары болқандарына байланысты, оларды жаздық бидайдан кейiн орналастырады (4-шi танап). Бүл танап көбiнесе кеш пiсетiн жаздық арамшөптермен ластанған, олар арпа мен сүлының себу мерзiмiне қарай өнiп өседi. Сондықтан, бүл арамшөптердiң түқымдарын арандатуға және олардың көктеулерiн егiс алдында жоюға мүмкiндiк туады. Таза сүрi жерге көпжылдық арамшөптермен күштi ластанған бесiншi танап бөлiнедi. Сол сияқты ауыспалы егiстi толық игергенше жыл сайын дақылдарды орналастырады. Бiздiң мысалымызда жаңа ауыспалы егiс бiр жылда игерiледi.
Игерiлетiн ауыспалы егiстер тәсiмiнiң ауысу жоспарына кейбiр түзетулердi енгiзуге рүқсат болады.
Олар бүрынғы жылдардағы егiстердi пайдалану, танаптарды қүнарландыру және арамшөптерден тазарту қажеттiлiгiне, сонымен қатар дақылдардың қалыпты өнiмдiлiктi алуға жағдай болмағанына байланысты болады. Мысалы, жаңа ауыспалы егiстерде сүрi жерлердiң және көпжылдық шөптердiң жоқтылығы. Бiрақ көп жылдық арамшөптермен ластанған танаптарда тек сүрi жер арқылы тазартуға болады. Көп жылдық шөптердi, олар жоғары өнiм бергенше қолдану керек. Күз қүрғақшылықты болқан кезде, сүрi жерден басқа алғы егiстерден кейiн күздiктердiң бiрқалыпты көктеулерi болмауы мүмкiн, сондықтан осындай жылдарда жаздық дақылдарды сепкен жөн.
Танаптың нөмерi
|
Алаң га
|
Танаптардың тарихы
|
Арамшөптердiң түрлерi және балы бойынша ластану дәрежесi
|
Игеру кезеңi
|
Екi жыл бүрын
|
Өткен жыл
|
Биылғы жылы
|
1- жылы
|
2 - жылы
|
3- жылы
|
8
|
150
|
Жаздық
Бидай-100
|
Арпа
|
Таза сүрi жер
|
-
|
|
|
|
9
|
150
|
Жаздық бидай+ көп жылдық шөптер 100
|
Көп жылдық шөптер 100
|
Көп жылдық шөптер –100
|
Ақ алабүта-2
Қара сүлы-1
|
|
|
|
10
|
150
|
Жүгерi- 100
|
Жаздық бидай-100
|
Арпа –50
Сүлы-50
|
Қурай-2
|
|
|
|
11
|
150
|
Жүгерi- 100
|
Жүгерi- 100
|
Жаздық бидай-100
|
Қара сүлы-1
Қызқылт қалуен-3
|
|
|
|
12
|
150
|
Жаздық бидай -100
|
Жаздық бидай -100
|
Сүлы -100
|
-
|
|
|
|
Тағы бiр ескеретiн жағдай, ауысу кезеңiнiң соңғы жылында жаңа ауыспалы егiстiк тәсiмiне дақылдардың кезектесуi сәйкес болмауы мүмкiн.
Өткен сабақта жасалған ауыспалы егiске ауысу жоспарын дайындау үшiн (38- кесте) студенттерге шифрлер берiледi. Кестеде танап тарихы туралы деректерi берiлген.
37. Бес танапты ауыспалы егiске көшу жоспары.
Ауыспалы егiстерге көшу жоспарларын құрастыруға арналған кесте
Достарыңызбен бөлісу: |