5 Тапсырма Әр түрлі егістік жүйесіне байланысты ауыспалы егiсте қарашірік балансын салыстырмалы түрде есептеу
Тапсырма:
Берiлген әр түрлі егістік жүйесіне байланысты ауыспалы егiсте қарашірік балансын салыстырмалы түрде есептеу.
Ауыспалы егiстерде қарашiрiк балансын санау әдiсi
Әр егiншiлiк жүйесi қайтару заңын ескеру керек және сонымен сәйкес топырақтағы қоректiк заттардың, әсiресе қарашiрiктiң дұрыс балансын қамтамасыз ету керек.
Қарашiрiк балансының шығын бөлiгiн өсiмдiктердiң вегетациялық кезеңiндегi органикалық заттардың минерализациясы және әр түрлi процестер (эрозия, шайлу т.б.) әсерiнен олардың жоғалуы құрады.
Кiрiс бөлiгi өсiмдiк қалдықтары мен тыңайтқыштардан, өлген жануарлар қалдықтарынан, сонымен қатар көк-жасыл балдырлармен байланысқан атмосфера көмiртегiнiң органикалық заттарынан құрылады.
Нормалы жағдайларда тамыр өмiр сүретiн қабаттың сыртына қарашiрiк шайылмайды, минерализациямен байланыссыз шығын, топырақ балдырларының және тұқымды материалдар өнiмдерiнiң келуi арқылы дерлiктей толық қайтарылады.
А.М.Лыков әдiсi бойынша қарашiрiк балансының өлшемi болып далалық дақылдардың өнiмiмен азоттың шығымы саналады. Өсiмдiктер шығынының бiр бөлiгiн өсiмдiк қалдықтарының азоты мен тыңайтқыштар құрса, басқасын –минерализациядан кейiнгi пайда болған қарашiрiктегi азот 09рады. Сондағы азот пен көмiртегiнiң салыстырмасы 1:10. Нормативтi мәлiметтерден өсiмдiк қалдықтарынан және тыңайтқыштардан өсiмдiктерге сiңiрiлген азотты санап, қарашiрiк минерализациясы арқылы топырақтан оның сiңiрiлуiн анықтауға болады. Азот тыңайтқыштарын жоғары мөлшерде енгiзгенде өнiммен шығарылған азоттың жартысы топырақтан пайда болған деп саналады.
Өнiммен азоттың шығуын оның өндiрiс бiрлiгiнiң шығымын жоспарлы өнiмге және түзету коэффициентiне көбейтумен анықтайды (қарашiрiк азоттың өсiмдiктермен қолдану тиiмдiлiгi).
Азотты пайдаланудың түзету коэффициенттерi топырақтың механикалық құрамына және өсiрiп жатқан дақылдардың ерекшелiктерiне байланысты болады, олар ауыр құмбалшық үшiн – 0,8; орта құмбалшыққа – 1,0; жеңiл құмбалшыққа – 1,2; құмайтқа 1,4; құмға 1,8; көпжылдық шөптер үшiн – 1,0; жаппай егiлетiн дақылдар үшiн – 1,2; отамалыларға – 1,6 болады.
Өсiмдiктерге азоттың сiңiрiлуiн оның сiңiру коэффициентiн ескере отырып жасайды; ол минералды тыңайтқыштар мен өсiмдiк қалдықтары үшiн 50%, көң үшiн 25%-ды құрады.
Топыраққа баратын өсiмдiк қалдықтарының санын анықтау үшiн бағытты (линейная) регрессия теңдеуiн қолданады (47- кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |