Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы



жүктеу 2,84 Kb.
Pdf просмотр
бет21/34
Дата04.12.2017
өлшемі2,84 Kb.
#2861
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34

 
64 
 
 
мақсатқа қарай әр түрлі тәсілдермен өткізіледі. Сабақтың 3-і элементі 
ауызша 
есептеу, 
ол 
жеке 
дара  және 
топтық 
формада  
ұйымдастырылады.  Сабақтың  келесі  элементі:  жаңа  білімді  баяндау 
және жаңа материалды талдау. 
Келесі  кезең  оқушылар  білімін  бекіту.  Одан  кейінгі  кезең  үй 
тапсырмасын беру. Сабақтың соңғы элементі сабақты қорытындылау, 
бағалау.  
Математика 
сабағында 
математикалық 
ұғымдарды 
қалыптастыруға  байланысты  әр  түрлі  білік,  дағдыларды  меңгерту 
көзделеді. Атап айтқанда, есептеу, өлшеу, сызбалық жұмыстар және 
есептердін  шығару  жүзеге  асырылады.  Математика  сабағының 
мазмұнынына  байланысты  басқа  сабақтардан  көп  ерекшелігі  бар, 
атап  айтқанда,  кейбір  объектілер  мен  құбылысатарды  қарастырған 
кезде, олардың  барлық  қасиеттері мен сапалары қарастырылмайды, 
тек сандық  қатынастары мен кеңістік формалары қарастырылады. 
2-сұрақ.  Бастауыш  сыныптарда  әрбір  математика  сабағына  бір 
мақсат қойылады, ол сабақтың тақырыбына байланысты анықталады. 
Сабаққа үш міндет қойылады:  
Білімділік- сабақта жаңа білімнен тыс өткен материал бойынша 
білік пен дағдыны қалыптастыруды көздейді.  
Тәрбиелік- оқушыларға жан- жақты тәрбие беруді көздейді. 
Дамытушылық-оқушылардың  психикалық  және  танымдық 
процесін дамытуға бағытталған. 
Математика сабағының жоспар- конспектісінің үлгісі. 
Сабақтың тақырыбы: Екі амалмен  шығарылатын есеп 
Мақсаты: екі амалмен шығарылатын есеппен және оны шығару 
тәсілімен таныстыру 
Міндеттері:  
1) 2 санын қосу және азайту біліктіліктерін қалыптастыру 
2) еңбек тәрбиесін беру 
3) ойлау операцияларын  дамыту 
Сабақтың түрi – ойынға құрылған аралас сабақ 
Сабақ барысы 
І.Ұйымдастыру кезеңі 
А) Мұғалім мен оқушылар бірігіп мыны өлең жолдарын айтады:  
Жалқаулықты тастаймыз, 
Математика сабағын бастаймыз. 


 
65 
 
 
ә)    Оқушылардың  логикалық  ойлауын  дамытуға  өлең-есеп 
ұсынылады: 
Ұлым, ұлым, ұлым деп 
Ұлдарын ана сүйеді. 
Гүлім, гүлім,  гүлім деп 
Қыздарын ана сүйеді.  
Ананың неше ұлы,  неше қызы бар? 
ІІ. Ауызша есептеу бойынша”Телефон” ойыны жүргізіледі. 
Ойынның    дидактикалық  мақсаты:  оқушылардың  ауызша 
есептеу біліктіліктерін қалыптастыру 
Құрал-жабдығы: телефонның модельдері 
Мазмұны:  Ойын  шарты  бойынша  мұғалім  оқушылар  телефон 
арқылы қоңырау шылдырлатып, ауызша есептеуге мысалдар айтады. 
Оқушы  телефонды  көтеріп,  мұғалімге  мысалдың  жауабын  береді. 
Ұсынылатын мысалдар: 
4+2=6, 6-2=4, 6+2=8,  8-2=6,  7+2=9 
9-2=7,  8+2=10,  10-2=8,  9+2=11,  11-2=9. 
ІІІ.  Жаңа  материалды  түсіндіру 
1-жаттығу: Есеп шығару 
1. Мәтінмен жұмыс 
а) Оқушылардың  есептің мәтінін оқуы 
ә) Сүрлем сөзінің мәнін ашып  көрсету 
2.  Есептің мазмұнын талдау: 
- Мал қыстауындағы  сүрлем жайында не айтар  едіңдер? 
- 12 машина  сүрлем  әкелініп еді, оның 2 машинасы жұмсалды. 
-  Осы  өзгерісті  қалай  математикалық  тілде    жазып    көрсетуге 
болады? (12-2) 
- Барлық сүрлемнен жұмсалған сүрлемді  аламыз,  яғни 12-2. Бұл 
неше машина сүрлем қалғанын білдіреді. 
- Тағы қандай өзгеріс болды? 5 машина жем әкелді. 
-    Мал  қыстауында  12  -  2  машина  сүрлем  және  5  машина  жем 
бар. 
-  Барлық сүрлем мен жемді біріктірейік, яғни (12-2)+5 
3. Есептің шешуі мен жауабын жазу: 
Шешуі:(12-2)+5=15 
Жауабы: 15 машина  сүрлем мен жем бар. 
- Есептің сұрағына жауап беру үшін неше амал  орындалды? (2) 
2-жаттығу: Есеп шығару 


 
66 
 
 
1)  Есептің мәтінін оқыту 
2)   Науа сөзінің мағынасын түсіндіру 
    3)  Есепті талдау 
-  Науада  6  шелек  су  бар  еді,  оған  тағы  4  шелек  су  құйды?  Осы 
өзгерісті қалай жазып көрсетеміз: 6+4 
6+4 –науада барлығы неше шелек су бар екенін білдіреді. 
-Тағы қандай өзгеріс болды? 
-Науадағы 6+4 судың 7 шелегі ішілді. 
-Олай  болса  (6+4)-7  десек,  науада  неше  шелек  су  қалғанын 
анықтаймыз. 
-Есептің  сұрағына  жауап  беру  үшін  алдымен  қандай  амал 
орындалады? (қосу) 
-Содан кейін ше?(азайту) 
-Есепті неше амалмен шығардық? (2) 
 -Сонымен,  балалар  бүгіннен  бастап,  біз  сендермен  екі  амалмен 
орындалатын есептерді шығаратын боламыз. 
№3 жаттығу :Әріптік өрнектің мәнін табу 
а-2; а=32;59;11. 
32-2=30  
59-2=57 
11-2=9 
№4  жаттығу:  Сандық  өрнектің  мәнін  табу  :  «Көлдегі  аққулар» 
ойыны 
Ойынның    дидактикалық  мақсаты:  оқушылардың  есептеу 
біліктіліктерін қалыптастыру 
Құрал-жабдығы:  плакатқа  салынған  көлдің  суреті,  аққудың 
кеспе суреттері. 
Мазмұны:  Ойын  шарты  бойынша  мұғалім  оқушыларға  көлден 
шығып  кеткен  аққуларға  көмектесу  керектігін  айтады.  Аққулардың 
киелі, сұлу құс екендігі туралы әңгімелеп, ойынның тәрбиелік мәніне 
көңіл  бөлінеді.    Көлден  шығып  қалған  аққуларға  көмектесу  үшін 
суреттердің артында жазылған  сандық өрнектердің мәнін табу керек. 
Сандық өрнектер оқулықтағы №4 жаттығудан алынады. 
№5,6  жаттығу: «Кім тез ұшады?» ойыны 
Ойынның    дидактикалық  мақсаты:  екі  таңбалы  сандардың 
нөмірленуі туралы білімдерін пысықтау 
Құрал-жабдығы: ракеталардың модельдері 


 
67 
 
 
Мазмұны: Ойын шарты бойынша мұғалім оқушыларды екі топқа 
бөліп,  қай  топтың  оқушылары  жаттығуды  жылдам,  әрі  дұрыс 
орындаса,  сол  топтың  оқушылары  космосқа  бірінші  болып  ұшып 
баратынын айтады.  
Шығармашылық жаттығу : «Бәйге» ойыны 
Ойынның    дидактикалық  мақсаты:  оқушылардың  логикалық 
ойлауларын дамыту 
Құрал-жабдығы:  плакатқа  салынған  жазық  даланың  суреттері, 
аттардың кеспе суреттері. 
Мазмұны:  Ойын  шарты  бойынша  мұғалім  оқушыларға  бәйге 
жарысы  болатынын,  оған  әркім  өз  тұлпар  аттарын  қоса 
алатындықтарын  айтады.  Оқулықтағы  шығармашылық  тапсырманы 
кім жылдам, әрі дұрыс орындаса, соның аты бәйгеден озып келеді... 
IV. Қорытынды: Мұғалімнің тапсырмасы  
Саматта 5 алма бар еді. Оған тағы 3 алма берді. Ол оның 2-уін 
Айнашқа берді. Маратта қанша алма қалды? 
Шешуі: (5+3)-2=6 
Жауабы: 6 алма 
- Есепті неше амалмен шығардық? (2) 
 -Сонымен,  балалар  бүгін  сендер  қандай  есептерді  шығарып 
үйрендіңдер (екі амалмен орындалатын есептер)  
V. Үйге тапсырма: №4 жаттығудың 2-3 бағандары орындау 
Соңында оқушылардың білімі бағаланады. 
(Қаражанұлы  Т.  және  т.б.    Математика.  Бастауыш  мектептiң  2-
сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 1997. –54-55 беттер) 
3-сұрақ.  Математика  сабағыы  сабаққа  қойылатын  негізгі 
дидактикалық мақсатқа байланысты бірнеше түрге бөлінеді:  
1.  Аралас  сабақ-  бұл  сабақта  бірнеше  дидактикалық  мақсат 
жүзеге асырылады. Сабақтың құрылысы төмендегідей: 
1.  ¤ткен материалды бекіту. 
2.  Үй тапсырмасын тексеру. 
3.  Жаңа материалды түсіндіру. 
4.  Жаңа материалды бекіту. 
5.  Үйге тапсырма беру. 
2.  Қорытынды. 
3.  Жаңа материалды түсіндіруге арналған сабақ. Бұл сабақтың 
негізгі  дидактикалық  мақсаты  жаңа  материалды  түсіндіруге 
бағытталады.  Жаңа  материалды  түсіндіруге  көп  уақыт  жұмсалады. 


жүктеу 2,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау