Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы



жүктеу 2,84 Kb.
Pdf просмотр
бет20/34
Дата04.12.2017
өлшемі2,84 Kb.
#2861
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34

 
61 
 
 
5-қазық – 5 қой       12-қазық – 12 қой 
Сұрағы: х+x+x+x=26 
Шешуi:  
1-шi тәсiл             2-шi тәсiл              3-шi тәсiл 
1+2+11+12=26    1+5+8+12=26       1+4+9+12=26 
2+4+9+11=26       4+5+8+9=26        2+5+8+11=26 
Жауабы: 1-шi тәсiл бойынша: екi жiгiттiң бiреуi – 1-шi, 5-шi, 8-
шi, 12-шi, ал 2-шiсi – 2-шi, 4-шi, 9-шы, 11-шi қазықтардағы қойларды  
бөлiп алуы мүмкiн, т.с.с. 
Ендi  3-сыныпқа    арналған  «Малды  айырбастау»  есебiн 
қарастырайық: 
«Қойлы  шаруа  малын  iрiлендiрудi  ұйғарады.  Түйесi,  жылқысы 
және  сиыры  бар  ауылдасына  барып,  оған  өз  шешiмiн  бiлдiредi. 
Ауылдасы  келiсе  кетедi.  Сәл  ойланып  тұрып,  ол  сауын  малының 
қойға кесiмiн термелеп төгедi. 
–  Iнгенiмнiң  әр  жiлiгi  –  2  қой,  биемнiң  2  жiлiгi  –  3  қой,  ал 
сиырымның әр аяғы – 1 қой, – дейдi iрi мал иесi. 
– Жарайды, келiсем, - дейдi уақ малды шаруа. 
Келiсiм  бойынша  шаруа  қойларын  айдап  апарып  бередi  де, 
айырбасқа  алған  атқа  мiнiп,  iнген  мен  сиырды  жетелеп  үйiне 
оралады. 
Есептiң сұрағы: Шаруа айырбасқа барлығы қанша қой бердi?» 
Есептiң  мазмұнына  сәйкес  кiрiспе  әңгiме  жүргiзуге  болады: 
«Қазақ 
халқының 
тұрмыс-тiршiлiгi 
мал 
шаруашылығымен 
байланысты болған. Түйенiң пiрi – Ойсылқара, сиырдың пiрi – Зеңгi 
баба, жылқының пiрi – Қамбар ата, қойдың пiрi – Шопан ата деп, сол 
пiрлерге сыйынып, халық мал күтудi ең зор қасиет деп таныған. Түйе 
–  көш  көлiгi.  Iнгеннiң  шұбаты  әрi  тағам,  әрi  сусын,  әрi  дәрi,  ал 
шудасы- киiм. Жылқы сүтi – қымыз, ауруға – ем, сауға – қуат. Сиыр 
малы  да  киелi,  қасиеттi  мал.  Айран,  қатық,  iрiмшiк,  құрт,  т.  б. 
тағамдар  сиыр  сүтiнен  жасалады.  «Қойдың  сүтi  –  қорғасы»,  –  дейдi 
халық.  Қойдың  жүнiн,  терiсiн,  етiн  жоғары  бағалап,  пайдасына 
жаратқан.  Малдың  12  жiлiгi  болады:  қол  жiлiк:  жауырын  –  2,  кәрi 
жiлiк  –  2,  тоқпан  жiлiк  –  2.  Сан  жiлiк:  жамбас  –2,  ортан  жiлiк  –  2, 
асықты жiлiк –2». 
Есептi талдауға берiлiтiн сұрақтар мынадай: 
–  Қойлы  шаруа  қандай  малдарын  iрiлендiрген?  (iнген,  бие, 
сиыр.) 


 
62 
 
 
– Iнгеннiң әр жiлiгi неше қой? (2 қой) 
–  Егер  1  жiлiк  2  қой  болса,  12  жiлiк  қанша  қой  болады? 
(12х2=24). Сонда iнгендi неше қойға айырбастаған? (24). 
– Биенiң 2 жiлiгi неше қой? (3 қой). 
–Биенiң  2  жiлiгi  3  қой  болса,  12  жiлiк  қанша  қой  болады? 
(12:2х3=18). Сонда биенi 18 қойға айырбастаған. 
-Сиырдың 1 аяғы 4 қой болса, 4 аяғы неше қой болады? (4 қой).  
Есептiң қысқаша мазмұнын былай беруге болады: 
Iнгенiң 1 жiлiгi – 2 қой 
Биенiң 2 жiлiгi – 3 қой    } –?   
Сиырдың 1 аяғы – 1 қой    
    
Шешуi: 12х2=24 
             (12:2)x3=18 
             1x4=4 
            24+18+4=46 
Жауабы:  iнгенге  –  24  қой,  биеге  –18  қой,  сиырға  –  4  қой,               
барлығы –46 қой берген. 
4-сынып -  «Барлығы қанша?» есебi. 
«7  үйдiң  әрбiреуiнде  7  мысықтан  бар,  әр  мысық  7  тышқан 
аулайды.  Ал  әр  тышқан  7  масақ  жейдi,  әр  масақтан  7  дән  алуға 
болады. Сонда мысық нешеу, тышқан нешеу, масақ нешеу және дән 
нешеу? Олардың қосындысын тап».  
Бұл есеп оқушылардың көп таңбалы сандарды жазбаша көбейту 
және қосу біліктіліктерiн қалыптастыруға септiгiн тигiзедi. 
Есептiң мәтiнiн талдауға ұсынылатын сұрақтар: 
– Барлығы қанша үй бар? (7) 
– 7 үйдiң әрбiреуiнде 7 мысықтан болса, барлығы қанша мысық 
болады (77=49) 
–  Әр  мысық,  яғни  49  мысық  7  тышқаннан  ауласа,  барлығы 
қанша тышқан жейдi? (497=343) 
– Әр тышқан, яғни 343 тышқан 7 масақ жесе, сонда масақ нешеу 
болады? (3437=2401) 
– Әр масақтан, 2401 масақтан 7 дән алуға болса, барлығы қанша 
болады? (24017=16807) 
–  Ендi  есептiң  басты  сұрағына  жауап  беру  үшiн  шешiмiн 
жазайық. 
Шешуi: 77=49 (мысық) 
           497=343 (тышқан) 


 
63 
 
 
           3437=2401 (масақ) 
           24017=16807 (дән) 
           7+49+343+2401+16807=19607. 
Жауабы: 49 мысық, 343 тышқан, 2401 масақ, 16807 дән, барлығы 
үймен қоса санағанда – 19607. 
Есептердiң  дұрыс  шешуiн  табуда,  ең  алдымен  оқушыларды 
есептiң  мазмұнымен  таныстырып,  ондағы  сөздердiң  мәнiн 
түсiндiрген  жөн.  Бұл  оқушыларға  есептiң  шешiмiн  тез  арада  табуға 
көмектеседі, әрi ұлттық мұраларға аялы көзқарасын қалыптастырады.  
 
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,13,14,17,18,19,20, 33 
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15 
 
№7  дәрістің  тақырыбы:  Бастауыш  мектепте  математиканы 
оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы- сабақ 
 
1.  Сабақ- 
бастауыш  мектептегі  математиканы  оқытуды 
ұйымдастырудың негізгі формасы, ерекшеліктері. 
2.  Математика 
сабақтарында 
білімділік, 
тәрбиелік, 
дамытушылық міндеттерін кешенді шешу. 
3.  Математика сабақтарының түрлері.  
4.  Математика сабағына әдістемелік талдау. 
1-сұрақ.  Сабақ  -  мұғалім  мен  оқушылардың  күрделі  өзара 
әрекетінде  оқытудың  мақсаты,  жұмысы,  құралдары  мен  әдістері 
көрінетін, мұғалімнің жеке тұлғасы мен шеберлігі, оқушылардың жас 
және  дербес  ерекшеліктері  байқалатын,  оқыту,  тәрбиелеу  мен 
дамытудың  мақсаты  мен  міндеттері  жүзеге  асырылатын  оқу-тәрбие 
процесінде  логикалық  аяқталған  тұтас  элемент.  Математика  сабағы 
біртұтас  борла  отырып,  мұғалімнің  сыныппен  жүргізілетін 
жұмыстарының  оп-  оңай  бөлшектенетін  бірнеше  кезеңдерінен 
тұрады.  Сабақтың  оңай  ажыратылатын  бұл  бөлімдері  оның 
элементері деп аталады. Кейбір сабақтарға элементтердің бәрі, ал 2-
не тек кейбіреулері ғана енеді. 
Сабақтың бірінші элементі:  ұйымдастыру бөлімі. Ұйымдастыру 
бөліміне  сәлемдесу,  оқушылардың  сабаққа  дайындығы,  құрал-
жабдық-дықтарының,  сынып  бөлмесінің  дайындығы,  жұмыс 
жоспарын  хабарлау  жатады.  Мақсаты  -  сабақта  жұмыс  жағдайын 
туғызу. 2-элементі -үйге берілген тапсырманы тексеру. Ол қойылған 


жүктеу 2,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау