90
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Қосындыны санға көбейту мен бөлуді оқыту әдістемесінің
негізгі міндеттерін мен мазмұнын оқу құралдары мен әдістемелік
әдебиеттерге сүйене отырып, анықтауға болады.
0 мен 1 сандарының қасиеттеріне негізделген арифметикалық
амалдарды оқыту әдістемесін әдістемесін, көбейтудің үлестірімділік
қасиетін
оқыту
әдістемелерін
ашып
көрсетуде
бастауыш
сыныптардың математика оқулықтарын және соған сәйкес
жасалынған оқыту әдістемелірін пайдалану керек.
Есептеулер тәсілдерін оқыту әдістемесі бойынша берілген
тапсырмаларды (4-5 тапсырма) орындауда мына әдебиетті оқып-
үйреніп, басшылыққа алу керек: Т.К.Оспанов және т.б. Жаңа буын
оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математикасны оқыту
әдістемесі. - Алматы: Атамұра, 2005. – Б.44-104.
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,14,17,18,19,26,31,33
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15
№6 СОӨЖ тақырыбы: Есептеу тәсілдерін
оқыту теориясы
мен технологиясы
Тапсырмалар
1. Ауызша және жазбаша есептеулердің өзара байланысын
негіздеңіз. Жазбаша қосу мен азайтудың әртүрлі жағдайларын
меңгерту ретін көрсетіңіз. Әрбір жағдай бойынша есептеулер
орындауда оқушылардың пайымдауларын, сонымен бірге есептеу
дағдыларын қалыптастыруда мұғалім пайдаланатын әдістемелік
тәсілдерді жазыңыз.
2 Көбейту мен бөлудің барлық дербес ауызша жағдайларын
бөліп көрсетіңіз, олармен таныстыру әдістемесін толық жазыңыз. Бұл
материалды оқушылар қандай мәселелерді оқып- үйренуде
пайдаланатынын көрсетіңіз.
3. Жазбаша көбейту алгоритмімен таныстыру әдістемесін
жазыңыз. Көп таңбалы сандарды көбейтудің әртүрлі жағдайларын
қарастыру ретін бөліп көрсетіңіз. Есептеулер орындаудағы оқушылар
пайымдауларын көрсетіңіз. Математика оқулығынан жазбаша
көбейту тәсілдерін бекітуге берілген тапсырмалардың барлық түрін
теріп жазыңыз. Мұғалім есептеу дағдыларын тексерудің қандай
формаларын пайдаланатынын көрсетіңіз.
91
4. Жазбаша бөлу алгоритмін оқып- үйрену үшін қандай
мәселелерді қайталау керектігін бөліп көрсетіңіз. Осы тақырыппен
оқушыларды таныстыру әдістемесін баяндаңыз. Бөлу алгогритмін
пайдаланудың барлық жағдайларын бөліп көрсетіңіз. Математика
оқулығынан әрбір жағдайға мысалдар келтіріңіз және есептеулер
орындаудағы оқушылардың пайымдауларын жазыңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: практикалық жұмыс
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Ауызша және жазбаша есептеулердің ерекше жағдайларын
оқыту әдістемелерін ашып көрсетуде бастауыш сыныптардың
математика оқулықтарын және соған сәйкес жасалынған оқыту
әдістемелірін пайдалану керек.
0 мен 1 сандарының қасиеттеріне негізделген арифметикалық
амалдарды оқыту әдістемесін әдістемесін, көбейтудің үлестірімділік
қасиетін оқыту Есептеулер тәсілдерін оқыту әдістемесі бойынша
берілген тапсырмаларды орындауда мына әдебиетті оқып-үйреніп,
басшылыққа алу керек: Т.К.Оспанов және т.б. Жаңа буын
оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математикасны оқыту
әдістемесі. - Алматы: Атамұра, 2005. – Б.44-104.
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,14,17,18,19,26,31,33
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15
№7 СОӨЖ тақырыбы: Маңызды шамаларды және оларды
өлшеуді оқыту теориясы мен технологиясы
Тапсырмалар
1. Маңызды шамалардың бір түрі бойынша оқыту әдістемесін
ашып көрсетіңіз: «Масса, оның өлшем бірліктері» тақырыбын оқыту
әдістемесі.
2. «Фигураның ауданы» тақырыбын оқытудың мазмұнын ашып
көрсетіңіз.
СОӨЖ өткізу түрі: дөңгелек үстел
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
«Заттың массасы
» ұғымымен, массаның өлшем бірліктерімен
оқушыларды таныстыру әдістемесіне сүйене отырып, масса
бірліктерінің арасындағы өзара байланысты меңгертуді қамтамасыз
ететін тапсырмалардың барлық түрін математика оқулығынан теріп