77
б) 40
5. Теңдеудің шешімін тап: х+5=9
а) 4
ә) 3
б) 6
6. Терезенің алдында 10 қызыл және 4 ақ раушан гүлдеп тұр.
Барлығы неше раушан гүлдеп тұр?
а) 16
ә) 17
б) 14
7. Мына теңдеулердің қайсыларының шешімі 5 саны болмайды?
а) а + 3 = 8
ә) а – 5 = 5
б) 4 + а = 10
8. Суда 30 үйректің балапаны және одан 10-ы кем қаздың
балапаны жүзіп жүр. Суда қанша қаздың балапаны жүзіп жүр?
а) 15
ә) 20
б) 23
9. 80 см + 10 см = *дм. Жұлдызшаның орнына тиісті санды қой.
а) 9
ә) 70
б) 90
10. 10 дм-де қанша метр бар?
а) 100 м
ә) 1 м
б) 10 м
Ал 3-4 сыныптар үшін деңгейлік тапсырмалар беруге болады:
1. Амалдарды орында:
234 579 829 800
+ 345 - 234 - 644 - 386
64 : 2 + 43 * 2 = ( 36 + 48) : 7 =
( 72 : 3 – 7) * 4 ( 82 – 27) * 3 =
2. Теңдеулерді шеш:
Х* 6 = 912 48 + х = 908 273 : х = 7
78
3. Қалдықпен бөлуді орында:
71 : 2 285 : 4 869 : 4
930 : 4 727 : 5 911: 6
4. Есептерді әртүрлі тәсілмен шығар:
Саяжайға әрқайсысында 15 данадан 6 бума қызылша көшеті
және 25 данадан 8 бума қызанақ көшеті әкелінді. Барлығы неше
көшет әкелінді?
Жұмыс нәтижесін тексеруді мұғалім өзі жүргізуге немесе
жоғары сынып оқушыларына төменгі сынып оқушыларының
жұмыстарын тексеруге беруге болады. Жалпы сыныптық, топтық,
жеке жұмыстарды байланыстыра, қабыстыра жүргізу базалық
стандарт деңгейі көлемінде оқушылардың білім деңгейіндегі
айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін топтық
жұмыс, диалог режимімен жұмыс және т.б. жұмыс түрлері
ұйымдастырылуы керек.
Негізгі әдебиеттер: 1,3,8
Қосымша әдебиеттер: 2,3,7,15
2.3 Семинар сабақтарының жоспары
№1
семинардың
тақырыбы:
Бастауыш
мектепте
математиканы оқыту теориясы мен технологиясы оқу пәні және
педагогикалық ғылым саласы ретінде
Сұрақтар:
1. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен
технологиясы оқу пәні ретіндегі мәні.
2. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен
технологиясы оқу пәнінің міндеттері мен мазмұны.
3. Математиканы оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен
байланысы.
4. Математиканы оқыту әдістемесінде қолданылатын зерттеу
әдістері.
5. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен
технологиясы оқу пәнінің атқаратын қызметі қандай?
6. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен
технологиясы оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері не?
79
7. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен
технологиясы ғылымының қандай салаларымен байланысты?
8. Математиканы оқыту әдістемесінде қолданылатын зерттеу
әдістерінің қандай түрлерін білесіз?
9. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен
технологиясы пәнінің мазмұнын қандай тақырыптар құрайды?
Тапсырмалар
1. Математиканы оқыту әдістемесінің ғылым ретіндегі мәнін
ашып көрсететін проблемаларды анықтаңыз.
2. Математиканы оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны
мен пәніне сипаттама беріңіз.
Әдістемелік нұсқаулар
Математиканы оқыту әдістемесінің ғылым ретіндегі мәнін
ашып көрсетуде дербес пәндерді оқыту әдістемесінің қарастыратын
негізгі проблемалары- оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдіс-
тәсілдерін, құралдары мен ұйымдастыру формаларын айқындау мен
жетілдіру керектігіне баса назар аудару қажет.
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,13,14,17,18,19,26,31,33
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15
№2 семинардың тақырыбы: Математиканың бастауыш
курсы оқу пәні ретінде және оны оқыту технологиялары
Сұрақтар
1. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты,
міндеттері, мазмұны.
2. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістерінің,
ұйымдастыру формаларының, құралдарының жалпы сипаттамасы.
3. Балаларды бастауыш сыныптарда математиканы оқытуға
дайындау және оның мектеп математика курсында алатын орны.
4. Математиканың басқа оқу пәндерімен байланысы.
5.
Математикадан оқу-әдістемелік топтаманың құрамды
бөліктері.
6. Бастауыш сынып оқушыларының әр сынып бойынша
математикалық
білім,
білік
және
дағдысына
қойылатын
бағдарламалық талаптар.
7. Бастауыш сынып оқушыларын математика пәнінен бағалау
өлшемдері.
80
Тапсырмалар
1. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсатын,
міндеттерін, мазмұнын анықтаңыз.
2. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістерінің,
ұйымдастыру
формаларының,
құралдарының
жалпы
сипаттамасын беріңіз.
Әдістемелік нұсқаулар
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсатын,
міндеттерін, мазмұнын «Математиканың бастауыш курсы» оқу
пәнінің бағдарламасын талдау негізінде анықтауға болады.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістерінің,
ұйымдастыру формаларының, құралдарының жалпы сипаттамасын
дидактика курсы бойынша теориялық білімге сүйене отырып, беруге
болады.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2,3, 4, 14, 17,22
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15
№3 семинардың тақырыбы: Теріс емес бүтін сандардың
нөмірленуін оқыту теориясы мен технологиясы
Сұрақтар
1. Дайындық кезеңінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру
бойынша мұғалім жұмысының мазмұны.
2. Дайындық кезеңінің ұғымдарын оқыту теориясы мен
технологиясы.
3. Он көлеміндегі сандарды нөмірлеуді оқыту теориясы мен
технологиясы.
4. Жүз көлеміндегі сандарды нөмірлеуді оқыту теориясы мен
технологиясы.
5. Мың көлеміндегі сандарды нөмірлеуді оқыту теориясы мен
технологиясы.
6. Көп таңбалы сандарды нөмірлеуді оқыту теориясы мен
технологиясы.
Тапсырмалар
1. Дайындық кезеңінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру
бойынша мұғалім жұмысының мазмұнына жалпы сипаттама
беріңіз.
2. «Ондық» концентрінде сандарды нөмірлеу тақырыбын оқыту
міндеттерін жазыңыз және жоспарын құрыңыз. Тақырыптың
негізгі мәселелерін меңгерту бойынша жүргізілетін жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |