35
а) Есепті шешуге дайындық жиындарға амалдар қолдануда
балалардың тәжірибесін байыту болып табылады.
Бірнеше тең қуаттас жиындардың бірігуін табу.
«2 дөңгелектен 3 рет қойындар. Барлығы неше дөңгелек қойдыңдар?»
2+2+2=6
2-ні 3 рет алу => 2 • 3 =6 – бұл көбейтіндінін мәнін табу.
Жиынды бірнеше тең қуаттас ішкі жиындарға бөлу.
Әр ішкі жиынның элементтерінің саны белгілі жағдай.
«8 шаршы алып, оны екі-екіден қойыңдар. 2-ден неше рет шықты?»
8:2=4 (р) => бұл тиісінше бөлу.
Неше теңқуаттас ішкі жиынға бөлетініміз белгілі болғанда;
«6 шаршыны қатарларға тең етіп қойыңдар. Әр қатарда неше шаршы
бар?»
І- О
О
О неше катар болса, сонша шаршы аламын да, коямын.
2- О
О
О әр қатарға бір-бірден.
6:2=3 (ш) => теңдей бөлу. Оқулықтағы тапсырмалар:
Бұтақта неше алмұрт бар екенін қалай анықтауға болады? Соны
өрнек түрінде жазындар («М- 3», 6, 7-беттер).
2+3+4=9 (а)
36
4+4+4+4=16 (а)
Әр суретке сәйкес өрнектер құрастыр («М- 3», 8-бст):
2+2
3+3 2+2+2
2+2+2 3+3
3+3+3
Көбейту мен бөлудің мән-мағынасын ашу (жоғарыда қарастырылған).
(«М-3», 8-бет).
а) Суретке карап, мысалдарды түсіндір («М- 3», 10-бет):
3 + 3 = 6 3-2 = 6
6:3 = 2 6:2 = 3
б) Суретке қарап, жазуларды толықтыр:
4 + 4 = □
4-а = п
37
в) Есептің шешуімен таныстыру: «Бумада 4 сәбізден. Барлық сәбіз
нешеу?»
4+4+4=12 (с) - бірдей қосылғыштардың қосындысын таптық, ендеше,
есепті көбейтумен шешуге болады:
4 • 3=12 (с) - бұл кобейтіндіні табуға арналған есеп. «12 собіз 4-тен
бумаларга буылды. Неше бума шықты?»
12:4=3 (б) - 12-де 4-тен неше рет бар екенін таптық — бұл тиісінше
бөлуге берілген есеп.
«12 сәбізден теңдей 3 бума буылды. Әр бумада неше сәбіз бар?»
12:3=4 (с) - 3-тсн 12-де неше рет бар - бұл тең бөліктерге бөлуге
арналған есеп.
Окулықпен жұмыс («М— 3», 12-бет).
«Әр дорбада 2 кг-нан қант бар. 4 дорбада неше килограмм
қант бар?»
2кг 2кг 2кг 2кг
2+2+2+2=8 (кг)
2 • 4=8 (кг)
38
«8 кг қантты әр дорбаға 2 килограмнан бөліп салды. Қанша
дорба керек болды?»
8:2=4 (д.)
2кг
«8 кг қантты 4 дорбаға тең бөліп салды. Әр дорбаға неше
килограмм қант салынды?»
8:4=2 (кг)
Бұлар — өзара кері есептер.
Осыған орай, арифметикалық амалдардың мән-мағынасын ашуға
арналған жай есептерді шешу біліктерін қалыптастыру әдістемесінде
төмендегідей жұмыс көзделуі тиіс:
1. Дайындық басқышында нақты заттарға (жиындар) амалдар
қолдану арқылы есептің сұрағына жауап беруге үйрету қажет,
басқаша айтқанда, қандай да бір есеп түрін сәйкес арифметикалық
амал қолданбай, тек таза практика жүзінде шешу,яғни деректер мен
ізделінді арасындағы байланысты игеру.
2. Есептің әр түрін шешумен таныстыру басқышында
жиындарға қолданылатын қандай да бір амалдардың байланысымен
және сәйкес арифметикалық амалмен таныстыру керек, яғни дерек
пен ізделінді арасындағы байланыс тағайындау, соның негізінде
амалды таңдау және орындау, басқа сөзбен: берілген есеп түрін шешу
тәсілімен таныстыру.
3. Есептің әр түрін шеше алу білігін бекіту басқышында
оқушылар осындай түрлі есептерді шешу барысында ашық байланыс
білімін қолдануды үйренулері тиіс, яғни есептің осы түрін шешу
тәсілін нақты мазмұнына байланыссыз жалпылау.
II ТОП. Арифметиқалық амалдардың компоненттері мен
нәтижелері арасындагы байланысты ашуға арналған жай есептер.
1. Белгісіз қосылғышты табуға арналған есептер қосындыны
табуға арналған кері есеп ретінде енгізіледі.
а) Дайындық - қосындыны табуға арналған есепті шеше алу
біліміне сүйену.
Жиындармен сәйкес амалдар орындау.
Бірінші қосылғышты табу. «Қорапта 6 кіші доп және бірнеше
үлкен доп бар. Барлығы 9 доп. Қораптағы үлкен доп нешеу?»
Барлық доп қанша болса, сонша дөңгелек қой. (9)
39
Кіші доп қанша болса, сонша дөңгелекті алып тастаңдар.(6)
Қалған дөңгелектер нені білдіреді? (үлкен доптар) => 9 доптың
6-уы кіші доптар қалғандары - үлкен доптар.
Есепті қандай амалмен шешу керек? (Азайту).
Екінші қосылғышты табу.
«Қорапта барлығы 9 доп бар еді.
Оның 3-еуі үлкен доп. Қорапта неше кіші бар?»
Барлығы неше дөңгелек қою керек? (9 — барлық доп осынша).
Неше дөңгелекті алып тастаймыз? (3 үлкен доп осынша).
Қалған дөңгелектер нені білдіреді? (кіші доптар) => кіші доптар
3-сіз 9, демек, есепті азайту амалымен шығару керек.
ә) Есептің шешуімен таныстыру («М- 2», 19-бет): бірінші және
екінші белгісіз қосылғыштарды табуға арналған өзара кері есептерді
шешу (төменде қарастырылады).
2. Азайтқышты және азайғышты табуға арналған есептер
қалдықты табуға кері есептер ретінде енгізіледі.
а) Дайындық - қалдықты табуға арналған есептерді шешуге
сүйену.
Жиындармен сәйкес амалдар орындау.
Белгісіз азайғышты табу.
«Сөреден 8 кітапты алғанда, онда 10 кітап қалды. Сөреде неше
кітап болған еді?»
Сол жаққа сөреден неше кітап алынса, сонша шаршы қой.(8)
Оң жаққа неше кітап қалса, сонша шаршы қой. (10)
Алынған кітаптар және қалған кітаптар қанша болса, сөредегі
кітаптар сонша.
Есепті қандай амалмен шығару керек? (қосу)
Белгісіз азайтқышты табу.
«Сөреде 18 кітап бар. Одан бірнеше кітапты алғанда, тағы 10
кітап қалды. Сөреден неше кітап алынды?»
Барлығы неше шаршы қою керек? (18 - сөреде осынша кітап
бар).
Достарыңызбен бөлісу: |