Баспасөз хабарламасы



жүктеу 40,14 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі40,14 Kb.
#6474



БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Астана» Халықаралық қаржы Орталығының делегациясы іс-сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне, Катар мемлекетіне және Бахрейн Корольдігіне барды
2016 жылғы 7 желтоқсан Астана қ.
4-6 желтоқсан аралығында АХҚО делегациясы халықаралық қаржы орталықтарының озық тәжірибелерін зерделеу және олармен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Біріккен Араб Әмірліктеріне, Катар мемлекетіне және Бахрейн Корольдігіне сапар жасады. БАӘ-ге сапар барысында Дубай қаласындағы ҚР Елшілігі мен Бас консулдығының жәрдемдесуімен «Дубай» халықаралық қаржы орталығының (DIFC) Басқарушысы Исса Казиммен, Дубай қаласының Экономикалық даму департаментінің Бас директоры Сами аль-Камзимен, Дубай қаласының Туризм және коммерциялық маркетинг департаментінің Бас директоры Хиляль Саид аль-Марримен, Ислам экономикасын дамытудың Дубай орталығының Бас атқарушы директоры Абдулла Мохаммад аль-Ауаармен және «Smart Dubai Office» Бас директоры доктор Айша бин Бишрмен кездесулер және келіссөздер өткізілді.

Бұдан басқа, делегация АХҚО қатысушыларына еңбек визаларын рәсімдеу барысында «бір терезе» қағидаты бойынша жұмысты ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді зерделеу үшін DIFC-дің Бірыңғай виза орталығында болды.

Доха қаласына сапар барысында Катар мемлекетіндегі жетекші қаржы институттарымен ҚР Елшілігі ұйымдастырған келіссөздер өтті. Орталық банктің Төрағасы шейх Абдалла бен Саудом Аль Тани, Катар қаржы орталығының Бас директоры Майкл Райан, Қаржы нарығын реттеушінің Бас атқарушы директоры Нассер Ахмад Аль-Шайби, «Masraf al Rayan Group» банктер тобының Бас атқарушы директоры Адель Мустауфуй және басқалармен кездесулер шеңберінде АХҚО делегациясы катарлық тарапты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған қаржы орталығының қалыптасу барысымен таныстырды.

Катардың қаржы және банк ұйымдары өз кезегінде капитал нарығы, исламдық қаржы, активтер мен дәулетті тұлғалардың әл-ауқатын басқару саласында АХҚО қызметіне қатысуға қызығушылық танытты.

АХҚО делегациясы сондай-ақ Катардың Қор биржасында болып, Бас атқарушы директор Рашид бен Али Аль Мансуримен кездесті. «World Innovation Summit for Education» Басқармасының Төрағасы Ставрос Янноукпен және «Qatar Investment Authority» Катар инвестициялық қорының Бизнесті дамыту директоры шейх Абдулазиз бен Али Аль Танимен мазмұнды келіссөздер өтті.

Бахрейн мемлекетінде АХҚО делегациясы 20 жылдан бері исламдық банкинг пен қаржы саласы көшбасшыларының кездесулеріне арналған ірі алаң болып саналатын Дүниежүзілік Исламдық Банк конференциясының (WIBC 2016) жұмысына қатысты.

Аталған іс-шараның аясында Бахрейн Орталық банкінің Төрағасы Рашид Аль-Мараджбен, Исламдық қаржы мекемелерінің бухгалтерлік есеп пен аудит жөніндегі ұйымы (AAOIFI) Бас хатшысының орынбасары Омар Мустафа Ансаримен, Халықаралық исламдық қаржы нарығының(IIFM) Бас атқарушы директоры Иджлал Альвимен, Бахрейннің Банк ісі мен қаржы институтының (BIBF) директоры Ахмед Аль-Шайхпен кездесулер өткізілді. Қол жеткізілген уағдаласушылықтардың қорытындысы бойынша BIBF-пен Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қол қойылған Меморандумның негізінде адам капиталын дамыту саласы және озық тәжірибе мен біліммен алмасу бойынша ынтымақтастық жасау мүмкін болады.




Анықтама ретінде:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

Бахрейннің Банк ісі мен қаржы институты (BIBF) әлемдік деңгейдегі білім беру қызметтерін кәсіби ұсынушы болып саналады. BIBF өзінің 1981 жылы құрылған сәтінен бастап қаржы және корпоративтік нарыққа арналған 300-ден астам білім беру бағдарламасы бар халықаралық ұйымға айналды, бұл бағдарламалардың ішінде жеке білім алу жолдары, сондай-ақ нарықтың жетекші мамандары оқытатын мамандандырылған бағдарламалар; кәсіби біліктілік пен әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен серіктестікте білім беру бағдарламалары бар.

BIBF жанында Бағалау орталығы мен Зерттеу орталығы жұмыс істейді. Институттың деңгейі исламдық қаржы саласындағы ең үздік білім беру орталығы (Best Global Training Provider for Islamic Finance) ретінде Бахрейннен тыс кең танымал.
жүктеу 40,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау