«Бастауыш мектепте есептерді шығаруға үйрету технологиясы»



жүктеу 0,74 Mb.
Pdf просмотр
бет14/25
Дата01.01.2018
өлшемі0,74 Mb.
#6500
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25

 

48 


 

 

қарағанда бірінші қатарда 4 есе артық,екіншіде біріншіге қарағанда 4 



есе кем. 

Оқулықпен жұмыс («М— 3», 39-40-беттер). 

 

 

Сұр түсті дөңгелек нешеу? (3) 



Ақ түсті ше?  (12) 

Сұр дөңгелектер 3-тен неше рет алынған? (бір) 

Ақ дөңгелектер 3-тен неше рет алынған? (3-тен төрт рет) 

Ақ дөңгелектер қанша болса, сонша болуы үшін сұр 

дөңгелектертерді неше рет алу керек? (төрт рет) 

Сұр  дөңгелектер    қанша  болса,  сонша  болу  үшін  ақ 

дөңгелектерді неше тең бөлікке бөлуге болады? (4 тең бөлікке) 

Сұр дөңгелектер ақ дөңгелектерден неше есе кем? (4 есе кем) 

Ақ  дөңгелектер  сұр  дөңгелектерден  неше  есе  артық?  (4  есе 

артық.) 


Бұл  сұраққа  қандай  амалмен  жауап  беруге  болады?  (бөлу 

амалымен) 

12:3=4 (рет) 

Қорытынды:  бір  санның  екінші  саннан  неше  есе  артық  немесе 

неше  есе  кем  екенін  білу  үшін  үлкен  санды  кіші  санға  бөлу  керек,  

яғни бір сан екіншісінде неше рет болатынын табу керек. 

ә)  Еселік  салыстыруға  берілген  есептерді  шешумен  таныстыру 

«Спорт  алаңында  8  ұл  бала  және  4  қыз  бала  ойнап  жүр.  Қыз 

балалардың ұл балаларға қарағанда нешеуі кем?» («М-3», 40-бет). 

 

 



8 - 4=4 (қ) 

Жауабы: 4 қыз бала кем. 

«Мектеп  ауласында  10  терек  және  5  шырша  өсіп  тұр. 

Шыршаларға қарағанда теректің нешеуі артық?» 




 

49 


 

 

10-5=5 (т.) 



«Мектеп  ауласында  8  ұл  бала және  4 қыз  бала  ойнап  жүр.  Қыз 

балалар ұлдарға қарағанда неше есе кем?» 

 

8:2=4 (есе) 



Жауабы: 4 есе кем. 

«Мектеп  ауласында  10  терек  және  5  шырша  өсіп  тұр. 

Шыршаларға қарағанда терек неше есе артық?» 

10: 5=2 (есе) 

б)  Мұндай  есеп  түрлерін  шеше  алу  білігін  бекіту  мақсатында 

өзара кері есептерді құру және шешу ұсынылады: 

«Айжан  3  қызғалдақ  және  одан  2  есе  артық  раушан  гүлінің 

суретін  салды.  Айжан  неше  раушан  гүлінің  суретін  салды?»  («М  — 

3». 44-бет). 

Есепті шығар. Оған кері есептер құрастыр және оларды шығар. 

6. Санды бірнеше есе арттыруға және кемітуге берілген есептер 

(жанама түрі). 

а)  Дайындық:  «есе  артық»  және  «есе  кем»  қатынастарынын  екі 

мағынасын  меңгеру  (жоғарыда  қарастырылған)  және  тура  түрде 

тұжырымдалған осындай түрдегі есеп гүрлерін шеше алу. 

Заттармен  практикалық  әрекеттер  орындай  алу:  «Шаршыларды 

екі қатарға орналастыр, төменгі қатардағыдан 2  есе  кем болатындай 

жоғарғы қатарға 4 шаршы қой.» 

 

Төменгі қатарда неше шаршы бар? (8) 



 Қалай білдік? (4  .  2) 

Есепте  «төмендегіден  2  есе  кем»  делінген,  неге  көбейттік? 

(жоғарғы  қатардағы  шаршылар  2  есе  кем,  демек,  төменгіде  -  2  есе 

артық) 


«Сол жаққа оң жақтан 3 есе артық болатындай 6 дөңгелек қой.» 

 

Оң жақта неше дөңгелек бар? (2)  



Қалай білдік? (6:3) 


 

50 


 

 

Есепте  «3  есе  артық»  делінген,  неге  бөлдік?  (сол  жақтағы 



дөңгелектер 3 есе артық, демек, оң жақтағы дөңгелектер 3 есе кем.) 

ә) Есептің шешуімен таныстыру: 

«Бір балада 8 дәптер бар, ол екінші баланың дәптерлерінен 3 есе 

кем. Екінші баланың дәптерлері нешеу?» 

Бір  балада  екіншісіне  қарағанда  3  есе  кем  дәптер  бар,  демек, 

екіншісінде  біріншіге  қарағанда  3  есе  артық  дәптер  бар,  сондықтан 

есеп көбейтумен шығарылады. 

8· 3=24 (д.) 

«Бір  сөреде  18  кітап  бар,  ол  екіншіден  2  есе  артық.  Екінші 

сөреде неше кітап бар?» 

Бір  сөреде  екіншіге  қарағанда  2  есе  артық  кітап  бар,  демек, 

екіншісінде біріншіге қарағанда 2 есе кем кітап бар => есеп болумен 

шығарылады. 

18:2=9 (қ.) 

б)  Қарастырылатын  түрдегі  есептерді  шатастырып  алмауды 

ескерту мақсатында оларды шеше алу білігін бекіту, ол үшін жұппен 

шығара отырып, салыстыру: 

«Арманда  7  ойыншық,  ал  Берікте  одан  4  есе  артық  ойыншық 

бар. Берікте неше ойыншық бар?» 

7 •   4=28 (о.) 

«Әлияда  15  түсті  қарындаш,  ал  Мәншүкте  5  қарындаш  бар. 

Әлияның қарындаштары Мәншүктікіне қарағанда неше есе артық?» 

15:5=3 (есе) 

Екі есепте «артық» сөзі болса да, неге олар әр түрлі амалдармен 

шығарылады? 

«Әкесі 30 жаста, ол баласынан 5 есе үлкен. Баласы неше жаста?» 

30:5=6 (ж.) 

«Қызы 8 жаста, ал анасының жасы қызынан 4 есе үлкен. Анасы 

неше жаста?» 

8 •  4=32 (ж.) 

Есептердің шартын, сұрағын, шешуін және жауабын салыстыру 

(«М— 4», 17-бет). 

Лақтың массасы 7 кг 

ал  қозының  массасы  одан    3  кг 

артық.  Қозының  массасы  неше 

килограмм?»    

       7+3=10 (кг)                                                                          

Лақтың массасы 7 кг 

Бұл  қозының массасы одан  3 кг 

кем.  Қозының  массасы  неше 

килограмм?»    

       7+3=10 (кг)                                                                          




 

51 


 

 

Бірінші  есепте  «артық»,  ал  екінші  есепте  «кем»  термині 



қолданылғанымен,  неліктен  есептер  қосу  амалымен  шығарылады? 

(өйткені,  екінші  есепте  лақтың  массасы  қозының  массасына 

қарағанда 3 кг кем, демек, қозының массасы 3 кг артық — бұл санды 

бірнеше бірлікке арттыруға жанама түрде берілген есеп). 

Есептердің шартын, сұрағын, шешуін және жауабын салыстыру 

(«М— 4», 17-бет). 

«Ботаның массасы 35 кг,             «Ботаның массасы 35 кг, 

ал қаздың массасы                         бұл қаздың массасынан  

одан 7 есе кем.                                7 есе артық. 

Қаздың массасы                             Қаздың массасы  

неше килограмм?»                         неше килограмм?»  

 35:7=5 (кг)                                      35:7=5 (кг)   

 

Бірінші есепте «есе кем», ал екінші есепте «есе артық» термині 



қолданылғанымен,  неліктен  есептер  бөлу  амалымен  шығарылады? 

(өйткені,  екінші  есепте  ботаның  массасы  қозының  массасына 

қарағанда 7 есе артық, демек, қаздың массасы 7 есе кем — бұл санды 

бірнеше бірлікке кемітуге жанама түрде берілген есеп). 

Жанама  түрдегі  есептерді  тура  мағынада  тұжырымдалған 

есептерге  айналдыруға  және  керісінше,  жаттығулар  орындаған 

пайдалы. 

Берілген  есептерді  шешу  үшін  амал  таңдауда  оқушылар 

шатаспас үшін санды бірнеше бірлікке арттыру және санды бірнеше 

есе арттыруға, сондай-ақ санды бірнеше бірлікке кеміту және санды 

бірнеше есе  кемітуге берілген есептердің шешуін  салыстыру қажет. 

(«М— 3», 47—48-беттер). 

 

Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,14,15,16 

Қосымша әдебиеттер: 1,5, 6 

№4  дәрістің  тақырыбы:  Бастауыш математика  курсындағы 

кері және өзара кері есептерді шығаруға үйрету технологиясы 

Жоспар 

1.  Бастауыш  математика  курсындағы  кері  есептерді  шығаруға 

үйрету технологиясының мазмұны 

2.  Бастауыш  математика  курсындағы  өзара  кері  есептерді 

шығаруға үйрету технологиясының мазмұны 

 



жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау