Шығару(Ш) – бұл есептегі кезеңде экономикалық бірлік резиденттердің өндірістік қызметтерінің нәтижесінде пайда болған тауар мен қызметтің жалпы құны. Шығару «өндірістік» шотында және «тауар мен қызмет» шотында жазылады.
Жалпы қосылған құнға (ЖҚҚ) жалпы шығарылым және аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде анықталады. «Жалпы» деген термин көрсеткіш құрамында негізгі капиталды тұтыну (НКТ) бар екеннін көрсетеді. Жалпы қосылған құн шығарылым сияқты негізгі бағада бағаланады (6- бөлім):
=-
=-
Мұндағы: АТ – аралық тұтыну;
= ∑ + ҚДҚ=
Мұндағы: ҚДҚ – банктардың қаржылай делдалдығының жанама өлшенетін қызметі, экономика секторында, саласында есептелген салаларда қайта есептеуден құтылу үшін олар шегеріледі.
Жүргізілетін әдістеме бойынша ҚДҚ үйлесімді бірліктерді аралық тұтынуда бөлінбейді және көрсетілмейді, экономиканың шығарымы нөлге тең, шартты бірліктерін аралық тұтыну шығындарына жатқызылады. Сондықтан да экономикалық ЖҚҚ есептеу кезінде ҚДҚ-ны табу үшін ЖҚҚ-ның жалпы сомасын есептейді.
= ∑- ∑ - ҚДҚ = ∑ - ∑ АТ-ҚДҚ
= + +-
Мұндағы ТС – таза салықтар (1.2. тақырыпта).
Таза қосылған құн (ТҚҚ) терминіндегі «таза» сөзі көрсеткіштің негізгі капиталды тұтынуды өзіне қоспайтынын көрсетеді, яғни ТҚҚ= ЖҚҚ- НҚТ. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – берілген мемлекеттің экономикалық территориядағы есептегі кезеңдегі нарықтық баға бойынша резидентік бірліктер қызметінің түпкілікті нәтижесін анықтайды. Жалпы ішкі өнім өзара байланысты экономикалық циклдерді: тауар және қызметтер өндірісін, табыстарды бөлу, оларды пайдалануды сан жағынан сипаттайды.
Жалпы ішкі өнімді есептеу әдістері қандай?
Экономикалық циклдер теориясы бойынша жалпы ішкі өнім үш әдіспен есептеледі: өндірістік, табыстарды қалыптастыру (табысты бөлу) әдісі, түпкілікті пайдалану әдісі.
ЖІӨ-ні есептеу әдістері:
А. Өндірістік әдіс («өндіріс» шоттан)
ЖІӨ экономиканың барлық секторы мен салаларының ЖҚҚ-ның нарықтық бағадағы сомасы ретінде есептеледі. Шығарылым мен ЖҚҚ-ның бағаларына байланысты практикада ЖІӨ мен ЖҚҚ арасында келесі байланыс болады:
Экономикалық аймақтың (облыстың, ауданның, қаланың) қызметін бейнелеу үшін негізгі бағамен ҚР-дың негізгі аймақтарындағы ЖҚҚ сомасы ретінде жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |