Ә. Табыс еөздері әдістері резиденттердің бастапқы табыстың көзі бойынша («табысты құру» шоттан) ЖІӨ-нің қалыптасуын сипаттайды.
Мұндағы: ∑БТ- өндірушінің резиденттердің бастапқы табыстарының сомасы;
ЕА – ішкі экономика секторының және қалған әлемнің жалдамалы жұмысшыларының еңбек ақысы; яғни, ЖҚҚ-ны құруға қатысатын резидент және резиден еместерге деген барлық төлемдерді қамтиды (2-бөлім, 2.5 тақырыпта);
ТБС – өндіріске салынатын басқа таза салықтар ( 1- тақырыпта);
ЖП - Жалпы пада;
ЖАТ – Жалпы аралас табыстар.
Қосылған құнға қандай бастапқы табыстардың түрлерінен құралады?
Бұлар – еңбек ақы, пайда, аралас табыс, импорт және өндіріске салатын салықтар.
Жалпы пайда (ЖП) немесе жалпы арлас табыстар (ЖАТ) – екі алтернативті көрсеткіштер (табыстардың пайда болу шотынан) сальдо тәсілімен айырма ретінде есептеледі:
Экономикалық жалпы пайда немесе жалпы аралас табысты табыстың қалыптасу шотының бір баланстық статьясының екі альтернативті көрсеткіші болып табылады. Пайда және оған теңестірілген табыс (аралас табыс) арасындағы айырмашылық келесіде. Пайда еңбек ақыны кәсіпорынның қосымша құнынан алатын жалдамалы жұмысшылары бар кәсіпорындар бойынша анықталады. Ал аралас табыс жалақы немесе қызметтік үстемақы түрінде сыйақы алмай, жеке немесе басқалармен серіктесіп жұмыс істейтін корпоративті емес кәсіпорын, үй шаруашылығы бойынша анықталады. Үйге жұмыс алып істеушілердің көбі өндірістік шығындарды өздері төлейді ( ғимарат, жылу, жарық, сақтау, көлікке жалгерлік төлем ). Одан басқа үй шарушылығында істелген жұмыс сағаттары туралы ақпарат болмайды.Осындай кәсіпорындарда үй-жай, көліктік құралдар өндірістік және жеке мақсаттарында қолданылады. Сондықтан үй шаруашылығының иелері немесе мүшелері жалақы емес, жалпы аралас табысты алады.
Пайда «қаржылық» , «қаржылық емес» корпорациялардың және барлық экономика секторларының қаржылық экономикалық қызметіннің нәтижесін көрсетеді. Аралас табыс, табысты еңбекақы немесе пайда ретінде бейнелеу күрделі немесе мүмкін емес болған жағдайда, корпоративтік емес кәсіпорындарда қолданылады. Экономиканың таза пайдасы (ТП) немесе аралас табыстар (ТАТ, табыстың пайда болу шотыннан): ТП(ТАТ) = ЖП (ЖАТ) – НКТ.
Б. Түпкілікті тұтынуды пайдалану әдісі түпкілікті (соңғы) тұтынудағы ЖІӨ-нің шығындарын, жалпы капиталдың қорлануын және таза экспортты ( бастапқы табысты бөлу шотынан ) көрсетеді.
ЖІӨ = ТТШ + ҚЖҚ + ∆Э + СА,
Мұндағы: ТТШ – тауарлар мен қызметтерді түпкілікті тұтынудағы шығыстар сомасы;
ҚЖҚ – капиталдың жалпы қорлануы;
∆Э – Э – И – тауарлар мен қызметтердің таза экспорты;
СА – ЖІӨ-ні есептеуге өндірістік және түпкілікті пайдалану әдісі арасындағы статистикалық алшақтық.
Шығындар – тауарлар мен қызметтерді сатып алушылардың сатушыға төлейтін сомалары.
ЖІӨ-ге, түпкілікті пайдалану әдісімен есептегенде, шығындардың қандай түрлері кіреді?
Түпкілікті тұтынудағы шығындар экономиканың үш секторында тұтыну тауарлары мен қызметтерінің шығындарынан қалыптасады: «үй шаруашылығы», «мемлекеттік басқару органдары», «үй шарушылығына қызмет көрсететін комерциялық емес ұйымдар».
«Үй шарушылығы» секторындағы түпкілікті тұтынудағы шығындар Қазақстан Республикасындағы, сонымен қатар шетелдегі экономикалық аймақтардағы үй шарушылығы резиденттерінің шығындарын бейнелейді. Оларға келесі шығындар кіреді:
Сауда, рынок, жеке тұлғалар қысқа мерзімде және ұзақ мерзімде қолданатын жаңа тауарларды сатып алу;
Нарықтық түтыну қызметтеріне төлем; пәтер төлемі; коммуналдық төлемдер: қонақ үй төлемдері; тұрмыстық қызмет төлемдері; шаштараз, монша, дәрігерлік мекеме , кино, театр, музей, қаржы және заң мекемелеріне төлемдер; үйді, машинаны, көлік құралдарын жалға берудегі қызмет төлемдері; үй қызметшісін жалдағандағы төлем;
Үй шаруашылығының өзіндік тұтынуға өндірген туарларының құны;
Еңбекақы түрінде натуралды қалыпта келіп түскен тауарлар мен қызметтердің құны;
Аурухана, клубтар, демалыс үйлерінің жұмыскерлерге ұсынылатын әлеуметтік-мәдени сипаттағы тегін (немесе төмен бағадағы) қызметтері;
Комерциялық емес ұйымдар, мемлекеттік мекемелер натуралды формада берген әлеуметтік жәрдемақылар;
Өз үйінде тұрудың шартымен есептелген қызметтердің құны;
Үй шаруашылығының шетелден алынған және шетелге жіберілген сыйлықтарының айырмасы;
Үй шаруашылығы сатып алған антикварлық бұйымдардың қалдығы және ұзақ мерзімді пайдаланудағы тұтынушылардың ұсталған тауарлары.
Үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуының құрамына кірмейтіндер:
Құндылықтар, үй , пәтерлерді (негізгі капиталдың жалпы қорлануын құрайды) сатып алу;
Өндірістік мақсаттағы таурларды сатып алу ( аралық тұтыну қолданысына кіретіндер: құрылыс материалдары, тұқым, жем, құрал-саймандар, бұйымдар, арнайы киімдер және т.б. )
Үйлер мен пәтерлер иелерінің ағымдағы жөндеуге арналған шығындары;
Шаруашылық жай, машина, құрал-жабдық, бұйымдарға жалгерлік төлем;
Үй шаруашылығы мүшелерінің ас дайындауына, үй жинастыруына арналған қызметтер.
Әр сектордағы түпкілікті тұтынудың құрамы қандай?
«Мемлекеттік басқару органдары» секторының түпкілікті тұтыну шығындары тегін қызметтер құнын қамтиды, осы мекемелер жеке тұлғаларға денсаулық сақтау , білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, өнер және қоғамның т.б. салаларын қамтып, қызмет көрсетеді. Осы шығындарға мыналар кіреді:
Тауарлар мен қызметтерді сатып алу шығындары (капитал сипатындағы шығындардан басқа);
Жұмысшылардың еңбегіне төленетін шығындар;
Салықтарды төлеу;
Негізгі капиталды тұтыну.
«Мемлекеттік басқару органдары» секторына шығындардың қандай түрлері кірмейді?
Бұл сектордың түпкілікті тұтыну шығындарына кірмейтін түрлері:
Тауарлар мен қызметтерді сату ( үй шаруашылықтарының аралық тұтынуына немесе түпкілікті тұтынуына жатады, мысалы, шаруашылық есептесу ұйымдары көрсететін ақылы қызметтердің құны; мемлекетік бюджет ұйымдары көрсететін жекеше ақылы қызметтер; музейлердіің суреттері, сувенирлерді сатудан түскен ақша);
Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар халыққа өңдеусіз, қайтарымсыз сатып алу үшін сатып алатын және қызмет көрсету процестерімен технологиялық байланысы жоқ өнімдердің құны қамсыздандыру ұйымдарының азық-түлік және киімдерді беруі натуралды қалыптағы әлеуметтік жәрдемақы түрінде үй шаруашылығының түпкілікті тұтынуына жатқызылады;
Кәсіпорын мен ұйымдардың жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелері ұсынылған әлеуметтік-мәдени қызметтердің құны (үй шаруашылықтарының аралық тұтынуына жатады).
«Мемлекеттік басқару органдары» секторының түпкілікті тұтыну шығындарының сомасы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың ағымдық шығындарынан, осы ұйымдардағы негізгі капиталдың тозуынан, әскери техниканы сатып алу шығындарынан, әскери қызметкерлерді киіндіру мен тамақтандырудан тұрады.
«Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар секторына түпкілікті тұтыну шығындарының қандай түрлері кіред?
Осы сектордағы түпкілікті тұтыну шығындары құрамына енетіндер:
Үй шаруашылықтарына қызмет ететін қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шығындары (күрделі қаржы жұмсалымынсыз күрделі жөндеу, құрал-жабдықтар мен бұйымдарды сатып алу, ақшалай және натуралды түрдегі әлеуметтік жәрдемақы);
Үй шаруашылығының жеке жіне топтық қажеттіліктеріне қызмет ететін қоғамдық ұйымдардың негізгі капиталының тозуы.
Түпкілікті тұтыну шығындарымен қоса, статистика, іс жүзіндегі тұтынуды анықтайды.
Нақты түпкілікті пайдалану екі сектордан: «үй шаруашылықтарынан» және «мемлекеттік басқару органдарынан» тұрады.
Жалпы қоғамға «мемлекеттік басқару органдары» ұсынатын ұжымдық қызметтердің құны мен қаржыландыру көзіне байланыссыз үй шаруашылығының – резиденттердің жеке пайдалануы үшін сатып алынған тауарлар мен қызметтердің сомасы.
«Үй шаруашылығының» нақты түпкілікті тұтынуын (НТТ) ақысыз қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйымдар мен мемлекеттік басқару органдары (натуралды фформадағы әлеуметтік трансферттер) өзіндік ағымдағы табыстар арқылы табылған тұтыну тауарлары мен қызметтерін көрсетеді. Мемлекеттік басқару органдарының нақты тұтынуы халыққа көрсетілген коллективтік қызметтердің құнына тең.
«Үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық ұйымдар» үшін НТТ болмайды, себебі олардың беретін тауарлары мен көрсететін қызметтері шартты түрде болып дербес қарастырылады және натуралды формадағы әлеуметтік трансферттерге жатқызылады.
Түпкілікті және нақты тұтынуға жұмсалатын шығыстар нақты көрсеткіштер жалпы экономика үшін тең болуы керек.
Қазақстан Республикасының капитал құрылымы немесе жалпы капиталдың қорлануы төмендегілердің сомасы ретінде қалыптасады:
а) негізгі капиталдың жалпы қорлануы;
ә) материалдардың айналым құралдары қорының өзгерісі;
б) құндылықтарды таза алу.
Негізгі капиталдың жалпы қорлануы – резидент бірліктердің өндірісте қолдану арқылы ұзақ мерзімді инвестициялық объектілерге, жаңа табыс әкелу үшін келешеккке салынған қаражаттары.
Тақырып: Баға, тауар және ақша айналымының статистикасы
Дәрістің мазмұны: 1.Баға туралы түсінік, оның түрлері.
2.Тауар және ақша айналымының статистикасы.
Баға дегеніміз – тауар құнының ақшалай көрінісі. Ал тариф – қызмет көрсету құнының ақшалай көрінісі. Бағаны қалыптастырудуң негізін өнімдіөндіруге және өткізуге кеткен шығындар туралы мәліметтер, сондай-ақ экономикалық циклды іске асыруға арналған кәсіпорынның табысы мен пайдасы құрайды.
Баға статистикасының міндеттері қандай?
Тауар мен қызмет көрсету бағасын статистикалық зерттеудің міндеттері.
Тауар мен қызмет көрсету бағасына статистикалық бақылауды ұйымдастыру.
Тауар мен қызмет көрсету бағасын тіркеу. Баға туралы ақпарат жинау, она республика аумағында жариялау.
Бағаның, инфляциялық процесстердің құрамын, құрылымынжәне динамикасын талдау.
Ішкі және ұлттық экономикада, тауар мен қызмет көрсетуді және экспорт пен импортты бағалауда бағаны пайдалану.
Аймақтық және республикалық деңгейіне орташа бөлшек сауда бағасын және индексін есептеу.
Бөлшек сауда бағасының динамикасы мен деңгейіне әсер ететін факторларды статистикалық зерттеу.
Тұтынушының орташа бағасын және тұтынушы бағасының индексін өмір деңгейінің өлшемі ретінде есептеу.
Тауарлар мен қызмет көрсетуге қойылатын бағаларды халықаралық, аймақтық деңгейде салыстыру.
Статистикалық органдардың экономикалық есептеулерінде және аналитикалық жұмыстарында барлық институционалды бірлік, экономика секторлары арасындағы операция рыногінің келесім жасау сәтінде жүретін ағымдағы нарықтық бағалар қолданылады.
Ағымдағы нарықтық бағалардың мәні неде?
Ағымдағы нарықтық бағалардың көмегімен өндірілген, пайдаланылған және өткізілген өнімнің жалпы мөлшері анықталады; экономиканың секторлары мен салалары шегіндегі оның құрылымы есептеледі. Ағымдағы нарықтық бағаларға жататындар:
факторлық құн;
негігі баға;
өндірушінің бағасы;
сатып алушың бағасы;
«ФОБ» бағасы;
«СИФ» бағасы.
Әр ағымдағы нарықтық бағаның ұғымы неде және оның құрамы қандай?
Есеп беру мен шоттардағы операцияларды тіркейтін бағалар:
Факторлық баға (ФБ) тауар мен қызмет бірлігі үшін алатын өндірушінің бағасы:
ФБ = АТ + НКТ + ЖП (ЖАТ)
Мүндағы: ЖП – экономикалық жалпы пайдасы;
ЖАТ – жалпы аралас табыстар.
Негізгі баға (НБ) - өнімдеоге төленетін салықты қоспағанда (ҚҚС пен импорт салығынан басқасы), бірақ өнімдерге субсидия, жәрдем ақшаны қосқанда тауар мен қызмет бірлігі үшін алатын өндірушінің бағасы (1.2. тақырыпта қарастырылған).
Өндірушінің бағасы (ӨБ) – ҚҚС және импорт салығынан бөлек өнімдерге төленетін салықтарды қосқанда және өнімдерге субсидияны қоспағанда тауар мен қызмет бірлігі үшін алатын өндірушінің бағасы.
Негізгі баға мен өндірушінің бағасы арасындағы өзара байланыстар:
а) ӨБ = НБ + өнімдерге ТС (ҚҚС және импорт салығынан бөлек) = НБ + өнімдерге салық (ҚҚС және импорт салығынан бөлек) - өнімдерге субсидия;
б) НБ = ОБ + өнімдерге ТС (ҚҚС және импорт салығынан бөлек) = ОБ - өнімдерге салық (ҚҚС және импорт салығынан бөлек) + өнімдерге субсидия.
Мұндағы:
ТС – таза салықтар.
Тұтынушының бағасы (ТНБ) - өнімдерге және импортқа төленетін барлық таза салықтарды қосқанда сатып алушының тауар немесе қызмет үшін төлейтін бағасы.
ТНБ = ӨБ + СКҮБ,
Мұндағы: СКҮБ – сауда-көлік үстеме баға.
Есептеулерде тауар мен қызмет шығаралымдары негізгі және өндірушінің бағасында бағаланады. Сондықтан да келесі түзетулер жасалады. Берілгендерді сәйкес (салыстырмалы) түрге келтіру үшін шығарылымды бір бағада қайта есептеуді іске асырады.
Шығаралған өнім негізгі бағада қалай бағаланады?
Егер есеп беруден алынған өнім туралы мәліметтер өндірушінің бағасымен белгіленбесе, онда келесі түзету жүргізіледі: негізгі бағадағы өнім шығару =өндіруші бағасында өнім шығару – экспортқа салынатын салық (ҚҚС-тан басқа) + өнімге қойылатын субсидиялар.
а) нарықтық бағадағы ЖІӨ = негізгі бағадағы ЖҚҚ + өнімге салынатын таза салықтар (ТС, ҚҚС тан басқа);
ә) нарықтық бағадағы ЖІӨ = өндіруші бағасының ЖҚҚ + ҚҚС + импортқа салынатын ТС.
Кедендік статистика тауарлар экспортын ФОБ бағасымен (экспорттаушы елдің порты), ал тауарлар импортын СИФ бағасымен (импорттаушы елдің порты) есептейді.
«ФОБ» ағылшынның «fob» сөзінен шығады, яғни «бортта боссың» дегенді білдіреді. «ФОБ» бағасына мына компоненттер кіреді:
өндіруші бағасымен есептелген тауардың бір бірлігінің құны;
эксперттер елдің шекарасын кесіп өткен кезеңдегі тауарлармен байланысты барлық қызметтер құны, атап айтсақ: тауарды жеткізу, сақтандыру, сақтау, кейінгі тасымалдау үшін тауарды тиеу;
«СИФ» те ағылшынның «cif» сөзінен шығады, яғни бұл – «құн, сақтандыру», фрахт «тасымалдау» дегенді білдіреді. Сиф бағасы тауар бірлігінің құнын және жеткізілетін орынға дейінгі тауарды тасымалдау, сақтандырумен байланысты барлық қызметтер құнын қамтиды.
«Сиф» және «фоб» бағаларының айырмашылығы неде?
Демек, «сиф» бағасы мен «фоб» бағасының арасындағы айырмашылық тауарды экспорттаушы ел шекарасынан импорттаушы ел шекарасын кесіп өткенге дейінгі сақтандыру, тасымалдау және т.б. қызметтер құнының сомасын құрайды. Ақпарат көзі болып ел шекарасын кесіп өтетін тауарларды кедендік тіркеу кезінде декларант толтыратын кедендік жүк декларациясы табылады. Тауарлардың экспорты мен импортын есепке алу кедендік жүк декларациясына қойылған, тауарды шығаруға кедендік орган рұқсат берген күн бойынша жүргізіледі.
Тауар қозғалысы – бұл өндірушілерден бастап, бөлшек саудаға, түпкілікті тұтынушыларға дейін көтерме сатып алушы, экспортшы импортшы, сауда агенті, брокер арқылы жүретін тауар қозғалысының процесі.
Тауар айналымы- бұл анықталған кезең бойынша тауардың айналым процесі. Тауардың құны (Q) сатылған тауарлардың көлемі (p) мен олардың бағасының (q) көбейткіштеріне тең болады: p×q.
Тауар айналымының категориялары:
жалпы – тауар қозғалысы жолында өндірушіден тұтынушыға дейінгі барлық сатулардың шотын қайта қосқандағы сомалар;
таза – қайта қосылған шотты алмағанда (қоспағанда), жалпы тауар айналымы;
көтерме – тауардың ірі топтамасын өндірушілердің және сауда делдалдарының басқа делдалдарға керегін қайта сату үшін өндірістік, көпшілік тұтынушыларға сатуы;
бөлшек – кәсіпорындардың, жеке тұлғалардың халыққа түпкілікті тұтыну үшін тауарды сатуы.
Буындылықтың коэффиценті – бұл тауарлардың анықталған бөлігінің рынокта тұрақты бар болуы. Тауар қорының көлемі натуралды және ақшалай формада анықталған уақыт мерзімі бойынша тіркеледі. Сондықтан талдау жасаған кезде тауардың орташа қорының құны (көлемі) орташа шама формулаларымен есептеледі. (3-бөлім,3.3. тақырып)
Тауар айналымының және тауар қорларының көрсеткіштері қалай есептеледі?
Қор сыйымдылығы – тауарлар қорларының тауар айналымына қатынасы. Бұл көрсеткіш тауар айналымы бірлігіне қанша тауарлардың қорлары келетінін көрсетеді.
Тауарлардың қорымен тауар айналымының қамтамасыз етілуі (күн бойынша) тауарлардың қорына жететін сауда күндерінің санын сипаттайды. Бүл көрсеткіш тауардың бір анықталған түрінің орташа тауар қорының осы тауардың бір күндік тауар айналымының қатынасына тең.
Тауар айналымының көрсеткіштері:
а) тауар айналымының жылдамдығы (айналымның саны-С):
ә) тауарлардың бір айналымының уақыты (күн бойынша)
Y =
Тауар айналымына және тауарлардың қорына әсер ететін факторлардың динамикасын бағалау индекстер жүйесінің көмегімен бекітіледі. Олардың әдістемелері 3.4. тақырыпта көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |