«экология» мамандыѓы бойынша білімгерлерді кредитті



Дата24.11.2018
өлшемі34 Kb.
#24517

«ЭКОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БІЛІМГЕРЛЕРДІ КРЕДИТТІ

ЖҮЙЕМЕН ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сейітқазиев Ә.С., Ағыбаева А.К., Бердібекова М.Т.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Бүкіл дүниежүзіндегі болып жатқан әлеуметтік-экономикалық трансформациялар жағдайында қазіргі заманғы еңбек рыногы біліктілігі жоғары мамандарды қажет етеді. Жоғарғы білім беру жүйесі адам тіршілігінің әртүрлі, соның ішінде кәсіби салаларында қажетті компетенцияларға ие бәсекелестікке қабілетті бітірушілерді дайындау мәселелерін шешуге бағытталған.

Европа елдерінің білім беру жүйесі интеграциясының қазіргі заманғы ағымдары азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі мен мобильділігін дамытудың және европалық жоғары білім беру жүйесінің белсенділігін ғаламдық масштабта арттырудың негізгі жолы ретінде жоғары білім берудің европалық аймағы құрылуын негіздеген Болон декларациясының құжаттарында көрсетілген.

1999 жылдың 19 маусымында Болон қаласында (Италия) Европа елдерінің білім министрлері Декларацияға қол қойды, ал Қазақстан жалпы европалық жоғарғы білім беру жүйесі деп аталатын аймаққа 2003 жылы енді және 2010 жылға дейін Болон процесінің жоғарғы білім берудің екідеңгейлі (бакалавриат, магистратура) жүйесіне өту, білімгерлердің академиялық мобильділігін қолдау құралы ретінде бағалаудың кредиттік жүйесіне кіру қағидаттарын іске асыруға міндеттенді. Кредиттік оқу жүйесі еліміздің біраз жоғарғы оқу орындарында енгізіле бастады. Солардың алғашқыларының бірі – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті болды.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңын орындау мақсатында Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 566 бұйрығымен Оқу үрдісін оқытудың кредиттік технологиясы бойынша ұйымдастыру ережелері бекітілді.

Кредиттік оқыту жүйесі М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-де 2003 жылдан бастап эксперименттік түрде бірнеше мамандықтар бойынша енгізілді. Бүгінгі күні «Экология» мамандығы бойынша білім беру Болон (Италия) Декларациясының қағидаттарына сай жоғары білім берудің үшдеңгейлі жүйесі бойынша жүргізіледі. Университеттің «Экология» кафедрасында бакалавриат, магистратура және PhDдокторантура деңгейлері бар. Олардың оқу-жұмыс жоспарлары кредиттік жүйеге сай жасалған, әр деңгейдің Білім стандарттарына сәйкес берілген жалпы кредит саны міндетті және таңдаулы пәндерге бөлінген. Негізінен, батыс әдістемелері оқу үрдісінің интерактивтілігі, білімгерлердің өз бетінше жасайтын жұмыстары мен нақты жағдайларға жақын шығармашылықтың дамуы сияқты айырмашылықтармен ерекшеленеді. Экология мамандығының пәндері бойынша да білімгерлердің өз бетінше орындайтын жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. Бірінші курстан бастап, олар белгілі бір тақырып төңірегінде ізденіс жұмыстарын бастауға бағытталады. Кейін осы тақырып бойынша курстық және дипломдық жұмыс зерттеулерін жүргізуге төселе бастайды. Сондықтан мамандықтың барлық пәндерінен білімгерлердің өзіндік жұмыстар орындауына арналған әдістемелік нұсқаулары жасалған.

Кредиттік жүйені енгізу басқа мамандықтармен қатар, «Экология» мамандығы бойынша оқыту саясатына біраз икемшілдік және бейімділушілік қосты. Оқу жұмыс жоспары 10-15 жылдар бойы өзгермей тұрақты болып қалатын дәстүрлі университеттерге қарағанда кредиттік жүйе бойынша қазір университет еңбек рыногында сұранысқа ие мамандыққа байланысты, оқытылатын пәндер құрамын оңай және тез өзгерте алады.

Айта кететін жай, бакалавр бағдарламасы Болон декларациясына сәйкес үш жылдан кем болмауы тиіс, ал Сорбон декларациясында 3,5 мен 8 жыл бакалавр, магистр және докторлардың біліктілігіне сәйкес бірыңғай «европалық моделін» қолдайды. АҚШ-дағы жинақтау кредиттік жүйесімен толықтырылған жоғары білім берудің екідеңгейлі моделі жоғары нәтиже мен қаржы шығындарының ашықтылығын қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, шығындардың жоғары тиімділігі еңбек рыногында сұранысқа ие мамандардың даярлау мерзімін азайтудың салдарынан туындайды.

Ал кредиттік жүйемен оқытудың біраз жылғы тәжірибесі көрсеткендей бакалаврларды 4 жыл оқыту тиімді, тіпті кейбір мамандықтар бойынша 4,5 жылға созуға болады деп санаймыз. Себебі, біздегі қолданылып жүрген бағдарламада іргелі пәндерге біраз көңіл бөлінеді, ол дұрыс та. Себебі тек нарыққа тәуелді болу еліміздің жастарының сауаттылығын арттырады деп ойламаймыз, әрі, іргелі біліммен жақсы қаруланбаған білімгер, басқа пәндерді толық сапалы игереді деу қиын. Сондықтан мамандықтың базалық және профильдік пәндерін игеруге де жеткілікті уақыт қажет сияқты. Қазіргі білім беру жүйесінің ғаламдану жағдайында приоритетті емес оқытудың әдістері мен құралдарының дәстүрлі түрлерін де сақтау қажет деп есептейміз.

Кафедра оқытушыларының тәжірибесі көрсеткендей, кредиттік жүйенің білімгерлер үшін ді, оқытушылар үшін де біраз артықшылықтары бар.

Кредиттік жүйенің білімгерлер үшін жағымды жақтары:

1. Пәндерді, оқытушылар мен оқу кестесін еркін таңдай алуы. Бірақ таңдаудың өз шектеулері бар, пререквизит пен постреквизит жүйесі бойынша дайындығы жоқ білімгерге күрделі пәнді оқуға рұқсат етілмейді. Сонымен бірге оқытушыларды таңдау үшін таңдау мүмкіндігі, яғни, кеңейтілген оқытушылар штаты болуы қажет.

2. Бағаларды жинақтау жүйесі – білім сапасына әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып саналады. Дәстүрлі жүйе бойынша білімгер бірнеше сұраққа жауап беріп емтихан тапсыратын немесе семестр бойынша бірнеше оң баға алсаң емтиханды тапсырмай, «автоматты» түрде баға алуға болатын еді. Кредиттік жүйе бойынша баға семестрдегі үлгерімнің орташа көрсеткіші бола алмайды. Ол семестр бойы жинақталады: әр тапсырма соңғы жинақ баллдың белгілі үлесін құрайды, яғни, білімгер пәнге үнемі көңіл бөліп, тапсырмаларды дер кезінде орындауға мүдделі болады.

3. Білімгерлер үшін жаңа жағдайларға тез бейімделу, көпшілдікк және ақпаратпен алмасу дағдыларына ие болуға үлкен мүмкіндіктер туындайды. Жеке оқу кестесін құру нәтижесінде бір пәннің ағымында әртүрлі мамандықтардың білімгерлері бірге отыра алады. Яғни, оған үнемі жаңа адамдармен танысуға, олармен араласуға тура келеді.

4. Білімгердің бағасы, жинаған кредиттер саны және оқыған пәндер туралы ақпараттардың құпиялылығы оған идентификациялық нөмір берілу арқылы сақталады, яғни білімгер өзін басқалармен қатар сенімді ұстай алады. Сонымен қатар, білімгерлерде дербестік, шешімдерді қабылдай алу, өз әлдерін байқау және приоритеттерді орналастыру сияқты қасиеттер дами бастайды.

Оқытушылар үшін де тиімді жақтарын айта кету керек: біріншіден, білімгерлердің пәнге деген қызығушылығы оқытушының жұмысын жеңілдетеді, пәннің силлабусында мерзімдері көрсетілген тапсырмаларды дер кезінде орындап отырады; екіншіден белгіленген бағалар жүйесі білімгерлердің үлгерімін әділетті және ашық түрде бағалауға мүмкіндік береді. Баллдарды қою үрдісі студентке деген субъективті көзқарасқа тәуелсіз: барлық білімгерлерге арналған сұрақтар тізімі бірыңғай және әрбір жасалынатын жұмыстың сапасына қарай белгілінген шкаласы болғандықтан білімгер мен оқытушының бағаға деген көзқарасы объективті. Осының нәтижесінде білімгерлер де, оқытушылар да өз міндеттерін сапалы атқарып, білім берудің тұрақты сапасына жете алады.



Соңында айтарымыз, кредиттік жүйемен оқытудың әлі де жетілдіретін жақтары бар, және оның біздің елімізге сай вариативті түрлерін де енгізу қажет .

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау