Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері
бойынша жасалынған талдамалық анықтама
2017 жылғы 15 желтоқсан Қызылорда қаласы
1. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға келесідей бөлімдер жатады (бұдан әрі – Бөлімдер):
1) әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімі;
2) кәсіпкерлікті және сауданы дамыту бөлімі;
3) туризмді дамыту бөлімі;
4) кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру бөлімі.
2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:
1) жоғарыда көрсетілген Басқарманың бөлімдерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне анықтау;
3) мемлекеттік сатып алуларды «Мемлекетік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптырына сәйкес жүзеге асыру барысында қатаң сақтауды;
4) мемлекеттік қызмет көрсету барысында «Мемлекетік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптырына сәйкес мемлекеттік қызметті алушыларға сапалы, уақытылы көрсетуді;
5) басқарманың мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бос орындарына өткізілетін конкурстарда байқаушыларды тұрақты түрде қатыстыруды, қажет болған жағдайда уәкілетті органдардың қызметкерлерін қатыстырылуына қамтамасыз етуді;
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалауды жалғастыруды;
7) тұрақты түрде құқықтық оқытулар ұйымдастыруға.
1-ші Бағыт бойынша
Басқарманың бөлімдерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы кәсіпкерлік, туризм және сауда қызметтерін дамытуда мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қызылорда облысы әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың миссиясы:
шағын және орта бизнестің айқындамасын кеңейту мен нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлік ортаның бастамаларын жүзеге асыруда ықпал ету, шағын және орта бизнестің бәсекелестік қабілетін арттыру;
облыста туризм саласының дамуына жағдай жасау және сауда қызметін реттеу.
Басқарма кәсіпкерлік, туризм және сауда қызметтерін дамыту саласында функцияларды және басқарушылық-ұйымдастырушылық функцияларды жүзеге асыру мақсатында келесідей негізгі құқықтық актілерді қолданады:
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі;
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»
2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы;
Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы;
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 26 қыркүйекте №9756 тіркелді);
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 522 қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі;
Жоғарыда тізбектелген нормативтік құқықтық актілерді зерделеу барысында бөлімдердің қызметін қозғайтын НҚА-лерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.
2-ші Бағыт бойынша
Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне анықтау:
Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде жұмыс жасайтын консультативтік-кеңесші органдар бойынша ағымдағы жылдың қыркүйек айында басқарманың әкішілік-құқықтық жұмыстар, кәсіпкерлікті және сауданы дамыту, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ туризмді дамыту бөлімдерінің функциялары бойынша жұмыс жасайтын облыс әкімінің және әкімдігінің нормативтік актілеріне талдау жасалынып, нәтижесімен келесідей 11 нормативтік актілердің күшін жою, 2 өзгерістер енгізу және 1 қолданыста күшін қалдыру бойынша ұсыныстар енгізілді.
Күшін жоюды қажет ететіндер:
- «Жанар-жағар майдың бөлшек бағаларын тұрақтандыру үшін шаралар қабылдау жөніндегі облыстық штаб құру туралы» облыс әкімінің
2009 жылғы 1 желтоқсандағы № 384/1-ө өкімі (өзгерістерімен бірге: № 115-ө 31.10.2011ж., № 233-ө 28.03.2012 ж., № 175-ө 25.01.2012 ж., № 88-ө 01.04.2013ж., № 226-ө 05.09.2013 ж., № 283-ө 26.11.2013 ж.).
- «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі бойында сервистік нысандарды орналастыру және инфрақұрылымдарды жеткізу мәселелер бойынша жұмыс тобын құру туралы» облыс әкімінің 2013 жылғы
16 қазандағы № 258-ө (өзгерістерімен бірге: № 323-ө 13.01.2014ж.) өкімі;
- «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің Қызылорда облысы шеңберінде жол кешендерінің салынуын және қызметін реттестіру бойынша жұмыс тобын құру туралы» 2016 жылғы 8 сәуірдегі
№ 262-ө өкімі.
- «Қызылорда облысында мемлекеттік жекешелік әріптестік дамыту бойынша жұмысшы тобын құру туралы» облыс әкімінің 2014 жылғы
28 шілдедегі № 479-ө өкімі.
Өзгерістерді енгізуді қажет ететіндер:
- «Техникалық реттеу мәселелері бойынша өңірлік штаб құру туралы» облыс әкімінің 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 322-ө өкімі.
- «Қызылорда облысы әкімдігі жанынан кәсіпкерлер кеңесін құру туралы» облыс әкімінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 548-ө өкімі.
Қолданыста күшін қалдыруды қажет ететіндер:
Бүгінгі уақытта, «Қызылорда облысы әкімдігі жанынан кәсіпкерлер кеңесін құру туралы» облыс әкімінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 548-ө өкімі бойынша басқармамен тұрақты жұмыс жасалуда.
Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңының талаптарын бұзылуына ықпал ететін фактілер байқалмады.
3-ші Бағыт бойынша
Мемлекеттік сатып алуларды «Мемлекетік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптырына сәйкес жүзеге асыру барысында қатаң сақтауды:
Басқарманың мемлекеттік сатып алу жоспары «2017 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жоспарын бекіту туралы» басқарма басшысының 2017 жылғы 4 қаңтардағы № 1-Ө бұйрығымен бекітілген.
Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес Мемлекеттік сатып алуды жүргізу басқарманың әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөліміне жүктелген.
Жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу жоспарынан 60-тармағына сатып алу өткізілген. Оның ішінде:
Ашық конкурс арқылы сатып алу тәсілі бойынша – 2 тармақ бойынша
2 келісім-шарт жасалған;
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша – 8 тармақ бойынша
8 келісім-шарт жасалған;
Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен – 48 тармақ бойынша 48 келісім-шарт жасалған;
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру – 2 тармақ бойынша
2 келісім-шарт жасалған.
Өткізілген мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік сатып алудың
веб-порталы арқылы электронды түрде өткізілген. Есепті кезеңде басқармамен өткізілген мемлекеттік сатып алулар барысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы
4 желтоқсандағы Заңының талаптары сақталған.
Сонымен қатар, өткізілген мемлекеттік сатып алулар барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңының талаптарын бұзылуына ықпал ететін фактілер байқалмады.
4-ші Бағыт бойынша
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында «Мемлекетік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптырына сәйкес мемлекеттік қызметті алушыларға сапалы, уақытылы көрсету:
Негізінен басқармамен 7 мемлекеттік қызметтер көрсетілуде.
Басқармамен мемлекеттік қызметтер бойынша үстіміздегі жылдың
11 айында мемлекеттік қызметті алушыларға барлығы 543 мемлекеттік қызметтер көрсетілген:
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» бойынша 193 мемлекеттік қызметтер көрсетілген;
2. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілмеген;
3. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» бойынша
348 мемлекеттік қызметтер көрсетілген;
4. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» бойынша
2 мемлекеттік қызметтер көрсетілген;
5. «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілмеген;
6. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілмеген;
7. «Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілмеген.
Есепті кезеңде басқармамен көрсетілген мемлекеттік қызметтің кезінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылу жағдайы орын алмаған. Мемлекеттік қызметті алушылармен арыз-шағымдар келтірілмеген. Сондай-ақ, басқармамен көрсетілген мемлекеттік қызметтер кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңының талаптарын бұзылуына ықпал ететін фактілері орын алынбаған.
5-ші Бағыт бойынша
Басқарманың мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бос орындарына өткізілетін конкурстарда байқаушыларды тұрақты түрде қатыстыруды, қажет болған жағдайда уәкілетті органдардың қызметкерлерін қатыстырылуына қамтамасыз ету:
Басқарманың құрылымына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілер 11 штаттық бірлікті құрайды. Басқарма басшысы – 1 бірлік, орынбасарлары – 2 бірлік, бөлім басшылары – 4 бірлік, бас мамандар – 4 бірлік.
Басқарма келесідей 4 бөлімнен тұрады:
1) әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімі;
2) кәсіпкерлікті және сауданы дамыту бөлімі;
3) туризмді дамыту бөлімі;
4) кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру бөлімі.
2017 жылдың 11 айында 2 әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер (басқарма басшысының орынбасары, әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімі) өз еріктерімен қызметінен босатылған. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында аталған 2 бос мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымына орналасуға конкурстар өткізіліп, аталған конкурстарға 2 байқаушылар қатысқан.
Есепті кезеңде басқарманың барлық 11 мемлекеттік әкімшілік қызметшілері кешенді аттестациялаудан өткізіліп, аттестациялаудың қорытындысымен барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілер оң қорытынды алды.
Басқарманың барлық мемлекеттік қызметкерлері Қазақстан Республикасының Салық кодексінің талаптарына сәйкес 2016 жыл бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жер бойынша мемлекеттік кіріс органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де кірістері мен мүлкі туралы декларациялары толық ұсынылған.
Мемлекеттік қызметшілер арасындағы мүдделер қақтығысы орын алмаған. Кадрлық қамтамасыз ету қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін фактілер байқалмады.
6-ші Бағыт бойынша
Басқармада жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалауды жалғастыру:
Басқарма басшысының 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 7 бұйрығымен Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы мен орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде басқарманың қызметкерлерін жеке қабылдау кестесі және «Сенім телефоны» бекітіліп, «Сыр бойы» газетінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы
№ 8 және «Кызылординские вести» газетінің 17 қаңтардағы № 8, «Сыр бойы» газетінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 165 және «Кызылординские вести» газетінің 28 қазандағы № 164 басылымдарында жарияланған.
Сондай-ақ, басқарманың kasipkerlik.e-kyzylorda.gov.kz веб-парақшасында орналастырылған.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі № 28 мекен жайында орналасқан «Кәсіпкерлер үйі» ғимаратының 3 қабатында жеке қабылдау кестесі көпшілікке көрінетін жерге ілініп, арыз-шағымдарға арналған пошта жәшігі орналастырылған.
Ағымдағы жылдың 11 айында басқармаға 77 (2016 жылдың 11 айында - 93) өтініштер келіп түскен, оның ішінде:
- жеке тұлғадан – 67 (2016 жылдың 11 айында – 79)
- заңды тұлғадан – 10 (2016 жылдың 11 айында –14).
Басқармаға қарауға жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалау бағытында талаптарын бұзушылықтар орын алмаған.
Есепті мерзімде Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы мен орынбасарларымен – 16 рет (2016 жылдың
11 айында – 30) жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне жеке қабылдау өткізіліп, онда 16 өтініштер берілген.
Басқарманың басшылық құрамымен жеке қабылдау барысында жеке және заңды тұлғалармен берілген өтініштер бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңының талаптарын бұзу бойынша жағдайлар орын алмаған.
7-ші Бағыт бойынша
Басқармада тұрақты түрде құқықтық оқытулар ұйымдастыру:
Ағымдағы жылдың 11 айында басқарманың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын білу және түсіндіру мақсатында 6 рет құқықтық оқыту өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар:
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша келесідей шараларды қабылдау ұсынылады:
1) жоғарыда көрсетілген Басқарманың бөлімдерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауды;
2) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне анықтауды;
3) мемлекеттік сатып алуларды «Мемлекетік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптырына сәйкес жүзеге асыру барысында қатаң сақтауды;
4) мемлекеттік қызмет көрсету барысында «Мемлекетік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптырына сәйкес мемлекеттік қызметті алушыларға сапалы, уақытылы көрсетуді;
5) басқарманың мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бос орындарына өткізілетін конкурстарда байқаушыларды тұрақты түрде қатыстыруды, қажет болған жағдайда уәкілетті органдардың қызметкерлерін қатыстырылуына қамтамасыз етуді;
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалауды жалғастыруды;
7) тұрақты түрде құқықтық оқытулар ұйымдастыруға.
Осы ұсынымдарды іске асыру мерзімі 2018 жылдың 15 шілдеге дейін.
Басқарма басшысының
орынбасары А. Досжанов
Келісілді:
Әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы
|
|
Ғ. Мұстафаев
|
Кәсіпкерлікті және сауданы дамыту бөлімінің басшысы
|
|
О. Атакаев
|
Туризмді дамыту бөлімінің басшысы
|
|
Ә. Дәрмағамбетов
|
Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру бөлімінің басшысы
|
|
А. Каюпов
|
Достарыңызбен бөлісу: |