Бастауыш мектепте интерактивті технологияларды қолданудың қазіргі жағдайы



Дата19.11.2018
өлшемі69 Kb.
#21402

Бастауыш мектепте интерактивті технологияларды

қолданудың қазіргі жағдайы.

Білімді ұрпақ - ел ертеңі.

Білім мен даналық адам көркі.
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында бүкіл дүниежүзі елдері арасындағы алдыңғы 50 мемлкеттің бірі болу мақсатында: бәрі де мектептен басталады. Егемен еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Білім бастауы – бастауыш мектептен берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әр түрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады.

Бастауыш білім берудің негізгі мақсаты – оқушының жас ерекшелік және жеке дара мүмкіндіктерін ескере отырып, оқушы тұлғасын дамыту, оқу іс-әрекетінің негізгі компоненттерін игеру. Бастауыш мектептегі оқу әрекетін ұйымдастыру оқу, жазу, санау бойынша қажетті білім, білік және дағдыны қалыптастыру. Бастауыш класс оқушылары қиялға көбірек берілетін, сенгіш балалар. Сондықтан сабақта баланың танымдық қабілетін, қиялын дамытуға негіздеу керек. Қазіргі интерактивті технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ой өрісін, қиялын еркін дамуына, танымдық қабілетінің дамуына, жан-жақты білім алуына жағдай жасалады.

Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін интерактивті технологияларды тиімді қолдану қажет. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа, баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Біз жаңа технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өрениетті елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан интерактивті құралдарды қолданып отырмыз. Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылық жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Сабақ материалы Power point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдық құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады.



Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады. Мұғалім алдын-ала дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс-әрекеттерін есте сақтап, келесі сабақта қолдануға болады. Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәжірибесіне шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Мысалы әдебиеттік оқу пәнінен жануарлардың төлдерін қалай шақырады дыбыстарын тыңдай отырып, естігендерін жазады. Әр оқушы әр түрлі естіп, дыбыстауы мүмкін. Мысалы «Мәә- мәә», «мее-мее», «бөө-бөө», «шөө-шөө» осылайша жануарлардың төлдерінің қалай дыбыстайтынын тез меңгереді. Көре отырып, есте сақтау қабілеттерін арттыруда тақта беттерінің мүмкіншіліктерін кеңінен пайдалана алады. Қорытындылай келе интерактивті тақтаны орынды қолдану оқыту сапасын арттыруға көмектеседі. Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығын ойын бір ортаға, жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын-ала дайындалған оқу материалдары-презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер-сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады. Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынға технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болғандықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады. Интерактивті құралдардың ерекшеліктерін атап өтуге болады:

  1. Бормен тақтадан алынған суретті интерактивті тақтадағы түрлі-түсті айқын, ұқыпты суреттермен салыстыруға болмайды.

  2. Тақта мен бордың көмегімен ұқсас тақырыптарды түсіндіру қиын.

  3. Слайдтарды, флепчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.

  4. Сабақта ACTIV OTE тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.

  5. ACTIV WAND указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.

  6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

  7. Сабақтың өнімділігі артады.

  8. Оқушылардың білім деңгейіне жақсы әсер етеді.

Бұл - менің күнделікті қолдану кезінде байқағаным.

Технология гректің «teche» - өнер, шеберлік және «logos» - ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Оқыту технологиясы мен әдістеме бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «нені оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастырады. Технологияның басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50-ден астам технологиялар қолданылады. Соның ішінде «дамыта оқыту» технологиясын басшылыққа алдым.

Мен өз тәжірибемде оқушылардың танымдық қабілетін арттыру мақсатында дамыта оқыту технологиясын қолданып келемін. Сабақ нәтижелі болу үшін, интерактивті тақтаны қолданамын. Мысалы, 2 сыныптың қазақ тілі пәні бойынша «зат есім» тақырыбындағы интерактивті тақтаның мүмкіндігін пайдалана өткізген сабақ үлгісін ұсынамын.

Сабақтың мақсаты:


  1. Оқушылардың зат есім туралы жыл бойы алған білімдерін пысықтау, қорытындылау. Сөйлемдерден зат есімді табуға, зат есімнің түрлерін ажырата білуге тапсырмалар орындату...

  2. Оқушылардың зейінін, шығармашылық белсенділігін, білім, білік дағдыларын қалыптастыру...

  3. Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, шыдамдылыққа, сауаттылыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу...

Сабақтың құрылымы үш кезеңнен тұрады:

    1. Бағдарлау-мотивациялық кезең.

    2. Операциялық-орындаушылық кезең.

    3. Рефлексиялық-бағалау кезең.

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең.

Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында сабақ «сөз таптары» еліне саяхат жасаудан басталады. Саяхат тақта арқылы жасалады.

М: - ертеде «қазақ тілі» әлемінде «сөз таптары» деген ел болыпты. Сол елде «зат есім», «етістік», «сын есім», «сан есім» деген ағайындылар тұрыпты. Олар бір-бірімен тату тұрыпты. Әркім өз жұмыстарымен айналысыпты. Әр үйде орналасқан сөз таптарының қалағанына слайдтағы гиперссылка арқылы енуге болатындай қарастырылған. Сол кезде оқушылар зат есімнің үйіне қонаққа келіп, ондағы тапсырмаларды орындай арқылы ұпай жинайды. Сабақ соңында ұпай қорытындысы бойынша өзін-өзі бағалау жүргізіледі.

ІІ. Операциялық - орындаушылық кезең.


  1. тапсырма. Тест орындалады. Орындап болған соң тексеру бағдарламасы арқылы өзін-өзі тексеріп бағалайды.

  2. тапсырма. «Қалай дыбыстайды?» ойыны. Тақтада жан-жануарлардың суреттері дыбыстармен қоса беріледі. Олардың қалай дыбыстайтынын айтып, зат есімдерді табу тапсырмалары тапсырылады. Мысалы, сиыр мөңірейді.

  3. Тапсырма. Интерактивті тақтада берілген жекеше зат есімдерді көпше зат есімге айналдыру тапсырылады. Тапсырманы орындап болған соң тексеру бағдарламасы арқылы дұрыстығын байқайды.

  4. Тапсырма. Дәптермен жұмыс. Көркемжазу минуты. Арнайы бағдарлама арқылы жазу коллиграфиясы көрсетіледі.

  5. Тапсырма. Оқулықпен жұмыс.

Сөзжұмбақтар шешіліп, ішінен зат есімдерді табу. Ал сөзжұмбақтың жауабы тақтаның жасырын жапқышы «штор» астынан көрсетіледі.

Сергіту сәті.

Зат есімнің үйіне келген қонақтармен бірге билеп, жаттығулар жасалады. Көңілді музыка интерактивті тақтада ойналады.



Флепчарт арқылы жұмбақтарды шешіп, жаттығуларды орындап, зат есімдердің астын сызады.

Флепчарт арқылы суреттерден ата мен әженің өз заттарын тақтаның арнайы «қаламын» қозғау арқылы қояды. Флепчартта алдын ала жазылған етістіктердің алдына зат есім сөздерін тақтаның арнайы «қаламымен» жазады.

ІІІ. Рефлексиялық бағалау кезеңінде топтық жұмыс ретінде «Қалай дыбыстайды» ойыны ұйымдастырылады.

Әр топқа бір суреттен беріледі. Слайдтар арқылы суреттер шығып тұрады. Топ мүшелері сұраққа көбірек сөзбен жауап беруі тиіс. Сабақты бекіту мақсатында «Кім тапқыр» ойыны ұйымдастырылады. Флепчарттағы сұрақтарға дәл, тез жауап беру керек. Оқушылар жинаған ұпай сандарына байланысты өзін өзі бағалайды. Оқушының өзін-өзі бағалауы, өзінің іс-әрекетіне жауап беруі.



Дамыта оқытудың басты мақсаты – баланы оқыта отырып, жан-жақты дамыту.



№ 4 Алға орта мектебі





Тақырыбы: «Бастауыш мектепте

интерактивті технологияларды

қолданудың қазіргі жағдайы»



2010 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау