Бағдарламасының негізгі бөлімі және



жүктеу 0,93 Mb.
Pdf просмотр
бет15/23
Дата27.12.2019
өлшемі0,93 Mb.
#24993
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

Оқу портфолиосы бағалау формасы ретінде ұсынады: 

- студенттің білмейтін және жасай алмайтынынан білетін және жасай алатынына алмасу. Портфолио осындай жағдаймен 

оқудың  басты  мотивациялық  факторы  болып  табылады,  себебі  ол  құрылымда  да  студентті  прогресті  айқындауға 

мақсаттау үшін ұйымдастырылған. 

- сандық және сапалық бағалаулардың интеграциясы; 

- мұғалімнің бағалау екпінінен өзін бағалауға ауысу.  

Портфолио  жұмысты  ұйымдастыру  формасы  ретінде,  студенттің  практика процесінде жұмысын жеңілдетуге  мүмкіндік 

береді.  Болашақты  болжау  ретінде  автор  жеткен  жетістіктердің  есебіне  байланысты  алда  болатын  дамуларды  болжай 

алады. 

Портфолио қазіргі заманғы әсерлі оқыту технологиясы бола отырып, басты педагогикалық қызметтерді жандандырады: 



Жинақтау (студенттің жұмысының жиынтығы) 

-  Модельді  жеке  білім  жолының  қалыптасуының  құрамы  болып  табылады,  себебі  әр  студентке  өз  оқу  стратегиясын, 

керекті және өзіне қызықты жұмыс түрлерін таңдауға мүмкіндік береді. 

Рефлексивті  – бағалық  түсінуге, көруге және стратегияларды  жобалауға және ақпараттарды  қолдану өзінің білім алу 

және болашақ мамандықты дамытуда коммуникациялық технологиясын қолдануға мүмкіндік береді. 

Мотивациялық студенттің оқу іс-әрекеіне мадақтайды оның аффектілік-еріктік сферасына ықпал етеді. 

Портфолио  жұмыстарды  ұйымдастыру  формасы  ретінде  оқушының  зерттеулер  мен  жобалармен  жұмыс  істеуін 

айтарлықтай  жеңілдетеді.  Болашақты  болжау  жөнінде  автор  жеткен  жетістіктері  арқылы  келешек  дамуды  жоспарлай 

алады. 

 

 

 

2 -топқа арналған ақпарат: Портфолионың құрылымы және жинау бөліктері қандай? 

Портфолио 4 бөлімнен тұрады:  

Портрет  –  2  бөліктен  құралады.  Портфолионың  авторы  жөніндегі  ақпарат  және  оқушының  жеке  басы  жетістіктері 

туралы  құжаттар.  Бұл  “жетістіктер  папкасы”  оқушының  өзін  бағалауды  көтеруге  мақсатталған,  сол  арқылы  оқушы 

жетістікке  жете  алады  (оқу  үшін  мадақтама,  грамоталар,  спортта,  музыкада,  шахматта  т.б.  жетістіктерге  жету;  ата-

аналарға арналған алғыс хат, бағалау табелі, медальдар және т.б.) 

Мұндай модель портфолио материалдарын сапалық және сандық бағалаудың мүмкіндігін анықтайды. 

Керекті  ақпарат  материалының  мазмұнында  оқушы  автор  болып  саналмайды.  Бұл  бөлім  оқушының    оқу  бағытына 

байланысты  жинаған  әртүрлі  ақпараттардан  тұрады.  Олар:  сөздік  және  энциклопедиялық  мақалалар,  мерзімдік 

басылымдар, ақпараттық материал, кез-келген құрастырылған материал. 

«Менің  еңбектерім»  –  оқушы  жасаған,  жүйеленген  барлық  материалдар.  Олар:  әртүрлі  шығармашылық,  жобалық, 

зерттеу  жұмыстарын  жинау,  сонымен  қатар  оның  оқу  және  шығармашылық  белсенділігіндегі  басты  формалар  және 

бағыттар:  ғылыми  конференцияларда  ,  конкурстарда,  оқу  лагерлерінде,  элективті  курстардан  өту,  әртүрлі  бағыттағы 

практикалар, спорттық және көркем шығармашылық жетістіктер және т.б. Бұл папкаға оқушының барлық бақылау және 

шығармашылық  жұмыстары  жиналады  –  шығарма,  мазмұндама,  эссе,  суреттер,  сынақ  жұмыстары,  медициналық  және 

психологиялық тексерулердің қорытындылары, яғни белгілі бір уақытта жасалғандардың бірі.  

Портфолионың  бұл  бөлімі:  пәндік,  проблемалық-  тематикалық,  мәнжазба  жазумен,  ғылыми  жұмыспен  байланысты, 

конференцияда  сөйлеуге  дайындалу,  бір  тақырыпты,  бөлімді,  оқу  курсын  зерттеу.  Мысалы,  таңдалған  оқыту  профилін 

бағдарлау,  көрсетілген  жұмыс  сапасы,  материалдың  айқындылығы  мен  әртүрлілігін  толықтыру  параметрлері  берілген 

портфолио нұсқасын сапалы бағалауды ұсынады. 



Рефлексивті – бағалық материалдар – оқушының әртүрлі дамуымен арақатынасына сипаттама береді, ол мұғаліммен, 

ата-анамен, кейде сыныптастарымен, қосымша оқыту жүйесінде қызметкерлермен және т.б. сонымен қатар оқушының өз 

іс-әрекетіне  және  оның  нәтижелеріне  жазбаша  талдау  жасау.  Портфолио  мәтін  түрінде  қорытындылар,  резенциялар 

(пікірлер), резюме (түйіндеме), эссе және т.б. 



Портфолио негізгі төрт элементті қарастырады: 

- титульді бет 

- автордың портфолионы шағын мазмұндауы арқылы жетекшілік хаты, оның мақсаты мен мән мағынасна анықтама беру; 

- портфолионың негізгі элементтерімен қоса тақырыптар мазмұнына аннотация жасау; 

- өзін талдау және келешекті болжау. 

Портфолио жүргізудің міндетті талабы:  

-  барлық  портфолио  материалдарының  күні,  уақыты  (датасы)  болуы  керек-бұл  оқушының  прогрестегі  динамикасын 

бақылауға мүмкіндік береді; 

- барлық іріктелген материалдар оқушының рефлексивті жағын  жетелейді.

 

Титульді бет 

Суретке арналған орын _____ 

Фамилия_________________ 

Аты _____________________ 

Әкесінің аты______________ 

Туылған күні______________ 

Мекен-жайы, телефоны______ 

Мектеп, сынып______________ 




Сынып жетекшісі____________ 

Портфолионың жасалған күні__      Мектеп директоры____________ 



 

3 -топқа арналған ақпарат: портфолионың жиналу механизмдері: қосу, материалдарды жинау, материалдармен 

жұмыс, портфолионы сақтау. 

 

1. Оқушылардың мотивациясы: 

Әр  оқушыға  портфолионы  неге  жасау  керектігі  түсінікті  болу  керек:  портфолио  және  қызықты  құрал  және  оқушының 

танымдық іс-әрекетінің нәтижесі- қосымша баллдар, сол немесе басқа тақырып бойынша сынақ, барлық пәндер бойынша 

оқушының  білімдік рейтингі. 



2. Бөлімдерге анықтама және басты портфолио – анықтама бөлімі 

Оқушылармен  портфолионы  іске  қосуды  дұрыс  ұйымдастыру  өте  маңызды  болып  табылады.  Себебі  оқушы 

материалдарды  таңдау  процесін  ғана  емес,  сонымен  қатар  оқушылар  мұғаліммен  портфолио  құрылымын  жасауға 

белсенді  қатысу  қажет.  Бұл  бірлесуді  ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді,  сонымен  қатар  оқушылардың  мұғаліммен  ара 

қатынасының  жақсаруы,  ал  оқушыларда  өздігінен    оқытуды  ұйымдастыру  процесінде  белсенділік  таныту  сезімі  болып 

табылады. 



3. Бағалау  өлшемдерімен (критерийімен) жұмыс 

Портфолионы  дұрыс  бағалау  тек  мынадай  жағдайларда:  егер  бағалау  мақсаты,  критерийлер  және  бағалау  әдістері 

портфолионы жалпы немесе жеке жұмыс ретінде қолданғанда ғана кепіл бере алады.  

4. Портфолиомен жұмыс кезіндегі жұмыс орнын анықтау және анықталған жұмыстың орындалу уақыты, 

көрсетілімі (презентация) және портфолионы толықтай қорғау, сақтау орындары. 

Жұмыс орны: сабақта, сыныпта, арнайы өткізілген уақытта, үйде, кітапханада. 

Портфолионы қарау мерзімі және материалдың жүйеленуі: айына бір рет, аптасына бір рет. 

Презентация жасау және портфолионы қорғау:   жылна немесе тоқсанда бір рет. 

Портфолионы сақтау орны: мектептің бастауыш, негізгі орта және жоғарғы кластарында, үйде. 

Портфолио  құрудың  мәселелік-  тақырыптық  ұсыныстары:  мәселелік  –  тақырыптық  портфолио,  жаңа  үлкен 

тақырыпты  үйренудің  барысында,  бөлімде,  оқу  курсында,  мәнжазба  жазғанда,  ғылыми  жұмыста,  конференцияға 

дайындалу кезінде және т.б. Ол материалдың белгілі бір мынадай тақырыптарына сай келеді: 

- мәнжазба тақырыптарының түрлері (баяндама, мақала) 

- оқуға керекті әдебиеттер; 

- кішкене тақырыпшалар, облыстық мәселелер, зерттеу жоспары; 

- пікірталастық көзқарастар; 

- фактілер, сандар, статистикалық мәліметтер; 

- цитаталар, афоризмдер; 

- облыстық пәндердің байланысы; 

- зерттеудің қорытындылары; 

- зерттеудің шешуші қорытындысы; 

- зерттеу әдістері; 

- болжамдар мен перспективалар 

Жұмыс  келесі  үлгілер  арқылы  құрылады:  Ең  бірінші  мұғалім  оқытатын  тақырыбын  айтады,  қорғайтын  портфолионың 

формасын  түсіндіреді,  жұмыстың  берілген  тақырыпқа  сай  жиналған  қорытындылары  оқушыларға  ең  басында  әр  түрлі 

деңгейдегі жұмыстар беріледі, яғни таным мен ойлау процестерінің деңгейіне сәйкес беріледі. 

Тапсырманың бірдей емес мақсаттары келесі түрлер бойынша ажыратылады:  

-  жаңа  мәліметті  енгізгенде  (терминдер,  фактілер,  түсініктер,  ережелер).  Егер  оқушылар  оқытылған  терминдерді  сабақ 

барысында қолданса, фактілерді келтірсе, ережелерді айтса ғана ісіңіз нәтижелі болмақ; 

- оқытылған материалдың танылуы, оның түсіндірілуі мен құрылу жолын; 

- білімдерін практикада немесе жаңа нақты шарттарда қолдану (ережелер мен теориялар); 

- материалды талдауда (анализде) жеке элементтердің өзара байланысы мен  логикалық құрылымын көрсету. Егер оқушы 

өзі көздеген мақсатын және оның өзара қатынасын айыра білсе, оның себебін ұғынса жұмыс нәтижелі болмақ; 

-  біріктіруде  (синтезде),  жекеленген  элементтерді  біртұтасқа  біріктіру  іскерлігі.  Егер  оқушылар  әр  түрлі  тақырыптағы 

мәселелерді қозғай отырып шығармашылық табысқа жетсе, онда сіздің жұмысыңыз нәтижелі болды деген сөз. Мысалға: 

белгілі бір тақырыпқа  жазылған мәнжазба, эксперименттің жоспарын құру, орындау және белгілі бір талаптарға сәйкес 

бағалау. 

-  егер  оқушы  талаптарды  негізге  ала  отырып,  осы  талаптардың  әр  түрлі  жақтарын  салыстырып,  берілгені  бойынша 

қорытындыларды талқыласа  және  өзара  фактілердің арасындағы айырмашылықтарды байқай  білсе, онда  тағы  да сіздің 

жұмысыңыздың еш кетпегені. 

Бұл  тапсырмаларды  белгілі  американдық  психолог  Б.Блуманың  негізінде  құрылды.  Бұл  тапсырмалар 

портфолионың  мазмұны  мен  жауаптарын  құрайды.  Тапсырманың  әр  түрлі  деңгейіне  қарай  белгілі  бір  баллдармен 

бағаланады.  Берілген  тапсырмалардан  оқушылар  өздеріне  керектісін  ала  алады,  қалың  қою  жазумен  немесе  жұлдызша 

белгісі  салынған  тапсырмаларды  орындау  міндетті,  яғни  сынақтан  өту  қажет.  Оқушылардың  мүмкіндіктерінше 

тапсырмалар деңгейіне қарай орындалады. Тапсырмаларды орындауына қарай рейтингтік баллдар қойылады, рейтингтік 

баллдар  оның  алдыңғысындай  немесе  тапсырманы  орындай  алу  қабілетіне  байланысты.  Рейтингтік  балл-оқу 

қорытындысның айнасы. Кейбір тапсырмаларда портфолионың талаптарына сай  оқушының өзін-өзі бағалауы ұсынылды. 




жүктеу 0,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау