Конституциялық құқықтар мен міндеттер



жүктеу 14,73 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі14,73 Kb.
#1288
  • Конституция (лат.constitutio – құрылу, өкім) – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігімен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы
  • Өзімнің ата жұртымда өз заңым
  • Өзімнің ата жұртымда өз заңым билік құрып тұр!
  • Қазақстан Республикасының
  • Конституциясын қабылдаған күн
  • 1995 жылы 30 тамыз
  • АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫ
  • (ІІ бөлім)
  • 1-бап “адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің ең қымбат қазынасы”
  • Ь Жеке құқықтар мен бостандықтар:
  • 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар (Конституцияның 15-бабы)
  • 2. Әркім өзінің жекебасының бостандығына құқығы бар (Конституцияның 16-бабы
  • 3. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмау құқығы(Конституцияның 17-бабы)
  • 4. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар (Конституцияның 18-бабы)
  • 5. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсетпеуге хақылы (Конституцияның 19-бабы)
  • 6. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар (Конституцияның 19-бабы)
  • 7. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар (Конституцияның 20-бабы)
  • 8. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар(Конституцияның 21-бабы)
  • 9. Әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы(Конституцияның 22-бабы)
  • 1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
  • 2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
  • 3. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі. (24-бабы)
  • 1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
  • 2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі.(25-бабы)
  • 1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.
  • 2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.
  • 3. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.
  • 4. Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.(26-бабы)
  • 1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
  • 2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың етене құқығы әрі міндеті (27-бабы)
  • 1. Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.(28-бабы)
  • 1.Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.(29-бабы)
  • 1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.(30-бабы)
  • Тұлғаның әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтары мен бостандықтары:
  • Саяси құқықтар мен бостандықтар
  • тікелей және
  • өз өкілдері
  • арқылы мемлекет
  • ісін басқаруға
  • қатысуға құқығы
  • мемлекеттік
  • органдар өзін-өзі
  • басқару органдарын
  • сайлауға және сайлануға
  • республикалық референдумға
  • қатысуға құқығы
  • бірлесу бостандығына
  • құқығы
  • “Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты.”
  • Н.Ә.Назарбаев
  • Адамның және азаматтың міндеттері
  • 34-бап
  • 1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
  • 2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.
  • 35-бап
  • Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.
  • 36-бап
  • 1. Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
  • 2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.
  • 37-бап
  • Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.
  • 38-бап
  • Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

Өзімнің ата жұртымда өз заңым билік құрып тұр!

  • Тереңнен созған тамырын,ғасырдан тартқан желісін,
  • Тарихтан асқан қастерлі ақиқат жоқ-ау мен үшін,
  • Бабалар жортқан боз дала- аяулы алтын құндағым,
  • Армандай болған Азаттық- алғашқы ұлы жеңісім.
  • Едіге жырдың найзасын егесте қанша сынадық,
  • Айқаста құшсақ ат жалын, намыстан ғана жыладық.
  • Көк бөрі текті түркінің көзіндей өткір билікті,
  • Көкенай менен Майқыдан алып қалғанбыз мұра ғып,
  • Даланың дана заңында қаны бар қайсар қазақтың,
  • Талқан қып теуіп шыққанбыз темір есігін тозақтың.
  • Тұлпардың тұяқ дүбірін тыңдашы, дархан дүние,
  • Сұңқардай зият ғұмырым, Азатпын бүгін, Азатпын!
  • Ақынға құлақ асыңыз, ақтарып жатпай мұрағат,
  • Айбынды ата заңымда билерден қалған ұлағат.
  • Қасиеті мен киесін бір ауыз сөзге сиғызған,
  • Қазақ боп туған сәтімде –ақ қонған ғой маған сірә, бақ.
  • Айбынды Ата Заңымда абырой-күшім, ар құсым,
  • Ұсқыны болып тұр оның ұлтымның ұлы болмысы.
  • Алтын жіп өрген арқауын бекзада біздің халықтың,
  • Бергісі мен арғысы, Тәукенің Жеті Жарғысы...
  • Тамұқта түскен тыртықты тағдырым бүгін ұмыттыр,
  • Жаураған жүрек болса егер, жылы сөзіңмен жылыт бір.
  • Өзегі күйген ерлердің өкінішінің өтеуі,
  • Өзімнің ата жұртымда өз заңым билік құрып тұр.
  • Әлия Даулетбаева
  • Назарларыңызға рахмет!

жүктеу 14,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау