Бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқыту үрдісінде оқу құралы ретінде қолдануға ұсынылады



жүктеу 2,59 Kb.
Pdf просмотр
бет15/110
Дата29.05.2018
өлшемі2,59 Kb.
#18395
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   110

44 
 
Ақпаратты  сақтау құрылғыларының осы класының ең  дәл  жалпылама 
атауы «энергядан тәуелсіз жад». 
Бұл  кластың  алғашқы  құрылғылары  корпусында  кварцты  шыныдан 
жасалған терезесі бар микросхемалар түрінде болды. Оларда ақпарат жазу 
үшін ультракүлгін сәуле қолданылды. 
Осындай түрдегі құрылғылардың дайындау кезінде  ферроэлектриктер 
(FRAM)  қолданатын  ең  заманауи  технологияларды  пайдаланатын  соңғы 
буыны  ақпарат  сақтау  үшін  ешқандай  қоректік  элементті  талап  етпейді 
және  кәдімгі  есте  сақтау  құрылғыларының  қалған  барлық  қасиеттерін 
сақтап қалады. Оларда ақпаратты сақтау мерзімі 20 жылдан артық болады. 
Елестетіп  көріңізші,  компьютерді  10  жылға  өшіріп  қойдыңыз,  сосын 
қайтып  келіп  оны  қостыңыз  –  ал  ол  барлық  ақпаратты  жақсы  «есінде 
сақтаған». 
Осындай  түрдегі  микросхемаларда  жадтар  тікелей  микросхемаға 
дәнекерленген және ауыстырылмайды. Олар істен шыққанда бүкіл аналық 
тақтаны  ауыстыру  керек    (бұл  барлық  басқа  тікелей  аналық  тақтада 
орналасқан құрылғыларға да қатысты). 
Ж е д е л   ж а д т а у   қ ұ р ы л ғ ы с ы .   Жедел  жадтау  құрылғысының 
негізгі қызметі – ақпаратты уақытша сақтау. Бұл қоймаға кіру өте жылдам 
-  «жедел».  ЖЖҚ  жеке  ұяшықтарға  бөлінген,  сонда  салынған  ақпаратты 
неше рет оқысаң да болады. Ұяшықтың ішіндегісін өзгерту үшін жай оған 
басқа  ақпарат  жіберіледі,  ол  сонда  келесі  өзгертуге  немесе  ДК  қосқанға 
немесе  энергиямен  қоректендірудің  жаңылуына  дейін  сақталады.   
Осылайша,  ЖЖҚ  —  бұл  энергияға  тұрақты  жад.  ЖЖҚ  әрбір  ұяшығында 
өзінің  бірегей  мекенжайы  болады,  ұяшықтың  ішіндегі  ақпаратты  жазу 
немесе  оқу  дәл  осы  мекенжай  бойынша  жүзеге  асырылады.  ЖЖҚ  мәнін 
түсіну  үшін  оны  әрбір  элементінің  өзінің  мекенжайы  –  жол  және  баған 
нөмірі бар кесте ретінде қарастыруға болады. Жад ұяшығына хабарласу  – 
оның мекенжайын көрсетуді білдіреді. 
Кәдімгі стандартты  ЖЖҚ аумағының бір бөлігі операциялық жүйенің 
резиденттік  ядросын,  периферийлі  құрылғылардың  драйверлерін  сақтау 
үшін  қолданылады.  Алайда  оның  негізгі  қолданылуы  –  орындалатын 
бағдарламаларды  және  оларды  орындау  кезінде  ағымдағы  деректерді 
жүктеу.  Егер  бағдарлама  тұтастай  компьютердің  жедел  жадына 
сыймайтын  болса,  онда  бағдарламалар  своп-пинг  деп  аталатынды 
қолданады  –  өзі  үшін  қатқыл  дискіде  уақытша  файлдарды  жасайды  және 
сонда  қажетті  деректерді  орналастырады.  Әдетте  пайдаланушы  олардың 
бар  екенін  де  білмейді,  себебі,  бағдарлама  қалыпты  аяқталған  кезде  олар 
жойылады.  


45 
 
Алайда егер біз қолданбалы бағдарламада, мысалы Word, отырып кенеттен 
компьютерді  өшіретін  болсақ,  онда  келесі  күні  компьютерді  қосқанда 
*.tmp(ағыл.temporary—  «уақытша»)  кеңейтуі  бар  таныс емес файлдардың 
пайда  болғанын  көреміз.  Көбінесе  олар  бос  болады.  Бұл  жағдайдан 
шығудың  қызық  түрі,  алайда  дискіге  жүгіну  жедел  жадпен  жұмыс 
істегенге  қарағанда  көбірек  уақыт  алады,  сондықтан  мұндай 
бағдарламалар  анағұрлым  баяу  жұмыс  істейді.  Сонымен  қатар,  кейбір 
бағдарламлар  мұны  жай  істей  алмайды,  егер  оларда  жедел  жад  жетпесе 
жай экранға қате туралы хабарлама шығарады. 
Дербес  компьютерлер  үшін  жедел  немесе  динамикалық  жадтың 
элементтері  модулдер  түрінде  жасалады  (2.17-ші  сурет).  Жад  модулі 
құрылымдық  баспа  монтажы  және    «пышақты»  байланыстыратын 
жалғағыштары  бар  жіңішке  текстолитті  тақта  түрінде  болады.    Тақтада 
сегізге  дейін  жад  микросхемалары  орналаса  алады.  Тоғызыншы 
микросхема  әдетте  бақылау  разрядын  қалыптастыру  үшін  қолданады. 
Әрбір  модулдің  белгіленген  жад  көлемі  болады.  Пайдаланушы  оның 
міндеттеріне  қажетті  жад  көлемін  қамтамасыз  ету  үшін,  сонымен  бірге 
жүйенің  жалпы  жылдам  әрекет  етуі  (компьютердің  қуаты)  айтарлықтай 
дәрежеде жедел жадтың көлемі мен оның жылдам жұмыс істеуіне тәуелді 
болатынын  ескеріп,  қанша  модуль  орнату  керегін  өзі  шешеді.  ЖЖҚ 
чиптері  екі  түрлі  модулдерге  салынады:  модулдің  бір  жағында  72 
түйіспелері  бар  SIMM  және  екі  құлыпты  168  және  одан  көп  түйіспелері 
бар екі жақты DIMM модулдері. 
Соңғы  жылдары  компьютерлерде  жедел  жад  құрылғысы  (немесе 
RAM—  RandomAccessMemory  –  еркін  кіру  жады)    ретінде  бірыңғай 
диамикалық  жадтың      (DRAM)  әр  түрлі  нұсқалары  пайдаланылады. 
Динамикалық  ЖЖҚ  ақпаратты  сақтау  динамикалық  элементтерде  – 
разрядталу  қасиеті  бар  конденсаторларда  жүзеге  асырылады.  Белгілі  бір 
уақыт  аралықтарынан  кейін  жад  ұяшығының  ішіндегіні  регенерациялау 
(қалпына  келтіру)  жүргізілуі  керек,  сондықтан  да  ол  динамикалық  деп 
аталады.  
 
 2.17 сурет. Жад модулі 


46 
 
Мұндай жад жеткілікті  түрде жылдам  жұмыс істейді,  ол жеткілікті үлкен 
көлемді  ақпараттарды  сақтай  алады;  ол  салыстырмалы  түрде  арзан  және 
өлшемдері кіші. Қазіргі кезде дербес компьютерлерде ЖЖҚ модулдерінің 
келесідей түрлері қолданылады. 
SIMM  (Single  In-line  Memory  Module)  –  біржақты  жад  модулі.  Қазіргі 
кезде  бұл  модулдер  физикалық  та  моралдық  та  ескірген,  алайда  ескі 
компьютерлеррде  әлі  де  қолданылады,  және  әлі  күнге  дейін  интернет-
дүкендерден  сатып  алуға  болады.  Дегенмен  осы  форм-фактордың  жаңа 
жүйелік  тақташалары  біраз  уақыттан  бері  шығарылмайды.  Модуль  бір 
жағында  түйіспелік  жолағы  бар  тікбұрышты  тақта  түрінде  болады, 
айналатын    слотта    ілмекпен  бекітіледі.    Тақтаның  екі  жағындағы 
түйіспелер параллель және бірдей түйіспелер (single) болып келеді  ең көп 
таралғаны 30 және 72 түйіспелі  SIMM модулдері. 
SDRAM—  синхронды  динамикалық  жад.  Бұл  жад  түрі  ЖЖҚ  жылдам 
әрекет  етуін  одан  әрі  көтеруге  мүмкіндік  берді.  SDRAM  сатылы 
конвейерлік  сәулетті  және  сонымен  қатар,  мекенжайлардың  алмасуы 
болатын жад блоктарына ішкі қолжеткізуді қолданады. SDRAM жадының 
жұмысын  синхрондауды  жүйелік  (ішкі)  шинаның  жиілігімен  жүзеге 
асырады.  SDRAM  ұяшықтар  банктерінің  синхронды  жұмыс  істеуінің 
ерекше  механизмі  қолданған,  ол  пакеттік  режиммен  бірігіп  кідірістер 
жағдайы  мен  күтулерді  тиімді  жояды,  бұл  оның  жылдам  әрекет  етуін 
айтарлықтай жоғарылатады. 
Синхронды  динамикалық  жад  DIMM  –  модуль  түрінде  жасалған. 
DIMM  аббревиатурасының  мағынасы  -    DualInlineMemoryModule 
(шығыстары  екі  жақты  орналасқан  жад  модулі).  DIMM  модулінде 
тақтаның  екі  жағында  орналасқан  және  оқшаулағышпен  бөлінген  168 
түйіспелер бар. 
DIMM  форм-факторының    модулінде    алуан  түрлі  DRAM  жүзеге 
асырылатынын  айта  кету  крек.  Сондықтан  пайдаланушылар  қажетті 
модулді  таңдауды  жеңілдету  үшін  да  аналық  тақталарда  әр  түрлі  DIMM 
типтерінде  жад  модулінде  бірден  үшке  дейін  ойық  болады.  Олар  дұрыс 
таңдалмауды  және  жад  модулдерін  дұрыс  орнатпауды  болдырмайды.  Бұл 
модулдерде,  SIMM-нан  айырмашылығы  тақтаның  қарама  қарсы 
жақтарындағы  түйіспелер  өзара  электрлік  байланыспаған.      Бұл  модулдің 
шығыстарының  санын  іс  жүзінде  екі  есе  арттыруға  мүмкіндік  береді. 
Жадтың микросхемаларының өздері де тақтаның екі жағынан орнатылады.    
DDRSDRAMDIMM – ең жылдам және динамикалық дамушы жад түрі.   
DDRRAM  типті  жад  модулі  салыстырмалы  түрде  жақында  пайда  болды, 
бірақ  тез  орасан  танымалдыққа  ие  болды.  DDR  аббревиатурасы 
DoubleDataRate – деректер алмасу жылдамдығы екі еселенген жад дегенді 
білдіреді.  Жұмыс  ұстанымы  бойынша  ол  SDRAM  сияқты,  бірақ  одан 
айырмашылығы  такт  импульстарының  екі  жағында  да  деректерді 
қабылдай  және  бере  алады.  Бұл  деректерді  жеткізу  жылдамдығын  екі 
еселейді. 


жүктеу 2,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау