36
Процессорлардың негізгі параметрлері
Өндіруші,
процессордың
түрі
Ядро-
ның
атауы
Техно
логия,
мкм
Шинаның
жиілігі,
МГц
L1,
Кбайт
L2,
Кбайт
Жалғағыш
Тактілік
жиілік,
ГГц
Intel Pentium IV
Prescott
0,09
1066
28
2048
Socket 478
LGA775
3,8
Intel Celeron D
Prescott
0,09
533
16
256
Socket 478
3,2
AMD Athlon 64
Clawha
mmer
0,09
800
128
2048
Socket 754,
939
3,8
AMD
Sempron
Barton
0,13
333
128
256
Socket A
2,0
— электронды-сәулелік түтігінің (ЭСТ) экранындағы люминофор дәндері
секілді. Процессордың транзисторларының арасындағы қашықтық
өндірістің пайдаланып жатқан технологиясымен анықталады және қазіргі
уақытта 0,09 мк немесе 90 нм құрайды. Бұл қашықтық аз болған сайын,
соншалықты жақсы. Транзисторлар өлшемдерінің кішіреюі қадамның
кішіреюін тартады, яғни жылубөліну қуаты және дайындаманың өз бағасы
азаяды, процессордың ең көп жетімді жиілігі көбейеді.
Тіпті бір типті процессорлар тез жетілдіріледі: транзисторлардың
өлшемдері және қуат кернеуі кішірейеді, кэш-жады өлшемі мен процессор
жиілігі көбейеді. Сол себепті бір типті, бірақ ядросының түрлі
сипаттамасы бар процессорларға түрлі атаулар беру қабылданған. Алайда
мұндай атаулар көбіне ықшамдық және пайдаланушы ыңғайлығы үшін
енгізіледі, ал өндірушілердің құжаттамасы мен сатушылардың прайс-
листтерінде процессорлардың негізгі сипаттамаларын көрсетеді, мысалы,
Intel Pentium IV Processor Based on 0,13 Micron Process Up to 2,2 GHz.
Кеңінен таралған процессорлардың ядро атаулары 2.1-кестеде келтірілген.
Кэш-жады. Кэш-жады (RAM cache) — баяу, бірақ арзан динамикалық
жадыда (DRAM) сақталатын деректерге қолжетімділікті үдету үшін
қолданылатын жоғары жылдамдықты статикалық (SRAM) жады.
Процессор бағдарлама командаларына немесе сол бір деректерге бірнеше
рет жүгінген кезде, қол жетімділіктің үдетуі жасалады. Кэш соңғы
деректер мен командаларды сақтайды, ал процессор оларды кэштан тез
есептейді.
Кэш L1 басынан процессорге интеграцияланған. Мұнда процессор
нұсқаулықтары мен осы нұсқауға арналған деректер орналастырылады. L1
үлкен кэші көп мәселелік шарттарында өте пайдалы, себебі есеп мәнмітіні
деп аталатынды, яғни кезекті орындалу кезінде бұл есептерге ауысу үшін
қажетті ақпаратты сақтайды.
К е с т е 2 . 1
37
Кэш
L2
процессор
мен
ЖЖҚ
жұмысының
жиіліктерінің
айырмашылығын өтемі үшін қызмет етеді. Оның негізгі параметрі өлшемі
болып табылады: ол үлкен болған сайын, соншалықты жүйе тез жұмыс
жасайды. Алайда оның жады өте қымбат тұрады, сондықтан кэш өлшемі
жүйенің бағасы мен өнімділігінің арасындағы ымыра болып табылады.
Түрлі процессорларға арналған кэшжадының типтік өлшемдері 2.1-кестеде
келтірілген.
Процессорладың термоқорғау құралдары. Процессордың жұмысы
кезінде қатты қыздырылады – олардың температурасы 70...90°С жетеді.
Процессордың қызып кетуі үлкен жағымсыздықтармен, істен шығуына
дейін сескендіреді. Ол кез келген электр құралы секілді жанып кетуі
мүмкін. Сондықтан процессор құрылымы салқындатудың тиімді жүйесін
қарастыру керек.
Шын мәнінде компьютердің жүйелік блогы онсызда желдеткішпен
жабдықталған, бірақ ол негізінен қоректендіру блогын ғана салқындату
үшін арналған және онда орнатылған процессормен аналық тақшаны тек
ішінара салқындатады. Қуаты 40.70 Вт заманауи процессорлар үшін бұл
тіпті жеткіліксіз. Сондықтан орталық процессор өзінің салқындату
жүйесімен жабдықталған. Ол тікелей процессордың корпусында бекітілген
радиатордан
және
радиатордың
қабырғаларын
салқындататын
желдеткіштен тұрады.
Радиатор. Бұл қырлы беті бар металл тілімше, оның арқасында
процессордың қоршаған ортамен жылу алмасуы барынша көбейтіледі.
Процессордың кристалының бетінің ауданы өте кішкентай және бірнеше
квадрат сантиметрден аспайды. Бұл процессормен таратылатын жылу
қуатын тиімді бұрып әкету үшін тіпті жеткіліксіз. Қырлы бетінің
арқасында радиатор қоршаған ортамен өзінің жылулық түйісуінің ауданын
жүз есе көбейтеді.
Қазіргі уақытта радиаторлардың түрлі типтері қолданылады.
Престелген (экструзиялық) радиаторлар. Бұлар барынша қарапайым,
арзан және кеңінен таралған радиаторлар (2.13-сурет). Олардың өндірісі
үшін алюминий – жеткілікті жоғары жылуөткізгіштігі бар металл
қолданылады. Радиаторлар престеу әдісімен дайындалады, ол бетінің
барынша күрделі пішінін алуға және жақсы жылу сейілткіш қасиеттеріне
қол жеткіуге мүмкіндік береді.
Жиналмалы
радиаторлар.
Барыншы
қызық
технологиялық
орындалуымен ерекшеленеді: радиатордың негізгі тілімшесінде дәнекерлеі
немесе арнайы жылу өткізетін паста көмегімен жұқа металл таспа
бекітіледі, ол гармошкаға бүктелген, оның бүкпелері қырлы бет рөлін
атқарады. Мұндай радиаторлар әдетте мыстан дайындалады – алюминийге
қарағанда оның жылу өткізгіштігі жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |