КӘСІПТІК БІЛІМ
С.В.КИСЕЛЕВ
ЭЕМ ОПЕРАТОРЫ
«Федералдық білім беруді дамыту институты» федералды
мемлекеттік автономды мекемесімен бастапқы кәсіптік білім беру
бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқыту
үрдісінде оқу құралы ретінде қолдануға
ұсынылады
Рецензиялаудың тіркелген нөмірі 781
2012
жылғы 26 желтоқсандағы «ФИРО» ФГАУ
7-
басылым, стереотипті
Мәскеу
«Академия» баспасөз орталығы
2014
ӘОЖ
007.5(075.32)
КБК 32.81я722 К44
Р
е ц е н з и я л а у ш ы
—
«ЭЕМ операторы» жұмыстық кәсібі бойынша арнайы пәндер
Мәскеу қаласының № 6 ПУ шебер-оқытушысы
Н. В. Струмпэ
К44
С. В.Киселев
ЭВМ операторы : орташа кәсіби білім мекемесінің студенттеріне арналған оқу
құралы / С.В.Киселев. — 7-басылым, түзетілген — М.: «Академия» баспасөз
орталығы, 2014. — 352 б.
ISBN 978-601-333-206-2 (каз.)
ISBN 978-5-4468-0835-9
(рус.)
Қазіргі заманғы дербес компьютердің негізгі аппараттық және бағдарламалық
құралдары қарастырылған. Microsoft Office
кеңсе бағдарламаларына, сондай-ақ
компьютерлік графика және автоматтандырылған жобалау жүйелеріне
ерекше
назар аударылған. Желілік технологиялар мен мультимедианы пайдалану туралы
ақпарат берілген. Еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығының негіздері белгіленген.
Оқу құралы 230103.04 «Аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етудің
үдеткіші» кәсіптік циклінің бөлігі болып табылатын пәнаралық курстарды меңгеру
үшін пайдаланылуы мүмкін.
Орта кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері үшін.
ƏОЖ 007.5(075.32)
К
БЖ 32.81я722
Бұл кітап Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі жəне
«Кəсіпқор» холдингі» КЕАҚ арасында жасалған шартқа сəйкес «ТКББ жүйесі
үшін шетел əдебиетін сатып алуды жəне аударуды ұйымдастыру бойынша
қызметтер» мемлекеттік тапсырмасын орындау аясында қазақ тіліне
аударылды.
Аталған кітаптың орыс тіліндегі нұсқасы Ресей Федерациясының білім беру
үдерісіне қойылатын талаптардың ескерілуімен жасалды.
Қазақстан Республикасының техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесіндегі
білім беру ұйымдарының осы жағдайды ескеруі жəне оқу үдерісінде мазмұнды
бөлімді (технология, материалдар жəне қажетті ақпарат) қолдануы қажет.
Аударманы «Delta Consulting Group» ЖШС жүзеге асырды, заңды мекенжайы:
Астана қ., Иманов көш., 19, «Алма-Ата» БО, 809С , телефоны: 8 (7172) 78 79
29, эл. поштасы: info@dcg.kz
© С.В.Киселев, 2006
ISBN 978-601-333-206-2 (каз.) © «Академия» білім беру- баспасөз орталығы, 2006
ISBN 978-5-4468-0835-9
(рус.) © Рәсімдеу. «Академия» баспасөз орталығы, 2006
КІРІСПЕ
Заманауи электрондық-есептеу машиналарында жұмыс жасау үшін
оператор негізгі операциялық жүйелер және кеңселік қосымшаларда
жұмыс жасау; мәтіндік және графикалық редакторларда ақпараттарды
өңдеу; күнделікті баспа жүйелері туралы көрінісі болуы; компьютерлік
желілерде жұмыс жасай және ЭЕМ мультимедиялық мүмкіндіктерін
пайдалана алуы қажет. Бұдан басқа, ЭЕМ операторы қызметтік
бағдарламалармен (дисктерді вирустың бар болуына тексеру, рұқсат
етілмеген қол жетімділік пен кездейсоқ әсерлерден қорғау құралдарын
қолдану) жұмыс жасай алуы қажет.
Оқу құралы 230103.02 «Цифрлық ақпаратты өңдеу туралы шебер»,
230103.03 «Компьютерлік желілерді жөндеуші», 230103.04 «Аппараттық
және бағдарламалық қамсыздандыруларды жөндеуші» кәсіптерінің кәсіби
циклына кіретін пәнаралық курстарды меңгеру кезінде пайдаланылуы
мүмкін. Сонымен қатар орта буын жұмыскерлері, қызметкерлері мен
мамандардың біліктілігін дайындау, қайта дайындау және арттыру кезінде
ұсынылады.
Осы құралды құру кезінде автор Microsoft корпорациясының
стандартты негізгі бағдарламалық қамсыздандыруы бар IBM PC дербес
электрондық есептеу машинасының анағұрлым кең таралған стандартына
бағдарланған болатын.
Автор оған қолжазбаны дайындауға көмектескендердің барлығына
шынайы алғысын білдіреді: И.Киселевқа, И.Веденееваға, И.Ланцоваға.
Көрсетілген материалдың жартысы IBM корпорациясы мен Hewlett
Packard фирмасының мәскеулік бөлімшесімен бірлесе отырып, ұсынылған
болатын. Бұдан басқа, кітапта Интернет желісінде жарияланған
материалдар пайдаланылған болатын.
4
1 -
Т А Р А У
ДК НЕГІЗДЕРІ
Адамдар әрқашан да есептеуді қажет еткен болатын. Ол үшін олар
қолдарының саусақтарын, топқа жинақтайтын немесе бір қатарға
орналастыратын тастарды пайдаланған болатын. Заттардың саны жер
бойынша жүргізілетін сызықшалардың көмегімен, таяқтағы кертіктер және
ағашқа байланатын түйіндер көмегімен тіркелетін.
Есептеуге тиесілі заттардың санының артуымен, ғылым мен
қолөнердің дамуымен қарапайым есептеулер жүргізу қажеттілігі пайда
болды. Әртүрлі елдерде белгілі, ең ежелгі құрал шоттар болып табылады
(Ежелгі Римде олар calculi деп аталды). Олар үлкен сандарға қарапайым
есептеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Шоттар өте сәтті құрал болғаны
соншалық, ежелгі уақыттан тіпті біздің кезімізге дейін жетті.
Шоттардың пайда болуының нақты уақыты мен орынын ешкім атай
алмайды. Тарихшылардың олардың жасының бірнеше мыңдаған
жылдарды құрайтыны туралы пікірі үйлеседі, ал олардың отаны Ежелгі
Қытай, сондай-ақ Ежелгі Мысыр, және Ежелгі Греция болуы мүмкін.
1.1.
ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАЛАР ДАМУЫНЫҢ
ҚЫСҚАША ТАРИХЫ
Нақты ғылымдардың дамуымен нақты есептеулердің үлкен санын
жүргізуде табанды қажеттілік пайда болды. 1642 жылы Блез Паскаль
француз математигі Паскальдің жинақтаушы машинасы ретінде танымал
болған бірінші механикалық есептеуіш машинасын құрастырды (1.1-
сурет). Бұл машина өзара байланысқан дөңгелекшелер мен жетектердің
қиыстыруын көрсетеді. Дөңгелекшелерде 0-ден 9-ға дейінгі сандар
салынған болатын. Бірінші дөңгелек (бірліктер) толық айналым жасаған
кезде, автоматты түрде іске екінші дөңгелек (ондықтар) қосылатын; ол да 9
санына жеткен жағдайда, үшінші дөңгелек және т.б. айнала бастайтын.
Паскальдің машинасы тек қана қосып және есептей алатын.
1694 жылы Готфрид Вильгельм фон Лейбниц неміс математигі
анағұрлым заманауи есептеуіш машинасын құрастырды (1.2-сурет). Ол
оның
Достарыңызбен бөлісу: |