Бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқыту үрдісінде оқу құралы ретінде қолдануға ұсынылады



жүктеу 2,59 Kb.
Pdf просмотр
бет14/110
Дата29.05.2018
өлшемі2,59 Kb.
#18395
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   110

41 
 
 
Сур. 2.15. Процессорды орнату тәртібі 
Адам  миының  жұмысымен  ұқсастықты  келтіруге  болады  –  біздің 
дамуымыз  бен  тіршілік  етуіміз  белгілі  бір  ақпаратты  сақтаусыз  мүмкін 
емес. 
Ақпаратты  сақтау  параметрлері  мен  тәсілдері  әр  түрлі  болуы  мүмкін. 
Адамның 
генетикалық 
ақпараты 
оның 
ДНҚ 
құрылымында 
нуклеотидтердің  тізбектесу  –  ерекше  ақуыз  молекулаларының  көмегімен 
жазылады.  Осы  ақпараттың  көлемі  зор.  Гендерде  ағзаның  дене  және 
физиологиялық  ерекшеліктері  туралы  толық  ақпарат  –  көздерінің  түсінен 
бастап  ағзадағы  ферменттердің  синтезінің  ерекшеліктеріне  дейін 
жазылған.  Сонымен,  тірі  ағза  жадының  негізгі  сипаттамаларының  бірі 
ондағы  сақталатын  ақпарат  көлемі  болып  табылады.  Генетикалық 
жадының тағы бір ерекшелігі болады – ол туа пайда болған және адамның 
немесе жануардың тіршілік әрекеті процесінде өзгертіле алмайды. 
2.16-сурет. Процессорды бекіту механизмі 
 


42 
 
Жады  адамның  оқу  процесі  үшін  жауапты,  бас  миы  қабығында 
уақытша байланыстардың қалыптасуына негізделген. Біз жүруге, сөйлеуге, 
сандарды қосу және алуға, қоғамда өзімізді әдепті ұстауға үйренеміз, әйгілі 
адамдардың  туған  күндерін  және  олардың  өмірбаяндарын,  көптеген 
маңызды  және  онша  маңызды  емес  мәліметтерді  есте  сақтаймыз.  Біздің 
жадымызда  сақталатын  ақпараттың  көлемі  үлкен.  Сонымен  қатар,  біздің 
жадымыздың  генетикалық  жадыдан  тағы  айырмашылығы  бар  —  біз 
оқимыз, яғни сыртқы әлемнің жаңалықтарын есте сақтаймыз. Бірақ уақыт 
өте келе осы жаңалықтар біздің жадымыздан олар өшіріледі. Тағы бір өте 
маңызды егжей-тегжей – әрекеттердің немесе жаңалықтардың тізбектелуін 
есте сақтау үшін біз оны көп рет қайталауымыз керек. 
Жадының  тағы  бір  түрі  —  ол  жедел,  немесе  жылдам  жады.  Егер  біз 
танысымызға  қоңырау  шалғымыз  келсе,  біз  жазба  кітапшасын  алып, 
телефон номерін есте сақтаймыз, оны тереміз... және сол сәтте ұмытамыз. 
Психологиялық  зерттеулер  адамда  осы  жады  көлемі  өте  аз  екендігін 
көрсетті.  Ол  «сиқырлы  сан  жеті  плюс  немесе  екі  минут»  ретінде 
анықталады,  яғни  бірінші  реттен  жадымызға  бестен  тоғызға  дейін 
сандарды,  есімдерді,  фигураларды  немесе  басқа  обьектілерді  сақтаймыз 
және осы жадыны жаңа ақпаратқа босату үшін дәл солай тез ұмытамыз. 
Дегенмен  жазба  кітапшасы  да  өзінше  бізге  қатысты  сыртқы  болса  да 
жады болып табылады. Осы сыртқы жадының әр түрлі формалары болады: 
жазба  кітапшалары,  күнделіктер,  кітаптар,  суреттер,  сызбалар  мен 
граммофон  күйтабақтары  —  осы  әр  түрлі  құрылғылар  ақпарат  сақтауға 
арналған.  Ескерткіш  сөзі  де  «жады»  сөзінен  шығады.  Осы  жадының 
қандай-бір  бөлігі  жеке  пайдалануға  арналған,  ал  басқа  бөлігі  жалпы 
адамдық  игілік  болып  табылады.  Осындай  типтегі  жады  салыстырмалы 
түрде ұзақ қалыптасады,  алайда деректер белгісіз  уақытта  ұзақ сақталады 
(мерзім  физикалық  тасымалдағыш  ерекшеліктерінен  тәуелді).  Осы 
ақпаратқа рұқсат жедел жадыға қарағанда көп уақытты талап етеді. Қанша 
уақытты 
қажет 
телефонды 
немесе 
өзге 
ақпаратты 
табуға 
жұмсайтынымызды еске түсіру жеткілікті. 
ДК-де де жадының бірнеше түрлері пайдаланылады: 
тұрақты  жадтау  құрылғысы  (ТЖҚ)  —  компьютер  конфигурациялары, 
оның  баптаулары  және  т.б.  туралы  деректерді  сақтауға  арналған.  Осы 
деректер  компьютерді  пайдалану  процесінде  немесе  мүлдем  өзгермейді, 
немесе  сирек  өзгеріп  тұрады.  Салыстырмалы  кішігірім  көлемге  ие  және 
тезәрекеттілікке ие болады, бірақ шүбәсіз артықшылығы бар  — энергияға 
тәуелсіздік, яғни ДК сөндірілген соң деректерді сақтайды; 
жедел  жадтау  құрылғысы  (ОЗУ)  —  компьютер  жұмысы  кезінде 
деректермен бағдарламаларды уақытша сақтауға арналған. 


43 
 
Оның  сипаттамаларынан  маңызды  шамада  компьютердің  тезәрекеттілігі 
тәуелді. Жоғары тезәрекеттілікке ие, қажет болған жағдайда оның көлемін 
біршама жоғары мәндерге дейін арттыруға болады; 
сыртқы жадтау құрылғылары (СЖҚ) — үлкен көлемдегі ақпараттарды 
ұзақ  сақтауға  арналған.  Әдетте  жиі  перифериялық  құрылғыларға 
жатқызылатын дисктік жинақтауыштар түрінде жүзеге асырылады. 
Т ұ р а қ т ы   ж а д т а у   қ ұ р ы л ғ ы с ы   (Read  Only  Memory  (ROM)  — 
«тек  оқуға  арналған  жады»).  Бұл  жадыда  компьютер  негізгі  түйіндерін 
тестілеу,  операциялық  жүйенің  жүктелуінің  сәйкес  келу  мен  деректерді 
енгізу-шығару  бойынша  операцияларға  қызмет  көрсету  бағдарламалары 
сақталады. Осы бағдарламалар тұрақты ТЖҚ «қорғанысы» ретінде болады. 
Осындай жады энергия тәуелді болып табылады — компьютер сөндірілген 
кезде деректер белгісіз  ұзақ уақытқа  сақталады.  Алғашқы  ең ежелгі ТЖҚ 
толықтай өзінің ағылшынша атауын ақтап ала отырып тек оқу режимінде 
жұмыс  істеді,  ал  олардың  жазбасы  (бағдарламалануы)  не  кристалл 
дайындалу  процесінде,  не  күрделі  программатор  аспабының  көмегімен 
орнатылу  алдында  жүзеге  асырылды.  В  дальнейшем,  по  мере  совершен-
ствования  технологии  производства  и  методов  записи  информации, 
появилась возможность использовать эти устройства не только для чтения, 
но  и  в  режимах  записи,  стирания  и  перезаписи  информации.  Кассалық 
аппараттардың жады модулінде күнделікті табыс және сатып алулар саны 
туралы  жиынтық  ақпарат  жазылады.  Телевизорларда  ТЖҚ  әр  түрлі 
баптауларды сақтау үшін, ал телефон аппараттарында –жиі қолданылатын 
телефон  номерлерін  (жазба  кітапшасы)  сақтау  және  тез  теру  үшін 
қолданылады. 
Дербес компьютерлерде ТЖҚ компьютер конфигурациясын және орталық 
процессор  мен  перифериялық  құрылғылар  арасында  алмасу  негізгі 
параметрлерін  анықтайтын  қондырғыларды  сақтау  үшін  қолданыла 
бастады, ол BIOS деп аталады (Base Input/Output System  — енгізу-шығару 
базалық  жүйесі).  Заманауи  ДК  BIOS  осындай  қондырғылардың  бірнеше 
ондаған түрін сақтайды. Осы  параметрлер автоматты  түрде,  әдепкі қалпы 
бойынша  орнатылады,  бірақ пайдаланушының  қалауы  бойынша  өзгертіле 
алады.  Қорек  көзінен  ажыратылғанда  орнатылымдар  жүйелік  тақтада 
орнатылған аккумулятор есебінен сақталады. Мысал ретінде компьютердің 
жүйелік  сағаттары  қызмет  жасайды.  Олар  сөндіріліп  тұрған  компьютер 
кезінде де жұмысын жалғасытра  береді.  Кейбір бағдарламалар белгілі бір 
жоқиғалардың  уақыты  келгенін  анықтауға  арналған  осы  сағаттарға 
жүгінеді,  мысалы  әріптесінің  келе  жатқан  туған  күні  туралы  немесе 
ұшақтың ұшу  уақытын қою үшін ескерту. Алайда осы сағаттар қадамның 
жоғары  дәлдігімен  ерекшеленбейді  және  пайдаланушыға  мезгіл-мезгіл 
олардың көрсеткіштерін түзетіп отыруға тура келеді. Осыны аккумулятор 
істен  шыққан  жағдайларда  да  немесе  басқа  төтенше  жағдайларда  істеуге 
тура келеді (аты шулы «2000 ж. мәселесін» еске түсіреміз). 
 


жүктеу 2,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау