Бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқыту үрдісінде оқу құралы ретінде қолдануға ұсынылады



жүктеу 2,59 Kb.
Pdf просмотр
бет8/110
Дата29.05.2018
өлшемі2,59 Kb.
#18395
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   110

23 
 
Мұндай  компьютерлер  әлі  де  әртүрлі  мекемелерде  жұмыс  істейді. 
Дегенмен  қазіргі  уақытта  оларды  іс  жүзінде  жаңа  форм-фактор  —  ATX 
және  оның  түрленімдері  ығыстырды.  Жаңа  компьютерлердің  көбісі  қазір 
осы пішін фактордың корпусында шығарылады.  
Келесі  неғұрлым  белгілі  корпустардың  түрлерін  бөліп  көрсетуге 
болады:  desktop  (көлденең  орналасуы  бар  үстел  үстіне  қоятын  нұсқасы) 
және  tower  (мұнара).  IBM  корпорациясының  дербес  компьютерлерінің 
бірінші  үлгілерінде  жүйелік  блоктың  үстел  үстіне  қоятын  нұсқасы 
болатын.  Монитор  әдетте  оның  үстінде  тіреуіш  ретінде  орналасатын. 
Үстел үстіне  қоятын корпустар үшін жалпыға ортақ жүйелік тақтаның ол 
жерде  көлденең  орналасуы  болып  табылады:  корпустың  мөлшерлері  аз 
болған  сайын,  жүйені  бұдан  әрі  кеңейту  мүмкіндігі  азырақ.  Корпус 
түрлерінің  өзге  түрі  slim  (ағылшын  тілінен  slim  —  «жіңішке»)  болып 
табылады.  Айқын  артықшылықтардан  басқа  мұндай  корпустарда 
айтарлықтай кемшіліктер бар – оларда әртүрлі түйіндерге қызмет көрсету 
мен  жөндеу  үшін  қолжетімділік  қиындатылған.  Ал  қосымша  жабдықты 
орнату  іс  жүзінде  мүлдем  мүмкін  емес.  Осындай  корпустармен  әдетте 
атақты өндіруші-фирмалардың компьютерлері жабдықталады (brandname). 
Олардың жөндеуі мен қызмет көрсетілуі арнайы сервистік орталықтармен 
жүзеге асырылатын.  
Қазіргі  уақытта  ДК  жүйелік  блоктары  бірыңғай  тік  орналасады. 
Мөлшерлері бойынша олар mini-, midi- және big-tower (кіші, орташа және 
үлкен  мұнара)  болып  бөлінеді  (2.2-сурет).  Жүйелік  блок  корпусының 
мөлшерінен, атап айтқанда, жүйелік блоктың мөлшерлері мен орналасуы, 
қорек блогының қуаты және жинақтауыштардың орнататын жетектердің 
 
2.2-сурет. Жүйелік блоктар 


24 
 
максималдық  саны  тәуелді.  Олардың  параметрлері  мен  әрленімдері 
өндіруші-фирмаға  тәуелді  түрленуі  мүмкін.  Осы  корпустардың  негізгі 
ерекшеліктері  кеңейту  платтары  мен  жинақтауыштарға  арналған  орнату 
орындарының  саны  болып  табылады.  Tower  типті  жүйелік  блоктың 
корпусы  көлденең жазықтықта  аз орын алады және  үстелге  немесе  жерге 
орнатылады.  Жүйелік  тақта  оларға  тік  орналасады,  сондықтан  осы 
корпустарда қосымша құрылғылар үшін орнататын орын жеткілікті.  
Жүйелік  блоктың  корпус  типін  таңдау  әдетте  келесі  түсініктерден 
жүзеге  асырылады:  қуатты  серверлер  үшін  ең  қолайлы  пайдалану  big-
tower.  Олар  жақсы  суытылады  және  қосымша  желдеткіштер  үшін 
отырғызатын  орындары  мен  желдеткіш  торлары  бар,  жүйелік  блоктың 
барлық түйіндеріне жақсы қолжетімділігі бар, ол жөндеу мен ауыстыруды 
жеңілдетеді.  Осындай  типтердің  корпустарында  қосымша  құрылғыларды 
орнату  және  компьютердің  функционалдық  мүмкіндіктерін  кеңейту  үшін 
айтарлықтай  көптеген  бокстары  бар.  Midi-tower  типті  корпустары  бар 
компьютерлер әдетте кеңседе жұмыс үшін және үйде дербес жұмыс орыны 
ретінде  пайдаланылады.  Олардың  біршама  шағын  мөлшерлері  бар, 
дегенмен  қосымша  құрылғыларды  орнатуға  арналған  мүмкіндіктерін 
сақтайды.  
Mini-tower  типті  корпустар  әдетте  жергілікті  желінің  құрылымында 
жұмыс  бекеттері  үшін,  оның  ішінде  оқу  сыныптарында  пайдаланылады. 
Олар  сервердің  қорларын  пайдаланады,  сондықтан  қуатты  жергілікті 
құрылғыларды  талап  етпейді.  Олардың  апгрейді,  немесе  мүмкіндіктерін 
кеңейту, әдетте желілік қорлардың есебінен жүзеге асырылады.  
Жүйелік  блоктың  алдыңғы  панелінде  бірнеше  батырмалар  мен 
индикаторлар  орналасады  –  әдетте  бұл  reset  (қайта  жүктеу)  және  power 
(қоректі өшіру).  
Қатты  магнитті  дискідегі  жинақтауыш  (винчестер  немесе  HDD)  ішкі 
бөлікте 3,5 дюймдік типті мөлшермен орналасады және ешқандай басқару 
органдары  жоқ.  Дегенмен  оның  индикаторы  алдыңғы  панельге 
шығарылған. Қатты дискіге пайдаланушы немесе жүйенің жүгінуі кезінде 
индикатор  жанады  (немесе  белгі  бере  бастайды).  Осы  кезде  компьютерді 
өшіруге  болмайды  –  бұл  деректердің  жоғалуына  немесе  тіпті 
жинақтауыштың  істен  шығуына  алып  келуі  мүмкін.  ДК  стандартты 
жинақтауына әдетте қатты магнитті дискідегі, 3,5 дюймдік иілгіш магнитті 
дискідегі жинақтауыштар және сәйкес бөліктердегі 5,25 дюймдік компакт 
дискілерге  (CD/  DVD)  арналған  жетектер  кіреді.  Бұл  құрылғылардың 
алдыңғы панельдерінде индикаторлар мен дискілерді тастау батырмалары 
бар.  
Жүйелік  блоктың  артқы  қабырғасында  қорек  блогының  желілік 
жалғағыштары,  перифериялық  құрылғыларды  жүйелік  тақтаға  қосуға 
арналған  жалғағыштар  және  қосымша  құрылғылардың  жалғағыштарын 
орнату үшін терезелер орналасады (2.3-сурет). 


25 
 
 
Аяқша 
Қорек блогы 
Корпустың үстіңгі қақпағы 
Қоректі қосу 
Қорек жалғағышы 
Қорек блогының 
желдеткіші 
Желдеткіш 
саңылаулар  
Кеңейт 
платаларына 
арналған 
терезелер 
Қосымша 
желдеткіштер 
Артқы қақпақ 
Алдыңғы 
панель 
5,25-дюймдік 
құрылғылар үшін 
бөліктер 
3,5-дюймдік 
құрылғылар үшін 
бөліктер 
Индикатор 
динамикалары
н қосуға 
арналған 
сымдар 
2.3-сурет. Қақпағы ашық ДК корпусы  
Соңғы  уақытта  жүйелік  блоктың  алдыңғы  панелінде  құлақшындарды 
қосуға 
арналған 
жалғағыштар 
мен 
әмбебап 
USB 
жалғағыш 
орналастырылған.  Бұл  жүйелік  блокқа  перифериялық  құрылғыларды 
қосуды жеңілдетеді (әсіресе ол жерде орналасатын болса).  
Қосымша 
құрылғыларға 
арналған 
бөліктер 
пластмассалы 
бітеуіштермен  жабылған  –  құрылғыларды  орнату  кезінде  олар  оңай 
жойылады.  Осы  құрылғыларды  қосу  үшін  қорек  блогында  қосымша 
шлейфтер  мен  жалғағыштар  бар.  Корпустың  ішінде  шағын  акустикалық 
динамика  (speaker)  бар.  Заманауи  компьютерлерде  монитор  бұл  сәтте 
қосылмауы  мүмкін  болғандықтан,  ол  негізінен  ДК  жүктеу  үрдісінің 
дыбыстық индикациясы үшін қызмет етеді.  
Ескірген  үлгілердің  кейбір  компьютерлерінде  процессордың  тактілік 
жиілігін  көрсететін  индикатор  мен  turbo  батырмасы  бар.  Бұл  батырма 
процессорды  ХТ  процессорлары  үшін  әзірленген  бағдарламалармен 
(әдетте  ойын)  жұмыс  жасауға  арналған  төмендетілген  тактілік  жиілік 
режиміне  қосылу  үшін  қызмет  етеді.  Кейде  сыртқы  түрі  бойынша 
компьютердің  классын  анықтау  қиын  болатынын  атап  өткен  жөн  –  бұны 
экранға  жүйелік  блок  пен  перифериялық  құрылғылардың  негізгі 
параметрлері шығарылатын жағдайда, ДК жүктеу кезінде жасауға болады.  
Сату  кезінде  компьютердің  корпусы  әдетте  қорек  блогымен 
толымдалады  (2.4-сурет).  Қорек  блогының  қуатында  әртүрлі  тіркелген 
мәндер  бар.  Қуатты  таңдау  аналық  және  еншілес  тақталардың 
процессорларымен шашырайтын перифериялық құрылғылардың саны мен 
қуатына тәуелді. 


жүктеу 2,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау