Бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы"



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет36/41
Дата25.05.2018
өлшемі1,14 Mb.
#17482
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41

қатысуымен «Бағдарламаны іске асыру мониторингі» тақырыбы бойынша жұмыс бабындағы қорытынды 

кеңес өткізіледі.

      402. «Бағдарламаны іске асыру мониторингі» тақырыбы бойынша жұмыс бабындағы қорытынды 

кеңес шеңберінде қатысушылар Бағдарлама құралдарын жетілдіруге қажетті шаралар туралы 

хаттамалық шешім қабылдайды.

      403. Мониторингті қаржыландыру мынадай түрде жүргізіледі:

      1) Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттарының шеңберінде статистикалық 

көрсеткіштердің аудиті қаржы агенттігінің меншікті қаражатының есебінен; Бағдарламаның 

төртінші бағытының шеңберінде Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының 

есебінен жүзеге асырылады;

      2) Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасының аудиті - уәкілетті орган, қаржы 

агенттігі мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында тиісті шарттар жасасу жолымен 

республикалық бюджет қаражатының есебінен;

      3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті - Қаржылай емес қолдау операторы қаражатының 

есебінен;

      4) «Бағдарламаны іске асыру мониторингі» тақырыбы бойынша жұмыс бабындағы қорытынды 

кеңес өткізу - Қаржылай емес қолдау операторының қаражаты есебінен.

      Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасауы

      404. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жасалған 

банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы 

мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық 

лизинг шарттары бойынша кепілдік беру жөніндегі келісімдер Бағдарламаны іске асыру кезінде 

қолданылады және қайтадан жасалмайды.

      405. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді уәкілетті орган 

республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырады.

      406. Қаржы агенттігі кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін 

субсидиялау, кредиттер бойынша кепілдік беру және мемлекеттік гранттар беру бөлігінде 

Бағдарламаның іске асырылу мониторингін жүзеге асырады.

      407. Бағдарлама тиімділігінің жылдық кешенді талдамалық жалпы есебін қалыптастыру 

мақсатында қаржы агенттігі есепті жылдан кейінгі жылдың сәуірінен кешіктірмей Бағдарламаның 

бірінші, екінші және үшінші бағыттары мониторингінің нәтижелерін қаржылай емес қолдау 

операторы мен уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 407-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 

№ 234

 (алғашқы ресми 



жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      408. Кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметті қолдаудың қаржылық шараларына мониторинг жүргізу

мақсаты үшін қаржы агенттігіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік 

кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес салықтық құпия 

болып табылатын мына: 

      1) кәсіпкер кірісінің өсу серпінін қаржы агенттігінің айқындауы үшін кірістер; 

      2) қаржы агенттігінің кәсіпкер жұмыс орындарының орташа жылдық санының өсуін айқындауы

үшін жұмыскерлер саны; 

      3) жұмыскерлердің есептелген кірістері және жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша 

шығыстар;

      4) бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы;

      5) қаржы агенттігінің кәсіпкердің бюджетке салық төлемдерінің ұлғаю серпінін айқындауы

үшін салық төлемдері сомасы туралы мәліметтерді қаржы агенттігіне ұсынуға келісім беру 

туралы өтініш береді. 

      Кәсіпкердің кірісінің, жұмыскерлерінің орташа жылдық санының өсу, салықтық 

төлемдерінің ұлғаю серпінін айқындау үшін қаржы агенттігі Кәсіпкердің салықтық есептілігінің

тиісті нысандарында көрсетілген ақпаратты пайдаланады. Кәсіпкердің кірісінің, 

жұмыскерлерінің орташа жылдық санының өсу, салықтық төлемдерінің ұлғаю серпінін есептеу 

кезіндегі есепті күн ӨҮК шешімі қабылданған күнге қарамастан, келесі қаржы жылының басы 

болып табылады.

      Ескерту. 408-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 

№ 234


 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.




      409. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өңірлерде өндірістік инфрақұрылымды дамыту, 

мемлекеттік гранттар беру, кәсіпкерлік қызметті көшіру бойынша көліктік шығындарды өтеу, 

кадрларды даярлау бөлігінде Бағдарламаның іске асырылу мониторингін жүргізеді және уәкілетті

органға тоқсан сайын есеп береді. Есептің құрылымын уәкілетті орган айқындайды.



      Бағдарламаның критерийлері

      410. Мемлекеттік қолдау алуға үміткер кәсіпкерлердің кредиттері/лизингтік мәмілелері/

микрокредиттері мынадай критерийлерге сәйкес болуға тиіс:

      1) Бағдарлама шарттарына сәйкес кәсіпкерлердің кредиттері/лизингтік мәмілелері/

микрокредиттері жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірістерді жаңғыртуға және 

кеңейтуге, оның ішінде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобаларды іске асыруға 

бағытталуға тиіс;

      2) банктердің/лизингтік компаниялардың/микроқаржы ұйымдарының кредиттері/лизингтік 

мәмілелері/ микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және оларға ішінара 

кепілдік беру:

      ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды 

сатып алуға бағытталған;

      Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;

      банктердің/Даму банкінің/ лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама 

шеңберінде арзандатылған кредиттерін/лизингтік мәмілелерін қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі 

бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;

      қонақ үй немесе қонақ үй кешендерін сатып алуға берілген;

      овердравт түрінде берілген кредиттер/лизингтік мәмілелер/ микрокредиттер бойынша 

жүзеге асырылмайды.

      3) ұлттық және шетелдік валюталарда кредит беруге жол берілетін Бағдарламаның үшінші 

бағытын қоспағанда, кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі/микрокредиті ұлттық валютада 

берілуге тиіс.

      Ескерту. 410-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 

№ 234


 (алғашқы 

ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

қаулысымен.

      411. Мыналар:

      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін

жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 

 

қаулысына



сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия 

өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын;

      3) қиыршықтас және құм карьерлерін қазуға, тұз өндіруге бағытталған жобаларды 

қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын;

      4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (

жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық 

басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік 

корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған 

кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын 

кәсіпкерлер, сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер 

Бағдарламаға қатысушы бола алмайды.

      


Ескерту. 411-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 

№ 370


 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      412. Субсидиялау қайтарымды лизинг, қайталама лизинг, қосалқы лизинг шарттары бойынша 

жүзеге асырылмайды.

      413. Субсидиялау, кепілдік беру жөніндегі, гранттар беруге және өндірістік (

индустриялық) инфрақұрылымды салуға немесе қайта жаңартуға арналған, 2015 жылғы 31 наурызға 

дейін ӨҮК-те мақұлданған жобаларды қаржыландыру бұрын ӨҮК мақұлдаған шарттарға сәйкес жүзеге

асырылады.

      414. Кәсіпкерлердің «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды

сауықтыру» бағытының шеңберінде мақұлданған жобалары бойынша банктердің/Даму банкінің 

кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау «Бизнестің жол картасы 2020» 



жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау