Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрінің
2018 жылғы «11» қыркүейктегі
№ 629 бұйрығымен
бекітілген
_____
2019 – 2021 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға
конкурстық құжаттама
Уәкілетті салалық орган – Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы конкурстық құжаттама 2019 – 2021 жылдарға арналған ғылыми
және
(немесе)
ғылыми-техникалық
жобалар
бойынша
гранттық
қаржыландыруғаконкурсқа (бұдан әрі – конкурс) қатысу үшін өтінімдерді
дайындау мақсатында әзірленді.
Конкурстық құжаттама «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы
Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011
жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе)
ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы
қаржыландыру қағидасына жәнеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық
сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасына(бұдан әрі – Сараптама
жүргізу қағидасы) сәйкес әзірленді.
2. Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің2017 – 2021
жылдарға арналған стратегиясын іске асыруға бағытталған 2019 – 2021
жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды
(іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) гранттық қаржыландыру бойынша
өткізіледі.
3. Конкурстың мақсаты –ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін,
ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының, сондай-ақ ғалымдардың ғылыми-
техникалық әлеуетінжәне бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ғылыми
зерттеулерді жүргізуге 2019 – 2021 жылдарға арналған гранттық
қаржыландыруды бөлу.
4. 2019 жылға арналған жалпы қаржыландыру сомасы Қазақстан
Республикасының
Үкіметі
жанындағы
Жоғары
ғылыми-техникалық
комиссияның отырысында айқындалады, 2020 – 2021 жылдарға арналған сома
тиісті қаржы жылына арналып бекітілген қаржыландыру көлеміне сәйкес
нақтыланатын болады.
2
2-тарау. Басым және мамандандырылғанғылыми бағыттардың атаулары
5. Зерттеудің басым бағыты ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс болып
табылады, ол мынадай мамандандырылған бағыттардан тұрады:
Іргелі ғылыми зерттеулер – мемлекеттің әскери ұйымын дамыту.
Қолданбалы ғылыми зерттеулер:
1) қару-жарақ пен әскери техниканы технологиялық жетілдіру және
жаңғырту;
2) цифрландыру мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
факторы және құралы ретінде;
3) әскери қызметшілердің тамақтану рационын жаңғырту саласындағы
зерттеулер.
3-тарау. Гранттық қаржыландыруға өтінім нысанынажәне мазмұнына
қойылатын талаптар, қаржыландыру көлемі және шарттары
6. Гранттық қаржыландыруға өтінім мемлекеттік,орыс және ағылшын
тілдерінде екі данада, бұл ретте әрбір дана қағаз және электрондық
жеткізгіштерде ұсынылады.
7. Гранттық қаржыландыруға өтінім мәтінінің мазмұны мемлекеттік және
орыс тілдерінде бірдей болуға тиіс.
8. Әлеуетті орындаушы ұсынылған ақпараттың дұрыстығына толық
жауапты болады.
9. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 1-қосымшаға сәйкес талаптарға сәйкес
болуға тиіс және осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшада көрсетілген нысанға
сәйкес жасалады. Өтінімгеілеспе хат, өтініш және жобаның қысқаша
сипаттамасы 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
10. Өтінімдер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери
ғылым және инновациялар басқармасына Астана қаласы, Достық көшесі, 14
мекенжайы бойынша жолданады.
11.
Сараптама
жүргізу
қағидасының
10-тармағына
сәйкес
өтінімдердіңжеке тіркеу нөмірі (бұдан әрі – ЖТН) болуға тиіс.
ЖТН-ны алу үшін конкурс жарияланған сәттен бастап тапсырыс
берушініңөтінімді
қабылдауының
соңғы
мерзіміне
дейін
конкурсқа
қатысушылар «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалықсараптама орталығы»
АҚ-ның (бұдан әрі – Орталық) интернет-ресурсында is.ncste.kz мекенжайы
бойынша Орталықтың ақпараттық жүйесінде өтінімнің электрондық нұсқасын
қоса салумен өтінімдерді тіркейді. Орталықтың ақпараттық жүйесіне тіркелген
өтінімдердің электрондық нұсқасықағаз нұсқасымен бірдей болуға тиіс, өткені
сарапшыларға Орталықтың ақпараттық жүйесінен өтінімдердің электрондық
нұсқалары жолданады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер
қабылданбайды.
3
12. ЖТН Орталықтың ақпараттық жүйесінде тіркелгеннен кейін өтінімнің
қағаз нұсқасының бірінші бетіне қойылады.
13. Гранттық қаржыландыруға өтінім үш жылдан аспайтынжобаны іске
асыру мерзімі туралы ақпаратты қамтуға тиіс.
14. Өтінім тігіледі жәнеқағаз пломбамен бекітіледі, онда тігілген және
нөмірленген парақтар саны туралы жазба жасалады және ол дөңгелек мөрмен
өтінім берушініңуәкілетті адамының қолтаңбасымен (заңды тұлғалар үшін)
немесе Сараптама жүргізу қағидасына сәйкес куәландырылған жеке тұлғаның
қол таңбасыменкуәландырылады.
15. Өтінім оның ашылуы мемлекетке және өтінім берушінің авторлық
және/немесе өзге де құқықтарына әлеуетті залал келтіруі мүмкін мемлекеттік
және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты қамтымауға тиіс.
16. Өтінімнің мазмұны мынадай бөлімдерді қамтуға тиіс:
1) жалпы ақпарат;
2) жобаның сипаттамасы;
3) зерттеу әдістері және этикалық мәселелер;
4) жобаны жоспарлау және басқару;
5) зерттеу тобы;
6) зерттеу ортасы;
7) күтілетін нәтижелер;
8) библиография;
9) қосымшалар.
17. Мынадай талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер өтінім берушіге
қайтарылады:
1) ЖТНболмағанкезде;
2) конкурстық құжаттаманың талаптарын бұзумен ресімделген;
3) толық көлемде ұсынылмаған;
4)плагиат бар болған және өтінімнің тақырыбы немесе мазмұныбұрын
немесе
бір
уақытта
берілген
мемлекеттік
ғылыми-техникалық
сараптамаобъектілерімен қайталанғанкезде (бұл ретте дәлелдер, негіздемелер,
оның ішіндетехникалық құралдарды қолданумен және мамандандырылуы
мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісіне сәйкес келетін тәуелсіз
мамандарды тартуменкелтірілуге тиіс);
5) конкурсқа қатысушыда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
қызмет субъектісін аккредиттеу туралы куәлік болмаған кезде;
6) егер өтінімнің электрондық нұсқасы қағаз нұсқасына сәйкес келмеген
жағдайда;
7) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісі бойынша бұрын
алынған өтінімдердің шекті бағалары төмен болған немесе ғылыми этиканы
бұзу фактілері бар болған кезде;
8) әртүрлі тілдердегі өтінімдер бірдейболмаған кезде;
9) бұрын мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылған немесе
қаржыландырылатын жобалар бойынша өтінімдер.
Достарыңызбен бөлісу: |