Халықаралық ұйымдар мыналарға:
1) технологияларды тартуға және жабдықтарды сатып алуға;
2) оқыту бағдарламалары мен мамандандырылған тренингтерді ұйымдастыруға;
3) консультациялар үшін кәсіпорындарға тікелей шетелдік жоғары білікті мамандарды
тартуға жәрдем көрсететін болады.
390-4. Әріптестік бағдарламаларды іске асыру тетігі:
1) әріптестік бағдарламаларды іске асыру бойынша ірі компаниялармен бірлескен іс-қимыл
жоспарын әзірлеу;
2) әріптестік бағдарламаларды іске асыру бойынша ірі компания, жергілікті атқарушы
органдар, «Даму» КДҚ» АҚ арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы
меморандумдарға қол қою;
3) кәсіпкерлерді қоғамдық ұйымдарға біріктіру;
4) ірі компаниялармен жергілікті ШОБ субъектілерінен сатып алынатын тауарлар мен
көрсетілетін қызметтер тізбесі негізінде сатып алу үшін пилоттық бағыттарды, жауапты
адамдарды және өзара іс-қимыл форматын айқындау;
5) жергілікті ШОБ субъектілерінің өзекті тізілімін жасау және жүргізу және оларды
өнімдердің түрлері бойынша бөлу;
6) жүйе құраушы компаниялардың, әкімдіктің, «Даму» КДҚ» АҚ-ның қатыстуымен ШОБ
субъектілерімен мерзімді кеңестерін өткізу;
7) ШОБ мүдделі компанияларының қатарынан әлеуетті қатысушыларды іріктеу және олар үшін
таңдап алынған пилоттық бағыттар бойынша мамандандырылған семинарлар мен тренингтер
ұйымдастыру, бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру; кәсіпкерлерге қызметтің жаңа түрін дұрыс
жолға қою, бизнес-жоспар әзірлеу, технологиялар мен жабдықтар сатып алу, маркетингті
ұйымдастыру мен өткізу мәселелері және басқа да мәселелер бойынша жеке консультациялық көмек
ұсыну;
8) жергілікті ШОБ субъектілерімен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу;
9) қаржыландыруды ұсыну, жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жеткізуге жәрдемдесу
мәселелерін шешу.
390-5. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (бұдан әрі – ӘКК) әріптестік бағдарламаларды
іске асыру операторы болып табылады.
Оператордың функцияларына:
1) әріптестік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу
;
2) әріптестік бағдарламаларды іске асыру бойынша тұрақты жұмыс істейтін жұмыс
топтарының қызметін ұйымдастыру;
3) жергілікті ШОБ субъектілерінен сатып алу үшін ірі компаниялармен бірге тауарлар мен
көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау;
4) жергілікті ШОБ субъектілерінің – бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың тізілімін
жасау және оны жүргізу;
5) ШОБ мүдделі компанияларының қатарынан әлеуетті қатысушыларды іріктеу;
6) кәсіпкерлерге мамандандырылған семинарлар мен тренингтер, басқа да мәселелер
бойынша консультациялық көмекті ұйымдастыру;
7) бағдарламаға қатысушыларға жергілікті ШОБ субъектілерімен ұзақ мерзімді
келісімшарттар жасасуға жәрдемдесу жатады.
390-6. Әріптестік бағдарламаларды іске асыру бойынша ӘКК операторлық көрсетілетін
қызметтердің ақысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленетін болады.
Бағдарламаны іске асыру мониторингі
391. Бағдарламаны іске асыру мониторингі оның нысаналы индикаторларына, міндеттері мен
нәтижелер көрсеткіштеріне толық және уақтылы қол жеткізуді, Бағдарламаны іске асырудың
ағымдағы жай-күйі туралы үнемі ақпарат алуды, сондай-ақ Бағдарламаны, оның ішінде Қазақстан
Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың сыртқы және ішкі құбылмалы факторларын ескере отырып
, оның құралдары мен тетіктерін уақтылы өзектілендіруді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге
асырылады.
392. Бағдарлама мониторингі үш деңгейде жүргізіледі:
1) статистикалық көрсеткіштерді талдау кәсіпкерлік санаттары, мемлекеттік қолдау
түрлері, салалық және өңірлік тиесілілік бөлінісінде ұсынылатын қызметтер саны мен қолдау
құралдарының тізбесі бойынша көрсеткіштерді жинау мен өңдеуге бағытталған;
2) Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасының аудиті Бағдарлама құралдарын алушылардың
қанағаттануын, ұсынылатын мемлекеттік қолдау құралдарының жеткіліктілігі мен толықтығын
бағалауды көздейтін Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасын бағалауға бағытталған;
3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті мемлекеттік қолдау құралдарының жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің кәсіпкерлік қызметінің түпкілікті сапасы мен нәтижелілігіне ықпалын
субъективті бағалауға, сондай-ақ Бағдарлама құралдарының әлеуметтік, бюджеттік және
экономикалық тиімділігін объективті бағалауға бағытталған.
393. Бағдарламаны пайдаланушының портретін сипаттауға, кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелілігінің жақсаруын/нашарлауын экономикалық немесе басқарушылық тұрғыдан бағалауға,
сондай-ақ қолдау құралдарын алу жылдамдығы мен сапасын анықтайтын Бағдарламаның ішкі
факторларына баға беруге қабілетті кешенді талдамалық есеп мониторинг қорытындысы болып
табылады.
394. Мониторинг жүргізу үшін:
1) ұлттық және ведомстволық статистика;
2) Бағдарлама құралдарын алу кезінде толтырылатын бастапқы нысандар;
3) кәсіпкерлердің көрсетілген қызметтер сапасына қанағаттануын бағалауға арналған
нысандар;
4) мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлерге телефон арқылы және тікелей сауалнама
жүргізу;
5) кәсіпкерлермен өткізілген семинарлар, кеңестер, кездесулер ақпарат көзі болып
табылады.
395. Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттары шеңберінде статистикалық
көрсеткіштерді талдауды, сапа мен нәтижелілік аудитін қаржы агенттігі жүргізеді.
396. Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде статистикалық көрсеткіштерді талдауды,
сапа мен нәтижелілік аудитін Қаржылай емес қолдау операторы жүргізеді.
397. Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасының аудитін қаржы агенттігі мен Қаржылай
емес қолдау операторы телефонмен және тікелей сауалнама өткізу арқылы жүргізеді. Сауалнама
жүргізу үшін қаржы агенттігі мен Қаржылай емес қолдау операторы білікті мамандарды бөледі,
олар қызметтерді ұсыну сапасының тікелей мониторингін жүзеге асырады. Тікелей сауалнама
кәсіпкер толтыратын сауалнама парағының негізінде жүргізіледі.
398. Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті статистикалық көрсеткіштерді талдау, Бағдарлама
құралдарының іске асырылу сапасы аудитінің нәтижелері, оның ішінде Бағдарлама құралдарын
пайдаланғаннан кейін өздері алған әлеуметтік, бюджеттік және экономикалық нәтижелерді
көрсетіп, кәсіпкерлер есеп беретін семинарлар мен кездесулердің қорытындылары бойынша жүзеге
асырылады.
399. Бір жылдық статистикалық көрсеткіштерді, сапа және нәтижелілік аудитін талдау
нәтижелерін қолдана отырып, Бағдарламаның тиімділігі туралы кешенді талдамалық есеп
дайындауды Қаржылық емес қызмет көрсету операторы жүзеге асырады.
400. Бағдарлама мониторингін жүргізу тұрақтылығы:
1) статистикалық көрсеткіштерді талдау - уәкілетті органға мемлекеттік қолдау
құралдарының іске асырылуы бойынша ақпарат беру жолымен ай сайын;
2) Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасының аудиті - кейіннен уәкілетті органға
жиынтық есеп жібере отырып, Бағдарлама жұмысының сапасын бағалау сауалнамасының деректерін
өңдеу жолымен тоқсан сайын және қолдау шараларын алу үшін жыл бойы өтініш бергендерінің
жалпы санының кемінде 5%-ы мөлшерінде көрсетілетін қызметтерді алған кәсіпкерлерге
телефонмен немесе тікелей сауалнама жүргізу жолымен жыл сайын;
3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті – КҚКО базасындағы форматқа сәйкес семинар өткізу
жолымен жыл сайын.
Бағдарлама нәтижелілігі аудитінің нәтижелері есепті жылдан кейінгі қаржы жылының
шілдесінен кешіктірмей қаржылай емес қолдау операторы уәкілетті органға беретін Бағдарлама
тиімділігінің кешенді талдамалық есебіне қосылады.
Ескерту. 400-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016
№ 234
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
401. Жалпы кешенді жылдық талдамалық есепті дайындау қорытындылары бойынша
Бағдарламаны іске асыруды жүзеге асыратын мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың