Ағымдағы және әлеуетті проблемалар:
Жеке меншік қаражат айналымының, кепілге берілетін мүліктің жеткіліксіздігіне, сыйақы беру мөлшерлемесінің жоғары пайызына байланысты ШОБ субъектілеріне кредит беру қиындығы
білікті кадрлардың тапшылығы;
электрондық сауданың дамымауы.
Ішкі сауда
Облыста соңғы жылдары ішкі сауда саласында тұрақты оң серпін байқалуда: халыққа сату көлемінің ұлғаюы, сауда желісі мен қызметтер инфрақұрылымының дамуы, оның ішінде осы заманғы технологияларды қолдана отырып, тауарларды сату үдерісін іске асыратын сауда обьектілері.
Мәселен 2016 жылы облыс бойынша көтерме тауар айналымы 500,2 млрд. теңгені құрады және 2014 жылмен салыстырғанда 13,3-ға ұлғайды (2014 ж. – 484 млрд.теңге; 2015 жылы – 421,6 млрд.теңге).
2016 жылы бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 275,3 млрд.теңгені құрады және 2014 жылға қарағанда 20,5-ға ұлғайды (2014 ж. – 228,3 млрд.теңге; 2015 жылы – 4234,4 млрд.теңге). Бөлшек сауданың НКИ 102,5ды құрады.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындардың қызмет көрсету көлемі тұрақты ұлғаю тенденциясын көрсетуде, талданып отырған мерзім аралығында (2014-2016 жылдары) 4,4 млрд. теңгеден 7,7 млрд. теңгеге дейін немесе 1,7 есе ұлғайтылды.
Мамандандырылған дүкендер, супер және гипермаркеттер, сауда орталықтарының желілері дамып келеді, бұл қоғамдық тамақтану, тұрмыстық және қаржылық қызметтерді қоса алғанда, тауарлар мен қызметтердің неғұрлым кең сұрыптамасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер сапасына кепілдік беруге мүмкіндік береді.
2017 жылдың 1 қаңтарына облыста 6948 сауда обьектісі, олардың ішінде 2937 бірл. ауылдық елді мекендерде, 947 қоғамдық тамақтану обьектілері, оның ішінде ауылдық жерлерде 410-ы бар.
Облыста әрекеттегі сауда базарлардың паспорттандыру жүргізілді, 2016 жылдың қорытындылары бойынша облыста 43 сауда базары, 5,8 мың сауда орындары тіркелген. Қалалық жерлер бойынша 26 базар, ауылда – 17 тіркелген. Базарлардың түрлері бойынша азық-түлік - 3, азық-түлік емес - 16, мамандандырылған - 2 және әмбебап - 22 болып бөлінеді. 43 сауда рыногының – 41 бөлшек және 2 көтерме-бөлшек; санаты бойынша: 1 рынок - бірінші, 14 рынок – екінші және 28 рынок – үшінші санатты.
Облыста дамыған сауда инфрақұрылымын құру жөніндегі жұмыстар бойынша сауда объектілерін заманауи сауда нысаны мен әдістерін қолдана отырып, сатып алушыларға қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сауда-технологиялық жабдықтармен жарақтандыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде, мамандандырылған, сондай-ақ әмбебап бағдардағы ірі сауда кешендер желілері дамып жатыр.
Облыс аймағында «ТОТ» бөлшек сауда дүкендерінің желісі орналастырылған («Меркурий 2030» ЖШС), Қостанай қаласында «Норма» маркет желісі («КВАРД ЛТД»), «Астықжан» сауда орталығы және «Тамаша Маркет» ЖШС бар.
Сонымен бірге, облыста 47 әлеуметтік дүкен (оның ішінде 1 көтерме-бөлшек сауда рыногы), 65 бөлім және 45 сауда нүктесі бар.
Сауда орындарында инфрақұрылымды жетілдіру, жергілікті тұтынушылырадың жергілікті өнімдер мен тауарлар туралы хабардар болуы, жергілікті тауар өндірушілердің жәрмеңкесін ұйымдастыру, өңірлік рыноктар туралы ақпаратты жариялау, заманауи сауда форматтары алаңдарының санын және олардың бөлшек саудадағы жалпы айналымындағы үлесін ұлғайту бойынша жұмыстар жалғауда, «Қазақстанда жасалған» акциясын көпшілікке тарату бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Саланың дамыту жағдайдың SWOT-талдауы:
Күшті жақтары:
1. Шағын мен орта кәсіпкерлік субъектілердің, өндірілетін өнімдер, қызметтер, оның ішінде көлемдерінің сандық ұлғаюы.
2. Шағын кәсіпкерлік дамытудың нарық инфрақұрылымның болуы: кәсіпкерлікті дамыту «Даму» Қоры АҚ, ШНҰ, кәсіпкерлер ассоциациялары, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары.
3.«Бизнес жол картасы 2020» бизнестің қолдау мен даму Бірыңғай бағдарламасы моноқалалардың кәсіпкерлері үшін және өз қызметтерін ауылды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктер береді.
4. Кәсіпкерлікті қолдауға арналған бюджеттік шығындардың жыл сайынғы ұлғаюы.
|
Әлсіз жақтары:
1. Салалық теңгерімсіздік және шағын және орта бизнестің әртараптанудың төмен деңгейі.
2. Электрондық сауданың нашар дамуы.
4. банк кредиттерінің жоғары пайыздық сыйақы мөлшерлемесі.
|
Мүмкіндіктері:
1. Ауыл шаруашылық өнімін терең қайта өңдеуді ескере отырып, ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорындардың шикізаттық бағыттарынан шығу.
2. Шағын кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамыту үшін әлеуеттің болуы.
3.Нарықта сұраныс пен ұсыныс, бәсекелестер, шикізатты жеткізуші туралы ақпарат банкін құру.
4.Шағын кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуін қамтитын нарық инфрақұрылымын даму.
5.ШОК консалтингілік және консультанциондық қызметтерді көрсету.
|
Қауіп-қатерлері:
Ішкі нарықтың импортқа тәуелділікті ұлғайту.
2. Теңгенің құнсыздануына байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуі.
|
Негізгі проблемалар
Дамыған көлік-логистикалық жүйесінің жоқтығы.
Жөнге салынған рынок өтімінің болмауы ұсақ тауар өндірушілерге өздігінен (делдалсыз) шығарылған өнімдерді облыстың ішкі рыногында, сондай-ақ оның шегінен тыс жерлерде сатуға кедергі келтіреді.
Қысқа уақытқа қаттау жүйесінің дамымауы.
Даму беталысы
Франчайзинг және аутсорсинг көзқарасында ірі мен орта кәсіпорындармен өзара тиімді қатынастарды реттеу.
Нарықтағы сұраныс пен ұсыныс, бәсекелес, шикізатті жеткізу туралы ақпарат банкін құру.
Шағын кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымын дамыту.
Аймақаралық ынтымақтастық
Қостанай облысында еліміздің өңірлер арасында республика ішіндегі кооперация тамақ, хиимия, жеңіл өнеркәсіп, машина жасауда реттелген.
Өңіраралық кооперацияның нарықтық әлеуеті өңірде ауылшаруашылық тауар өндірушілер мен ауыл шаруашлығын қайта өңдеу кәсіпорындарының барлығына байланысты.
2016 жылы тауардың неғұрлым көп көлемі Алматы қ. кәсіпорындарынан сатып алынған – 30,6 млрд.теңге (43,1), Алматы облысы – 14 млрд.теңге (20), Ақмола облысы – 6,4 млрд.теңге (9), Павлодар облысы – 5,9 млрд.теңге (8), Астана қ. – 5,2 млрд.теңге (7,3), Солтүстік-Қазақстан облысы – 3,6 млрд.теңге (0,5), Қарағанды облысы – 2,9 млрд.теңге (0,4).
Облыс оңтүстік макроөңірлер құрамына кіретін облыстар кәсіпорындарымен машина-техникалық өнім және металл бұйымдары секторында, машина жасау бұйымдарын жеткізу бөлігінде өңіраралық сауданы дамыту әлеуеті бар. Облыстың машина жасау кәсіпорындары шығаратын өнімдер «AllurAuto» ЖШС-не (Алматы қ.) жеткізіледі.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерімен химия, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп және жеміс көкөніс өндірісі саласында ынтымақтастық меорандумдарын жасау қажеттігі бар.
Өңдеу өнеркәсіптерінде өндіріс көлемінің ұлғаюы үшін Астана қаласымен және солтүстік өңірге кіретін облыстармен өзара іс-қимыл жасау талап етіледі.
Солтүстік макроөңірдегі облыстарда аграрлық бағдар бар, астана айналасында азық-түлік белдеуін құра отырып, Астана қаласымен тамақ өнімдерін жеткізуде меморандумдар мен келісімдер жасау бойынша шаралар қабылданатын болады.
Облыс кәсіпорындары тамақ өнімдері мен сусындарды іс жүзінде республиканың барлыө өңіріне жеткізеді.
«Баян-Сұлу» АҚ (кондитерлік өнімдер өндірісі) республиканың барлық облыстарында өкілдіктері бар, «ДЕП» ЖШС (Сүт өнімдерін өндіру) Павлодар, Солтүстік-Қазақстан, Батыс-Қазақстан Қарағанды облыстарында, Алматы және Астана қалаларында ұсынылған. Астана қаласында «Қаржау» ШҚ (өсімдік майын өндіру), «Костанайский мелькомбинат» АҚ (ұн, макарон өндіру), «Агроинтерптица» ЖШС (тауық жұмыртқасын өндіру), «Арасан» фирмасы» ЖШС (алкогольсіз сусындарды, пиво шығару) өкілдіктері бар, «МИЛХ» ЖШС республиканың көптеген өңірінде өкілдігі бар.
Облыстың кәсіпорындары республиканың барлық өңірлеріне жеткізіліп отырады. «Алтын Өмір» ЖШС алкогольді және алкогольсіз сусындарды Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Шығыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан облыстарына жеткізеді. «Арасан» фирмасы» ЖШС Рудный филиалы рспубликаның барлық өңіріне, Астана және Астана қалаларына жеткізуді жүзеге асырады. Ұн өндірісін мыналар өткізеді: «Костанайский мелькомбинат» АҚ - барлық облыстар, Астана және Алматы қалалары, «Romana - нан» ЖШС - Оңтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарына, «Асалия» - Оңтүстік-Қазақстан, Алматы қаласына, «Аруана – 2010» ЖШС - Ақтөбе, Оңтүстік-Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарына жеткізеді. Шұжық және ет деликатестерін «Қарасу-Ет» ЖШС, «Аян-Озат» ЖШС «Ирина и К» ЖШС кәсіпорындары Ақтөбе, Ақмола облыстарына және Астана қаласына жеткізіп отырады. «K-Oil» ЖШС – Қарағанды, Солтүстік-Қазақстан облыстарына, Көкшетау және Алматы қалаларына өсімдік майын өткізеді.
2016 жылы басқа өңірлерге түсірілген өнімнің көлемі (саны 50 адамнан астам өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша) 194,1 млрд.теңгені құрады (2014 ж. – 367,4 млрд.теңге, 2015 ж. – 130,8 млрд.теңге).
Өңірде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында тұрақты негізде ақапараттық-презентациялық жұмыс жүргізіліп отырады (көрмелер, бизнес-конференциялар, семинарлар, кездесулер).
Саланың дамыту жағдайдың SWOT-талдауы:
Күшті жақтары (S):
Өндейтін өнеркәсіп көлемінің ұлғаюы, бұл шектес салаларды, кадрларға сұранысты, технологиялардың дамуына себепші болады;
2.ИИДМБ шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары (индустриаландыру Картасы, Өндірістік Бағдарламалар 2020, Экспортшы 2020);
3. ИИДМБ шеңберінде шектес өнеркәсіп, ауылшаруашылық салаларында өндірістің өсуі (металлургия, машина жасау, қайта өңдеу).
|
Әлсіз жақтары (W)
1.Аумақтың экономикасы шикізат пен металлдар бағаларына әлемдік конънктурасынан дамуының жоғары тәуелділігі;
2.Өнеркәсіп құрамында тау-кен өнеркәсіптің үлкен үлесі (осал экономиканың өсімі, басқа секторларға инвестицияны тарту төмендігі);
3. Дайын бұйымдар мен жабдықтарды өндіру бойынша кәсіпорындардың тәуелдігі.
|
Мүмкіндіктері (О):
1.Құрылыс материалдар өндірісті, металлургияны дамыту үшін бай минералдық-шикізат базасының бары;
2.Отандық таурлар өндірушілердің сыртқы экономикалық қолдауы.
|
Қауіп-қатерлері (Т):
1.Әлемдік экономикаға бірігуге байланысты өңірлік экономикада бәсекелестіктің төмендеуі;
2.Табиғи ресурстардың тозуы.
|
Ағымдағы және әлеуетті проблемалар
ҚР Солтүстік өңірі, ел іші және ЕВРАЗЭС тараптары шеңберінде өңіраралық кооперацияны дамыту бойынша өңірдің Жол картасы әзірленбеген.
Даму перспективасы
өңірде ұлттық ауылшаруашылық кластерін құру шеңберінде ауыл шаруашылығы секторы кәсіпорындары;
өңірде шығарылмайтын өнімдерді жеткізу бөлігінде Қазақстанның басқа да облыстарымен кооперация;
индустриалдық аймақ аумағында ҚР басқа өңірлерінде және ЕАЭК-да өткізуге көзделген тауарлар шығару үшін процессингтік орталықтар құру.
Инвестициялық қызмет
Қостанай облысы бойынша 2014-2016 жылдардағы негізгі капиталға инвестицияларды талдау көрсеткіште тұрақсыз қарқын болғанын көрсетті. Мәселен 2014 жылы НКИ 101,6% құраса, кейінгі 2015 жылы (82%) және 2016 жылы (92,5) 100% төмен болды.
2015 жылы төмендеу себебі әлем экономикасының бәсеңдеуіне, 2016 жылы НКИ есептеу әдістемесінің өзгеруіне байланысты ірі инвестициялық жобалардың болмауы (бұрын инвестицияның 3 құраушы құрылымына бірыңғай дефлятор қолданылды: құрылыс-монтаждау жұмыстары; машиналар мен жабдықтарға шығындар; өзге шығындар. Қазір әр компонентке өз дефляторы бар, неғұрлым көбі машиналар мен жабдықтарда, оның облыс инвестициясы құрылымындағы үлесі 50астам құрайды, бұл жалпы НКИ әсер етті).
2016 жылы инвестициялар 2014 жылмен салыстырғанда 13,7-ға төмендеп, 178,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 92,5 (республика аймақтарының арасында 11 орын). Республика бойынша бұл көрсеткіш – 103,7.
Облыс инвестицияларының үлесі республика көлемінде 2,0-ды құрады (РК негізгі капиталға инвестициялар көлемі – 4049,9 млрд. теңге).
2014-2016 жылдары экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға инвестициялар мынадай салалар бойынша ұлғайды:
ауыл шаруашылығында15,4 млрд.теңге (2014 ж. – 19,1 млрд.теңге, 2016 ж. – 34,5 млрд.теңге)
тау-кен өнеркәсібінде 16,7 млрд. теңге (2014 ж. – 55,7 млрд. теңге, 2016 ж. – 72,4 млрд. теңге);
тұру бойынша қызметтерінде 631,6 млн.теңге (2014 ж. – 350,7 млн.теңге,2016 ж. – 982,3 млн.теңге).
Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі қайнар көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың меншікті қаражаттары болып табылады. Осы қайнар көздің инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2016 жылы 76,1%-ды құрады. Тартылған қаржат есебінен – 2,3, банк кредиттері – 4,2%, бюджетік қаражаттар 17,4%-ды құрады.
2016 жылы негізгі капиталға салымдардың басым бөлігі өнеркәсіпке – 96,3 млрд. теңге (негізгі капиталға ивестициялардың көлемінен 54,0%) бағытталды, оның ішінде тау-кен өнеркәсібіне – 72,4 млрд. теңге, өңдеу өнеркәсібіне – 11,2 млрд. теңге, электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауа реттеуге 6,1 млрд. теңге, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қоқыстарды жинақтау мен таратуды бақылауға – 6,5 млрд. теңгені құрады.
Ауыл, балық және орман шаруашылығына инвестициялар – 34,5млрд. теңге (19,3%), көлік және жинақтау – 16,2 млрд. теңге (9,1%), жылжымайтын мүлікпен операциялар – 18,8 млрд. теңге (10,6%), білім саласына 4,0 млрд. теңгені (2,3%) құрады.
2016 жылы облыс аудандары мен қалаларында инвестиция көлемі төмендеді. Неғұрлым төмендеу – Алтынсарин ауданында 46,7% және Арқалық қаласында 41,1%. Денисов (114,7%), Жітіқара (176,6%), Қамысты аудандарында (107,3%) және Лисаков қаласында (2,2 есе) инвестиция көлемі ұлғайды.
Инвестицияларды игеруге индустриализациялау шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыратын кәсіпорындар үлесін қосып отыр.
Индустриализациялау картасын іске асырудың бірінші бесжылдығы шеңберінде 115,8 млд.теңге сомасына 77 объекті пайдалануға берілді. 4753 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды (индустрия саласында жылпы сомасы 73,2 млрд.теңгеге 22 объект, 2710 жұмыс орны ашылды; АӨК жалпы сомасы 42,6 млрд.теңгеге 55 объект, 2043 жұмыс орны ашылды).
Индустриализациялау картасының екінші бесжылдығының шеңберінде 2014-2016 жылдары құны 9,0 млрд.теңге 7 объект пайдалануға берілді, 223 жұмыс орны ашылды.
2017 жылы кәсіпкерлікті қолдау картасының шеңберінде 317 жұмыс орнын аша отырып, жалпы құны 20,0 млрд.теңге 4 объектіні пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Инновациялық даму
2016 жылдың қорытындылары бойынша облыстың 1438 кәсіпорынның инновациялық қызметіне статистикалық бақылау жүргізілді, ондағы 161 шаруашылық субъектісінде технологиялық инновация болды (2015 ж. – 218 кәсіпорын, 2014 ж.-204, 2013ж - 164 кәсіпорын).
Шығарылған инновациялық өнімдер көлемі 45 095,9 млн.теңгені құрады, оның 52 672 млн.теңге сомасына өнім өткізілді. Экспортқа жеткізілген инновациялық өнім көлемі 8 239,4 млн.теңгені құрады.
Талданып жатқан кезеңде инновация шығындары 34547,8 млн.теңгені құрады. Бұл ретте, инновацияға кәсіпорындардың жұмсаған меншікті қаражаты 31558,8 млн.теңгені құрады, бұл инновациялық қызметті іске асыруға арналған жалпы шығындардың 91,3%-ын құрады.
Инновация саласының барлық түрлері бойынша неғұрлым жоғары белсенділік ірі кәсіпорындар арасында байқалды және 35,2ды құрады (125 есеп берген ірі кәсіпорындардың ішінен 44 кәсіпорын инновацялық қызметті жүзеге асырды).
Ішкі шығындарды қаржыландыру көздердің құрамында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарына республикалық қаражат есебінен – 71,9, тартылған қаражат есебінен – 24,8, меншіктік қаражат есебінен – 3,3. қаржыландырылды.
Ұйым қызметін талдау ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының басым бағыты ауылшаруашылық ғылым саласындағы зерттеулер болып табылады, оның ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарына ішкі шығындардың жалпы сомасындағы үлес салмағы 85%-ды құрады. Инженерлік әзірлемелер мен технология саласында -7,9табиғи ғылым – 2,9, әлеуметтік ғылым - 2 және гуманитарлық ғылым -2,2% алып отыр.
2016 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарымен 556 маман, олардың ішінде 441 адам зерттеуші-мамандар болып табылады. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын орындайтын ғылым докторларының саны – 34 адам, профиль бойынша докторлар – 4 адам, Phd философиясының докторлары – 7 адам, ғылым кандидаттарының саны – 1178 адам және магистрлар саны – 108 адам.
Облыста инновацияны дамыту бойынша қойылған міндеттерді іске асыру үшін инвестицияларды тарту және инновацияны қолдау орталығы «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - Орталық) ашылды.
Орталық ақпараттық-аналитикалық қолдау көрсетеді, инвестицияларды тартады, инновациялық және инвестициялық қызметті жандандыру жолымен облыстың инновациялық инфрақұрылымын дамытуға, индустриалдық-инновациялық дамуына жәрдем көрсетеді, нақты инвестициялық жобаларға, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу бойынша жобаларға талдау жасайды және іске асырады.
2015 жылдың ақпанында «ҚИнЭУ инновациялық орталығы» ЖШС инженерлік-технологиялық бюросының «Технологиялық үдерістерді модельдеу және қолдану» лабораториясының базасында Өңірлік инновациялық орталық ашылды, оның құрамына М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті (ҚИнЕУ), «АгромашХолдинг» АҚ, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «Агротехмаш» ЖШС кіреді.
ӨИО ынтымақтастық үшін ашылды және қазіргі уақытта өңірлік инновациялық орталықтың қызметіне басқа да өнеркәсіп кәсіпорындарын және ЖОО-ын тарту бойынша жұмыжүргізіліп жатыр.
«КИнЭУ» инновациялық орталығы» ЖШС қызметі өндіріс, білім, ғылымның өзара тиімді іс-қимыл жасауына және ЖОО ғылыми-техникалық әлеуетінің өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарымен бірігуіне ықпал етеді және Қостанай облысы индустриализациялау картасын және ИИДМБ екінші бес жылдығын неғұрлым тиімді іске асыруға жәрдемдеседі.
А. Байтұрсынова атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде патенттік-лицензиялық қызмет табысты дамып отыр. Университетте өнертабыстар мен өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдер, негізінде техникалық, аграрлық және ветеринарлық бағыттар бойынша қалыптастырылады.
Новацияны дамыту бойынша жұмыстардың шеңберінде облыста 255 019 «Инновациялық тәжірибені тарату және ендіру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы көзделген.
Қостанай облысының агроөнеркәсіп кешенінде (бұдан әрі - АӨК) инновациялық жобаларды іске асыру бойынша іс-шараларды субсидиялау жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
1. Қостанай облысының жағдайына қолданылатын, АӨК саласында қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) тарату және ендіру;
2. Қостанай облысының табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де жағдайларына қолданылатын, АӨК субъектілерінде инновациялық агротехнологияны тарату және ендіру.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың қатысуымен инновациялық дамуды қолдаудың негізгі тетіктерін түсіндіру мақсатында, оның ішінде «Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттік» АҚ арқылы инновациялық гранттар ұсыну бойынша презентациялар, семинарлар, конференциялар тұрақты негізде өткізіледі, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жобаларды іске асыруға, оның ішінде инновациялық құрайтын өңірдің кәсіпкерлеріне қаржылық қолдау көрсетіледі (банк кредиттерін кепілдендіру, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, гранттар бөлу).
Сонымен бірге мемлекеттік қолдау «ТЫҰА» АҚ (Технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Ұлттық агенттік) арқылы гранттар бөлу тәсілімен көрсетіледі.
Күшті жақтары
1. Инвестицияларды тарту және инновацияны қолдау орталығы «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - Орталық) ашылды;
«Технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Ұлттық агенттігі» АҚ инновациялық гранттар ұсынылады;
2. «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасын іске асыру шеңберінде инновациялық құрайтын өңірдің кәсіпкерлеріне қаржылық қолдау көрсетіледі
3.Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің базасында қызмет саласына инновацияны дамыту, ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерциализациялау, Қостанай облысының индустриализациялау картасын іске асыруға жәрдемдесу кіретін Консалтинг орталығын ұйымдастыру.
4. Иновацияның өңірлік кеңсесін құру бойынша жол картасын әзірлеу.
|
Әлсіз жақтары
1. Дәстүрлі өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық технологияларды ендіру кезінде белсенділігінің төмендігі;
2.Машина жасау кешені инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы: инфрақұрылымның едәуір бөлігін жоғалту (ғылыми зерттеу институттарын, конструкторлық бюроларды, тәжірибелі-эксперименттер базасын, сынақ және техникалық бақылау орталықтарын);
3. Өнімдер өндірісінде құны жоғары қойылған ғылымды қажетсінетін, жоғары технологиялық бұйымдар үлесінің төмендігі;
4. Өндірістің тиімділігін арттыруға кедергі келтіретін, жабдықтардың тозуының жоғары деңгейі;
5. Бар өндірістік сыйымдылықты толық пайдаланбау;
6. Инвестициялық тартымдылықтың төмендігі және кәсіпорындарда айналым құралдарының тұрақты тапшылығы.
|
Мүмкіндіктер
1. Индустриалдық аймақ құру;
2.өңірлік, республикалық және халықаралық іс-шараларға қатысу;
3. «Бизнестің жол картасы 2020» бюджеттік бағдарламасының шеңберінде өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңартуды жүзеге асыру;
4. «Өнімділік -2020» бағдарламасының шеңберінде инновациялық технологияларды ендіру жолымен өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбек өнімділігін арттыру;
5.Инвестициялық және инновациялық жобалардың деректер базасын қалыптастыру және тұрақты түрде толықтыру;
6. Диалог алаңын ұйымдастыру.
|
Қауіп
1. Өнеркәсіптің шикізаттық бағыты;
2. Қайта өңдеу өнеркәсібіндегі жекелеген салалардың бәсекеге қабілеттілігінің жеткіліксіздігі;
3. Шикізат бағасының түсіп кетуінің ықтималдығы;
4. Жоғары өмір деңгейінің және экспортқа бағытталған жобалардың бағалық саясатының әсері етуі.
|
Инвестиция және инновация саласындағы негізгі проблемалар:
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға Кәсіпорын шығындары мен бюджет шығыстарын қысқарту;
кәсіпорындар, облыстың академиялық және сервистік ұйымдары арасындағы байланыстың әлсіздігі;
облыстың инновациялық белсенділігі деңгейінің төмендеуі;
технологияларды коммерциялау мәдениетінің жоқтығы;
инвестиция саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру;
Өңірлік инновациялық жүйенің болмауы.
Жергілікті қамтуды дамыту
Облыс аумағында импорттық аналогтармен бәсекелес бола алатын көптеген өнімдердің шығарады.
Бұл тауарлардың спектрі мемлекеттік органдар ғана емес, ұлттық компанилар, ірі кәсіпорындар, жер қойнауын пайдаланушылар өткізетін, сатып алу кезінде жергілікті қамтудың негізі болды.
Өңірде сұр, темір рудасы, құрамында алтыны бар руда, асбест, бокситтер алынады.
Ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі және оны қайта өңдеу бойынша (бидай, ұн, жарма, сүт және ет өнімі, өсімдік майы) кәсіпорындардың тізімі кеңейтіледі.
«АгромашХолдинг», «Агротехмаш», «Дормаш» «Болашақ - А» және басқа да машина жасау кәсіпорындары дестелегіштер, ауылшаруашылық техникасына қосалқы бөлшектер дайындайды, тракторларды, комбайндарды жинайды, маневр тепловоздарын жөндеу.
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары («Қостанай киіз аяқ киім фабрикасы», «Большевичка» тігін фабрикасы, «Жейде» трикотаж фабрикасы») арнайы киімдердің, трикотаж бұйымдар мен аяқ киімдердің көптеген ассортименті шығарылады.
«Баян Сұлу», «Алтын өмір», «ДЕП», «Милх», «Ирина и К», «Лидер - 2010» тамақ өндірісі және басқа да кәсіпорындарда тамақ өнімдерінің көптеген сұрыптамасы өндіріледі.
Арнайы киім, ұсталық бұйымдар, оттегі сияқты тауарлар, кейбір құрылыс материалдары, баспа және бланктік өнімдер сияқты тауарлар жергілікті жеткізушілерден сатып алынады. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау обьектілері үшін азық-түлік өнімдері негізінде жергілікті жеткізушілерден сатып алынады.
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтудың мониторингі облыстың жүйе құраушы кәсіпорындары бойынша жүргізіліп отыр: «Дормаш» ЖШС (ауылшаруашылық және жол техникасының қосалқы бөлшектерін дайындау, тораптары мен агрегаттарын жөндеу); «СарыркаАвтоПром» ЖШС ҚФ(автомобильдер жинау); «Большевичка» ӨК (тігін бұйымдарын, арнайы киімдер, халық тұтынатын тауарлар шығару); «Қостанай-МБИ» ЖШС (жинақ темірбетон және бетон құрылымдашылары мен бұйымдарын өндіру); «Костанайский мелькомбинат» АҚ (ұн және макорон өнімдерін өндіру); «Қарасу Ет» ЖШС (салқындатылған ет және вакуумдық қаптамадағы жартылай фабрикаттар, сұрыптамалы шұжық өнімдерін өндіру).
2016 жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алу кезіндегі облыс бойынша жергілікті қамтудың көлемі: тауарлар бойынша – 40,9 құрады, (2014ж – 47,3%, 2015ж – 47,3%), жұмыстар бойынша – 78% (2014ж – 80,6%, 2015ж – 51,1%), қызметтер бойынша – 86,9% (2014ж – 89,5%, 2015ж - 63,9%).
Тау кен рудасы кешені жер қойнауын пайдаланушыларының тауарлар, жұмыстар мен қызметтерін сатып алу кезіндегі жергілікті қамтудың үлесі 2016 жылдың қорытындылары бойынша 46,1%-ды құрады, бұл 2014 жылдың деңгейінен 3%-ға артық (2014ж – 43,1%, 2015ж – 46,8%), оның ішінде тауарлар бойынша – 19% (2014ж – 18,8%, 2015ж – 21,5%), жұмыстар бойынша – 90,3% (2014ж – 95%, 2015ж – 95,3%) және қызметтер – 95,1% (2014ж – 94,4%, 2015ж – 95,6%).
Облыстың жүйеқұраушы кәсіпорындарының тауарлар, жұмыстар мен қызметтерін сатып алу кезіндегі жергілікті қамтудың үлесі 2016 жылдың қорытындылары бойынша 28,8%-ды құрады, оның ішінде тауарлар бойынша -16,2%, жұмыстар бойынша – 87,9% және қызметтер бойынша – 93,6% (2014-2015 жылдардағы қорытындылар бойынша тиісінше 14,3%/17,5%, оның ішінде тауарлар бойынша – 0,3%/0,6%, жұмыстар бойынша – 95,8%/100% және қызметтер бойынша – 76,3%/98,7%).
Қостанай облысында өндірілетін бәсекеге қабілетті тауарларды ішкі нарыққа жылжыту мақсатында кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады. Өңірдің кәсіпорындары өңірлік және респуликалық формудар мен көрмелерге қатысады.
2015 жылы 3,6 млрд. теңге сомасына 200 меморандум жасалды, олардың шеңберінде жалпы сомасы 4,6 млрд.теңгеге 914 шартқа қол қойылды.
2016 жылы отандық тауар өндірушілерімен жүйе құраушы ірі кәсіпорындармен және ұлттық компаниялармен ұзақ мерзімге (3 жылдан астам мерзімге) келісімшарттар мен меморандумдар жасалды.
«СарыаркаАвтоПром» ЖШС автомобиль өнеркәсібі үшін материалдар жеткізуге «Svydis-kz» ЖШС 45,0 млн.теңге сомасына 1 ұзақ мерзімді шарт жасалды.
«Қазақ саңыраулар қоғамы» оқу-өндірістік кәсіпорны 15,0 млн.теңгеге «Қазақстан «KEGOC»» электр желілерін басқару жөніндегі компаниясы» АҚ арнайы киім тігуге 1 келісімшарт жасалған.
«ССКӨБ» АҚ компаниясының басқарушысы болып табылатын «Евразийская группа» ЖШС «Ақтөбе рельсбелағаш зауыты» ЖШС мерзімсіз негізде 1 меморандум жасалды. Аталған меморандумның шеңберінде «ССКӨБ» АҚ «АРБЗ» ЖШС ынтымақтстық жүзеге асырылуда. А.ж. басынан бастап «ССКӨБ» АҚ «АРБЗ» ЖШС-нен 75,0 млн.теңгеден астам сомаға өнім сатып алды.
Достарыңызбен бөлісу: |