Жедел медициналық ЖӘрдем беру пәнін мемлекеттік тілде оқытудың сапасы мен мәселелері



Дата23.11.2018
өлшемі50 Kb.
#23643
түріСабақ


ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ ПӘНІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ОҚЫТУДЫҢ САПАСЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тұрланов Қ.М., Ахметова Г.Ж., Балқанай Г., Зарубекова Н.З.
Жедел медициналық жәрдем беру кафедрасы

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ


Пәнді қазақ тілінде оқытудың негізгі міндеті білімнің сапасын арттыру, сондықтан клиникалық кафедраларда студенттердің болашақ дәрігерлікке даярлығын жақсарту және клиникалық ойлау қабілетін қалыптастыру мақсатында сабақты іскерлік ойын түрінде өткізу, қазақ тілінде электронды оқулықтар, компьютерлік оқу-үйрету, тексеру бағдарламалары, электрондық тасымалдаушылар және ғаламтордағы әдебиеттермен студенттердің жұмыс істеу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету қажет.

Түйінді сөздер: мемлекеттік тіл, жедел медициналық жәрдем, оқыту
Қай медицина саласының маман дәрігері болмасын жедел медициналық жәрдем бере білу оның бірінші парызы болып табылады. Сондықтан оқуын тамамдаған дәрігер-түлек Республикамыздың ересек және бала тұрғындарына шұғыл медициналық көмекті кәсіби деңгейде орындай білуі керек. Сол талаптарды жүзеге асыру үшін ҚазММУ Ғылыми Кеңесі шешімімен, Ректордың № 99 жарлығымен 1997 жылы «Жедел медициналық жәрдем беру» кафедрасы құрылды.

Құрылған уақыттан бастап кафедрада емдеу және бала емдеу факультеті қазақ тобының 6 және 3 курс студенттеріне, интерн -дәрігерлерге мемлекеттік тілде сабақ жүргізіліп келеді. 2011-2012 оқу жылынан бастап «Жедел медициналық жәрдем беру» пәні мемлекеттік тілде 5 курс жалпы медицина факультеті студенттеріне беріле бастады. Осыған орай, кафедра оқытушылары біршама әдістемелік жұмыс атқарды. Атап айтқанда пән бойынша типтік, жұмыс бағдарламаларын мемлекеттік тілге аударып, дайындады. Сонымен қатар силлабус, дәрістер, тәжірибелік сабақтарға және студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған оқу- әдістемелік құралдар кешені, ағымды, аралық және қорытынды бақылауға арналған тесттер, есептер, көрнекті құралдар құрастырылған. Осы оқу жылында жедел жәрдем дәрігерлері мен студенттерге арналған «Жедел медициналық жәрдем» (Тұрланов Қ.М.,2011) оқулығы баспадан қайта өңделіп шығарылды. Сонымен қатар «Кардиологиядағы шұғыл жағдайлар», «Жедел уланулар. Ауруханаға дейінгі кезеңде ем шаралары», «Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі» атты оқу-әдістемелік құралдары құрастырылып, баспадан шықты. Әр оқу жылында кафедра қызметкерлері өздерінің іздену жұмыстары бойынша жедел жәрдем және басқа да тақырыптар бойынша мемлекеттік тілде ғылыми мақалалар жазып, баспаға шығарады.

Кафедрамызда ұйымдастырылған студенттердің ғылыми үйірмесіне қазақ топ студенттері белсене қатысады. Олар кафедра оқытушыларымен бірге жедел жәрдем шақыртуларына бару және шақырту карталарына талдау жүргізу арқылы зерттеу жұмыстарын жасайды. Біздің үйірмеміздің студенттері мен оқытушылары бірігіп дайындаған мемлекеттік тілдегі ғылыми баяндамалар жүлделі орындарға ие болып жүргенін атап айтқымыз келеді.

Ендігі біздің алға қойған міндетіміз тәжірибелік дәрігерлерге, әсіресе жоғарғы оқу орнын қазақ тілінде бітірген жас мамандарға жедел медициналық жәрдем сұрақтары бойынша мемлекеттік тілде дәрістер, семинарлар жүргізу болып табылады. Студенттерімізді оқытып жүрген клиникалық мекемелерде, осы күнге дейін орыс тілінде жүргізіліп келе жатқан іс-қағаздарын, медициналық құжаттарын кафедра қызметкерлері мемлекеттік тілге аударып, іс –жүзінде қолдануға атсалысты. Осыған орай машықтық сабақ барысында, кәсіптік тәжірибе кезінде студенттердің осы құжаттарды мемлекеттік тілде толтыруы қадағаланып отырады. Ол ертеңгі күні ана тілінде оқып, өз тілінде ойлайтын мамандарымыз үшін аса қажет.

Пәнді қазақ тілінде оқытудың негізгі міндеті білімнің сапасын арттыру, сондықтан клиникалық кафедраларда студенттердің болашақ дәрігерлікке даярлығын жақсарту және клиникалық ойлау қабілетін қалыптастыру мақсатында сабақты іскерлік клиникалық ойын түрінде өткізу қолға алынған. Осындай жаңа оқыту әдістері студенттің пациентпен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медициналық қызметкерлермен барынша сенімді қарым-қатынас туғыза білуіне, командамен жұмыс істеп үйренуіне және шұғыл жағдайда өзіне сенімді әрі сабырлы бола білуіне көп септігін тигізеді.

Студенттер өзіндік жұмыс тапсырмалары презентация, рефераттар, жедел жәрдем алгоритмдері мен эсселер түрінде қазақ тілінде дайындалып баяндалады.

Қазіргі уақыт талабына сай электронды оқулықтар, қазақ тіліндегі керекті компьютерлік оқу-үйрету, тексеру бағдарламаларымен электрондық тасымалдаушылар және ғаламтордағы әдебиеттермен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен студенттерді қамтамасыз ету қажеттілігі туып отыр, ол тек қана студенттердің машықтық сабағына ғана емес, сонымен қатар олардың өз бетінше дайындалуына көмегін тигізеді деген ойдамыз.

Біздің кафедра қызметкерлері жоғарыда аталған жетістіктермен шектелмей, мемлекеттік тілде оқыту сапасын арттыру мақсатында, қазақ тілінің медицина саласында өсіп-өркендеуі үшін әрі қарай да өз үлестерін қосатынына сенімі мол.



Әдебиеттер:

  1. Модель медицинского образования КазНМУ им.С.Д.Асфендиярова, 1-4 часть, Алматы, 2010 г.

  2. Ерназарова С.Т., Абсаттарова Г.П., Кашаганова К.Т. Жоғары білім басымталдықтары: тіл, ойлау, құндылық бағыттар/ Вестник КазНМУ. Научно-практический журнал. 2010-№4- с.54-56.

  3. Аканов А.А., Хамзина., Ахметов В.И. с соавт. Казахский национальный медицинский университет имени С.Д.Асфендиярова: на пути инновацмонных преобразований.- Алматы, 2010.-181с.

  4. Государственный общеобязательный стандарт медицинского образования. Алматы, 2006г.


Качество и проблемы преподавания дисциплины скорая и неотложная медицинская помощь на государственном языке

Турланов К.М., Ахметова Г.Ж., Балқанай Г., Зарубекова Н.З

Основной задачей обучения дисциплины на государственном языке является улучшение качества преподавания. В связи с этим на клинических кафедрах для развития клинического мышления и формирования навыков профессиональной деятельности активно используют деловые игры. Также необходимо обеспечить студентов электронными учебниками, обучающими компьютерными программами на казахском языке.

Quality and problems of teaching of discipline ambulance and urgent medical aid in the state language

Turlanov K.M., Ahmetova G. Zh, Balkanai G., Zarubekova N.Z.



The primary goal of training of discipline in a state language is improvement of quality of teaching. In this connection on clinical chairs for development of clinical thinking and formation of skills of professional work actively use business games. Also it is necessary to provide students with the electronic textbooks, training computer programs in the Kazakh language.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау