Жылдарға арналған келісім қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»



жүктеу 119,5 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі119,5 Kb.
#22323


Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, «Шығыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер Палатасы арасындағы

2018-2020 жылдарға арналған

КЕЛІСІМ
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі атынан ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының негізінде әрекет ететін облыс әкімі Ахметов Д. К. (бұдан әрі - әкімдік), «Шығыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі атынан Жарғы негізінде әрекет ететін төраға м. а. Тулеубаев М.А.(бұдан әрі – кәсіподақ), Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер Палатасы атынан Жарғы негізінде әрекет ететін директор м.а. Желякова О. А. (бұдан әрі - жұмыс берушілер), бұдан әрі атаулары – тараптар, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жеделдетілген ауқымды және іргелі жұмысына белсене қатысуды қажет деп санайды.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында әрекет ете отырып, 2018 – 2020 жылдарға жасалған Бас Келісімді, әлеуметтік әріптестікті дамыту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу, еңбек құқықтарын жүзеге асыруда кемсітуге жол бермеу қағидаттарын басшылыққа ала отырып, үшжақты келіссөздер барысында қол жеткізілген келісімдерді сақтауға міндеттеніп, тараптар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Кәсіптік одақтар туралы» заңы және Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық нормативтік актілері негізінде жұмышылардың еңбек жағдайларын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеудің мазмұны мен тараптардың міндеттерін анықтайтын құқықтық акт болып табылатын, 2018-2020 жылдарға арналған осы облыстық 3 жақты әлеуметтік әріптестік пен еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі Келісімді ( бұдан әрі – Келісім) жасасты.


1. ЭКОНОМИКАНЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН ЖАҢҒЫРТУ.
Тараптар:

- 4-ші өнеркәсіптік революция элементерін енгізу есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың бәсекелестік артықшылықтарын кеңейтуге;

- экономиканың технологиялық жаңаруы мен цифрландыру жағдайында еңбек нарығын тиімді реттеуге бағытталған бірлесе күш-жігер жұмсауға міндеттенеді.

Осы мақсатта:

1.1. Инновацияларды енгізу және кәсіпорындарды технологиялық қайта жабдықтауды ынталандыру;

Экономиканы технологиялық жаңғыртуға бизнесті және халықты жедел енгізу үшін ақпараттық-коммуникациялық құрылымды дамыту;

Еңбек ресурстарының құзыреттілігін жақсартуды және әлеуметтік тұрақсыздықты болдырмау және халықты қайта даярлау (қажет болған жағдайда), жұмыспен қамту арқылы кірістердің құлдырауын болдырмау үшін, кәсіпорындар мен өңірлер арасында және оның ішінде қызметкерлердің икемді ағындарын қамтамасыз ету.

1.2. Кәсіпорындарды, озық технологиялар енгізуді ескере отырып, негізгі құралдарды тез жаңартуға тарту.

Босатылатын қызметкерлердің құзыреттерін дамытуды қамтамасыз ету шаралары бойынша жұмыс берушілерге көмек көрсету(әкімдік).

1.3. Еңбек нарығындағы шиеленісті болдырмау үшін еңбек ресурстары ағынын басқару жүйесін құруға қолдау көрсету, бұл мақсатта:

- экономиканың технологиялық жаңаруына байланысты еңбек нарығындағы мәселелер туралы еңбек ұжымдарында кеңейтілген түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

- өндірісті технологиялық қайта жабдықтау аясында, еңбек нарығындағы шиеленісті төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу (кәсіподақтар)


2.АЙМАҚТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК

ПЕН ДИАЛОГТЫ ДАМЫТУ.
2.1. Тараптар облыстық салалық, қалалық және аудандық Келісімдерді, барлық меншік нысандықтықтағы кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде ұжымдық шарттарды жасауды міндетті деп санайды, әлеуметтік әріптестіктің қағидаттарын дамытатын ұжымдарға жан-жақты қолдау көрсетуге міндеттенеді (тараптар).

2.2. Осы Келісімге енгізілген міндеттер мен кепілдіктер ең төменгі болғандықтан, еңбекшілердің әлеуметтік және экономикалық қорғалуын төмендету жағына өзгертілмейді (тараптар).

2.3. Осы Келісімге қол қойған Тараптар өз өкілеттері көлемінде 2018-2020 жылдарға бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметі, кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасында жасалған Бас Келісімдегі белгіленген міндеттерді қабылдайды (тараптар).

2.4. Еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестіктің рөлін ары қарай арттыруды, оның құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін ғана емес, сонымен қатар қоғамның дамуына сәйкестігін, кешенді және жүйелі тәсіодерін енгізу, есепке алу және жетілдіруді жүзеге асыру.

Жұмысшылар мен жұмыс берушілер бірлестіктері әр жылдың наурыз айынан кешіктірмей, ұжымдық шарттардың жасалуының қамтамасыз етілуіне керекті шараларды қабылдайды (кәсіподақтар, жұмыс берушілер).

2.5. Облыстық, салалық Келісімдер мен ұжымдық шарттардың міндеттемелерін жүзеге асыруда, әлеуметтік серіктестік жүйесінде жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдарға қолдау көрсету(тараптар).

2.6. Облыстық әлеуметтік серіктестік бойынша 3-жақты Келісімнің тараптары жыл сайын ұжымдық шарттарды жасасу мониторингінің нәтижелелерін қортындылайды, олардың орындалуы туралы еңбек ұжымдарын жиналыстар мен конференцияларда оны баяндайды (тараптар).

2.7. Кәсіпорындар мен ұжымдар деңгейінде ұжымдық шарттарға қол қоюға құқығы барлар: жұмыс берушілер, кәсіподақ ұйымдары органдары, олардың бірлестіктері, еңбек ұжымдарының өкілдері болып табылады (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).

2.8. Облыстың кәсіпорындарында, ұйымдары мен мекемелерінде қалалық, аудандық және салалық Келісімдер, ұжымдық шарттар жасасуға практикалыкқ және әдістемелік көмек көрсету(тараптар).
3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ САЛАСЫНДА
Аймақтағы бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды қарау тәртібі
3.1. Тараптар облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының бағдарламалық және стратегиялық құжаттарына ұсыныстарды бірлесіп даярлайды және оларды тиісті уәкілетті органдардың қарауына шығарады (тараптар).

Тараптардың жасаған ұсыныстарын облыстық әлеуметтік серіктестік бойынша 3- жақты комиссиясы, құзырлы органға қарауына берердің алдындағы 10 күндік мерзімде қарайды (тараптар).

3.2. Экономикалық мүмкіндіктердің бар болу жағдайында, 2020 жылдың соңына дейін, жаңа технологияларды енгізу және меңгеру, бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру және ассортиментті ұлғайту, агроөндірістік комплексты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру арқылы, 2018 жылдың деңгейіне қарағанда, өнеркәсіп өндірісі көлемінің 3% кем емес, ауылшаруашылық өнімдерінің 6% өсуін қамтамасыз ету (әкімдік, жұмыс берушілер).

3.3. Қазақстан Республикасындағы мақұлданған құқықтық саясатының тұжырымдамасына сәйкес, банкроттыққа ұшырауға жол бермеу мақсатында, өңір үшін экономикалық және әлеуметтік маңызды, уақытша қиындықты басынан кешіріп жатқан барлық меншік түріндегі кәсіпорындардың базалық деректемелерін жүргізу. Келешегі жоқ өндірістік кәсіпорындар тізбесін айқындау, оларды бәсекеге қабылетті өнім шығаруға қайта бейімдеу бағдарламаларын әзірлеу және барлық меншік түріндегі облыстық тауар өндірушілердің банкроттыққа ұшырамауы үшін қолдау шараларын іске асыру, банкроттықты төмендету мүмкіндігін беретін ұсынымдарды дайындау (әкімдік, жұмыс берушілер).

3.4. Құқықтық мәдениетті жоғарылату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын мінсіз сақтау мақсатында еңбек тік құқықтық қатынастарды реттеу жөніндегі кез-келген нысанда үнемі консультациялар өткізу (тараптар).

3.5. Келісімге енгізілген проблемалар, өзге де әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша қабылданған шешімдер және нормативтік актілер жөнінде бір бірін ресми түрде ақпараттандыру (тараптар).

3.6. Өзара тараптар өкілдерінің Келісімге енгізілмеген, бірақ өзара мүдделілікті білдіретін түйінді мәселелер бойынша барлық деңгейде мәселелерді қарастыруға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету (тараптар).

3.7. Еңбек ұжымдарын өндірісті тұрақтандыру жөніндегі шараларды қолдауға, оңды қаржылық нәтижелерге қол жеткізуге, жаңа технологияларды енгізуге жұмылдыру.

Еңбек ұжымдары жұмыскерлерінің еңбек тәртібін нығайту, еңбек өнімділігі мен өндірілетін өнім сапасын арттыру жөнінде жұмыс жүргізу (кәсіподақтар, жұмыс берушілер).

3.8. Еңбек қатынастары мен әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты сұрақтарды қарау үшін, департаменттер мен басқармалардың алқалық органдарының құрамына тиісті кәсіподақ органдары мен жұмыс берушілердің өкілдерін қосу (әкімдік).

3.9. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізу (тараптар).

3.10. Шаруашылық субъектілерінің қалыпты дамуына экономикалық қауіптер туындаған жағдайда, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету үшін меморандумдар жасасу және мониторингтеу жұмыстарын жүргізу (тараптар).

3.11. Қаржылық-экономикалық тоқыраудың салдарына байланысты, шұғыл жағдайлардан басқа жағдайларда, жұмысшылардың жаппай босатылуына жол бермеу (жұмысшылардың жалпы санының 10% артық). Жұмысшыларды босатуды Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын қатаң сақталуымен жүзеге асыру. Өзара кеңес негізінде, босатылған жұмысшыларды жұмысқа орналастыру бойынша қаржыландыру көздерін айқындап, шұғыл іс-шаралар бағдарламасын жасау (тараптар).
4. ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ

ҚОРҒАУ
4.1. Жұмысшыларға еңбекақыны уақтылы және толық көлемде төлеуді қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 113-бабының 2-тармағына сәйкес, қызметкерге тиісті кезеңдегі тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша түрде ай сайын хабардар ету. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 113-бабының 3-тармағына сәйкес, жалақыны және қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты өзге де төлемдерді төлеу жұмыс берушінің кінәсінен кешіктірілген кезде, жұмыс беруші қызметкерге берешек пен өсімақыны төлейді (жұмыс берушілер).

4.2. Бар күшті еңбекақы және БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдері бойынша қарыздарды жоюға бағыттау (тараптар).

4.3. Жұмыс берушілерге экономикалық мүмкіндіктері болған жағдайда, жыл сайынғы орташа айлық еңбекақының өсуін инфляция деңгейінен төмен емес мөлшерде қамтамасыз ету. 2020 жылдың аяғына дейін, экономикалық мүмкіндіктері болған жағдайда, 2018 жылға қарағанда экономиканың нақты секторында - еңбекақының 30% кем емес деңгейге өсуін қамтамасыз ету (жұмыс берушілер, кәсіподақтар). Бұл сұрақты жылсайын қарау.

4.4. Еңбекшілерге еңбекақы төлеуіне қарай, олардың жеке келісімінің негізінде, есеп бөлімі арқылы кәсіподақ комитеттерінің есеп шоттарына мүшелік кәсіподақтық жарналарды ай сайын аудару (жұмыс берушілер).

4.5. ҚР Еңбек кодексінің 92-бабының 4-тармағына сәйкес, өндірістік және бюджет саласындағы қызметшілердің еңбек демалысының төлемін толық көлемде жүргізу (әкімдік, жұмыс берушілер).

4.6. Ұжымдық шарттар мен келісімдерге сәйкес, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге заңнамаға сай қосымша жеңілдіктер мен өтемақылар беру (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).

4.7. Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек, жұмыспен қамту, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңнамаларды сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жұмыстарды өткізу (тараптар).

4.8. Негізгі еңбекақы көлемін төмендету есебінен еңбекке ақы төлеудің дәстүрлі емес түрлерінде (заттай төлеу) төлеуге жол бермеу (жұмыс берушілер).

4.9. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 201-бабына, 202-бабына сәйкес, өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Саны 50-ден астам жұмысшылары бар жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады, ал жұмысшылар саны 50-ге толмағанда, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша маман лауазымын енгізеді (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).

4.10. Еңбекті қорғау талаптарын сақтауға, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды қамтамасыз ету мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құруға және оның жұмысына қатысу (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).

4.11. Еңбекті қорғау, өндірістік және экологиялық қауіпсіздік саласындажұмыс берушілермен бірлесе бақылау және тиімді өзара іс-қимылдап жүргізу (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).

4.12. Қаржылық мүмкіндіктер бар болған жағдайда, жұмысшыларды, ең алдымен зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндерді, сауықтыру бойынша санаторлық-профилакторияларда, санаторлық - курорттық мекемелерде емдеу-профилактикалық шараларын қаржыландыруға қатысу жолымен жүзеге асыруға ықпал ету (жұмыс берушілер).

4.13. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің Халықаралық стандарттарын кәсіпорындар мен ұйымдарда ендіру бойынша жұмыстар жүргізу(жұмыс берушілер).

4.14. Жұмыс берушілерге, мүмкіндік болған жағдайда, отбасылық міндеттемелері бар жұмыскерлерге қатысты, оның ішінде бала-бақшалық және кіші мектеп жасындағы балалары бар жұмыскерлерге қатысты, икемді жұмыс уақыты режимі кестемін ендіру ұсынылсын, икемді жұмыс уақыты режимін қолдану тәртібі ұжымдық, еңбек шарттарында бекітілсін.

4.15. Денсаулыққа қауіпсіз жұмыс жағдайларын жасау талаптарын толық қамтамасыз ету көлемінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау және кәсіптік аурулардың алдын алу шаралары жұмыс берушілердің есебінен қаржыландыру қрастырылсын.

4.16. Республикалық бағдарлама негізінде 2018-2020 жылдарға арналған еңбек қауіпсіздігі, еңбек гигиенасы талаптарын және өндірістік ортаны жақсарту жөніндегі облыстық іс-шараларды әзірлеу, оның орындалуына бақылауды қамтамасыз ету. Жыл сайын, Халықаралық еңбекті қорғау күні – 28 сәуірде, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша облыстық байқау-сайыстың қорытындысын шығара отырып, өткізу (тараптар).

4.17. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, денсаулық сақтау органдары белгілеген тәртіпте, зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлар әсер ететін жағдайларда жұмыс істейтін қызметкерлерін, міндетті түрдегі мезгілді медициналық тексерулерден өткізеді ( жұмыс берушілер).

4.18. Бюджет саласындағы қызметкерлерді ақысыз медициналық тексерулерден өткізуге, жергілікті бюджеттен қаражаттар қарастыру (әкімдік).

4.19. «Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық қоғамдық бірлестіктер одағы, облыстық салалық кәсіподақтар бірлестіктері, жоғарғы кәсіподақ органдары, облыс кәсіпорындары мен ұйымдарында олардың құрылымдарындағы мекемелерде, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізуге құқылы (кәсіподақтар).

4.20. Кәсіпорындар мен ұйымдарда, міндетті түрде барлық қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөнінде оқыту және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша білімін тексеру. Кәсіпорын есебінен еңбекті қорғау бойынша комиссия мүшелерін, еңбек қорғау бойынша техникалық инспекторларды оқыту (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).

4.21. Қала ішіндегі аудан әкімдері, аудан көлеміндегі қалалар, кент, ауыл, ауылдық округтер әкімдері, ауыл шаруашылық құрылымдарындағы жұмысшыларды еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау фактілері туралы, мемлекеттік еңбек инспекциясы және мемлекеттік кіріс органдарына хабарлауға міндетті (әкімшілік).
Әлеуметтік-еңбек даулары мен ереуілдерінің алдын алу және ескерту шаралары. Жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдеріне еңбек дауларын реттеуге қолдау көрсету.
4.22. Тараптар әлеуметтік-еңбектік даулар мен ереуілдердің алдын алу және ескерту шараларына қатысады және келесі алгоритмді іске асырады:

- азаматтардың еңбектік құқықтарын қорғау саласындағы жағдайларға үнемі тадлау және мониторинг жүргізеді;

- жұмыс берушілердің (жалақы төлеуден қарыздары бар) қарыздарды төлеу кестесін орындауы және әзірленген іс-шараларды атқаруы;

- еңбек қатынастары саласындағы бар және пайда болған түйіткілді мәселелерді шешу үшін тәжірибелік, ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы келісілген ұсыныстарды әзірлеу;

- қолдағы ақпараттық, құқықтық, ғылыми және ұйымдастырушылық ресурстарды пайдалана отырып, еңбек дауларының алдын-алу үшін бірлескен шараларды жоспарлау және іске асыру;

- аймақтық үш жақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының отырыстарында жасалған жұмыстары мен дағдарысқа қарсы штабтың жұмысы нәтижелерін мемлекеттік органдардың қатысуымен үнемі қарау(тараптар).

4.23. Ай сайын әлеуметтік әріптестік тараптары, даулы жағдайлардың ықтималдығы жоғары кәсіпорындардың ұжымымен жұмыстық кездесулер өткізу(тараптар)

4.24. Дау бола қалған жағдайда, тараптар жедел түрде наразылық шаралары өтіп жатқан жерге жетіп, себептерін анықтап, дауды тоқтатудың жолдарын қарастырып, ұжымда түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қажет болған жағдайда, прокуратура органдарымен бірлесе отырып, жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізеді. Бұзылушылықтар анықталған кезде, жұмыс берушіге тиісті шаралар қолданылады (тараптар).


Ұжымдық еңбек дауларын шешу және алдын алу жөніндегі Кеңесті құру мен атқаратын қызметін анықтау реті.
4.25.Тараптар тепе - теңдік негізде ұжымдық еңбек дауларын шешу және алдын алу жөніндегі Кеңесті құрайды.

Ұжымдық еңбек дауларын шешу және алдын алу жөніндегі Кеңестің саны мен құрамы, әлеуметтік әріптестік тараптарының ұсыныстары бойынша,әлеуметтік әріптестік комиссиясында анықталады. Кеңес өз құрамынан Кеңестің төрағасын және Кеңестің хатшысын сайлайды. Кеңес отырысы тоқсан сайын немесе қажеттілікке байланысты өткізіледі (тараптар).

4.26. Кеңестің шешімі қарапайым дауыс басымдылығымен анықталып, қаулымен бекітіледі. Кеңес мүшелері дауыстарының арақатынасы тең болған жағдайда, Кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Кеңестің шешімі еңбек даулары тараптарына Кеңес отырысы аяқталғаннан соң 3-күннен кешіктірілмей жеткізіледі.

4.27. Тараптардың, немесе еңбек дауы тарапының, Кеңестің шешімімен келіспегенінде, дау қарау бойынша материалдар, облыстық әлеуметтік әріптестік бойынша 3-жақты комиссияның қарауына жіберіледі.

4.28. Кеңес өз әрекеті барысында, облыстық әлеуметтік әріптестік бойынша 3-жақты комиссияға бағынышты болып табылады және облыстық 3 жақты комиссияның отырысында, атқарылған жұмыстары туралы жылына кемінде 1 рет есеп беріп отырады.
5. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ ШАРАЛАРЫ
5.1. Жаңа жұмыс орындарын құру және сақтау, кәсіптік және қайта оқытудың, соның ішінде жұмыссыздарды еңбек нарығының сұранысына сай оқыту сапасын жақсарту, еңбек қатынастарын заңдастыруды жалғастыру (әкімшілік, жұмыс берушілер).

5.2. Жыл сайын облыс экономикасына қажетті кадрлар болжамын мамандықтар бойынша анықтау. Жоғары және техникалық-кәсіби мамандықтарды дайындауға Мемлекеттік білім беру тапсырыстары анықталған кадрлық қажеттілік болжамдары негізінде жүргізілсін (әкімдік, жұмыс берушілер).

5.3. Жұмыссыздық деңгейін төмендету және тұрақтандыру мақсатында, жыл сайын аумақты дамыту бағдарламасы аясында, жұмыссыздықты азайту бойынша бағдарламалар жасалынсын (әкімшілік).

5.4. Еңбек нарығы мен жұмыссыздық жағдайы туралы деректерді тоқсан сайын БАҚ-та жариялау. Жұмыс берушілер мен облыс тұрғындарын жұмысқа орналасу және кәсіби оқыту мүмкіндіктері туралы тұрақты ақпараттандыру (әкімдік, жұмыс берушілер).

5.5. Жұмыс істейтіндерді жаппай қысқарту жағдайында (жұмыс істейтіндер санының 10 пайызынан астамы), халықты жұмыспен қамту бойынша аумақтық мемлекеттік уәкілетті органдарға,кәсіподақтарға кем дегенде 1 ай бұрын хабарлау. Өзара кеңесу негізінде, босаған қызметкерлерді еңбекке орналастыру жөнінде, қаржыландыру көздерін айқындай отырып, шұғыл іс-шаралар бағдарламасын әзірлеу (тараптар).

5.6. Экономиканың технологиялық жаңаруын ескере отырып, жұмыскерлердің үздіксіз кәсіптік дамуын, кадрлардың кәсіптік даярлауын және қайта даярлауын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүргізу(әкімдік).

5.7. Қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесе отырып, ірі кәсіпорындарда босаған жұмыскерлерді қайта даяарлау және өз кәсіпорыны аясында жұмыспен қамту бойынша жол картасын әзірлеу(жұмыс берушілер, әкмдік).

5.8. Ақпараттық деректер жиынтығын қалыптастыру үшін, қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімдеріне жұмыс берушілер қажетті мамандар туралы (вакансия болған жағдайда) деректер берсін (жұмыс берушілер).

5.9. Облыстың барлық деңгейдегі оқу орындары (ЖОО,колледждер), кәсіпорындар және мекемелермен, студенттердің өндірістік тәжірибелерді ақысыз өтуі үшін, шарттар жасасын (жұмыс берушілер).

5.10. 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, орта техникалық және кәсіптік білімді мамандарды өнеркәсіп және ауыл шаруашылығына дайындау үшін, нарық талабына сай кәсіптік білім беру жүйесін дамыту бойынша шараларды қабылдау. Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес, қажетті қаражаттарды көздеу (стипендия төлей отырып, тегін оқыту) (әкімдік, жұмыс берушілер).

5.11. Облыстық, салалық Келісімдерде, ұжымдық шарттарда жұмыскерлердің білім алуына, біліктілігін жоғарылатуға байланысты кепілдіктер мен өтемақылар төлеуді, сонымен қатар, жұмыскер оқу шарты талаптарын бұзған жағдайда жұмыс берушінің шығындарын өтеу кепілдіктерін қарастыру (кәсіподақтар, жұмыс берушілер).

5.12. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, бюджет саласы қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге қаражатты жергілікті бюджеттен қарастыру (әкімдік).

5.13. Ауылды жерлерге тұрып жұмыс істеуге келген, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,спорт және ауылшаруашылық кешені мамандарына көтермелеу жәрдемақылары мен бюджеттік несиелер арқылы қолдау жасау, олардың жұмысқа орналасуын бақылау, тұрақтап қалуына ықпал ету. Жас мамандарды, және де аса қажетті, біліктілігі жоғары мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету (әкімдік).

5.14. Аз қамтылған отбасыларынан шыққан жастарды, ЖОО-ға жіберуге, содан кейін ауылдық жерлерге жұмысқа орналастыру мақсатында, облыстық бюджетте қаражаттар көздеу (әкімдік).

5.15. Жұмыстан босатылатын қызметкерлерге, еңбек шартының бұзылу мерзімі басталғанға дейін, жаңа кәсіптерге қайта оқу мүмкіндігін беру, мұндай жағдай болмағанда, жұмыстан босату алдындағы бір ай мерзім аралығында жұмыс іздеу мүмкіндігін беру, жұмыс іздеу жағдайлары мен уақытын ұжымдық шартта бекіту(әкімдік, жұмыс берушілер).

5.16. Кәсіподақтар мүшелеріне жұмыспен қамту, жұмысқа орналасу, еңбекақы төлеу мәселелері бойынша ақысыз кеңестер беру және құқықтық көмек көрсету. Келісім комиссиялары мен сотта олардың мүдделеріне өкілетті болу (кәсіподақтар).

5.17. Жұмыс берушінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 54-бабының 1-тармағының 2,3-тармақшалары және 59-бабының 1-тармағының 2-тармақшасы бойынша кәсіподақ мүшелігіндегі жұмыскермен жұмыстан босатуды тек кәсіподақ органының келісімімен іске асыру (жұмыс берушілер, кәсіподақ).

5.18 Салалық және аймақтық Келісімдерге, ұжымдық шарттарға зейнеткерлік жас алдындағы адамдардың жұмыс орындарын сақтау жағдайларын енгізуді ұсынылады(тараптар) .



6. ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРДІ ҚАМТАМАСЫЗ

ЕТУ САЛАСЫНДА
6.1. Экономикалық мүмкіндігі бар шаруашылық жүргізуші субъектілер, аумақтық орналасушылықтарына қарай, интернат үйлеріне, сәбилер үйіне, қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерге қамқорлық көмек көрсету шараларына қатыссын (тараптар).

6.2. Бірінші қажеттегі негізгі тауарларға бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру (тараптар).

6.3. Мәдениетті, спортты, туризмді дамыту, балалар мен отбасылық демалысты ұйымдастыру, сонымен қатар, облыс тұрғындарының сауықтыру саласында келісілген саясатты жүргізу (тараптар).

6.4. Халық денсаулығын қорғаудағы азаматтардың, жұмыс берушілердің және мемлекеттің ортақ жауапкершілігі қағидаттары негіздерін түсіндіру шараларын жүргізу, әлеуметтік сақтандыру,әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету саласындағы заңнама негіздерін түсіндіру бойынша әлеуметтік әріптестермен бірлескен семинарларды жүргізу.

6.5. Балаларды жазғы демалыс кезінде сауықтыру және демалдыру шараларына әкімдерге қала және аудан бюджеттерінен қаражат қарастыруын ұсыну, облыстың барлық аудандарында қала сыртындағы сауықтыру лагерлерін салуға қажетті шараларды қабылдау (әкімдік).

6.6. Өткізілетін іс-шараларға бірлесе қатысуға тараптар өкілдерін тарту. Оларды алқа, кеңес, тендерлік комиссия, актив, семинар, жиналыс және т.б. құрамына енгізу (тараптар).

6.7. Қаржылық- экономикалық мүмкіндігіне байланысты, мәдени-көпшілік және спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін, мекеме есебінен нақты еңбек ақы қорының 0,15% кем емес ақшалай және басқа да қаражаттардың бөлінуін ұжымдық шарттарда қарастыру (жұмыс берушілер).

6.8. Ауылды жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мал дәрігері мамандарының еңбекақысына жергілікті бюджет есебінен қосымша ақы төлеу, жергілікті өкілетті органдардың шешіміне сәйкес салалық кәсіподақ органдарымен келісілген мамандықтар тізімі бойынша жүргізілсін (әкімдік).

6.9. Ауылды жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және мал дәрігері қызметкерлерінің отын сатып алуына және коммуналдық қызмет шығындарын жабуға, қалалар мен аудандардың бюджеттерінен келесі мөлшерде қаржы қарастырылсын: 2018 жылға – 21600 теңге, 2019 жылға – 25920 теңге, 2020 жылға – 31104 теңге (әкімдік).

6.10. Бюджет саласы қызметкерлеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй бөлу қарастырылсын (әкімдік).

6.11. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үйлерді бөлу комиссиясының құрамына кәсіподақтар өкілдерін енгізу (әкімдік).

6.12. Ұжымдық шарттарда қызметкерлердің еңбек күні режиміндегі кәсіби-қолданбалы, дене шынықтыру-сауықтыру және оңалту іс-шараларын енгізетін, дене шынықтыруымен айналысуды іске асыру үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-шараларды қарастыру, бұқаралық спорт жұмысына спорттық жабдықтар мен мүліктерді сатып алуға қаражаттар бөлу (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).

6.13. Нақты немесе жорамалды АҚТБ мәртебесі негізіндегі жұмысшыларды кемсітуге жол бермеу. Жұмыс орындарында АҚТБ/ЖҚТБ-ға қарсы күрес және алдын алу жөніндегі стендтер орнату (тараптар).

6.14. Облыстық салалық Келісімдерді, ұжымдық шарттарды жасағанда жұмыс істеуші әйелдердің құқықтары мен кепілдіктерінің сақталуын қарастыру, міндетті алдын ала тексерілуі, олардың емделуін, балаларын мектепке және мектепке дейінгі мекемелерге дайындауға мұқтаж аналарға қаржылай көмек көрсетуді қамтамасыз ету (кәсіподақтар, жұмыс берушілер).

6.15. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға, еңбек аясында жастардың әлеуметтік құқықтарын, білім алу және денсаулықты қорғау мәселелерімен қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешуге қатысу, жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін өз бетімен іске асыруына жағдай тудыру.

Жасөспірімдер мен жастарды уақытша, оның ішінде шағын және орта бизнес құрылымдарында жұмыспен қамту механизмдерін жетілдіру (тараптар).

6.16. Қоршаған ортаны ластайтын қолайсыз жағдайларды болдырмауды және қоршаған ортаның жағдайы үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған шараларды қабылдау (тараптар, әкімдік).

6.17. Шарушылық жүргізу құқығындағы (ШЖҚ) мемлекеттік мекемелердің жұмысшыларына, лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы төлене отырып, ұзақтығы отыз күнтізбелік күннен кем болмайтын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысының берілу құқығы сақталынсын, олардың қызметтік жалақылары мен басқа да қосымша төлемдерінің ең төменгі мөлшері, азаматтық қызметкерлердің сәйкес қызметтік жалақылары мен қосымша төлемдерінен кем болмасын, бұл тармақ ұжымдық шарттарда қарастырылсын (әкімдік, жұмыс берушілер).

6.18. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметкерлерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі. Педогогика қазметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға сауықтыруға арналған жәрдемақы мөлшері олардың демалыс беру күніне келетін нақты оқу жүктемесіне сәйкес есептелсін. Қоса атқарылатын жұмыс жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы жалпы негізде белгіленеді және төленеді(әкімдік, жұмыс берушілер).

6.19. Орташа айлық еңбекақы бойынша шағылған сомадан, жүктілігіне және босануына байланысты демалысы кезінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру Қордан төленген соманың айырмасын төлеу мүмкіндігі, ұжымдық шарттарда қарастырылсын (жұмыс берушілер).


7. ОБЛЫС МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ, ҰЙЫМДАРЫНДА ЖӘНЕ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫ МЕН КӘСІПОДАҚ ОРГАНДАРЫ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ КЕПІЛІ
7.1. Кәсіподақ құқықтары мен кепілін сақтау, меншік түріне қарамастан ұйымдарда, кәсіпорындарда және мекемелерде кәсіподақ органдарының құрылуына және қызмет етуіне бөгет жасамау, олардың қызметіне араласуға жол бермеу (жұмыс берушілер, әкімдік).

7.2. Кәсіподақ органдарын,мүмкіндікке орай, бөлмелермен, жиһазбен қамтамасыз ету жағдайын ұжымдық шарттарда қарастыру (жұмыс берушілер).

7.3.Мүмкіндік болған жағдайда, босатылған кәсіподақ қызметкерлеріне кәсіпорында қолданылатын жеңілдіктерді, кепілдіктерді, қосымша ақыларды сақтау ұжымдық шартта қарастырылсын (жұмыс берушілер).

7.4. Жұмыс беруші кәсіпорындағы жалақы, еңбек және демалыс режимі, әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер жөніндегі өзгерістер туралы кәсіптік органдарға ақпаратты, егерде еңбек, ұжымдық шарттарында бұдан ұзағырақ мерзім қарастырылмаса, 1 ай бұрын береді (жұмыс берушілер).


8. КЕЛІСІМНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫНА БАҚЫЛАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
8.1. Келісім аумақтық (қалалық, аудандық) келісімдер және ұйымдарда ұжымдық шарттарды қабылдау барысында келіссөздер жүргізуге негіз болады.

8.2. Келісім тараптарының міндеттемелері және ұсыныстары (шешімдері) қалалық, аудандық келісімдерді және ұжымдық шарттарды қабылдау кезінде есепке алынулары керек.

8.3. Тараптар Келісімді дамыту және оның орындалуын қамтамасыз ету үшін, облыстық үш жақты әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі комиссияның шеңберінде, өзара кеңесу негізінде құжаттарды әзірлейді, тиісті шешімдерді қабылдайды, Қазақстан Республикасының заң шығарушы және атқарушы билік органдарына ұсыныстар қалыптастырады және олардың іске асуына қол жеткізеді (тараптар).

8.4. Қол қойылғаннан кейін Келісім мәтіні, қысқартусыз апталық мерзімде облыс, қалалар мен аудандар әкімдерінің ресми сайттарында орналастырылады. Келісімге қол қойылғаннан кейін екі аптаның ішінде, Келісімнің ресми сайттарда орналастырылған толық мәтініне ақпараттық сілтеме жасай отырып, облыстық

«Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде, қалалар мен аудандардың ресми газеттерінде жариялануға жатады (әкімдік).

8.5. Осы Келісімнің орындалуын бақылауды тараптар жүзеге асырады.

Келісім жағдайларының орындалу қорытындыларын, Тараптар күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін, облыстық үш жақты әлеуметтік әріптестік және еңбек пен элеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) отырысында қарайды (тараптар).

8.6. Тараптар Комиссияға белгіленген тәртіпте, қол қойылған Келісімге, қажетті жағдайларда өзгерістер мен толықтырулар енгізуге уәкілеттік береді.

Тараптар облыс тұрғындарына Келісімнің жүзеге асу барысы туралы міндетті түрде ақпарат береді. Тараптардың бірлескен шешімімен Комиссияның Үйлестірушісі тағайындалады (тараптар).

8.7. Тараптар осы келісім шарттарын бұзғаны және (немесе) орындамағаны үшін заңмен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.

8.8. Келісімнің қолданылуы кезінде, облыс кәсіподақтары Келісімге енгізілген мәселелер бойынша, олардың біртіндеп іске асырылып жатқан жағдайында, наразылық акцияларын өткізбейді (кәсіподақтар).

8.9. Келісімнің қолданылуы кезінде, оған қол қойған жүмыс берушілер бірлестіктері, экономиканы тұрақтандыру, өндірістің құлдырауына жол бермеу, істеп тұрған жүмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады (жұмыс берушілер).

8.10. Келісім Тараптардың оған қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді, жаңа Келісім жасалғанға дейін қолданылады, қажет болған жағдайда мерзімі ұзартылуы мүмкін. Іске асыру үрдісінде туындаған барлық өзгерістер, толықтырулар Тараптар өзара келісімге қол жеткізген жағдайда ғана енгізіледі.

8.11. Келісім күшіне енгеннен кейін бір ай мерзімде, әлеуметтік әріптестік тараптары, облыстық үш жақты Келісімді өздерінің мүшелік мекемелеріне, құрылымдық бөлімдеріне, филиалдарына жеткізсін (тараптар).



Шығыс Қазақстан облысының

әкімі Д. Ахметов

«Шығыс Қазақстан облысы

кәсіподақтар орталығы»

аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің

төрағасы м.а. М. Тулеубаев

Шығыс Қазақстан облысы

Кәсіпкерлер Палатасы

директоры м. а. О. Желякова
жүктеу 119,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау