Ағымдағы және әлеуетті проблемалары
Жергілікті қамтудың дамуын тежеп тұрған өнім шығарушы зауыттардың болмауы (кеңсе, шаруашылық тауарлары, тұрмыстық және компьютерлік техника, медициналық жабдықтар, арнайы көлік, сонымен қатар кейбір азық-түлік тауарлары және т.б.) болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстанның аумағында шығарылған немесе өндірілген азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың, электр энергиясының, судың және басқа да тауарлық өнімдердің басқа түрлерін жеткізетін жеке жеткізушілер қазіргі уақытта СТ-KZ нысанындағы сертификаттар алған жоқ.
Жеткізушілерде СТ-KZ нысанындағы сертификаттың болса да басқа жағдайларда сертификатта жергілікті қамтудың үлесі 15-20% аспайды. Осығанты байланысты, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда жергілікті қамтудың үлесі аз.
Сондай-ақ, жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде жергілікті қамтудың мардымсыз пайызы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету кезінде және жергілікті қамтуды есептеу кезінде импорттық өндіріс тауарлары (қазақстанда өндірілмейтін құрылыс материалдары, арнайы жабдықтар, ұйымдастыру техникасы және т.б.) пайдаланылатынымен негізделеді, тапсырыс берушілер жергілікті қамту үлесін жеткізушіде СТ-KZ пішіміндегі сертификаты болған жағдайда ғана көресете алады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектісі үшін СТ-KZ сертификатын алу уақытша да, қаржылық та шығындармен байланысып жатыр. Осыған байланысты, сертификат 1 жыл әрекет етеді, кәсіпкер жыл сайын оны алу шығындарын тартады. Негізінен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көрсетілген себептер бойынша (жеткізушілер өз азық түлік тауарларын қайта өңдеуге) сертификат алуға қызығушылықтары жоқ.
Даму беталысы:
1. Әкімдіктер, ұлттық компаниялар, жүйеқұраушы кәсіпорындар және жер қойнауын пайдаланушылар арасында жергілікті қамту мәселесі бойынша меморандумдар жасау.
2. Қазақстандық өндірушілер үшін бірыңғай логотипін орналастыру бойынша жұмыстар жүргізу.
3. Жұмыс істеп жатқан шағын және орта кәсіпорындарда шығарылатын өнім желісін кеңейту және ірі кәсіпорындар айналасында тапсырыс беруші мен өндіруші арасында оффтэйк келісімшарттар жасауға жәрдем көрсету тәсілімен іргелес өндірістер құру.
4. «Қазақстандық қамту» порталы арқылы мемлекеттік органдардың, жүйе құраушы кәсіпорындардың және ұлттық компаниялардың тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін сатып алуда жергілікті қамтудың үлесіне жүйелі түрде мониторинг жүргізу.
Аумақтық құрылыс. Экономикалық өсім орталықтарын дамыту.
Қостанай облысы аумақтық-кеңістіктік қатынаста халықтың өмір сапасын тұрақты дамыту мен арттыруды қамтамасыз ету мақсатында еліміздің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық сызбасының негізгі ережелерін, сондай-ақ жергілікті деңгейде әзірленген құжаттарды ескере отырып, дамитын болады. Осылайша, экономикалық даму қажеттіліктерге жауап беретін және ресурстарды тиімді қолдануды қамтамасыз ететін (инвестициялар, инфрақұрылымдар және жұмыс күші және т.б.) аумақтарды дамыту тәсілімен облысты дамыту жоспарланып отыр.
Негізгі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сүйенсек, мұндай аумақтар («өсім орталығы») облыстың облыс орталығы –Қостанай қаласы, Солтүстік макроөңірдің тірек қалаларының бірі, урбанизация орталығы және моноқалалар: Арқалық (боксит және отқа төзімді саз қазу), Жітіқара (хризотил-асбест рудасын қазу), Лисаковск (тау кен қазу өнеркәсібі) және Рудный (тау-металлургиялық өнеркәсібі).
Қостанай қаласы
Халық саны 238 мың адамды құрайды. Қала Қостанай облысының әкімшілік, сауда, индустриалдық және әлеуметтік-мәдени орталығы болып табылады. Ол Тобыл өзенінің сол жағалауындағы қыр дала аймағында орналасқан және 28,4 мың гектарды алып жатыр.
Қваланың бәсекелестік артылықшылығы дамыған инфрақұрылымы, ғылыми қажеттілігі бар, жоғары технологиялық, экспортқа бағытталған өндірісін құру, жоғары білікті мамандардың болуы және Ресей Федерациясымен шектесуі болып табылады.
Қаланың даму перспективасы машина жасаудың, металл өңдеудің, өңдеу өнеркәсібінің дамуымен байланыстырылады. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде, оның көлемі 90%-ды құрайды. Сонымен қатар әр саладағы ұсақ сұрыпты прокат өндірісінің дамып жатыр. Қостанай қаласында 293 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 46 ірі және орта кәсіпорындарға, 247 шағын өнеркәсіп кәсіпорындарына жатқызылады.
Бұдан басқа, Өңдеу өнеркәсібінің құрылымында 35,9% - машина жасау, 1,6% - жеңіл өнеркәсіп, 4,7% - металл емес бұйымдар өндірісі, 3,3% - резина және пластика бұйымдарының өндірісі алып отыр.
Моноқалалар
Арқалық қаласы
Облыстық маңызы бар қала болып табылады, 1956 жылы құрылды, Халық саны 28,4 мың адам. Облыстық орталықтан Арқалық қаласының арақашықтығы - 454 км. Торғай бастауының Ұлытау тауларының солтүстік шатқалында орналасқан қала Торғай өзенінің ағысы бойынша, сондай-ақ Ұлытау қаласының батыс тарамдарынан арал жанындағы Қарақұмға дейін жалғыз елді мекен болып табылады. Бұл Орталық Қазақстан далаларының құрғақ жерлеріне терең бойлаған бекініс болып табылады.
Арқалық Қостанай қаласының Амангелді ауданымен, Ақмола облысының Жаркент қаласымен, Қарағанда облысымен Ұлытау ауданымен шектеседі.
Қаланың бәсекелестік артықшылығы «Солтүстік-Оңтүстік» темір жолының көлік дәлізін ашу орталық, оңтүстік және батыс Қазақстан нарығына шығуға мүмкіндік берді. Жаңа желіні енгізу Арқалық станциясы бойынша жүк айналымын жылына 3 321 млн.тонна-километрге ұлғайтуға, темір рудасын Железорудный станциясынан Қытайға дейін тасымалдаудың арақашықтығын 50 км—ге қықартуға мүмкіндік берді.
Қаланы дамыту перспективасы тау өнеркәсібінің (боксит және отқа төзімді саз қазу), тамақ өнімдерін шығару және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің дамуымен байланысты. Қалақұрушы кәсіпорын болып «Қазақстан Аллюминийі» ТБРУ АҚ және «Алюминстрой» ЖШС болып табылады.
Жітіқара қаласы
Аудандық маңызы бар қала болып табылады, Жітіқара алтын қазбаларының пайда болуымен байланысты қазақ ауылы ретінде 1880 жылы құрылды, оның ашылуынан кейін тау кен ауылы болды. 1939 жылы кент Жітіқара қаласы болып қайта құрылды. Халық саны 34,9 мың адамды құрайды. Облыстық орталықтан Жітіқара қаласына дейінгі арақашықтық – 217 км. Қала Қостанай облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, Ресей Федерациясымен көршілес болуының арқасында тиімді экономикалық-географиялық орналасқан.
Жітіқара ауданы солтүстік-шығысында Қостанай облысының Денисов ауданымен және Қамысты ауданымен, батысында – РФ Челябі облысының Брединский ауданымен, оңтүстік-шығысында – РФ Орынбар облысының Адамовский ауданымен шектеседі.
Өңірдің бәсекелестік артықшылығы дамыған көліктік инфрақұрылымы, индустриалдық аймақ құру кезінде кен қазу кешені үшін ілеспе өнідірістері бар даму перспективасы, Ресей Федерациясына жақындығы болып табылады.
Қаланың даму перспективасы Қазақстандағы жалғыз хризотил-асбест рудасын қазу және байыту кәсіпорынының болуымен байланысты. «Қостанай минералдары» АҚ қалақұрушы кәсіпорны болып табылады. Жобалық сыйымдылығы жылына 400 мың тонна сұрыпты хризотил-асбестті құрайды, зерттелген қорлары кәсіпорынның қызметін жуырдағы 70 жыл ағымында қамтамасыз етеді.
Жітіқара қаласының болашақтағы негізгі мамандығы металл рудаларын қазу болады (алтын кен орындары, никель, кобальта, титан, жердің сирек металлдары, талька, известняк, каолин саз, гранит, басқа да құрылыс материалдарын шоғырланған).
Лисаков қаласы
Облыстық маңызы бар қала болып табылады, 1971 жылы Лисаков тау кен-байыту комбинатының базасында құрылған. Халық саны 40,6 мың адамды құрайды. Облыстық орталықтан Лисаков қаласына дейінгі арақашықтығы -120 км. Лисаков қаласы облыстық орталықтың оңтүстік-батысында Тобыл өзенінің жоғарғы жағында Тобыл станциясы ірі темір жолы торабынан 18 оңтүстігінде және Ресей шекарасынан 70 километрде орналасқан.
Қаланың бәсекелестік артықшылығы жоғары білікті кадрлардың болуы, тау кен-металлургиялық кешеннің дамуы болып табылады.
Қаланың даму перспективасы боксит, темір рудасын қазумен, темір рудасы концентратының өндіруімен байланыстырылады. Көптеген мүмкіндіктері тамақ өнімдері өндірісінің, машина жасаудың артуымен байланысты. «Қазақстан Аллюминийі» АҚ Краснооктябрь бокситтік руда басқару («Қазақстан Аллюминийі» АҚ құрылымдық бөлімшесі) және «Өркен» ЖШС Лисаков филиалы («АрселорМиттал Темиртау» АҚ құрылымдық бөлімшесі) қала құрушы кәсіпорындар болып табылады.
Рудный қаласы
Облыстық маңызы бар қала болып табылады, қоры 4 млрд.тоннаны құрайтын, темір рудасы кен орнының ашылуымен байланысты 1957 жылы құрылған. Халық саны 129,2 мың адамды құрайды. Облыстық орталықтан Рудный қаласына дейін арақашықтығы 45 километр. Қостанай қаласынан оңтүстік-батыста Тобыл өзенінің солтүстік жағалауында орналасқан.
Бәсекелестік артықшылығы Қостанай қаласының ықпал ету аймағында орналасуында, тау кен кен кешені үшін ілесп өндірістердің болуында, Қаратомар су қоймасына жақын орналасуында.
Қаланың даму перспективасы тау кен-металлургиялық өнеркәсіптің дамуымен байланыстырылады. Қалақұрушы кәсіпорны «ССКӨБ» АҚ болып табылады.
Металлургиялық өнеркәсібі «ССКӨБ» АҚ базасында металлдан жасалған брикеттер өндіру бойынша жаңа кәсіпорындар салу, сондай-ақ байыту кешені бойынша ДОФ-2, ММО-4 жоғары сапалы концентратының кешені есебінен өз ұстанымын күшейте түседі.
Тірек ауылдық елді мекендер, шекара маңындағы аумақтарды қоса алғанда, ауылдық аймақтарды дамыту
Ауыл тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз ету үшін, ауылдық елді мекендердің ұлттық стандарттарға сәйкес ауыл тұрғындары өмірінің сапасы білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сапалы ауыз сумен, автомобиль жолдарымен, электрмен, байланыс қызметтерімен, телевидениемен, Интернет желісімен қамтамасыз етілген, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерімен нормативтік қамтамасыз етуге қол жеткізу қажет.
Ауылдың орташа өмір жағдайын жасау үшін ауыл тұрғындарын әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар іске асырылуда.
Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.
Облыста 2017 жылғы 1 қаңтарда 585 ауылдық елді мекен есептелді (бұдан әрі – АЕМ), оның ішінде 2017 жылдың 7 айында халық саны 50 адамнан кем 31 АЕМ таратылды.
2016 жылғы мониторингке сәйкес таратылған ауылдарды ескере отырып, 62 АЕМ-де жерүсті ауыз сумен жабдықтау көзі бар, 491 – жер асты, 1 – жерасты және жер бетіндегі.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету:
орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінен 169 АЕМ немесе АЕМ жалпы санынан 30,5%-ы;
сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылмаған жүйесінен 347 АЕМ немесе 62,6%-ы;
басқа жақтан келтірілген сумен 38 АЕМ-де немесе 6,9%.
Сумен жабдықтау проблемасын шешу үшін облыста жыл сайын мемлекеттік бюджеттен су объектілерінің құрылысы мен қайта жаңғыртуға қаражат бөлінеді.
Газбен жабдықтау
2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша табиғи газбен 58 ауылдық елді мекен, оның ішінде: 5 - Алтынсарин, 15 - Денисов, 2 - Жітіқара, 1 - Қамысты, 10 - Қарабалық, 16 - Қостанай, 8 - Таран аудандары, сондай-ақ Рудный қаласы Перцевка ауылы табиғи газбен қамтамасыз етілген.
20 ауылда тұрғын үйлер табиғи газбен 100% қамтамасыз етілген (АЕМ жалпы санынан3,4 %), оның ішінде: 9 ауыл Денисов, 5 ауыл Таран, 2 ауыл Меңдіқара және Қарабалық аудандары Алтынсарин және Жітіқара аудандары бойынша 1 ауылдан. Ауылдардың көбісі газдандырылмаған және сұйытылған газды пайдаланады.
2014-1016 жылдар аралығындағы кезеңде газбен жабдықтау желілеріне 4 жаңа елді мекен қосылған: Қостанай ауданының Давыденовка а. және Жуковка а., Алтынсарин ауданының Красный Кордон а., Рудный қаласының Қашар к.
2017 жылы жалпы ұзындығы 68,82 км құратын «Рудный қ.-Қашар к.-Федоров а.» магистралдық газ құбырының құрылысы аяқталды. Бұл Рудный қаласының Қашар к. газдандыруға, және әрі қарай Федоров ауданының елді мекендерін газдандыруға мүмкіндік береді.
Ауыл балаларын мектептермен қамтамасыз ету
Жалпы білім беретін мектепсіз ауылдық елді мекендердің саны 142 құрады, оның ішінде: 24 – мектеп жасындағы балалар жоқ, 18-і – жақын мектепке дейін 3 км қашықтықта орналасқан (нормативке сәйкес, мектепке дейін орта және жоғары сыныптардың балалары өз беттерімен барады).
Жақын маңдағы мектептерге 3 км астам жерде орналасқан елді мекендерде тұратын 735 оқушы үшін 27 мектеп жанындағы интернатта өмір сүру ұйымдастырылған, туыстардың пәтерлерінде - 45 бала.
Денсаулық сақтау
Облыстың 469 ауылдық елді мекеннің аумағында 470 медициналық ұйым жұмыс істейді, оның ішінде: 15 орталық аудандық аурухана, 2 аудандық аурухана, 385 дәрігерлік амбулатория, 76 фельдшер-акушерлік пункт және 339 медициналық пункт.
86 ауылдық елді мекенде денсаулық объектілері жоқ, олардың ішінде: тұрғындарының саны 50 адамнан аспайтын - 18, жақын маңдағы медициналық мекемеге дейін арақашықтық 5 км аспайтын, тұрғындарының саны 50 астам АЕМ-де медициналық мекеме қажет емес.
Мәдениет және спорт
369 ауылдық елді мекенінің аумағында 642 мәдени объект бар, оның ішінде 280 клуб (271 жұмыс істейтін), 357 кітапхана, 5 мұражай.
Облыстың 345 ауылдық елді мекенінің аумағында келесі спорттық объектілер бар: 15 ДЮСШ, 25 стадион, 21 жабылған спорттық кешен, 471 спорттық зал, оның ішінде 372 жалпы білім беретін мекемелерінде, 5 бассейн, 13 шаңғы базасы.
Ауылдық аумақты дамытудың жалпы проблемаларымен бірге ауылдық елді мекендер тұрғындарының неғұрлым жоғары тіршілік деңгейін қамтамасыз ету үшін тірек және шекара бойындағы АЕМ-ді кешенді дамыту қажет.
Тірек ауылдық елді мекендерді анықтау әдістемесіне сәйкес 40 ауыл тізбесі бекітілді, оның ішінде 35 әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары, 5 – орта.
Сонымен қатар, 6 тірек ауыл Ресей Федерациясымен шекаралас болып табылады (Бозкөл а., Станционный а., Силантьевка а., Қасқат а., Асенкритовка а., Пресногорьковка а.).
Шекара маңындағы аумақтарды дамыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014 - 2020 жылдарға арналған шаралар кешенін бекіту туралы» 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1289 қаулысына, Қостанай облысы әкімінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 100-ө өкімімен бекітілген Шекара маңындағы аудандарды дамыту жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес қарастырылған.
Саланың дамыту SWOT-талдауы:
Күшті жақтары (S):
1.Ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы топырақтық-ауа-райылық жағдайлар;
2.Іргелес аумақтармен сауда мен іскер қатынастарды жетектеу мүмкіндік беретін географиялық жайғастыруы.
|
Әлсіз жақтары (W):
1.Әлеуметтік инфрақұрылым объектілердің жүйесін дамытудың жеткіліксіз деңгейі;
2.Адам басына шаққанда кірістердің аймақтық әркелкі таралуы;
3.Білім, денсаулық сақтау, мәдени және спорт қызметтеріне әркелкі қолжетімділігі кісілік потенциалдың деңгейін елді мекендерде төмендетеді.
|
Мүмкіндіктері (O):
1. Жұмыс істейтін медицина кадрларын және білім саласы мамандарын жұмыс орнына ұзақ уақыт тіркеу және жұмыс орнына, оның ішінде ауылдық елді мекендерге жас мамандарды тарту үшін жүйелік шаралар әзірлеу.
2. Тірек және басқа еслді мекендердің потенциалын дамыту.
3. Туристік саланы және шекара бойындағы сауданы дамыту, көшіп келгендерге жер учаскелерін беру.
|
Қауіп-қатерлері (T):
1.Халық санын төмендету.
|
Облыстың ауылдық және шекара бойындағы аудандары үшін мынадай негізгі проблемалар мен тәуекелділіктер:
Демографиялық және көші-қон процестері салдарынан халық санының қысқаруы.
Өңірлер экономикасының қалақұрушы кәсіпорындарына тәуелді болуы.
Ауылшаруашылық өндірісі тауарларының ұсақтығы.
Әлеуметтік, көлік инфрақұрылымының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің жоғары тозуы, базалық әлеуметтік қызметтерге қол жеткізу проблемасы, кеңжолақты интернет желісіне қолжетімділіктің шектелгендігі.
Демографиялық және көші-қон салдарынан оқушылар контингентінің қысқаруы.
Шалғайда орналасқан елді мекендердің тұрақты қатынаспен қамтылмауы.
Білікті кадрлардың жеткіліксіздігі;
Сауда және тұрмыстық қызмет көрсету жүйесі дамымаған.
2.1.2. Әлеуметтік саласы
Білім беру
Білім беру саласында компьютерлермен, жаңа үлгідегі кабинеттермен және кең жолақты Интернетпен жарақтандыру негізінде мектептердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі деңгейлерін арттырудың тұрақты қарқыны байқалып отыр, бұл қызмет алушыларының сапалы білімге қол жеткізуін арттырады.
Техникалық және кәсіби білім беретін объектілердің қатары және оларда білім алушылар санының ұлғаюы облыс экономикасының әр саласын білікті кадрлармен қамтамасыз етуді арттырады. Колледждердің жұмыспен қамтамасыз етілген түлектері санының өсуі өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге көмектеседі.
Облыста балаларды мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтуды өсірудің тұрақты қарқыны байқалуда. Облыста мектептерді мақсатты ағымдағы және күрделі жөндеу, жаңарту, осы заманғы нормаларға сай мемлекеттік тілде оқыту үшін жағдай жасалған жаңа мектептер салынуда.
Мектепке дейінгі білім беру
Облыста мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жалпы саны (бұдан әрі – МДБҰ) 2017 жылдың 1 қаңтарына 627 бірлікті құрады.
2014 2016 жылдар арналығындағы кезеңде балабақшалар саны 19 бірлікке ұлғайды және 185 бірлікті құрады, шағын орталықтар саны 20 бірлікке қысқарды және 442 құрады.
Облыста бала бақшаға баратын балалардың жалпы саны 2014-2016 жылдары 2484 балаға ұлғайып, 2017 жылдың 1 қаңтарына 36447 адамды құрады.
0 ден 7 жасқа дейінгі балалардың саны 63755 баланы құрайды, оның ішінде ауылдарда – 30078 бала. Облыста 2017 жылғы 01 қаңтарға 185 балабақша, 442 шағын орталық бар, балаларды мектепке дейін тәрбиелеумен және оқытумен қамту 2014 жылмен салыстырғанда 0,6%-ға ұлғайды.
2017 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 36447 бала тәрбиеленуде, оның ішінде бала бақшаларда – 24289, шағын орталықтарда – 12 158 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі біліммен және оқытумен 36,4 мың бала қамтылды немесе 91,2% (республика бойынша – 53,8%). Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-аналарға арналған 92 кеңестік пункт қызмет етеді.
2017 жылдың 1 қаңтарына барлығы бала бақшаға бару үшін кезекте тұрған балалардың саны 21631адамды құрады. Бала бақшаға бару үшін кезекте тұрған балалардың көпшілігі Қостанай қаласында – 8211 бала, Рудныйда – 5540, Арқалықта – 1870, Жітіқара ауданында – 1042, Қостанай ауданында – 1505 байқалады.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында облыста балаларды мектепке дейін тәрбиелеумен және оқытумен қамту деңгейімен, МДБҰ-ның қызметкерлермен қамтамасыз етілуі деңгейінің ұлғаюымен көрініп отырған оң серпін байқалып отыр.
Сонымен қатар, осы саладағы өңірдің басты проблемалары, мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы, топтардың тығыздығы болып табылады. Бұдан басқа, өңірде қызмет көрсетудің сапасына жүзу бассейндері, спорт және музыка залдары сияқты осы заманғы мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту қызметтерінің ажырамас атрибуттарымен МДБҰ-ны жеткіліксіз қамтамасыз ету сияқты шектеуші факторлар әсерін тигізеді.
Саланың дамыту жағдайын SWOT-талдауы:
Күшті жақтары:
1. 3 жастан 6 жасқа дейін балаларды қамтудың жоғары көрсеткіші.
|
Әлсіз жақтары:
1.Облыстың қалаларында МДБҰ-ның жеткіліксіз желісі;
2.Бала бақшаға бару үшін кезекте тұрған балалардың үлкен санының қалаларда (Қостанай, Рудный, Арқалық) және ірі елді мекендерде (Қостанай және Жітіқара аудандарында) сақталуы;
3.МДБҰ ақпараттандырылуының әлсіз дамығандығы.
|
Мүмкіндіктері:
1. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы, оның ішінде ауылдық жерлерде жас мамандарды қолдау және тарту бойынша шаралар жүйесін әзірлеу.
2. Жеке мекемелерден немесе коммерциялық емес ұйымдардан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерін сатып алуға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту (әлеуметтік тапсырыс).
|
Қауіп-қатерлері:
1.Аймақтар бойынша балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтуының әркелкілігі;
2.Өз кезегінде мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында қосымша (инновациялық) қызметтерді ұсынатын БМДБҰ халықтың таңдауын шектейтін қолданыстағы жеке МДБҰ санын қысқартуды бір қалыпта ұстайтын өңірлік жеке сектордың және ҮКҰ өкілдерінің төмен әлеуеті (қаржы ресурстарының, жұмыс өтілінің, педагогикалық құрам қызметіне тарту және уәждеменің тиімді сұлбаларының жетіспеушілігі);
3.Облыстық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаражаттардың шектілігі облыстағы МДБҰ нашар материалдық-техникалық базаны негіздейді, атап айтқанда МДБҰ қатарында спорт залдарының, жүзу бассейндерінің, музыка залдарының жоқтығы балалар денсаулығын нығайту және сол балалардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау мүмкіндігін төмендетеді.
|
Негізгі проблемалар
Облыстың қалаларында МББҰ орындардың тапшылық проблемасы.
Даму беталысы:
Мектепке дейінгі ұйымдарда қосымша орын құру: 2017 жылдың соңына дейін - Қостанай, Лисаков, Рудный, Арқалық қалаларында355 орын, 2018 жылы –Қостанай, Арқалық қ. 430 орын.
Орта білім
Облыста күндізгі жалпы білім беру мектептерінің жалпы саны 2014-2016 жылдары 19 бірлікке қысқарды және 2017 жылдың 1 қаңтарында 529 бірлікті құрады.
Облыс бойынша мектептер саны қысқаруының негізгі себебі болашағы жоқ ауылдық елді мекендердегі бастауыш мектептердің жабылуы және мектептер желісінің мемлекеттік кепілдендірілген нормативке сәйкес келмеуі болып табылады. Сонымен қатар, мектептерді жабу себептері тұрғындардың ауылдық өңірлерден қалаларға қоныс аударуы сияқты факторлар, сол сияқты, тұрғындардың өсіп-өну деңгейінің төмендеуі болды.
2014-2016 жылдары оқушылар саны 2380 адамға артып, және 2017 жылғы 01 қаңтарға 101805 адамды құрады.
Академиялық дарынды балаларды оқытуды ұйымдастыру үшін облыста 8 гимназия, 8 мектеп-гимназия, 1 физикалық-математикалық лицей, 4 мектеп-лицей және 3 мектеп-интернат жұмыс істейді.
2014 - 2016 жылдар аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысушылар саны 187 адамға (0,4%)азайды. Бұл, түлектер саны 280 адамға азаюымен байланысты.
ҰБТ-ның орташа балы 2016 жылы 83,86 бірлікті құрады, бұл 2014 жылғы ұқсас нәтижеден 3,92 баллға жоғары. Білім сапасы 48,96%-ды құрады (2014 жылы білім сапасы - 41,06%), білім сапасы өсуінің оң динамикасы 7,9%-ға байқалуда.
100 және одан да көп балл алған түлектер саны ұлғайды және 2014 жылы 484 адамды құрады, 2016 жылы 538 түлек. Бұдан басқа, облыста 176 түлек ҰБТ-ны барлық пәндер бойынша «5» деген бағаға тапсырды. 2015 жылмен салыстырғанда «Алтын белгі» аттестат иегерлері 9 адамға ұлғайды (2015 жылы 41 иегер, 2016 жылы – 50 иегер).
Облыста мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамту мақсатында оқушылардың контингентін сақтау және есепке алу жөнінде жұмыс жүргізілуде. Басты назар негізгі орта білім беру орындар түлектерінің одан әрі тиісті білім алуын жалғастыруына аударылуда.
Мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру маңызды сауықтыру іс-шара болып табылады. 2014 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде облыста оқушыларды ыстық тамақпен қамту 0,8%-ға ұлғайды (2014-2015 ож.- 90,3%, 2015-2016 о.ж. - 89,7%, 2016-2017 о.ж.- 91,1%,).
Облыста оқушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде белгілі жұмыс жүріп жатыр. Облыс мектептерінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар 100% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Облыста барлық мұқтаж оқушыларды 100% тасымалдау ұйымдастырылған. Балаларды тасымалдау үшін ыңғайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау үшін облыста автокөлік құралдары паркін жаңарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Белгілі бір мектептер санынан нашақорлықтың және мінез-құлық ауруларының алдын алу бағдарламаларын іске асыратын жалпы білім беретін мекемелердің үлесі.
Облыста 192 мектеп немесе әрбір үштен бірі нашақорлықтың және мінез-құлық ауруларының алдын алу бойынша бағдарламаны іске асырады. 2015-2016 жылдар аралығында көрсеткіш 0,4 бірлікке өскен (2015 жылы 35,8-ден -2017 ж. 36,2 дейін).
Облыстың білім беру жүйесінде іс-шараларды іске асыру шеңберінде жыл сайын салауатты өмір салтын құру мәселелері бойынша білім беру процесінің барлық қатысушыларына теориялық-тәжірибелік семинарлар өткізіледі: 2015 ж. – 67, 2016 ж. – 80, жылдың өткен кезеңінде - 22.
Жасөспірімдер ортасында салауатты өмір салты дағдысын насихаттау спорттық іс-шаралар өткізуге ықпал етеді: 2015 ж. 89 мың кәмелетке толмағандарды қамти отырып 475 спорттық жарыс өткізілді, 2016 жылы - жалпы саны шамамен 100 мың адамды қамти отырып 500-ден астам спорттық іс-шара, а. ж. өткен кезеңінде – 32898 оқушыны қамти отырып 226 іс-шара.
Жұмыс істейтін апаттық және үш ауысымды мектептердің саны
Қаладағы оқушылар контингентінің артуына байланысты 2017-2018 оқу жылы үш мектеп үш ауысымда оқытуға ауыстырылды: мектеп-гимназия №5А, №24 мектеп-гимназия, №2 мектеп-лицейі.
Қазіргі уақытта, оқушы орындарының тапшылығын жою мақсатында Әуежай шағын ауданында 900 орындық жалпы білім беретін мектеп құрылысы басталды. Бұдан басқа, Қостанай қаласы Юбилейный шағын ауданында 1200 орындық орта мектеп құрылысына ЖСҚ әзірленуде.
Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша 2017 жылы 4 мектеп апатты деп танылған: 1 - Қарасу, 1 - Қарабалық, 1 - Амангелді, 1 - Әулиекөл аудандарында.
Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:
Күшті жақтары:
1. Қосымша мектептердің құрылысы есебінен оқу орындарының тапшылығын жою;
2. Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер-түлектер санының өсуі және екінші жылға қалатын оқушылар санының төмендеуі;
3. Интернет желісіне мектептердің 100%-ы қосылды.
4. Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушылардың 100% ақысыз ыстық тамақпен қамтылды.
5. Оқушылардың білім сапасы артты.
|
Әлсіз жақтары:
1. Халықтың көшуі есебінен педогикалық кадрлардың перманентті жетіспеушілігі (әсіресе математика, физика, информатика, химия, ағылшын тілі мұғалімдері);
2. Мектептердің жеткіліксіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі; ауылдық елді мекендерде ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептердің болуы.
|
Мүмкіндіктері:
1.бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және орта білім объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға байланысты шығындарды қаржыландыруға жеке сектордың қатысуын ынталандыру;
2.ыңғайластырылған жайда мектептердің орналасу тәжірибесін жою мақсатымен орта білім берудің осы замандық объектілерін салу саласында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту;
3.жас педагогикалық кадрлардың өз істерін беріліп істеуіне және елді мекенге, оның ішінде ауылдық жерге сіңісіп кетуін ынталандыратын шаралар жүйесін әзірлеу.
|
Қауіп-қатерлері:
1.тұрғындардың жақсы еңбекақы және тұру жағдайларына тырысуы жоғары біліктілігі мен балалармен жұмыс істеу тәжірибесі бар педагогикалық кадрлардың білім беру жүйесінен жүйелі түрде кетуіне апарып соғады, бұл орта білімнің сапасын төмендетеді;
2.осы заманғы жаңа үлгідегі мектептердің құрылысына арналған шығындардың жеткіліскіз қаржыландырылуы ауылдық елді мекендерде ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептер үлесін сақтауды негіздейді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |