Бағдарламасы мазмұны паспорт (негізгі сипаттамалары) 2



жүктеу 4,57 Mb.
бет11/24
Дата26.05.2018
өлшемі4,57 Mb.
#17936
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

Негізгі проблемалар

Бала туушылықтың және жаратынды өсу көрсеткіштің төмендеуі .

Қатерлі ісіктерден өлімнің өсуі.

АИТВ инфекциясын жұқтырған аурулардың өсуі.

Салауатты өмір салты қызметінде және жалпы денсаулық сақтау

жүйесінде жұмыс істейтін қызметкерлердің тапшылығы.

Дәрігерлердің үлкен жетіспеушілігі.

БМСК ұйымдарын қаржыландырудың жеткіліксіздігі.


Жұмыспен қамту

Облыста қала және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі арасында сәйкессіздік байқалады.

2017 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамтамасыз ету органдарының есебінде тұрған жұмыссыздардың саны 1532 адамды құрады, 63,5% (973 адам) әйелдер құрайды.

Жұмысқа тартылған адамдар саны азаюының негізгі себебі экономикалық белсенді халықтың ішкі көші-қонуы болып табылады.

25-кесте

2014-2016 жылдардағы халықты жұмыспен қамту көрсеткіштерінің серпіні


Көрсеткіштер атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Экономикалық белсенді халықтың саны, мың адам

529,5

520,3

519,2

Жұмыспен қамту деңгейі, %

95,1

95,0

95,1

Жалпы жұмыссыздықтың деңгейі, %

4,9

5,0

4,9

Тіркелген жұмыссыздықтың деңгейі, %

0,2

0,3

0,3

Құрылған жұмыс орындары

12192

11367

14355

Жұмыспен қамту органдарына өтінді, адам

20156

19692

23751

Қоғамдық жұмыстарда қатысушылар саны, адам

4599

4603

3999

Кәсіптік оқуға жолданғандар саны, адам

747

90

748
Өңірдің негізгі проблемалары мамандандырылған кадрларымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік болып табылады.

Еңбек нарығында Өңірлік жұмыспен қамтамасыз ету, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іске асуы оң көрініс тапты.

Халықты өңірлік жұмыспен қамтамасыз ету стратегиясын іске асыру шеңберінде өнімді жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдем беру үшін бос жұмыс орындарын белсенді іздеу мен іріктеу пайдаланылады, жұмыссыздар мен басқа арнаулы топтар өкілдерін оқыту, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс органдарын құру, бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, жастар мен әйелдердің жұмысқа тұруына көмек беру, кепілді әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету және мүгедектерге, үлкендер мен басқаларға әлеуметтік қолдау көрсету пайдаланылады.

2017 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамтамасыз ету органдарына 23751 адам өтініш жасады (2015 жылы – 19692 адам, 2014 жылы – 20153 адам), олардан 21831 адам ағымдағы, жаңа бос жұмыс орындарына орналастырылды (2015 жылы – 16927 адам, 2014 жылы – 16853 адам). Қоғамдық жұмыстарға 3999 жұмыссыз азаматтар қатысты (2015 жылы – 4603 адам, 2014 жылы – 4599 адам).

2017 жылы кәсіби оқуға 748 адам (2015 жылы – 90 адам, 2014 жылы – 747 адам), оның ішінде 2020 жылғы Жұмыспен қамту бағдарламасының шеңберінде – 728 адам (2015 жылы – 35 адам, 2014 жылы – 698 адам) жіберілді.

2014-2016 жылдар аралығындағы кезеңде облыста 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды.

Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге, 60 мыңнан астам адам жүгінді, ағымдағы бос жұмыс орындарына, жаңадан ашылған жұмыс орындарына 2014-2016 жылдар аралығындағы кезеңінде 50 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 13 мыңнан астам жұмыссыз азаматтар қатысты кәсіби оқуға 2 мыңнан астам адам жіберілді.

Сонымен қатар, ауылдық елді мекендер үшін бос жұмыс орындары санының жетіспеушілігі проблема болып қалуда.

2014 жылы рұқсат бойынша 50 адам жұмыс істеді, оның ішінде бірінші санат бойынша 4 адам, екінші санат бойынша 2 адам, үшінші санат бойынша 37 адам, төртінші санат бойынша (білікті жұмысшылар) 7 адам. Шетелдік жұмыс күшін тарту құрамында жоғары білікті жұмыс күшенің үлесі 86,0% құрады.

2016 жылдың 1 қаңтарында облыстың 17 кәсіпорнында рұқсат бойынша 62 адам жұмыс істеді, оның ішінде бірінші санат бойынша - 8 адам (бір мезгілде құрылтайшылар), екінші санат бойынша -3 адам, үшінші санат бойынша - 44 адам, төртінші санат бойынша (білікті жұмысшылар) - 7 адам жұмыс істейді. ШЖК құрамында жоғары білікті жұмыс күшенің үлесі 88,7 %.

2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 46 рұқсат берілген, бұл ретте, 34 адам – бірінші басшылар және олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, білікті мамандар, 12 – білікті жұмысшылар. ШЖК құрамында жоғары білікті жұмыс күшенің үлесі – 88,8%.

Өндірістегі жазатайым жағдайлар

Еңбектің қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қорғау мемлекет тарапынан, жұмыс берушілерден, қызметкерлер бірлестіктерінен өзіне үнемі назар аударуды талап ететін, ең маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселе болып табылады.

Еңбек заңнамасын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәселелері басым мәселелердің бірі болып табылады, олардан азаматтардың денсаулығы және тұтастай алғанда әлеуметтік жағдайы тәуелді.

Соңғы кезеңде өндірістік травматизмінің шешімі облыс үшін өте өзекті. 2014 жылмен салыстырғанда 2016 жылы зардап шекендердің төмендеуі бар болғанға қарамастан, олардың саны 137 адамды құрады (2015 жылы – 153 адам, 2014 жылы - 171 адам), оның ішінде қиын бітуімен 60 жағдай (2015 жылы – 47, 2014 жылы - 38).

26-кесте

Жазатайым жағдайлардың және сонда зардап шеккендер серпіні




Көрсеткіштердің атауы

2016 жыл

2015 жыл

2014 жыл

1

Зардап шеккендердің саны:

137

153

171

Оның ішінде әйелдер:

33

33

42

2

Кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар:

18

18

25

Оның ішінде әйелдер:

2

0

2

3

Ауыр аяқталған жазатайым оқиғалар:

60

47

38

Оның ішінде әйелдер:

14

12

6

4

Жазатайым жағдайлар бойынша арнайы тергеу өткізілді

104

74

82

2014 жылмен салыстырғанда өлім бітуімен жағдайлардың азаюы 13 адамға немесе 48%-ға дейін белгіленіп тұр, олардың ішінде Рудный қ. - 3, Федоров және Қарабалық аудандарында - 2, Қостанай қ., Арқалық қ., Амангелді, Денисов, Жітіқара мен Таран аудандарында - 1.

2017 жылғы 8 ай бойынша облыста мемлекеттік инспекторлар өндірісте болатын жазатайым жағдайлар бойынша 41 арнайы тергеулерді өткізді (2016 жылы 104, 2015 жылы -74, 2014 жылы - 82).

Еңбек қызметпен байланысты жазатайым жағдайлардың жиілік коэффициенті 1000 жұмысшылар санына облыс бойынша 0,53% (2016 жылы – 0,66%, 2015жылы – 0,74% 2014 жылы - 0,83%) құрайды.

Кісі өлімімен аяқталған жазатайым жағдайлардың жиілік коэффициенті 1000 жұмысшылар санына облыс бойынша 0,069% (2016 жылы – 0,08%, 2015жылы – 0,0,09% 2014 жылы – 0,12%) құрайды.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:


Күшті жақтары:

1. Облыс туындаған әлеуметтік шиеленістің шамалы тәуекелдер фонына жатады.

2. Еңбек заңнамасының өзекті мәселелерін, атап айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы еңбекті қорғау мен қауіпсіздік мәселелерін түсіндіру.

3. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлерімен еңбек заңнамасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді



Әлсіз жақтары:

1.Жұмыстардың өндіріс жаратымсыз ұйымдастыруы

2.Еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша оқыту мен нұсқауының жеткіліксіз ұйымдастыруы

3.Ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жаратымсыз жағдайы, жер маңызы және жұмыс орындарды ұйымдастыруында жетіспеушілектер

4. Еңбек қауіпсіздігі тәсілдеріне оқытудағы кемшіліктер.


Мүмкіндіктері:

1.Еңбек заңнамасын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізуі

2.Жоспардан тыс тексеру жүргізу, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу кезінде кәсіпорындардың жұмысшыларына жалпыға бірдей оқу өткізу.


Қауіп-қатерлері:

1. Өндірісте болатын жасырылған төтенше жағдайлар





Негізгі проблемалар

Жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы

Еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша оқыту мен нұсқауының жеткіліксіз ұйымдастыруы

Ғимараттардың, құрылыстардың техникалық қанағаттанғысыз жай-күйі, аумақтардың ұсталуы және жұмыс орындарының ұйымдастырылуындағы кемшіліктер.

Еңбектің қауіпсіз әдістеріне оқытудың кемшіліктер.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік қағидаларын бұзу.

Мемлекеттік еңбек инспекторларымен берілген анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы жұмыс берушілердің орындамау.

Әлеуметтік қамтамасыз ету

2016 жылы табыстары кедейшілік шегінен төмен облыс тұрғындарының үлесі 0,2% құрады. 2014 жылмен (0,3%) салыстырғанда бұл пайыздық көрсеткіш үш жыл ішінде 0,1% -ға төмендеді.

Кедейлік деңгейін азайту халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге қабылданатын шаралардың (әрі қарай жұмысқа орналастырып, кәсіби даярлау және қайта даярлау, оның ішінде қайта құрылған жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға), келісім-шарт негізінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуге жаңа тәсілдерді пайдаланудың арқасында қол жеткізілді.

Асыраушылықтың алдын алу мақсатында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және мемлекеттік балалар жәрдем (МБЖ) алатындардың арасында азаматтарды әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне тарту бойынша үздіксіз жұмыстар жасалып жатыр, осыған байланысты тұрмысы төмен азаматтардың кірістері өсуде және балалар жәрдемақысы мен атаулы әлеуметтік көмекті алушылар санының жыл сайынғы төмендеуі байқалуда.

АӘК алушылардың негізгі үлесін 18 жасқа дейінгі балалар құрайды. 2016 жылы АӘК алушылар арасында еңбекке жарамды азаматтардың саны 569 адам (жұмыссыздар, есепте тұратындар, жалдамалы жұмыс істейтіндер, өз бетімен жұмыс істейтіндер, күтім жасайтын адамдар және басқалар) немесе көмек алушылардың жалпы санынан 28,7% құрады. 2014 жылмен салыстырғанда пайыздық көрсеткіш 4,2 пайыздық тармақшаға төмендеді (2014 жыл – 32,9 % немесе 1060 адам).

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аз қамтылған азаматтар саны 1456 адамды (387 отбасы) құрайды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда (656 отбасыда 2420 адам) 964 адамға (39,8%) кем.

2017 жылғы 1 қаңтарға жалпы сомасы 10,3 млн. теңгеге аз қамтылғандардың қатарынан 682 бала тегін тамақпен қамтылды, 2,8 млн. теңге сомасына 506 адамға демеушілік көмек көрсетілді, 2014 жылмен салыстырғанда аз қамтылған отбасылар санының азайуына байланысты көмек көлемі жыл сайын азаюда (2014 жылы 14,7 млн. теңге сомасына 1249 бала тегін тамақ алды, 2014 жылы 5,1 млн. теңгеге 1142 алушыларға демеушілік көмек көрсетілді).

2016 жылға бір табысы аз адамға қаржыландырудың барлық көздерінен көрсетілген көмектің сомасы 37462 теңгені құрады, бұл 2014 жылға қарағанда 2916 теңгеге (34546 теңге) көп.

Жергілікті бюджеттің қаражатынан жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген сатыларына 2014 жылы 20387 азаматқа 538 млн. теңге сомасына, 2016 жылы 18226 азаматқа 570,1 млн. теңге сомасына әлеуметтік төлемдер төленді.

Кедейшілікті төмендету бойынша өткізілген іс-шаралар нәтижесінде оның деңгейі 2017 жылдың 1 қаңтарына 0,2% (01.01.2015 ж. – 0,3%) құрады.

27-кесте


Әлеуметтік қамтамасыз ету көрсеткіштердің серпіні

Көрсеткіштер атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Табысы кедейлік шегінен төмен облыс халқы санының үлесі,%

0,3

0,2

0,2

Мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар саны, адам

24715

24220


23148

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны, адам

3260

2493

2613

Тұрғын үй көмегін алушылар саны, адам

15753

15971

17226

Тегін тамақ алушылар саны, адам

1249

792

682

МАӘК алушылар құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлесі, %

32,9

30,2

28,7

Халықтың 1 адамға шаққандағы табысы, теңге

21880

23519

23084

Халықтың табыстары 2012 жылмен (44832 теңге) салыстырғанда 2015 жылы 23,3%-ға өсіп, 1 адамға шаққанда 55280 теңге құрады. 2015 жылы орташа айлық еңбек ақы 93560 теңге құрады, бұл 2012 жылмен (76647 теңге) салыстырғанда 22,1%-ға артық.

2017 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша облыс аумағында арнайы әлеуметтік қызметтерді:

1661 адам тұратын, 11 медициналық-әлеуметтік мекеме, олардан күндіз қаралатын бөлімдерге 32 мүгедек бала және психоневрологиялық аурулары бар 7 мүгедек барады;

1721 мүгедек денсаулығын жақсартқан Қостанай және Жітіқара қалаларында орналасқан 2 оңалту орталығы;

2970 адам, оның ішінде 2430 қарт кісі, 144 мүгедек, 272 мүгедек бала, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан 124 мүгедек, әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған аудандар мен қалалар әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанында үйде әлеуметтік көмек көрсететін 26 бөлім ұсынады;

818 адамға қызметін көрсеткен тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған 3 әлеуметтік бейімдеу орталығы;

119 адам баратын, психоневрологиялық ауытқулары бар 18 жастан асқан мүгедек балалар мен мүгедектерге арналған 5 күндіз болу бөлімшелері.

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің балама түрлері дамып келе жатыр. 2017 жылдың 01 қаңтарына арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылғандардың саны 160 адамды құрады.

28-кесте

2014-2016 жылдардағы арнайы көмек көрсету көрсеткіштердің серпіні


Көрсеткіштердің атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету:










медициналық-әлеуметтік мекемелерде

1671

1661

1661

оңалту орталықтарында

1662

1793

1721

тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарында

915

1126

818

жұмыспен қамту бөлімдері жанындағы психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге арналған күндіз болу бөлімшелерінде

123

159

119

үкіметтік емес секторда

94

54

160

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:



Күшті жақтары:

1.Еңбек нарығында жаппай жұмыстан босату көзделіп отырған жоқ, бұл жұмыссыз азаматтар санының ұлғаюына апармайды.

2.Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдардың қаражаттары жеткiлiктi.

3.Әлеуметтiк қолдауға мұқтаж азаматтардың барлық санаттарын іс жүзінде қамту.

4.Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде арнайы әлеуметтік қызметтеріне мұқтаж қиын жағдайда болған адамдардың барлық санаттарын қамту.

5.Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде мүгедектерді, қарттарды, мүгедек балаларды арнайы әлеуметтiк қызмет түрлерiмен толық қамту.

6.Мүгедектерді әлеуметтiк және кәсiби оңалтуға бағытталған іс-шараларды өткiзу


Әлсіз жақтары:

1.Үнемі бөгде адамдардың күтіміне мұқтаж, психоневрологиялық аурулармен ауыратын 18 жастан жоғары тұлғалар санының өсуi.

2.Психоневрологиялық интернат-үйлерге кезектілік.

3.Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін ҮЕҰ материалдық - техникалық базасының болмауы.




Мүмкіндіктері:

1.Жұмыс орындарын құру, оның iшiнде халықтың жұмыспен уақытша қамтылуына жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын іске асыру бөлiгiнде:

а) қоғамдық жұмыстар;

б) әлеуметтiк жұмыс орындары.

2.Жұмыссыз азаматтарды кәсiптiк оқыту, қайта даярлау.

3.Бос жұмыс орындары мен бос лауазымдардың жәрмеңкелерiн өткiзу.

4.Әлеуметтiк шиеленістің төмендеуі.

5.Әлеуметтік қызмет түрлерін көрсету саласындағы жұмыс iстейтiн ҮЕҰ-дың қызмет саласын кеңейту.



Қауіп-қатерлері:

1.Жасырылған жұмыспен қамту.

2.Тiркелген жұмыссыздар санының өсуi.

3.Жасанды жұмыссыздықты жасау (мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау жұмыспен қамтылмаған тұрғындардан жұмыссыз азаматтың мәртебесін және табыстар туралы анықтама беруді талап етеді).

4.Мүгедектердің оңалту іс-шараларымен толық қамтылмауы.

5.Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша ҮЕҰ белсенділігі төмен.







Негізгі проблемалар:

Қала және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылу деңгейiнiң арасындағы сәйкессіздік.

Ауылдық елдi мекендердегi бос жұмыс орындары санының аздығы.

Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессiздiк.

Мәдениет

Облыстың мәдениет потенциалы жеткілікті дамыған инфрақұрылыммен көрсетілген. 2017 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша облыс мәдениетінің кәсіпорындар мне ұйымдар жүйесі 702 мемлекеттік мекеме мен мәдени кәсіпті құрады: 294 мәдени-демалыс ұйымдары, 386 кітапхана, 10 мұражай, 4 театр, облыстық филармония, кинобейнеқорды сақтау және пайдалану бойынша орталық, 4 кинотеатр, 2 мәдениет және демалыс саябағы

29-кесте

Мәдени іс-шараларды өткізу


Іс-шараның атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Іс-шаралардың саны

Келген адамдар (мың адам)

Іс-шаралардың саны

Іс-шаралардың саны

Іс-шаралардың саны

Келген адамдар (мың адам)

Концерттер

338

258,0

338

338

339

270

Қойылымдар

1197

187,9

1157

1197

1050

193,5

Мұражайлар

11 720

353

12 315

376,7

12 316

370,1

Мәдениет саласының тұрақты дамуы саланың жоспарлы қаржыландырумен қамтамасыз етілген: 2016 жылы – 5018,2 млн. теңге, (2014 жылы - 3927,9 млн. теңге, 2015 жылы- 3824,7 млн. теңге).

2017 жылғы 01 қаңтарға 1050 спектакль көрсетілді. Келушілер саны 193,5 мың адамды құрады, бұл 2014 жылғы деңгейден 3%-ға жоғары.

Облыстық филармониямен 339 концерт ұйымдастырылды, оларға 270,14 мың көрермен қатысты, бұл 2014 жылғы деңгейден 0,3%-ға жоғары.

Облыстың 10 мұражайында 12316 іс-шара өткізіліп, оларға 370,1 мың адам барды, бұл 2014 жылдың деңгейінен 2,2%-ға жоғары. Облыс мұражай қорларында 287,7 мың астам раритеттік экспонат сақталады.

2016 жылы мәдениет саласында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асты: классикалық музыка концерттері, оның ішінде «Дегдар» гуманитарлық қорының «Времен связующая нить» қайырымдылық жобасының аясында; мастер-кластар және концерттер; «ІІ Даулет оқулары» ғылыми-практикалық конференция; «Jazz&Classic» жаңа концерттік бағдарламасы; көрнекті өнер қайраткерлерінің шығармашылық кештері. «Айналдым еркін елімнен» көркемөнерпаз халық шығармашылығы XXX фестивалінің облыстық кезеңі өтті.

Облыстың мәдениет саласын дамытуға және дарынды балаларды қолдауға мәні еркеше Халықаралық балалар вокалдық байқауы «Золотой микрофон».

И. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры сахнасында Новосибирск қаласының жетекші шеберлерімен халықаралық музыкалық жобасын іске асыру шеңберінде«Айман-Шолпан» (М. Әуезов, Е. Брусиловский) музыкалық спектаклінің тұсаукесері өтті.

Шығармашылық шеберлігін дамыту, қазақ халық аспаптар ансамблін насихаттау және дәріптеу, музыкалық-эстетикалық мәдениетін тәрбиелеу, тәжірибе алмасу мақсатында облыстың аспапшылары арасында «Ғасырлар пернесі» облыстық қазақ халық аспаптар фестивалі, «Тәуелсіздікке арнау: Мәңгілік ел жастары жырлайды» атты аймақтық ақындар айтысы өтті. Шығармашылық шеберлігінен Астана, Павлодар, Семей, Орал, Қостанай, Арқалық қалаларынан 10 ақын жарысты.

2016 жылы облыстың 40 талантты өкілі (2015 жылы - 68, 2014 ж. -56) және 10 ұжымы (2015 ж -35, 2014 ж. - 24) Қазақстанның: Астана, Алматы, Көкшетау, Тараз, Қостанай қалаларында; Санкт-Петербург, Челябі, Екатеринбург, Ростов, Южноуральск, Пятигорск, Орынбор, Витебск қалаларында өткен 22 халықаралық және 12 республикалық фестивальдер мен конкурстарға қатысты. Облыстың шығармашылық таланттары 33 жүлделі орын алды.

Облыстық орыс драма театрының ұжым Йошкар-Ола (Республика Марий Эл) қаласында өткен «Мост дружбы» Ресейдің орыс театрлары және шет елдердің ХІІІ халықаралық фестивалінің жұмысына қатысты. ТМД мәдени өмірінің ірі оқиғасына Ресей, Қазақстан, Сербия, Эстония, Мәскеу ұлттық республикаларынан17 ұжым қатысты. Театр 2 номинация бойынша: «Верность традициям русского психологического театра» и «Лучшая эпизодическая роль» (Ашот Хачатрян) дипломдармен марапатталды.



жүктеу 4,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау