Қазақстан республикасындағЫ Әлеуметтік жұмысты жетілдіру жолдары



жүктеу 68,5 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі68,5 Kb.
#23998

ӘОЖ 37:378.121
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
К.Т Әшірбаева

Г.Ж.Қамбай


Мақалада Қазақстан Республикасында әлеуметтік жұмыстардың бүгінгі беталысы, дамуы қарастырылып, талданады. ҚР-да әлеуметтік жұмыстарды жетілдіру үшін ең алдымен елдің экономикалық жағдайын көтеру мәселелері жайында айтылады.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік жұмысты қолға алынғанына көп болмаса да оның бүгінгі беталысы дұрыс жолмен дамып, өркендеп келеді. ҚР-да әлеуметтік жұмысты жетілдіру үшін ең алдымен елдің экономикалық жағдайын көтеруіміз керек. Мысалға Еуропа қауымдастығында әлеуметтік жұмыс үш бағытта жүргізіледі.

Біріншісі, әлеуметтік-демократиялық модель, мұнда мемлекеттің үлкен диапазонында әлеуметтік қызмет жүргізіледі. В.Хамиш бұл модельді «скандинавиялық модель» деп атаған. Әлеуметтік жұмысты жүзеге асыру үшін елдегі партиялардың кеңесімен бірлесе отырып жұмыс жүргізіледі. Екінші модель, «корпоративті модель» деп аталады. Бұл модель бойынша әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту және кәсіподақ қоғамының интеграциясын анықтайды. Мұның негізінде әлеуметтік сақтандыру жүзеге асырылады. Әлеуметтік сақтандыру қызметі мамандандырылған топтардың қатарына кіруіне байланысты анықталады. Үшіншісі, «либералды модель», бұл модель әлеуметтік төмен топтарға мемлекет тарапынан минималды көмек көрсетуімен байланысты. Бұл модельді негізінен ағылшын-саксандық елдер қолданылады. Бұл модель Ұлыбритания мен Ирландия елдерінде жүзеге асырылады. Оның құрамына әлеуметтік сақтандыру кіреді. Бірақ төмен деңгейде дамыған, ал әлеуметтік көмек мұнда орасан зор роль атқарады. Бұл модельде кейбір алшақтықтар бар. Ұлыбританияның мемлекеттік жүйесі денсаулық сақтауды қолдау мақсатында барлық адамдарға ақысыз түрде медициналық қызмет көрсетеді, ал Ирландияда ақысыз тегін медициналық қызметті тек төмен жалақы алатын адамдарға ғана көрсетіледі /1/.



Бұл модельдерден Қазақстан өзіне тиісті лайықтысын алуына болады. Бірінші модельдің әлеуметтік мәселені шешуде кең диапазонда ортақ талқыға сала отырып шешуі өте тиімді шешімдердің бірі деп санаймын. Халықты әлеуметтік қорғауда әлеуметтік сақтандыру жүйесін, оның интеграциясын қалыптастыру аса маңызды шешімдердің бірі болары хақ. Сондықтан да бұл шараны мемлекет қолдануы тиіс.

Әлеуметтік жұмысты дамытуда экономиканы реттеу аса маңызды, өйткені көптеген әлеуметтік проблемалар осы қаржы проблемасының салдарынан шешілмейді, әрі қарай күрделі проблемалардың өршуіне алып келеді. Қоғамның, ондағы әрбір азаматтың сапалы әрі бақытты өмір сүруі әлеуметтік жағдайына тікелей байланысты болғандықтан елде ең алдымен әлеуіметтік мәселе бірінші кезекте тұруы керек. Әлеуметтік жұмыс жүзеге асуы үшін диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыру аса маңызды. Әр түрлі себептердің салдарынан туындаған мәселенің нақты жолын табу үшін заманауи үлгідегі технологиялармен оқытылған, біліммен байытылған мамандар мен кадрларды қайта даярлау ең басты міндет болуы тиіс. Өйткені әлеуметтік мәселелердің шешілуі ең алдымен білікті маманға байланысты. Шет елдермен тәжірибе алмасу елімізде әлеуметтік жұмыстың ілгері дамуына өз септігін тигізеді. Әлеуметтік қызметкер мәселені шешуде өзінің тиімді әдістерін, белгілі бір құралдарды пайдаланады. Оларға әр түрлі іс-қимылдар, заттық жабдықтар, қосымша рухани және материалдық қаражаттар, әдістер жұмыс түрлері, ақпараттық технологиялар жатады. Әлеуметтік қызметкердің жеке тұлғасы біліміне, шеберлігіне байланысты қалыптасады. Әлеуметтік жұмыс жүргізген кезде жаңалықтардың ашылып тұруы мүмкін. Бұл мақсатқа тез жету үшін ақпараттық технологияларды дамыту керек. Әлеуметтік жұмыста анализ, синтез, салыстыру, бақылау, эксперимент және т.б әдістер дұрыс қолданып жүзеге асуы тиіс. Осы әдістерден басқа әлеуметтік жұмыста клиентті тәрбиелеу әдістері қолданылады. Осындай әдістерді: қоғамдық-экономикалық, психологиялық, педагогикалық және ұйымдастыру-басқару әдістер түрлеріне бөлуге болады. Қоғамдық-экономикалық әдістер клиенттің қызығушылығы мен түрлі мұқтажын қанағаттандыруына байланысты, яғни онда азық-түлік, зат, ақша жеңілдік, ақшалай көмек т.б. тәрізі түрлі көмектер беріледі. Психо-педагогикалық әдіс жанама яғни клиентке, оның мінез-құлқы мен көңіл күйіне әсер ету арқылы жүргізілетін әдістер түрін зерттеу керек.Әлеуметтік жұмыстың үлгісі-әлеуметтік жұмыстың социологиялық моделі қоғаммен тікелей байланысты, көптеген социологиялық үлгілер социологиялық концепциялардан туындаған. Социологиялық әдістің әлеуметтік-радикалды үлгісі адамның құқығы үшін күреседі, осы әдісті әрі қарай жандандыруымыз керек. Қоғамдағы түрлі кері әсерлердің болмауының алдын алуымыз керек. Әлеуметтік жұмысты дамытуда әлеуметтік қызметкер рольдік теория немесе рольдік әдіс теориясын ерекше жақсы игеруі тиіс. Әлеуметтік қызметкер рөльдік ойын арқасында клиенттің мінез құлқын өзгертеді. Мысалы, әйел-ана «немқұрай әйел» рөлінен айырылғысы келеді. Осы ойын арқасында әлеуметтік қызметкер бұрынғы рөлін «жақсы көруші ана» рөліне өзгертеді. Осылайша әлеуметтік қызметкер өз клиенттеріне көмек көрсетеді. Адамның өзін-өзі өлтіруі, бүлік, нашақорлық, жыныстық және т.б мәселелерді шешудегі девиантты мінез-құлық теориясын жетілдіруіміз керек,себебі қоғамдағы кең етек алып жатқан негізгі әлеуметтік проблемалар осы болып табылады. Адамдардың бір-бірімен конфликтке түспеу үшін мемлекет тарапынан адамдардың моральдық құндылықтарын ең қиын ситуацияда қорғай алатын заңдық құжаттама дайындауымыз керек. Қазіргі Қазақстандағы зейнеткерлердің өмір сүру жағдайына табысты қайта бөліп беру саясатына үлкен көңіл бөлінеді.Онда еңбекақының адамды еңбек еткен кезіндегі жағдайды қамтамасыз етеді дейді және оны мемлекет қадағалап отырады. Сол үшін үкімет зейнетақы қорын ашты. Отандық ғалымдардың ойынша, жұмыссыздық жағдайында қиынырақ, жұмыссыздарға арналған жәрдемақы жүйесі адам кәсіподақта тұруына байланысты болады /2/.

Әлеуметтік жұмыста, басқа ғылымдағы тәрізді, жалпы айқындау әдістері анализ, синтез, салыстыру, бақылау, эксперимент және т.б. қолданылады. Жалпы ғылыми әдістермен бірге, әлеуметтік жұмыспен тығыз байланысты социология (анкета әдісі, социометрия), психология (тест әдісі), педагогика ғылымдар әдістері пайдаланылады. Осы әдістерден басқа әлеуметтік жұмыста клиентті тәрбиелеу әдістері қолданылады. Осындай әдістерді: қоғамдық-экономикалық, психологияның педагогикалық және ұйымдастыру-басқару әдістер түрлеріне бөлуге болады. Қоғамдық-экономикалық әдістер клиенттің қызығушылығы мен тұрмыс мұқтажын қанағаттандыруға байланысты, яғни онда азық-түлік, зат, ақша жеңілдік, ақшалай көмек т.б. тәріздер беріледі.

Психологиялық және педагогикалық әдіс жанама клиентке, оның мінез-кұлқы мен көңіл-күйіне әсер ету арқылы жүргізілетін әдістер түрі. Адамның санасына ақырындап әсер ету, тәрбиелеу, оның өзгеруіне әкеліп соғады. Үлкен маңызды әдістердің түрлері: дәлелдеу, түсіндіру, кеңес мысалдармен таныстыру, әлеуметтік терапия және оның еңбектегі отбасындағы, топтық, ойын түрлері. ("Терапия" деген ұғым грек сөзінен алынған "көмек," "жазылу," "күту" деген мағынаны білдіреді). Жәрдемақылар төлену мүмкіндігі мен санатына орай 2009ж. жарық көрген «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау» тұжырымдамасына сәйкес мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты, жұмыссыздығы мен жасы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі толық ынтымақтастық қағидасына негізделген. Сондықтан да әлеуметтік қорғау бұл кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылу сияқты өткір тұстарда пайдаланылатын мемлекеттің арнайы оңалту шараларын жүргізу және әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етуде берілетін арнайы жүйесі болып табылады. Әлеуметтік жұмыс антикалық дәуірдегі «этикет» мінез-құлқының жинақтылығына және мақсаттарына бағытталған. Мысалы, өзін-өзі ұстай білетін әдепті адам жаратылысы бойынша жомарт және кең пейілді болуы керек. Өзі жақсылық жасай отырып, біреудің жарылқауынан ыңғайсызданады. Өзіне жасаған жақсылыққа екі еселік қайтарым жасайды. Ол өз күшін қайратсыздардың моральдік тұрғыдан төмен адамдардың алдында көрсетуді мақсат қылмайды, сонымен қатар мәртебелі адамдар алдында өзін дұрыс ұстайды. Мінез-құлық ережелері сөйлеу мәдениетіне де қатысты болды. Этикет бойынша тәртіпті адам сөйлеу барысында шырт қимылдар жасамау керек., бірқалыпты және нақты сөйлеу қалпын сақтау керек. Әр түрлі әлеуметтік топтағы адамдарға қатысты мінез құлық ережелері заман ағымына байланысты өзгеріп отырды. Мысалы орта ғасырда этикет бойынша жоғарғы әлеуметтік топтағы адамдарға шығу тегінің атақтылығына байланысты әртүрлі ар-ұят кодекстерін сақтау керек болды. Алайда, бұл кодексті хрестиандық моральға сәйкес өз күштерінің қабілеттілігін танытпай, керісінше, бойұсынулыққа, ақылдылыққа келуді жөн көрді. Этикеттердің заңды күші болды және тәртіпті бұзғандар үшін қатал жаза қолданды. Қазақстандағы әлеуметтік жұмыстың дамуы үшін шетелдердің тәжірбиесін қолдану мен зерттеу өте маңызды. Әлеуметтік жұмыстың әр түрлі топтамасының ерекшеліктері әр елде өзгеше. Француз философы Вольтер «Елімді қаншалықты жақсы көрсем, соншалықты оны байыту үшін басқа елдердің ұтымды тәжірбиелерін пайдаланамын» дегендей, Қазақстан үшін өз дамуында шет елдік тәжірбиелерді қолдануы өте маңызды. Бүгінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың мүшесі,оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау табуда және нақты іс жүзінде асырылып келеді.

Шет елдің әлеуметтік жұмысын зерттеу әр түрлі әдіс тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сондай тәсілдердің ішінен мен салыстыру әдісін таңдап, осы әдіс арқылы Қазақстан мен шет елдегі жүргізіліп отырған әлеуметтік жұмысты салыстырып, шет елдік әлеуметтік жұмыс тәжірбиесінің Қазақстанда қолдану мүмкіншіліктерін қарастырдым.

Әр елде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі пайда болған кезде,әдеттегідей осы мақсаттардың біріне жетуге бағдар алынған. Жалпы сипаттағы жүйелер, көбінесе жаппай кепілді, ең төменгі көрсеткішті қамтамасыз етуге, ал жекелеген кәсіптік топтарды ерекше қамтитын әлеуметтік сақтандыру жүйелері жоғалтқан еңбекақыны өтеуге бағытталған, онда олар көбінесе кедейліктің алдын алу қызметтерін, атап айтқанда, әлеуметтік көмек көрсетуді басқа институттарға қалдырады.

Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау жүйесі толық ортақтас қағидасының басымдылығымен,мемлекеттік қатысудың жоғарғы деңгейімен және төмен ынтасымен сипатталады. Мүгедектік, асыраушысынан айырылу бойынша,жасына байланысты әлеуметтік қамтамасыз ету жұмысы толық ортақтастық қағидасында ұйымдастырылған. Барлық жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар тәуекел жағдай туған кезде, еңбек қызметіне қатысуына және жарнасына қарамастан, егер заңдарда және халықаралық келісімдерде өзгеше қарастырылмаса бірдей деңгейде мемлекеттік жәрдемақы алады. Шет елдегі әлеуметтік жұмыс тәжірбиесін зерттеуде әр елдің әлеуметтік жұмыс жүргізудегі, осы әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттің маңыздылық деңгейі сияқты өзіндік ерекшеліктерін қарастырған жөн. Мысалға,осындай сипаттарға байланысты американдық және еуропалық әлеуметтік жұмыс модельдері ерекшеленеді. Біз өз мемлекетіміздің тұрақты дамуында осы шет елдік тәжірбиенің оң тұстарын ғана қолдана білуіміз қажет. Айтылып кеткендей ҚР және Еуропа Одағының халқының өмір сапасы стандартының заңнамалық негізі өзіндік нормалармен ғана емес, сонымен қатар мемлекетте қалыптасқан тарихи – мәдени ерекшеліктерге қарай ұйымдастыру және қаржыландыру тәсілдерімен ерекшеленеді. Бірақ бұл ерекшеліктерге қарамастан ҚР мен Еуропа елдеріндегі халықты әлеуметтік қорғау жүйесі бір бағытта жүреді. Қазіргі Германия мен Қазақстанның әлеуметтік саясатына параллельдер жүргізу мен басты даму беталыстарын салыстыру, бір қарағанда болашақсыз тапсырма болып көрінеді. Екі мемлекеттің әлеуметтік жұмыстары мен әлеуметтік саясатының мазмұны мен құрылымындағы айырмашылықтар тым орасан. Германияда әлеуметтік жұмыс мынандай бағыттарда қызмет атқарады: әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек. Германиядағы әлеуметтік жұмыс мәртебесінің тармақтылығын және прагматизмін сипаттайтын маңызды ережелер келесідей:



  1. Германиядағы әлеуметтік жұмыс әлеуметтік мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құралы ретінде институтталған.

  2. Әлеуметтік жұмысты жүргізушілер мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, жеке тұлғалар болып табылады.

  3. Германдық әлеуметтік саясат конституциялық мәртебеде адамның өзінің және мемлекет алдындағы,сондай – ақ мемлекеттің қоғам алдындағы қызметі мен жауапкершіліктеріне негізделген.

  4. Тиімді әлеуметтік саясат қалыптастырудың іргетасы ретінде әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандырудың тұтынушыға бағытталған технологиясын анықтау.

Біздің еліміздегі қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінде Батыс елдерінен айырмашылығы ондағы толық ынтымақтастық және мемлекеттік институттардың қатысуы деңгейі басымдылығы, ал ынталандыру деңгейінің төмендігі. Әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі қаржыландыру көзі мен жалпы реттеушісі мемлекет болып табылады. Заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, әлеуметтік қорғау жүйесінде ынталандыру деңгейі төмен. Мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың мынандай түрлерін көрсетеді:

    • жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

    • жұмыссыздар үшін кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлау және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

    • қоғамдық жұмыстарды істейтін жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;

    • табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету.

Еуропа елдерінде өмір сүру деңгейі Қазақстанмен салыстырғанда бірталай асып түседі. Еуропа елдері ең төменгі жалақы деңгейінің мөлшері бойынша 3 топқа жіктеледі, бірінші топқа – ең төменгі жалақы мөлшері 82-331 евроны құрайтын мемлекеттер, екінші топқа -427-668 евроны, ал үшінші топқа – 1200 евродан жоғары соманы құрайтын мемлекеттер құрайды. Бұл ретте Қазақстанның ең төменгі жалақы деңгейі Еуропа елдерінің ішіндегі ең төменгі мемлекеттерінен де аз болып отыр. Сондықтан еліміздегі ең төменгі жалақы көлемін көбейтіп, Еуропа елдерінің жоғарыда айтылған үш топтың бірінде көрсетілген деңгейге жетуіміз керек. Жоғарыда жазылып кеткендей, Еуропа елдерінің зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі аса жомарттықпен ерекшеленеді. Бір жағынан Қазақстандағы зейнетақы мөлшері елдегі өмір сүру бағасынан аса аз болмағанымен, шетелдегі зейнетақы мөлшерінен артта қалып келеді. Еуропа Одағының кодексіне сәйкес зейнетақы мөлшері орташа жалақы мөлшерінің 50 пайызын құрауы қажет.Ал ең төменгі зейнетақы стандарт бойынша 30 жыл еңбек өтілі үшін 40 пайыз және 10 жылдық еңбек өтіліне қарай 30 пайыз құрайды. Осы стандартқа сәйкес Германияда орташа зейнетақы орташа жалақының 62%, Францияда 50% құраса, Қазақстанда ол 33% құрайды. Мұнда, Қазақстан мен Еуропа елдеріндегі зейнетақы жүйесінде ұқсастықтар болғанымен, бөлінген зейнетақы мөлшері бойынша айырмашылық көп. Әрине елімізде жыл сайын зейнетақы көлемі өсіп отырғанымен, оның мөлшерін көбейту өзектілігі туындап отыр. Осыған байланысты еліміздегі зейнетақы мөлшерін арттыруға тырысу керек. Қазақстанның өмір сүру ұзақтығы бойынша Батыс елдеріндегі ерлер 14 жасқа, ал әйелдер 8 жасқа ұзақ. Бірақ бала туу көрсеткіші Батыс елдерінен анағұрлым жоғары көрсеткішке ие. Жалпы әлеуметтік заңнама туралы сөз еткенде, заңнамалық нормалардың прогрессивтік белгілерінің жоқтығы туралы, оның тұрақты өзгеріп тұратын елдегі демографиялық, экономикалық, әлеуметтік жағдайлардан бір қадам артта қалатындығы туралы қорытынды жасауға болады. Бұл заң шығару саласында стратегиялық жоспарлау процесі әлсіз және жүйесіз өтіп жатқандығына байланысты. Сондықтан, біз 50 мемлекеттің қатарына қосылу үшін халықтың өмір сүру деңгейін Батыс елдерінің стандарттарына жеткізуіміз қажет. 2006-2009 жылдары Германия мен АҚШ-та зейнетке шығу жасын қайта қарастырып, көтеру мәселесі қозғалды. Оның біздің елге де ықпалы болуы мүмкін, бірақ бізге зейнетке шығу жасын көтеруден гөрі төмендеткен дұрыс болады. Себебі жоғарыда жазылғандай, халықтың көбі әр түрлі факторларға байланысты жасқа жетпейді екен. Мұндай мәселені шешуде мемлекеттің үлкен қолдауы керек /3/ Осындай қолдау зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін ары қарай жетілдіру үшін маңызды болмақ. Осы мәселені шешу жолдары Қазақстан Үкіметінің жыл сайын қабылданатын ҚР зейнетақы жүйесін ары қарай дамыту бағдарлары негіз болады. Бағдарламаға сай базалық зейнетақыны енгізу, оны жылдан-жылға көбейту сияқты шаралар қарастырылған. Сол сияқты зейнетақымен қамсыздандырудың 3 деңгейлі жүйесіне өту аяқталды: 1)мемлекеттік базалық зейнетақы, 2)ынтымақтастық және жинақтаушы зейнетақымен қамсызданыруға берілетін зейнетақы, 3)ерікті және кәсіптік зейнетақы аударымдарының есебінен қосымша төлемдер. Жалпы еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін Батыстық стандарттарға сай келтіру үшін зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің құқықтық базасын жетілдіру қажет. Ол мәселе

      1. қазіргі зейнетақы жинағының құнын қазіргі инфляция жағдайында сақтап қалу үшін халық үшін маңызды, себебі, бүгінгі жинақтары ертеңгі күні олардың өмір сүруін қамтамасыз етуі тиіс;

      2. зейнетке шығу жасын қайта қарап, оны төмендету қажет;

      3. зейнетақы сомасын көтеру керек.

ӘДЕБИЕТ


  1. Постановление Правительства РК о реализации Инициативы прозрачности в добыающих отраслях промышленности http://www.krw.kz/netcat_files/Image/GovernmentDec42006.jpg

  2. Меморандум о взаимопонимании "Об Инициативе повышения прозрачности добывающих отраслей между Республикой Казахстан и Международным банком реконструкции развития" от 1 декабря 2006 года http://www.krw.kz/netcat_files/Image/KZ-WB%20EITI%20MOU_20061201_rus.doc.

  3. Сажина М. А., Чибриков Г. Г. Экономическая теория. Учебник для вузов. – М.: Норма Инфра, 1998. – 456с.

  4. Основы предпринимательской деятельности: Учебное пособие /Под. ред. В.М. Власовой. – М.: Финансы и статистика, 1997. – 528 с.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз



СТРОКИ УСОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ СОЦИАЛЬНОЙ РАБОТЫ

В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАНЕ
К.Т.Аширбаева

Г.Ж.Камбай


В статье анализируется развитие и направление социальной работы в РК и чтобы в республике усовершенствовать социальной работы сперва надо поднять проблемы экономических потенциал народов.

IN REPUBLIC KAZAKHSTAN OF LINE OF IMPROVEMENT

OF SOCIAL WORK
K.T.Ashirbaeva

G.J.Kambai


The development and direction of the social work in the republic of Kazakhstan is analyzed in the article. To improve the social work in the republic it is necessary to raise the problems of the economical potential of people.
жүктеу 68,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау