қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдауы бойынша жылдам өзара
іс-қимылға әзірлігінің жоғары болуы болып табылады.
Құқықтық тәртіп органдары мен шұғыл қызметтердің өзара іс-қимылы бірінші кезекте
тұрғындардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін жағдайлар кезінде олардың барлық
құрылымдарының ақпарат алмасуын және ұйымдастырылған жұмысын қамтиды. Мұндай жағдайларда
деректерді жедел алмасуға және ықтимал қауіптер мен қатерлер туралы тұрғындарды уақтылы
ақпараттандыруға және хабарландыруға мүмкіндік беретін АКТ-ның маңызды рөлін атап өту қажет.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың саны (бұдан әрі - ТЖ) 2012 жылғы 8 айда
10328 жағдайды құрады (ТЖ жалпы санынан 81,7 % ), оның ішінде 94,4 % (9751) - тұрмыстық және
өндірістік өрттер. 2011 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда техногендік төтенше
жағдайлардың саны 1127 жағдайға немесе 12,2 % артты. Зардап шеккендердің саны 1413 адамды
құрады (2011 жылғы осындай кезеңнен 13,1 % көп).
Құқықтық тәртіп органдары қоғамдық тәртіпті сақтау және көшелерде және басқа да
қоғамдық орындарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру жөнінде
барлық қажетті шараларды қолдануда.
Қылмыстарға шұғыл ден қою мақсатында нақты нарядтың орналасқан жерін қадағалау
ауданының картасында нақты уақыт режимінде және жақын арадағы полиция нарядына оқиға болған
жерге жөнелтуге мүмкіндік беретін «GPS» навигациясы жүйесі патрульдік машиналарға енгізілді
және жұмыс істейді, осы жүйемен жаяу жүретін патрульдік нарядтарды жабдықтау мәселесі
пысықталуда.
Қазіргі уақытта барлық өңірлерде жедел басқару орталықтары (бұдан әрі - ЖБО) жұмыс
істейді, олар қылмысқа ден қою жеделдігін арттыруға, сондай-ақ облыс орталықтарының неғұрлым
криминогендік аудандарын бейнебақылаумен қамтуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің Ахуалдық орталығы пайдалануға енгізілді, ол облыстық ЖБО-ны
бірыңғай жүйеге біріктіреді, өңірлерде жедел жағдайларды бақылауға және олармен селекторлық
бейнебайланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні ел бойынша жалпы 606 қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдері және 153
тікелей учаскелік пунктке ЖБО қосылған 1300 аса бейнебақылау құрылғылары пайдаланылады,
олардың көмегімен 570 қылмыс ашылды және 110 мыңнан аса құқық бұзушылықтар анықталды.
Міндет: АКТ кеңінен енгізу жолымен қоғамдық қауіпсіздік деңгейі мен құқықтық тәртіп
және шұғыл қызмет органдары жұмыстарының тиімділігін арттыру.
Нысаналы индикаторлар:
1) шұғыл қызметтер қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығының деңгейі 2017 жылы -
100 %;
2) ТЖ ден қою уақытын қысқарту 2017 жылы - 10,75 %, 2020 жылы - 31 %;
3) ТЖ туралы халықты жаппай хабарландырудың қазіргі заманғы жүйелерімен жабдықталған
елді мекендердің үлесі 2017 жылы - 95 %.
Қол жеткізу жолдары
АКТ енгізу жолымен қоғамдық қауіпсіздік деңгейі мен құқықтық тәртіп және шұғыл
қызметтер органдары жұмыстарының тиімділігі бойынша міндеттерді іске асыру мынадай шараларды
қабылдау жолымен шешілетін болады:
1) шұғыл қызметтердің операциялық және өндірістік қызметін автоматтандыру;
2) геоақпараттық жүйелерді пайдалана отырып оқыс оқиғалар туралы, оның ішінде оқыс
оқиғалар болған жерлер туралы деректерді ұсына отырып, шұғыл қызметке хабарлау бойынша
міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының ТЖМ 112 бірыңғай кезекшілік диспетчерлік
қызметін құру;
3) қылмыстарға шұғыл ден қоюды қамтамасыз ету мақсатында елдің барлық өңірлерінде
күдік туғызатын адамдарды, оқиғаларды, жол-көлік және өзге де оқиғаларды анықтау тұрғысынан
көшелерге және азаматтар жаппай жиналатын жерлерге тұрақты мониторинг үшін шұғыл басқару
орталықтарын дамыту;
4) ұтқыр құрылғыларды қоса алғанда, барлық байланыс құралдары арқылы төтенше
жағдайлардың алдын алу мен жоюдың жеделдігін жоғарылату үшін уақтылы хабарлау жүйелерін одан
әрі дамыту.
2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін
қамтамасыз ету
1) Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарында
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі
Бүгінгі күні ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылым экономикалық дамудың аса
маңызды элементі болып табылады. Қазіргі заманғы қолжетімді телекоммуникациялық
инфрақұрылымсыз Қазақстанның әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікке енуі мүмкін
емес. АКТ қолжетімділігі ақпаратты қоғам құруға арналған тұғырнама болып табылады.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
2012 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұраныстың
өсуі экономиканың өсуіне оң ықпалын тигізді, оны көтерме және бөлшек сауданың (14,3 %),
көлік қызметінің (7,2 %), байланыс қызметінің (12,8 %) өсуі дәлелдейді.
Телекоммуникация қызметтерін дамыту мынадай индикаторлармен сипатталады:
1) жергілікті телекоммуникация желілерін цифрландыру деңгейі (95,6 %);
2) Интернет желісін пайдаланушылардың саны 8,8 миллион адамға жетті (53,5 %);
3) тіркелген телефон байланысы абоненттерінің саны 4,2 миллионнан астам абонентті
құрады (26 %);
4) ұялы байланыс абоненттерінің саны 26,2 млн. құрады (158,3 %).
Ұялы байланыс қызметтері Қазақстан тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие, ол
абоненттер санының тұрақты артуына байланысты.
Сондай-ақ 2011 - 2012 жылдары Интернет және ұялы байланыс қызметтеріне тарифтерді
төмендету бойынша іс-шаралар жүргізілді. Ұялы байланыс операторларының желі ішінде қоңырау
шалуға жұмсалатын ең төменгі құны 30 %, ұтқыр Интернетке ең жоғарғы тариф 50 % дейін
төмендеді.
Интернет желісіне белгіленген кең жолақты қолжетімділік тарифтер бойынша жарияланған
IT 2012 әлемдік есебіне сәйкес Қазақстан әлемде 13-орынды иеленді (2009 жылғы қорытындылар
бойынша 19-орын).
Міндет: Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарында ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымының қолжетімділігі.
Нысаналы индикаторлар:
1) Интернет желісіне қолжетімді үй шаруашылықтарының үлесі 2017 жылы - 65 %, 2020 жылы
- 80 %;
2) тіркелген телефон байланысы бар үй шаруашылықтарының үлесі 2017 жылы - 80 %, 2020
жылы - 100 %;
3) ұтқыр телефоны бар үй шаруашылықтарының үлесі 2017 жылы - 80 %, 2020 жылы - 100 %.
Қол жеткізу жолдары
Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті дамыту мынадай бағыттар бойынша
қамтамасыз етіледі:
1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту;
2) Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі «цифрлық теңсіздікті» қысқарту (ірі қалалар,
моноқалалар, ауылдар).
2013 жылы CDMA 450/EVDO технологиялары бойынша Интернет желісіне КЖҚ қызметтерімен
тұрғындар саны 50 және одан да көп елді мекендердің тұрғындары қамтамасыз етіледі.
FTTH технологиясы бойынша Интернет желісіне КЖҚ барлық қалалар мен облыс
орталықтарында 2015 жылға дейін аяқталатын болады.
3G үшінші буынның ұтқыр байланысымен 2013 жылдың басында тұрғындар саны 50 мың және
одан да көп адамды құрайтын елді мекендердің тұрғындарын, ал 2015 жылдың басына дейін
тұрғындар саны 10 мың және одан да көп адамды құрайтын аудан орталықтары мен елді
мекендердің тұрғындарын қамтамасыз ету жоспарланады.
2013 жылдың басына 4G төртінші буын стандарты Астана, Алматы қалаларында, 2014 жылдың
басына - республиканың барлық облыс орталықтарында, 2015 жылдың басында - тұрғындар саны 50
мың және одан да көп адамды құрайтын барлық елді мекендерде, ал 2018 жылдың басында -
Қазақстан Республикасының бүкіл аудан орталықтарында енгізілетін болады.
Ұялы байланыс қызметтері тарифтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін (сондай-ақ,
мобильді Интернет) ұялы байланыстың басым операторларының трафигіне қосылу және оларды