Бағдарламасы жаңаөзен, 016 жыл мазмұны бағыт. Экономика


Техникалық және кәсіптік білім беру



бет4/6
Дата20.11.2018
өлшемі2 Mb.
#21958
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Техникалық және кәсіптік білім беру.

Қаламызда мектеп бітіруші түлектерге түрлі мамандықтар беру бағытында білім беретін 5 орта арнаулы оқу орындары бар:

1) мемлекеттік колледждер – 3, олар: «О.Тұрмағанбетұлы атындағы мұнай және газ колледжі» - 23 мамандық, «Облыстық медициналық колледжі» - 5 мамандық; «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» - 14 мамандық.

2) мемлекеттік емес колледждер - 2, олар: «Жаңаөзен политехникалық колледжі» - 21 мамандық, «Каспий педагогика және салалық технологиялар колледжі» - 7 мамандық.



«Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 30 жылдық тарихы бар мемлекеттік колледж - облыстық бағыныстағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын көп салалы техникалық кәсіптік оқу орны болып табылады.

Мамандарды даярлау 19 мамандықтар бойынша жүргізіледі, оның ішінде 55,0% - техникалық мамандықтар; қызмет көрсету, экономика, басқару – 13,0%, технологиялық – 26,0%, құрылыс – 6,0% құрады. 1985 жылы құрылып, жаңа оқу жылын 250 оқушымен бастады (6 мамандық бойынша). Қазіргі таңда оқу процесі үш ғимаратта жүргізіледі. Бірінші оқу ғимараты типтік 400 оқушыға арналған (400 оқушы оқиды), екінші оқу ғимараты типтік емес және тозығы жеткен (1100 оқушы оқиды), үшінші ғимарат – 50 оқушыға арналған спорт кешені. Аталған колледжде:

2011/2012 оқу жылында барлығы 2202 адам: күндізгі бөлімде – 1699 адам (соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 1277 оқушы), сырттай бөлімде – 503 адам; 2012/2013 оқу жылында 2187 адам: күндізгі бөлімде - 1669 адам (соның ішінде мемлекеттік тапсырыс - 1325 адам), сырттай бөлімде – 518 адам; 2013/2014 оқу жылында 2192 адам: күндізгі бөлім бойынша - 1729 адам (соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 1474 адам), сырттай бөлімде – 463 адам; 2014/2015 оқу жылында 2153 адам: күндізгі бөлім бойынша - 1637 адам (соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 1484 адам), сырттай бөлімде – 516 адам қамтылып отыр.

Бітірушілер саны: 2011/2012 оқу жылында күндізгі бөлімде – 345 адам (соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 266 адам), сырттай бөлімде - 174 адам қамтылды. Соның ішінде күндізгі бөлім бойынша жұмысқа орналасқандар саны 257, жоғары оқу орындарында 37 оқушы оқуын жалғастырды, әскер қатарына 1 адам жіберілді, бала күтімінде 32 адам болды.

2012/2013 оқу жылында күндізгі бөлімде – 362 адам (мемлекеттік тапсырыс бойынша - 264 адам), сырттай бөлімде - 211 адам. Күндізгі бөлім бойынша жұмысқа орналасқандар саны – 248 адам (68,5%), жоғары оқу орындарында 33 адам (9,1%) оқуын жалғастырды, 38 адам бала күтімінде (10,5%), әскер қатарына 17 адам жіберілді, жұмысқа орналаспағаны 26 адам (7,2%).

2013/2014 оқу жылында күндізгі бөлімде – 371 адам (соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 292 адам). Соның ішінде күндізгі бөлім бойынша жұмысқа орналасқандар саны 95, жоғары оқу орындарында 57 оқушы оқуын жалғастырды, әскер қатарына 2 адам жіберілді, бала күтімінде 42 адам болды.

2014-2015 оқу жылында колледжде 2153 оқушы білім алды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде – 1484 (69,0%) құрады.

2014/2015 оқу жылында күндізгі бөлімде – 400 оқушы (соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 343). Соның ішінде күндізгі бөлім бойынша жұмысқа орналасқандар саны 145 оқушы, жоғары оқу орындарында 13 оқушы оқуын жалғастырды, әскер қатарына 2 адам жіберілді, бала күтімінде 36 адам болды.

Колледж базасында 2000 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Республикалық оқу әдістемелік бірлестік мұнай-газ ісі мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының кәсіби - техникалық оқу орындарына арнап білім беру стандартарын, типтік оқу жоспарлары мен типтік оқу бағдарламаларын жасақтап беруде. Дуальдық оқыту жүйесі негізінде 2012/2013 о.ж. - 0801000 «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы» (негізгі орта білім базасында) – 24 оқушы, 2014/2015 о.ж. - 0819000 «Мұнай және

газды қайта өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша 25 оқушы оқытылуда. Дуалды оқыту жүйесі бойынша 14 арнайы пән оқытушылары Белорусияда, Германияда білім жетілдіру курстарынан өтті.

Білім және ғылым министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігі арасында Жаңаөзен қаласының «О.Тұрмағанбетұлы атындағы мұнай және газ колледжі» МКК-нің материалдық-техникалық базасын қайта жарақтандыру бойынша келісімге қол қойылып, республикалық бюджеттен 2012 жылы 25,0 млн.теңге, 2013 жылы 25,0 млн.теңге бөлініп, 8 оқу қабинеті жабдықталды (оның ішінде 5 лабораториялық қондырғы сатып алынды).

Мұнай және газ колледжі Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаментінің 22.05.2014 жылғы №115-нқ бұйрығымен аттесталды.

Отыз жылдан бері мемлекеттік оқу орны бола тұра, республика көлемінде ғылыми – әдістемелік жұмыстармен айналыса отыра, өзінің арнайы тіптік оқу ғимаратының, акт залының, асханасының, спорт кешенінің болмауы бәрімізге сын деп есептеуге болады. Колледждің жаңа оқу ғимаратының құрылысының сметалық құны 918,2 млн.теңге болатын 15.11.2012 жылғы №15-0531/12 жобалық сметалық құжаттамасына арналған мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынып, жоба бойынша барлық құжаттар тиісті министрліктерге жолданды.

Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылғандар: 2011/2012 о.ж. – 1699 оқушы, 2012/2013 о.ж. - 1669 оқушы, 2013/2014 о.ж. - 1729 оқушы, 2014/2015 оқу жылында 1637 оқушы толықтай қамтылды.

«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес білім беру ұйымдары уәкілеттік органның тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында ұлттық және халықаралық институциалдық, мамандандырылған аккредиттеуден өту бойынша Жаңаөзен мұнай және газ колледжі 2015 жылы институциалдық аккредиттеуден өтті.

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледж (мемлекеттік колледж) Ералиев ауданында 1967 жылы кәсіптік-техникалық училище болып ашылып, Жаңаөзен қаласына 1968 жылы көшірілді. Колледж 600 орындық типтік ғимаратта орналасқан. Аталған колледжде оқитын студенттердің барлығы да мемлекеттік тапсырыспен оқиды: 2010/2011 оқу жылында - 752 оқушы, 2011/2012 жылы – 702 оқушы, 2012/2013 жылы – 694 оқушы, 2013/2014 жылы – 728 оқушы, 2014/2015 жылы - 737 студентпен (соның ішінде мемлекеттік тапсырыс - 692 оқушы): 9 сынып негізінде 635 оқушы, 11 сынып негізінде 102 бастады.

Бітірушілер саны: 2010/2011 жылы - 243, 2011/2012 жылы – 245, 2012/2013 жылы – 237, 2013/2014 жылы – 248, 2014/2015 жылы – 292 оқушы.

Бітірушілер саны: 2011/2012 оқу жылында күндізгі бөлімде - 245 адам (соның ішінде күндізгі бөлім бойынша жұмысқа орналасқандар саны 143 адам (58,3%), жоғарғы оқу орындарында 30 адам (12,2%) оқуын жалғастырды, әскер қатарына 18 адам жіберілді (7,3%), бала күтімінде 3 адам (1,2%).

2012/2013 оқу жылында күндізгі бөлімде 237 адам қамтылды. Соның ішінде күндізгі бөлім бойынша жұмысқа орналасқандар саны – 155 адам (62,5%), жоғарғы оқу орындарында 10 адам (4,0%) оқуын жалғастырды, 2 адам бала күтімінде (0,8%), әскер қатарына 9 адам жіберілді (3,6%).

2013/2014 оқу жылында күндізгі бөлімде – 248 адам қамтылды. Соның ішінде күндізгі бөлім бойынша жұмысқа орналасқандар саны 155 оқушы (62,5%), жоғарғы оқу орындарында 10 адам (4,0%) оқуын жалғастырды, әскер қатарына 9 адам жіберілді (3,6%), бала күтімінде 2 адам (0,8%).

2014/2015 оқу жылында күндізгі бөлімде – 292 оқушы қамтылды. Соның ішінде күндізгі бөлім бойынша жұмысқа орналасқандар саны 142 адам (48,6%), жоғарғы оқу орындарында 19 адам (6,5%) оқуын жалғастырды, әскер қатарына 32 адам (10,9%) жіберілді, бала күтімінде 9 адам (3,0%).

Мамандықтардың саны кәсіпорындардың сұраныстары байланысты жылдан жылға көбеюде: 2010/2011 о.ж. – 8, 2011/2012 о.ж. – 10, 2012/2013 о.ж. – 11, 2013/2014 о.ж. – 12 мамандық болып, 2010 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көбейген.

Педагог және шеберлерінің саны 2010/2011 о.ж. - 45, 2011/2012 о.ж. – 53, 2012/2013 о.ж. – 56, 2013/2014 о.ж. – 59, 2014/2015 о.ж. – 63.

Дуальдық оқыту жүйесі негізінде 2014 жылы 1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша 25 оқушы, 2015 жылы 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы – 25 оқушы қабылданып, барлығы 50 оқушы білім алуда.

Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылғандар: 2011/2012 о.ж. – 702 оқушы, 2012/2013 о.ж. - 694 оқушы, 2013/2014 о.ж. - 708 оқушы, 2014/2015 оқу жылында 651 оқушы, 2015/2016 оқу жылында 591 оқушы.



Жаңаөзен политехникалық колледжі ЖШС (мемлекеттік емес колледж) 2005 жылы құрылып, жаңа оқу жылын 250 оқушымен бастады (5 мамандық бойынша). 2007 жылы осы колледжге түсушілердің санының көбеюіне байланысты Рахат ауылы Ақсу шағынауданындағы 650 орындық жаңа ғимаратқа көшірілді. «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында «ДАМУ» қоры арқылы жалпы сомасы 45,0 млн.теңгеге несие қаржыландырылып, 350 орындық қосымша жаңа ғимарат құрылысы салынып, 2013 жылы пайдалануға берілді.

Аталған колледжде 2011/2012 оқу жылында барлығы 875 оқушы (мемлекеттік тапсырыс бойынша 350 оқушы); 2012/2013 оқу жылында 1004 оқушы (мемлекеттік тапсырыс 525 оқушы), оның ішінде 9 сыныптың негізінде 861 оқушы (жалпы контингенттің 85,8%), 11 сыныптың негізінде 143 оқушы (жалпы контингенттің 14,2%); 2013/2014 оқу жылында 1251 оқушы (мемлекеттік тапсырыс бойынша 825 оқушы), 2014/2015 жылы 1199 оқушы (соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 937 оқушы) қамтылды, оның ішінде 9 сыныптың негізінде 1115 оқушы (жалпы контингенттің 93,0%), 11 сыныптың негізінде 84 оқушы (жалпы контингенттің 7,0%).

2015/2016 жаңа оқу жылын 1052 оқушымен бастады (соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 897 оқушы).

Бітірушілер саны 2011 жылы 234 оқушы; 2012 жылы 128 оқушы (мемлекеттік тапсырыс - 50); 2013 жылы 125 оқушы (мемлекеттік тапсырыс – 50), 2013/2014 жылы 228 оқушы (мемлекеттік тапсырыс – 122), 2014/2015 оқу жылы 288 оқушы (мемлекеттік тапсырыс – 226). Бітірушілердің санынан 2012 жылы жұмысқа орналасқандар саны 64 адам (50,0%), жоғары оқу орындарында 10 адам (7,8%) оқуын жалғастырды; 2013 жылы жұмысқа орналасқандар саны 60 адам (48,0%), жоғары оқу орындарында 19 адам (15,2%) оқуын жалғастырды; әскерге шақыртылғаны 4 адам (3,2%), 9 адам бала күтімі демалыста (7,2%), жұмысқа орналаспағаны 33 адам (26,4%); 2014 жылы 288 оқушының 191-і жұмысқа орналасты (66,3%); жоғары оқу орындарында 9 адам (3,1%) оқуын жалғастырды, 21-і бала күтімі демалыста (7,3%), жұмысқа орналаспағаны 67 адам (23,3%).

2013-2014 оқу жылында 3 мамандық бойынша 120100 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және пайдалану», 1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», 0506000 «Шаштараз өнері және сәндік косметика» дуальдық оқытудың эсперименттік жобасы жалғастырылып, жыл аяғында 73 оқушымен аяқтады.

2013 жылы «Техникалық және кәсіптік білім беруді модернизациялау» жобасы аясында №120000 - «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және пайдалану» мамандығы грантты иеленіп, жоба барысында осы мамандық бойынша материалдық техникалық базасы жаңартылып, қазіргі заман талабына сай шеберханамен жабдықталды.

Аталған колледж 2014/2015 оқу жылында білім беру ұйымының тиісті деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын орындауы, білім беру ұйымының өзінің қызметтерінде білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауын анықтау мақсатында мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті. 2013-2014 о.ж. эксперимент аясында оқып жатқан мамандықтарға 56,0 млн.теңгеге оқу құралдар мен тренажерлер сатып алынды. Оқу материалдық базасының қамтылуы 2013-2014 о.ж. «Жол картасы» бойынша: оқу жихаздарын; математика, химия, биология, физика кабинеттеріне көрнекі құралдарын; спорт тауарларын және компьютерлер сатып алуға - 12,1 млн.теңге қаражат жұмсалды. Сонымен қатар, бюджет есебінен оқу жихаздарын, оқуғы арналған көрнекі құралдарын, оқу макеттерін, электрондық оқулықтар, интерактивті тақталар сатып алуға – 11,1 млн.теңге; өз қаражаты есебінен - 1,7 млн.теңге игерілді.

Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылғандар: 2012/2013 оқу жылында 1004 оқушы, 2013/2014 оқу жылында 1251 оқушы, 2014/2015 оқу жылында 1199 оқушы толықтай қамтылды.



«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі ЖШС (мемлекеттік емес колледж) 2008 жылы құрылып, жаңа оқу жылын 156 оқушымен бастады (5 мамандық бойынша). Оқу ғимараты жекеменшік. Аталған колледжде:

2011/2012 оқу жылында барлығы 1269 адам, күндізгі бөлімде – 716 адам (9-сынып негізінде – 602 адам (84%), 11-сынып негізінде – 114 адам (16%), (соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 94 оқушы), сырттай бөлімде – 553 адам.

2012/2013 оқу жылында 1248 адам, күндізгі бөлімде - 608 адам (9-сынып негізінде – 522 адам (85,9%), 11-сынып негізінде – 86 адам (14,1%), (соның ішінде мемлекеттік тапсырыс 149 адам ) сырттай бөлімде – 640 адам.

2013/2014 оқу жылында 1062 оқушы (соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 269 адам) қамтылды. Күндізгі бөлім бойынша - 545 оқушы (9-сынып негізінде 460 адам (84,4%), 11-сынып негізінде 85 адам (15,6%)), сырттай бөлім бойынша – 517 адам білім алды.

2014/2015 оқу жылында 1004 оқушы (мемлекеттік тапсырыс бойынша 427 адам), оның ішінде 387 күндізгі бөлімде, 40 сырттай бөлімде) қамтылды. Күндізгі бөлім бойынша - 511 оқушы (9-сынып негізінде 421 адам (82,4%), 11-сынып негізінде 90 адам (17,6%)), сырттай бөлім бойынша – 493 адам білім алды.

Бітірушілер саны 2011/2012 оқу жылында барлығы 308 адам. Оның ішінде 2012 жылы күндізгі бөлім бойынша 139 бітірушіден жұмысқа орналасқандар саны – 70 адам (50,4%) (мемлекеттік тапсырыс бойынша - 44 адам, оның ішінде жұмысқа орналасқандар саны 22 (50,0%)). Жоғарғы оқу орындарында 13 адам (9,3%) оқуын жалғастырды, 17 адам бала күтімі демалысында (12,2%). Жұмысқа орналасқан және жұмыспен қамтылғандар саны 100 адам (71,9%).

2012/2013 оқу жылында бітірушілер саны 454 адам (мемлекеттік тапсырыс бойынша жоқ). 2013 жылы күндізгі бөлім бойынша 141 бітірушіден жұмысқа орналасқандар саны - 79 адам (56,0%), жоғарғы оқу орындарында 13 адам (9,2%) оқуын жалғастырды; әскер қатарына кеткені жоқ, 9 адам бала күтімі демалысында (6,3%). Жұмысқа орналасқан және жұмыспен қамтылғандар саны 101 адам (71,6%).

2013/2014 оқу жылында бітірушілер саны 356 адам (мемлекеттік тапсырыс бойынша жоқ). Күндізгі бөлім бойынша 144 бітірушіден жұмысқа орналасқандар саны 61 адам (42,3%), жоғарғы оқу орнына түскені 9 адам (6,2%), әскерге кеткені жоқ. Бала күтімінде 11 адам (7,6%). Жұмысқа орналасқан және жұмыспен қамтылғандар саны 81 адам (56,2%).

2014/2015 оқу жылында бітірушілер саны 271 оқушы. Күндізгі бөлімде 134 адам оқуды аяқтап, оның ішінде жұмысқа орналасқандар саны 102 адам (76,1%). Жоғарғы оқу орнына түскені 19 адам (14,1%), әскерге кеткені жоқ. Бала күтімінде 8 адам (5,9%). Жұмысқа орналасқан және жұмыспен қамтылғандар саны 129 адам (96,2%).

Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылғандар: 2011/2012 оқу жылында – 989 адам (күндізгі бөлім бойынша 706, ал сырттай бөлім бойынша 283); 2012/2013 оқу жылында 961 оқушы (күндізгі бөлім бойынша 599, ал сырттай бөлім бойынша 362); 2013/2014 оқу жылында 810 адам (күндізгі бөлім бойынша 538, ал сырттай бөлім бойынша 272); 2014/2015 оқу жылында 708 оқушы (күндізгі бөлім бойынша 503, ал сырттай бөлім бойынша 205).

Дуалді оқыту жүйесі негізінде 2012 жылы 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 25 студент қабылданып, қазіргі таңда 23-і 4МДТ-12 б/б тобында білім алуда, 2 студент өз еркімен оқудан шығарылды. 2015-2016 оқу жылында 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 1 курстың 25 студенті және 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 1 курстың 25 студенті білім алуда. Жалпы 2015-2016 оқу жылында 73 студент білім алуда. Жаңаөзен қаласы бойынша «15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі» 2012 жылы 13,1%, 2013 жылы 13,0%, 2014 жылы 12,7% құрады.

Білім беру бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

балабақшаларды, шағын орталықтарды, оның ішінде жекеменшік балабақшаларды салу және жаңаларын ашу, бұрынғы ғимараттарды қайтару және қайта құру есебінен мектепке дейінгі балалар ұйымдары желісінің кеңеюі;

жаңа мектептер салу есебінен оқушылар орны тапшылығының біртіндеп жойылуы;

колледждің жоғары имиджі;

мамандықтардың кең көлемде болуы;

колледждер желісінің кеңеюі және колледждерде оқушылар мен оқытушылар санының артуы.

колледждерде оқу үдерісіне оқытудың дуальді жүйесі элементтерінің енгізілуі;

колледждердің мықты материальдық-техникалық базаның нығайтылуы;


мектепке дейінгі ұйымдардағы орындардың тапшылығы;

күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер үлесінің жыл сайын артуы;

инклюзивті білім берудің жеткілікті дамымауы;

жетім балалардың қатарындағы түлектерді жұмысқа орналастыру тетігінің пысықталмағандығы;

білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жетілмеуі;

өндірістік кәсіпорындардың жұмыс көлемінің қысқаруы;

жұмыс берушілердің арнаулы оқу орындарын бітірушілерді жұмысқа қабылдауда қоятын жоғары талаптары (тәжірибе, жұмыс стажының болуы);


МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

білім беру ұйымдарының желісін көбейту мақсатында заманауи білім беру объектілерін салу үшін бюджеттік қаржыландырылуын кеңейту және жеке қаржыландырылуын ынталандыру;

халықаралық қорлар жағынан кәсіптік білім беруге қызығушылығының артуы;

республикалық және халықаралық деңгейде оқытушылардың қайта даярлау және тағылымдамаларынан өтуі.


білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған бюджет қаражатының шектеулілігі;



Білім беру саласындағы негізгі проблемалар:

мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде орындардың тапшылығы;

білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі;

орыс тілінде оқытатын мектептерде кадрлардың жетіспеушілігі;

білім беру жүйесіндегі әр-түрлі тексерулердің көптігі білім беру қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіреді;

инклюзивтік білім беру үшін жағдайлардың жеткіліксіздігі (лифтер, шкафтар, дәретханадағы жағдайлар, ұстағыштар және т.б.);

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің төмендігі;

қалалық жердегі студенттік жатақханалардың жетіспеушілігі;

колледж түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері;

колледждердің көпшілігінің үлгілік емес ғимараттарда орналасуы.



Жастар саясаты

Мемлекеттік жастар саясатын «Жаңаөзен қалалық жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

Жаңаөзен қаласы бойынша (Теңге, Қызылсай, Рахат ауылдарын қоса алғанда) барлығы қазіргі кезде 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 38340 адамды құрады, оның ішінде ауыл жастары – 7290 адам. Сондай ақ, қалалық жастар орталығымен тығыз байланыста жұмыс жасайтын белсенді жастар саны – 11450 адам. Қаладағы мемлекеттік жастар саясаты іс-шараларына қиын, қиынға бейім және моргиналды жастар да тартылады, олардың қатарына арнаулы орта оқу орындарының студенттері, орта мектептердің 9-11 сынып оқушылары, жұмыс жасайтын жастар, жұмыссыз жастар және 10 үкіметтік емес ұйымдар бар.

Қалалық жастар орталығы арқылы 2012 жылы 63 іс-шара (6200 жастар қатысты), 2013 жылы 78 іс-шара (9810 жастар қатысты), 2014 жылы 120 іс-шара (15500 жастар қатысты), 2015 жылы 143 іс – шара (22338 жастар қатысты) өткізілді. Осы мақсатта іс шараларды іске асыруға бюджеттен 2012 жылы 13,4 млн.теңге, 2013 жылы 18,4 млн.теңге, 2014 жылы 15,7 млн.теңге, 2015 жылы 14,9 млн.теңге игерілді. Қала бойынша жастар саны 2012 жылы 37128 адам, 2013 жылы 37156 адам, 2014 жылы 37181 адам, 2015 жылы 38340 адамды құрады. Соның ішінде жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастардың үлесі 2012 жылы 11,0% (4089 адам), 2013 жылы 13,1% (4860 адам), 2014 жылы 15,5% (5751 адам), 2015 жыл 16,7% (6402 адам).

Қаладағы мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыруға жергілікті бюджеттен 2012 жылы 29,5 млн.теңге, 2013 жылы 29,6 млн.теңге, 2014 жылы 15,7 млн.теңге бөлініп, игерілді. Ал, 2015 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша 14,9 млн.теңге игерілді.

Жастар арасында жұмыссыздықты азайту мақсатында «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» және «Жасыл ел» бағдарламаларының аясында нақты жұмыстар жүргізілуде. «Жасыл Ел» бағдарламасы шеңберінде жазғы демалыста мүжәлсіз отбасының балалары 2013 жылы 140 жастар (4,3 млн.теңге игерілді); 2014 жылы 270 жастар (игерілгені 7,4 млн.теңге), 2015 жылы 420 жастар (игерілгені 3,7 млн.теңге) жұмыспен қамтылды.

Елбасының «Қазақстан 2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауында айтылған жастардың ауыл шаруашылық еңбегіне қызығушылығын арттыру, сондай ақ ауылдағы өзекті проблемаларды зерттеуге шақыру мақсатында жыл сайын «Ауыл жастары» облыстық форумы қаламызда ұйымдастырылып отырады. Атап айтсақ, 2013 жылы 4 жоба («Голондиялық роза гүлдерін өсіру жылыжайы», «Халал шұжық цехы», «Әк шығару зауыты», «Жүнді қайта өңдеу зауыты»); 2014 жылы 3 жоба («Ара балын өңдеу зауыты», «Машинамен саяхат», «Бизнес мектеп ашу»); 2015 жылы 6 жоба («Бөдене фермасы», «Жаңаөзен қалалық хабарландыру тақтайшасы», «Антикафе», «Дрондық аппарат», «Роллер клубы» және «Жүк тасымалдау қызметі»); атты жастардың инновациялық үздік жобалары тыңдалды.
Жастар саясаты бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

жастар саясаты жөніндегі іс-шараларға жастардың қатысу пайызы және ақпараттық жастар саясаты қызметінің саны артты;


бірлесіп орындаушы - мемлекеттік органдардың мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысуының төмен деңгейі;

аудандарда және ауылдық жерде жастар инфрақұрылымының жеткілікті дамымауы;

жастардың ҮЕҰ-ның әлеуметтік маңызды жобаларының орындалу сапасын бағалаудың бірыңғай өлшемдерінің жоқтығы.


МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

Жастарды жұмысқа орналастыруға ықпал ететін «Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға», «Жасыл ел» жобаларын одан әрі ілгерілету;

«Бизнестің жол картасы» аясында жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау;

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» жобасының аясында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету.


жастар арасында нашақорлықтың, діни экстремизмнің таралу мүмкіндігі;

жастардың іс-шаралары мен жобаларын жеткізе қаржыландырмау.




Жастар саясатының негізгі проблемалары:

жастар арасындағы жұмыссыздық республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары;

дипломы бар жастардың жұмысқа орналасуының қиындығы;

15-28 жастағы NEET үлесінің болмашы төмендеуі;

жастардың тұрғын үймен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі.


2.1.2.2. Денсаулық сақтау

Қала бойынша барлығы 11 медициналық мекемелер қызмет көрсетеді, оның ішінде: 7 мемлекеттік (Жаңаөзен қалалық емхана №1, Жаңаөзен қалалық емхана №2, Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы, Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы, Жаңаөзен қалалық перзентханасы, Жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы, Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы) және 4 жекеменшік («Стоматология» ЖШС, «Медицина» ЖШС, «Жолымбетов» ЖШС, «Медикер» ЖШС).

Жаңаөзен қаласында және іргелес орналасқан ауылдық елді мекендерде халықтың көбеюіне байланысты жаңа медициналық мекемелерді салу қажеттілігі туындап отыр. Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелерін шешу бойынша «2009-2012» және «2012-2020» жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында бюджет қаражаты есебінен 100 төсекке арналған туберкулез ауруханасы; Теңге мен Қызылсай елді мекендерінде дәрігерлік амбулаториясы, 100 төсекке арналған перзентхана; «Рахат» шағынауданында ауысымда 250 келушіні қабылдауға арналған емхана құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді; Сонымен қатар, қалалық аурухананың терапевтік корпусының құрылысы және «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның демеушілік қаражаты есебінен 50 төсек-орындық медициналық емдеу орталығының (емхана) құрылысы жүргізілуде.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде Қызылсай ауылындағы Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасының жанындағы 20 төсектік оңалту бөлімшесінің құрылысын салу 2016 жылға жоспарланды (сметалық құны 158,8 млн.теңге).

Қала бойынша халық саны 01.01.2015 жыл кезеңіне 136,4 мың адам болып, 01.01.2013ж. кезеңімен салыстырғанда 10,8 мың адамға көбейді (01.01.2014ж. - 130,6 мың адам, 01.01.2013ж. – 125,6 мың адам).

Халықтың күтілетін орташа өмір сүру ұзақтығы 2010 жылы – 64,1 жас; 2011 жылы – 63,6 жас; 2012 жылы – 64,4; 2013 жылы 63,2 жас; 2014 жылы 65,8 жасты құрады.

Қала бойынша демографиялық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады. Туу көрсеткіші - республика бойынша жоғары болып табылады, мәселен 2014 жылы туылғандар саны 1000 адамға шаққанда 34,05 промилле болса (4516 сәби), 2012 жылмен салыстырғанда 2,1 промиллеге (556 сәбиге) көбейді (2012ж. - 31,94 промилле - 3957 сәби, 2013 жылы – 34,55 промилле – 4429 сәби).

Өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 2012 жылғы 4,33 промилледен (525 адам) 2014 жылғы 4,02 промиллеге (537 адам) азайды, 2013 жылы 4,69 промилле (599 адам) құрады.

Халықтың табиғи өсім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда жоғары деңгейде байқалады: 2014 жылы –30,03 промилле (3991 адам), 2012 жылы - 27,61 промилле (3420 адам), 2013 жылы – 29,86 промилле (3830 адам) құрады.

Ана өлімінің көрсеткіші (100000 тірі туылғандарға шаққанда) 2014 жылы 23,2 промиллені құрады (1 бірлік) құрады. 2012, 2013 жылдары ана өлімі болған жоқ.

Жаңаөзен қаласы бойынша 0 жас пен 14 жас аралығындағы балалар саны 2011 жылы - 40427, 2012 жылы - 42126, 2013 жылы – 44292, 2014 жылы - 47788.

Нәресте өлім-жітім көрсеткіші (1 жасқа дейінгі) 1000 тірі туғандарға есептегенде 2012 жылы 10,93 промилле (43 сәби), 2013 жылы 10,17 промиллені (47 сәби), 2014 жылы 10,34 промилле (43 сәби). 2014 жылғы көрсеткішті 2012 жылмен салыстырғанда 0,59 промиллеге төмендеді.

Қала бойынша барлығы 0-мен 5 жас аралығындағы бала саны 2012 жылы – 20682, 2013 жылы - 21449, 2014 жылы – 23514 бала бар. Балалар өлімі (0-ден 5 жасқа дейін) бала саны 2012 жылы 50 бала (12,6 промилле), 2013 жылы 58 бала (13,1 промилле), 2014 жылы 44 бала (9,7 промилле).

«Гемофилия» ауырымен есепте тұрған 4 баланы тұрақты үзіліссіз емделуін қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 2012 жылы 104,9 млн.теңге, 2013 жылы 57,5 млн.теңге бөлініп, қажетті дәрі-дәрмектер сатып алынды.

Қала бойынша 0-17 жас аралығындағы скринингілік тексерілуге тиіс балалар мен жасөспірімдер саны 2014 жылы 47174 (2013 жылы - 41334, 2012 жылы - 41584) құрады. Нақты тексерістен өткізілгені 2014 жылы - 34477 бала (2013 жылы - 41070, 2012 жылы - 41561 бала).
Соның ішінде: айқындалған науқастар саны 2014 жылы – 8909 адам (2013 жылы – 7558 адам, 2012 жылы – 5090 адам). «Д» есепке алынғандар саны 2014 жылы - 1691 адам (2013 жылы – 583 адам, 2012 жылы - 1412 адам); оның ішінде сауықтырылғандар саны 2014 жылы - 3983 балалар мен жасөспірімдерді, яғни 44,7% құрады (2013 жылы – 3009 адам – 39,8%, 2012 жылы – 1412 адам – 27,7%).

Денсаулық саласында дәрігерлердің арасында кадр тапшылығы байқалады, 2014 жылы 72 дәрігер-маман жетіспеді, олар: педиатр, акушер-гинеколог, терапевт, неанотолог, анестезиолог-реаниматолог, эндокринолог және т.б..

Кадр жетіспеушілік мәселесін шешу мақсатында республика деңгейінде медициналық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан Жаңаөзендік-студенттердің деректер қоры қалыптастырылды. Аталған оқу орындарында 180 маман білім алуда, олардың 90-мемлекеттік оқыту гранты, 90-ақылы топтарда.

Жаңаөзен қаласындағы 90 керуеттік туберкулез ауруханасында күніне 70 адам қабылдайтын диспансер бөлімшесі, клинико-бактериялық зертхана, рентген кабинеті, ультрадыбыстық зерттеу кабинеті, орталық стерилизация бөлімдері бар. 2014 жылы түскен науқас саны 155 адам, соның ішінде жаңадан туберкулез ауруына шалдыққан науқастар саны 75 адам (оның ішінде 7 бала, 8 жасөспірім), 2013 жылы 77 адам (оның ішінде 4 бала, 6 жасөспірім). 2014 жылы 134 науқас емделіп шығып, жыл аяғында емделушілер саны 160 адамды құрады. Туберкулез аурулар мен шалдығулардан азап шегетін тұлғаларды медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер сатып алуға 9,1 млн.теңге бөлініп, игерілді.

Туберкулез ауруы (100000 халыққа шаққанда) 2012 жылы 71,2 промилле 176 адам, 2013 жылы 60,7 промилле, 2014 жылы 53,3 промиллені құрады. 2014 жылғы көрсеткішті 2012 жылмен салыстырғанда 17,9 промиллеге дейін төмендеді.

Туберкулез ауруынан 2010 жылы 6 науқас (5,1 промилле), 2011 жылы 3 науқас (2,5 промилле), 2012 жылы 8 науқас (6,4 промилле), 2013 жылы 6 науқас (4,7 промилле), 2014 жылы 7 науқас (5,2 промилле) қайтыс болды. 2014 жылғы көрсеткішті 2012 жылмен салыстырғанда 6,4 промилледен 5,2 промиллеге дейін азайды.

Әлеуметтік маңызы бар аурулардың ішінде: қан аздық ауруы бойынша 100000 халыққа шаққанда 2010 жылы - 3598,5; 2011 жылы - 5457,0; 2012 жылы - 5593,9; 2013 жылы - 5548,3; 2014 жылы - 6275,8 промиллені құрады. 2014 жылғы көрсеткішті 2012 жылмен салыстырғанда 12,2%-ға өсіп отыр. Негізгі басты себебі: әлеуметтік және тұрмыстық жағдайына, адам ағзасында темір тапшылығының жетіспеушілігіне, экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты.

Қала бойынша қан-тамырлары жүйесімен ауыратындар саны 2011 жылы 538 адам, 2012 жылы 464 адам, 2013 жылы 532 адам, 2014 жылы 480 адамды құрады. Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 2011 жылы 66 адам, 2012 жылы 39 адам, 2013 жылы 44 адам, 2014 жылы 32 адамды құрады.

Өлім-жітім 100000 халыққа шаққанда 2012 жылы 54,4 промилле (ересектер саны 71627 адам); 2013 жылы 59,0 промилле (ересектер саны 74546 адам); 2014 жылы 41,2 промиллені құрады (ересектер саны 77652 адам). 2012 жылғы көрсеткіш 54,4 промилледен 2014 жылы 41,2 промиллеге дейін азайды.

Онкологиялық аурумен 2012 жылы 265 адам, 2013 жылы 291 адам, 2014 жылы 318 адам диспансерлік есепте тұрды. Онкологиялық ауруымен өлім-жітім көрсеткіші 2012 жылы 45 адам, 2013 жылы 55 адам, 2014 жылы 45 адам болды.

Өлім-жітімі 100000 халыққа шаққанда 2012 жылы 62,8 промилле (ересектер саны 71627 адам); 2013 жылы 73,8 промилле (ересектер саны 74546 адам); 2014 жылы 58,0 промиллені құрады (ересектер саны 77652 адам). 2012 жылғы көрсеткіш 62,8 промилледен 2014 жылы 58,0 промиллеге дейін азайды.

Қант диабетімен ауыратындар саны 2012 жылы 209 адам, 2013 жылы 167 адам, 2014 жылы 200 адам болды. 100000 тұрғынға шаққанда 2012 жылы 171,0 промилле (халық саны 122,2 мың адам), 2013 жылы 133,1 промилле (халық саны 125,5 мың адам), 2014 жылы 153,1 промиллені (халық саны 130,6 мың адам).

Қалада жүрек қан-тамырлары ауруы, қант диабеті, су қараңғы, жатыр мойыны ауруы, сүт безі ауруы, тік ішек ауруларының алдын ала анықтау және сауықтыру мақсатында ҚР ДСМ бұйрығына сәйкес скринингілік тексеріс жыл сайын жүргізілуде. Жүргізілген скринингілік тексерістің нәтижесінде жүрек қан-тамырлары аурулардың саны және өлім деңгейі азайды, себебі науқастарды уақтылы диспансерлік есепке алынады, емдеу-сауықтыру орталықтарына үнемі жіберіліп отырады.

Жаңаөзен қаласы бойынша халықтың барлық ауру-сырқаулығы 2011 жылы 37282 адам, 2012 жылы 35155 адам, 2013 жылды 37697 адам, 2014 жылы 39555 адам болды. 2014 жылғы көрсеткішті 2012 жылмен салыстырғанда 12,5%-ға өсті. Ауру-сырқаудың көбеюінің себебі, халық санының өсуіне және экологиялық жағдайға байланысты болып отыр. Соның ішінде: қан аздық ауруы 70,8%-ға, жүрек қан-тамыр ауруы 22,1%-ға, ішек ауруы 67,4%-ға, жүйке ауруы 59,5%-ға, эндокриндік ауруы 7,0%-ға көбейіп отыр. Сәйкесінше, жарақат 32,6%-ға, сүйек-буын ауруы 12,2%-ға, өкпе тыныс жолдары 10,4%-ға, несіп жолдары 5,2%-ға, ісік ауруы 67,6%-ға, психикалық ауруы 65,0%-ға, наркологиялық ауруы 29,4%-ға төмендеді.

«Жаңаөзен қалалық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» 139,0 мыңнан астам қала тұрғындарына және Теңге мен Қызылсай, Рахат ауылдарына, сонымен бірге Жаңаөзен қаласы жақын орналасқан Қарақұдық, Сенек, Құланды және Кендірлі аймағына да жедел жәрдем қызметін көрсетеді. Станцияда дәрігер мамандары жеткіліксіз болғандықтан көбінесе фельдшерлік бригадалар қызмет көрсетеді. Станцияда тәулігіне 12 бригада халыққа қызмет көрсетіп отыр, оның 11-фельдшерлік және 1 дәрігерлік. 2013 жылдан бері Қызылсай, Теңге ауылдарында 1 бригада тәулігіне жұмыс жасайды. ҚР Агенттігінің денсаулық сақтау жұмысы бойынша 16.08.2001ж. №756 бұйрығына сәйкес 10000 халыққа 1 көшпелі бригада қызмет көрсету қажет. Сонымен қатар, қаладан қашықтықта орналасқан халқы саны 10000-нан асқан Теңге, Рахат елді мекендерінде өз алдына станция бөлімшелерін салуды қажет етеді. Жедел жәрдем станциясы мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейді. Автоматтандырылған диспетчерлік шақырту қабылдау жүйесі (АДИС) бағдарламасы орнатылды. Станция дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Жедел және шұғыл көмек көрсету саны 2010 жылы 53856 шақырту, 2011 жылы 58729 шақырту, 2012 жылы 57486 шақырту, 2013 жылы 58030 шақырту, 2014 жылы 59932 шақыртулар болды. Жедел жәрдем көрсетуге бюджеттен 2011 жылы 120,0 млн.теңге, 2012 жылы 141,9 млн.теңге, 2013 жылы 149,5 млн.теңге, 2014 жылы 173,9 млн.теңге қаржы игерілді.

Қаладағы және іргелес елді мекендердегі емдеу-сауықтыру ұйымдарының материалдық-техникалық базалары нығайтылып, Реаномобиль және санитарлық УАЗ автокөліктері; Флюроаппарат; физиоемдеу аппараттары; аудиометриялық кабинет; мұрын-құлаққа арналған ашық кабинеттермен және т.б. заманауи медициналық құралдар-жабдықтармен жарақтандырылды.

Денсаулық сақтау бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, бала туудың, табиғи өсімнің артуы, жалпы өлім-жітімнің төмендеуі;

медициналық ұйымдар желісінің, оның ішінде мемлекеттік бағдарлама аясында салу есебінен кеңеюі;

медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының нығаюы;

халықтың орта медициналық қызметкерлермен жеткілікті қамтамасыз етілуі;

Әкімнің гранты бойынша 90 студенттің елдің медициналық ЖОО-да оқуы.



ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

қала бойынша 2014 жылы дәрігер кадрлардың тапшылығы 72 маманды құрады;

бала табатын жастағы әйелдер денсаулығының төмен индексі;

әлеуметтік маңызды аурулар бойынша алдын алудың жеткіліксіз инфрақұрылымы.




МҮМКІНДІКТЕР:

денсаулық сақтау жүйесінің кадрларын тұрғын үймен, әлеуметтік пакетпен қамтамасы ету арқылы жергілікті жерде қалдыру;

аса тапшы мамандарды Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен тарту;

денсаулық сақтау объектілерін салуға бюджеттік және жеке қаржыландыруы көлемін, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін пайдалану арқылы ұлғайту.



ҚАТЕРЛЕР:

жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасы оларды жергілікті жерде орнықтыруға теріс әсер етеді;

еңбек мигранттарының белсенді көші-қон үдерісі;

көші-қон ағындарының салдарынан сырттан әкелінетін инфекциялық аурулардың өсу тәуекелі.




Денсаулық сақтаудың негізгі проблемалары:

дәрігер кадрлардың тапшылығы, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету;

бала табатын жастағы әйелдер денсаулығының төмен индексі;

2.1.2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту және халықтың табысы

2014 жылғы статистикалық дерекке сүйене отырып, ашық нарық негізінде қала бойынша экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 55,491 мың адамды құрады. Оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны 52,226 мың адам (жалдамалы қызметкерлер саны-45,314 адам, өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлердің саны-6,912 адам), жұмыссыздар саны 3,265 мың адамды және жұмыссыздық деңгейі 5,9%, жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жастағылар) 4,7% құрады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған 6912 адамның белсендісі (продуктивный) – 5510 адам (79,7%), әлсіз (непродуктивный) – 1402 адамды (20,3%) құрады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі 2014 жылы 20,3% құрады.

Маңғыстау облысының Статистика департаментінің хатына сәйкес, Жаңаөзен қаласы бойынша еңбек нарығының негізгі индикаторларының 2011, 2012, 2013 жылғы деректері тіркелмеген.

Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметіне сәйкес, жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген адамдардың саны 2012 жылы 7205 адам, 2013 жылы 4294 адам, 2014 жылы 5242 адам, 2015 жылдың 11 айында 3715 адам. Соның ішінде жұмысқа орналасқандардың үлесі 2012 жылы – 49,5% (3568 адам), 2013 жылы – 44,3% (1902 адам), 2014 жылы – 35,8% (1875 адам), 2015 жылдың 11 айында - 61,2% (2273 адам).

Құрылған жұмыс орындарының саны 2012 жылы 5489, 2013 жылы 3861, 2014 жылы 4334, 2015 жылдың 11 айында 4211 бірлікті құрады. Оның ішінде: тұрақты жұмыс орындары 2012 жылы - 975, 2013 жылы - 550, 2014 жылы – 562, 2015 жылдың 11 айында – 648 бірлік болды. Жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке жарамды жастағы жұмысқа мүгедектер саны 2012 жылы 37 адам, 2013 жылы 65 адам, 2014 жылы 116 адам, 2015 жылдың 11 айында 117 адам болды. Оның ішінде жұмысқа орналасқаны 2012 жылы 28 адам, 2013 жылы 19 адам, 2014 жылы 47 адам, 2015 жылдың 11 айында 67 адам және 1 адам шағын несие алды. Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі 2012 жылы 2 адам, 2013 жылы 5 адам, 2014 жылы 10 адам, 2015 жылдың 11 айында 5 адам.



Кесте 1. Жаңаөзен қаласының еңбек нарығының негізгі индикаторлары

(ресми статистикалық деректер)

Еңбек нарығының негізгі индикаторлары

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж. 11 ай


Халық саны, адам

122264

125532

130652

136385

139800

Экономикалық тұрғыдан белсенді

халық саны, адам












55491

61658

Жұмыспен қамтылған халық саны, адам










52226

58623

Жалдамалы қызметкерлер саны, адам










45314

51181

Өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер саны, адам










6912

7442

  • белсенді










977

5510

  • әлсіз










140

1932

Жұмыссыздар саны, адам










3265

3035

Еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі, %










5,9

4,9

Жастар жұмыссыздығының деңгейі, % (15-24 жастағылар)










8,3


8,0


Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі


Индикаторлар атауы

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015ж.

Тіркелушілер саны, адам

4128

7205

4294

5242

3715

оның ішінде:
















әйелдер саны, адам

2737

4658

2824

2534

2130

жастар саны, адам




3600

2318

3063

1898

Жұмыспен қамтылғандар саны барлығы («Жұмыспен қамту 2020 жол картасы») бірге, адам

2928

3671

2063

2021

2613

  • Тұрақты жұмысқа

646

975

550

562

1074

  • Әлеуметтік жұмысқа

1670

1056

265

296

175

  • Қоғамдық жұмысқа

492

1356

924

885

1199

  • Жастар практикасы

120

284

327

278

165

Жұмыссыздар саны, адам

400

914

872

862

1038

оның ішінде:
















әйелдер саны, адам













672

жастар саны, адам













456

Жұмыссыздық деңгейі, пайыз

0,7

1,8

1,7

1,6

1,7

Құрылған жаңа жұмыс орындары, бірлік

4723

5489

3861

4334

4211


Еңбек ақы. Жаңаөзен қаласындағы еңбекақы деңгейі жоғары ретінде сипатталады, соның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде. Экономикалық қызмет түрі бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы: 2010 жылы - 172006 теңге, 2011 жылы – 194398 теңге, 2012 жылы - 162681 теңге, 2013 жылы – 228118 теңге, 2014 жылы – 292272 теңгені құрады. 2012 жылғы 162681 теңгеден 2014 жылғы 292272 теңгеге дейін немесе 1,8 есе өсті.

Халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыздың 14.02.2012 жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 23.01.2013 жылғы кеңестің №01-7.1 хаттамасын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің 31.03.2015 жылғы №162 қаулысымен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бекітілді.



Бағдарламаның мақсаты: халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру, халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу, жұмыссыздықты қысқарту. Бағдарламаны іске асыру мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша:

- 2012 жылы Қызылсай және Теңге селоларын абаттандыру жұмыстарына 10 уақытша жұмыспен қамтылып, абаттандыру жұмыстарына 10,8 млн.теңге қаржы игерілді.

- 2013 жылы Қызылсай селосындағы «Салтанат» балабақшасына және Теңге ауылындағы №14 орта мектептің спорт залына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, уақытша жұмыспен 54 адам қамтылды. Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 242,7 млн.теңге игерілді.

- 2014 жылы 11 жобаға барлығы 397,1 млн.теңге жұмсалды, оның РБ-354,3 млн.теңге, ЖБ-42,7 млн.теңге (Теңге, Қызылсай, Рахат ауылдары бойынша). Жобаларды іске асыру шеңберінде 110 жұмыс орны құрылды.

- 2015 жылы Қызылсай ауылында Абай көшесі, Оңтүстік ауылы көшесі, Дүйсенбаев көшесінде 3 бірлік балалар ойын алаңшалары орнатылып, пайдалануға берілді. Осы мақсатта РБ-16,6 млн.теңге игерілді;

2) кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту бойынша: кәсіпкерлік негіздері курсына 2012 жылы 30 адам, 2013 жылы 6 адам, 2014 жылы 11 адам оқытылды. Өз ісін ашуға және кеңейтуге 2012 жылы 10 адам 22,0 млн.теңгеге, 2014 жылы 9 адам 27,0 млн.теңгеге несие алды. 2013 жылы несие алынған жоқ. Нәтижесінде 43 жұмыс орындары құрылды. 2015 жылдың 11 айы бойынша ұсынылған 5 жобаның 3-уі мақұлданып, 9,0 млн.теңгеге қаржыландырылды.

3) жұмыс берушінің нақты сұранысын есепке ала отырып, оқыту мен жұмысқа орналасуға және қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша:

- қайта даярлау курсына 2012 жылы 20 адам, 2013 жылы 35 адам, 2014 жылы 30 адам жолданып, толығымен жұмыспен қамтылды.

- біліктілігін арттыру курсына 2013 жылы 24 адам, 2014 жылы 15 адам жолданып, толығымен жұмыспен қамтылды.

- кәсіби білім беруге (оқу мерзімі 10 айдан 3 жылға дейін) 2012 жылы 20 адам, 2013 жылы 2 адам, 2014 жылы 12 адам оқуларын аяқтады. Оқуды аяқтаған тәрбиешелер мен тігіншілерге жұмысқа орналастыру мәселесі қарастырылуда.

- әлеуметтік жұмыс орындарына ішінара субсидиялау жалақымен 2012-2014 жылдары 245 адам жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтылды (2012 жылы - 38 адам, 2013 жылы - 107 адам, 2014 жылы - 100 адам). Бағдарлама аясында үш жылда барлығы РБ-23,5 млн.теңге жұмсалды (2012 жылы 3,3 млн.теңге, 2013 жылы 11,0 млн.теңге, 2014 жылы 9,2 млн.теңге).

- жоғары және арнайы оқу орындарының 168 түлегі жастар практикасына жіберілді (2012 жылы – 65 адам, 2013 жылы – 57 адам, 2014 жылы – 46 адам). Осы мақсатта барлығы 17,2 млн.теңге қаржы жұмсалды (2012 жылы 4,2 млн.теңге, 2013 жылы 7,1 млн.теңге, 2014 жылы 5,9 млн.теңге).

«Бос жұмыс орны» жәрмеңкесі 2013 жылы 4 рет, 2014 жылы 4 рет, 2015 жылы 5 рет өткізілді. Бұған барлығы 101 мекеме, 1737 адам қатысып, 623 бос жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде 314 адам әр түрлі мақсаттағы жұмыстарға орналастырылды. Өнеркәсіптегі және экономикадағы тұрақтану кәсіби кадрлардың болуын талап етті, бірінші кезекте инженерлік - техникалық қызметкерлердің болуын, кәсіпорындарда жаңа технологияларды енгізу - қызметкерлердің біліктіліктерінің деңгейіне талаптарды арттыруды талап етті. Еңбек рыногында жұмысқа деген өтініштерін негізінде басқа мемлекеттерден көшіп келген адамдар ұсынады. Тек олардың үштен бір бөлігінің ғана жоғары және орта кәсіби білімдері бар, бірақ ол білім де қызмет атқаратын өндірістердің саласына сәйкес келмейді.

Қорытынды: Жаңаөзен қаласының еңбек рыногындағы жағдай тұтас алғанда еңбек рыногының құрылымдық дисбаланс аясында жұмыссыздық деңгейінің өсуімен сипатталады.

Жұмыспен қамту және халықтың табысы SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

жаңа жұмыс орындарының ашылуы;

«Жұмыспен қамту Жол картасы 2020» бағдарламасы шарасы;

әлеуметтік нысаналы топтарға субсидия беру арқылы жұмыс орындарын ұстап қалу;

өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер санының көбеюі;

халықты кәсіпкерлікпен айналысу үшін микрокредиттер беру арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, т.б.;

халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуіне көмектесу бойынша шараларды жүзеге асыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

тұрақты жұмыс орындарының болмауы;

жұмыс орындарының қысқаруы;

жасырын жұмыссыздықтың болуы;

мамандардың жетіспеу салдары;

жастар және әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі;




МҮМКІНДІКТЕР:

тұрақты жұмыс орындарының ашылуы;

жұмыс берушінің жоғары деңгейде жауапкершілікте болуы;

сырттан келетін шет ел жұмысшыларының деңгейін төмендету;

жұмысшылардың біліктілік деңгейін арттырттыру;

«Кендерлі» туристік кешенін салу және дамыту кезінде туристік секторда жұмыс орындарын құру мүмкіндігі бар.



ҚАТЕРЛЕР:

жұмыс орындарының қысқарулары салдарынан жұмыссыздық деңгейінің өсуі;

еңбек ақылардың уақытылы төленбеу қаупі;

құрылыстағы, ауылшаруашылық кешендердегі, әлеуметтік саладағы еңбекті төлеудегі үлкен айырмашылыққа байланысты талап етілмейтін бар жұмыс орындары.




Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша негізгі проблемалар:

мұнайға арналған бағалардың әлемдік деңгейінің төмендеуіне, мұнай-сервис компанияларындағы жұмыстар көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыссыздық деңгейінің көтерілу тәуекелі;

жұмыссыз азаматтар біліктілігінің жұмыс берушілер қоятын талаптарға сай болмауы;

жастар және әйелдер жұмыссыздығының жоғары деңгейі.


Халықты әлеуметтік қорғау

Атауы

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Зейнетақы алатындар, барлығы адам

5665

5438

5701

6411

6754

Жәрдемақы алатындар, барлығы адам

4076

4226

4394

4339

6494

Айлық жәрдемақының орташа мөлшері, оның ішінде:

14174

15429

16392

19471

19923

жасы бойынша

7476

8149

8720

9330

10383

мүгедектігі бойынша

15228

16397

17223

19674

20680

асыраушысынан айрылуына байланысты (еңбекке жарамсыз жанұя мүшелерінің саны)

13782

15125

15059

19258

19551

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылы 20370 теңге, 2012 жылы 21168, 2013 жылы 21680 теңге, 2014 жылы 23737 теңгені құрады. 2014 жылғы көрсеткішті 2012 жылмен салыстырғанда 11,2% - ға өсті.

Күнкөріс деңгейінің орташа мөлшерінің өсуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері өсті, мәселен 2012 жылы 1618 теңгені, 2013 жылы 1731 теңге, 2014 жылы 1852 теңге, 2015 жылға 1982 теңгені құрады.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінен табыстары төмен адам саны 2011 жылы 1309, 2012 жылы 1810, 2013 жылы 1275, 2014 жылы 1303 адам болды. 2014 жылғы көрсеткішті 2012 жылмен салыстырғанда 28,0%-ға төмендеді. Халықтың жалпы санынан мүжәлсіз адамдардың үлесі 2012 жылы 1,4%, 2013 жылы 0,98%, 2014 жылы 0,96% құрады. 2014 жылғы көрсеткішті 2012 жылмен салыстырғанда 0,44 пайыздық пунктке азайды.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі 2012 жылы - 28% (640 адам), 2013 жылы – 32,8% (418 адам), 2014 жылы - 31,2% (417 адам), 2015 жылдың 11 айында - 31,4% (324 адам) құрайды.

Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде) 2012 жылы - 1810 адам (100%), 2013 жылы –1275 адам (100% ), 2014 жылы - 1303 адам (100%), 2015 жылдың 11 айында - 1016 адамды (100%) құрайды.



Қалалық маслихаттың 2012 жылғы 30 қарашадағы №32/192 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілген әлеуметтік көмектің түрлері туралы» шешіміне сәйкес айына бір айлық көрсеткіш (1618 теңге) көлемінде мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы 2012 жылы 2728 мүмкіндігі шектеулі жандарға 38599,0 мың теңге, 2013 жылы 2745 мүмкіндігі шектеулі жандарға 55711,0 мың теңге көлемінде тұрғын үй шығындарын төлеуге әлеуметтік көмегі берілсе, бір жарым айлық есептік көрсеткіш ретінде (2427 теңге) асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік жәрдемақы және мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы 4980 адамға тоқсан сайын 35,6 млн.теңге көлемінде әлеуметтік көмек беріліп отыр. 2012 жылы үйде оқитын 63 мүгедек балаларға арналған жәрдемақы 6126,0 мың теңге төленді, 2013 жылы үйде оқитын 74 мүгедек балаларға арналған жәрдемақы 7633,7 мың теңге төленді, 2014 жылы үйде оқитын 72 мүгедек балаларға арналған жәрдемақы 8377,0 мың теңге төленді, 2015жылдың 11 айында үйде оқитын 78 мүгедек балаларға арналған жәрдемақы 7630,7 мың теңге төленді.
Тұрғындарға төленген әлеуметтік көмектер туралы мәліметтер:

Атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015ж. 11 ай

Атаулы әлеуметтік көмек, отбасы/адам

413/1951

280/1309

379/1810

272/1275

261/1303

198/ 1016

Төленген қаражат, млн.теңге

37,5

37,8

37,362

24,848

29,480

20,0

18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, отбасы/адам

585/1628

547/1580

538/1532

434/1287

412/1252

386/ 1245


Төленген қаражат, млн.теңге

12,2

9,7

11,707

11,026

12,868

11,0

Мүжәлсіз отбасылардың коммуналдық төлемақыларын үшін тұрғын үй көмегі, отбасы

-

71

64

62

86

52

Төленген қаражат, млн.теңге

-

0,6

1,403

2,407

2,659

1,7

Күнкөрістің ең төменгі деңгейі (теңге)

18440

20370

21168

21680

23737

24838

АЭК-тің кедейшілік мөлшері (теңге)

7376

8770

8920

9235

10150

9935

18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысының кедейшілік шегінің мөлшері (теңге)

11064

12140

13380

13852

15226

14903

Қала бойынша барлығы 2728 мүгедек адам болса, олардың 530-і жасы 18-ге толмаған балалар. Үйден оқып және тәрбиеленетін бала кезден мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету мақсатында 18 балаға айына 9910 теңге және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы үйлерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әлеуметтік қызметкерлері 98 мүгедек балаға тұрақты қызмет көрсетіліп, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысымен гигиеналық жабдықтармен қамтамасыз етілуде.

Жыл сайын көзі көрмейтін зағип адамдарға тифломагнитафон, таяқ және сағат тифлотехникалық құралдары; ересек мүгедек адам және бес жасынан мүгедек балаларға кресло-арбалар; ересек мүгедектер мен балаларға протез-ортопедиялық құралдары; мүгедек сурдотехникалық құралдармен (ұялы телефон, сағат); мүгедек балалар мен ересек мүгедек адамдар Оңалту орталықтарына және санаториялық курорттарға емделуге жолдамамен қамтылып отырады; ымдау тілі мен жеке көмекшілер мүгедектерге қызмет көрсетеді;

Қаланың ірі кәсіпорындары және тағы басқалары арқылы мүгедек балаларға үнемі қамқорлық көрсетіліп, мерекелік шараларға шақырылып және Жаңа жыл мерекесіне орай сыйлықтар табысталады;

Қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес, атаулы мерекелерге (Жеңіс күні, қарттар күні, мүгедектер күні, Конситуция күні) орай, 5419 адамға 30,1 млн.теңге көлемінде жәрдемақы берілді.

Ауылдық жерлерді кадрмен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімінің грантына бөлінген 2012 жылға 45,6 млн.теңгеге жыл басынан 100 студент оқып, 12 түлек оқып бітіріп; 2013 жылға 72,2 млн.теңгеге жыл басынан 128 студент оқып, 5 түлек оқу бітіріп; 2014 жылға 104,4 млн.теңгеге жыл басынан 144 студент оқып, 7 түлек бітіріп; 2015 жылға 122,0 млн.теңгеге жыл басынан 163 студент оқып, 22 түлек оқу бітіріп Қызылсай, Теңге ауылдарында еңбек етуде.


Халықты әлеуметтік қорғау бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендер санының азаюы және атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшерінің өсуі;

аз қамтылған отбасыларға берілетін көмектер;

арбадағы мүгедектер кіретін пандустардың болуы;

«Инватаксидің» жұмыс жасауы; жеке көмекшілердің болуы;

мүгедектерге беретін гигиеналық құралдар санының өсуі;



ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

табысы кедейлік шегінен және ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен адамдар санының қалаға көрші өңірлерден келушілердің есебінен толығуы;

күнкөріс деңгейінің жоғары болуы;

мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «оңалту орталықтары» және спорт кешенінің болмауы;



МҮМКІНДІКТЕР:

«Оңалту орталықтарының ашылуы;

Мүгедектерге спорт кешенінің ашылуы;

Халықтың нақты табысының өсуі;

Үкіметтік емес ұйымдар қызметінің жандануы.


ҚАТЕРЛЕР:

Жұмыс орындарының қысқаруына байланысты аз қамтамасыз етілген отбасылардың көбеюі;

Аз қамтылған отбасылардың жеткіліксіз белсенділігі және арқа сүйеуге бейімдігі.



Халықты әлеуметтік қорғау бойынша негізгі проблемалар:

жергілікті ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту қиындықтарына, өткізу рыногтарының шалғайлығына байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғарылығы;

мұнай-газ саласындағы жалақы мен ауыл шаруашылығындағы, бюджеттік саладағы жалақы арасындағы айтарлықтай айырмашылық;

қалаға басқа өңірлерден көп балалы аз қамтылған отбасыларының көптеп келуі.


2.1.2.4. Мәдениет

Жаңаөзен қаласында мәдениет пен өнер саласының екпінді дамуы, мәдениет туындыларына қол жетімділікті қамтамасыз ету, жастардың шығармашылық қабілетін арттырып, өнерге баулу, өнердің озық үлгілерін насихаттау бағытында мәдени ұйымдардың саны 01.01.2015 жылы 10 бірлікті құрады: оның ішінде 3 мәдениет үйі («Өнер» МКҚҚ кәсіпорынның «Мұнайшы» МҮ, Теңге ауылындағы «Ата мұра» МҮ және Қызылсай селосындағы «Шаңырақ» МҮ); 7 кітапхана .

Мәдениет саласын дамытуға жергілікті бюджеттен 2012 жылы – 129,7 млн.теңге қаржыланып, ал 2015 жылы 155,6 млн.теңгеге дейін, яғни 20% өсті.

Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс – шаралар саны 2012 жылмен салыстырғанда 206 бірлікке өсті. Себебі, Қызылсай, Теңге ауылдарында мәдениет үйлері ашылды.

«Халықтық» үлгілі атағы бар ұжымдар саны 2012 жылға қарағанда 3 бірлікке кеңейіп, қазіргі кезде 7 бірлікті құрады. Мүше саны - 446.

Клубтық құрылым саны 2015 жылы 2012 жылға қарағанда 47 бірлікке, мүше саны 824 өнерпазға дейін көбейіп, 1079 болды.

Мәдени ошақтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2015 жылы жергілікті бюджеттен 9017,0 млн.теңге бөлініп, барлық мәдениет үйлеріне керекті жарық және дыбыс аппаратуралары алынды. 2012 жылмен салыстырғанда (7946,0 млн.теңге) материалдық – базаны нығайтуға қаржыландыру 13,0% өсті.

Жаңаөзен қалалық Орталықтанған кітапханалар жүйесінде өте үлкен ақпараттық, рухани, өнегелік қорлар жинақталып сақталуда. Кітап қоры 2015 жылы 162416 дана (71299 данасы - қазақ тілінде), 2012 жылмен салыстырғанда (153257 дана, 62823-і қазақ тілінде) жалпы кітап қоры 9159 бірлікке немесе 6,0%-ға, соның ішіндегі қазақ тіліндегі әдебиеттер саны 8476 бірлікке немесе 13,5 %-ға өсті.

Оқырмандар саны 2012 жылы – 13205 адам, 2015 жылы 14700 адамды құрап, 1495 оқырманға көбейді.

Кітап қорын толықтыруға 2012 жылы барлығы 4116,4 мың теңге бөлінді, соның ішінде мемлекеттік тапсырыспен республикалық бюджеттен 3117,4 мың теңге (3247 дана) және жергілікті бюджеттен 999,0 мың теңге (797 дана); Кітап қорын толықтыруға 2015 жылы барлығы 6132,1 мың теңге бөлінді, соның ішінде мемлекеттік тапсырыспен республикалық бюджеттен 5003,1мың теңге (4222 дана) және жергілікті бюджеттен 1129 мың теңге (442 дана) кітап сатып алынды.

«РАБИС» бағдарламасы бойынша электрондық каталогқа 39684 (қазақ тілінде 26671) дана кітап енгізілді.

Қаладағы орталық кітапхана 1973 жылы салынған бейімделген ғимаратта орналасып келеді. 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспар аясында Жаңаөзен қаласында 2014 жылы жаңа кітапхана құрылысын салу көзделген болатын. Құрылысты салу үшін ауданы 0,2 га жер учаскесі бөлінді. Жалпы сметалық құны 305,5 млн.теңгені құрайды.

Сонымен қатар, қаламызда облыстық тарихи – өлкетану мұражайының филиалы жұмыс жасайды. Мұражайға келушілер саны 2012 жылы – 3610, 2015 жылы -6483. Келушілер саны 2012 жылмен салыстырғанда - 2873 бірлікке артып отыр. 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспар аясында Жаңаөзен қаласында 2014 жылы жаңа тарихи-өлкетану мұражай құрылысын салу көзделіп отыр. Жалпы сметалық құны 322,2 млн.теңгені құрайды.

2013 жылы Теңге мен Қызылсай ауылдарында екі мәдениет үйі «Өзенмұнайгаз» АҚ –ның демеушілігімен салынып, қолданысқа берілді.

Рахат ауылында (халық саны 30,6 мың) мәдениет мекемесі жоқ болуына байланысты, мәдениет саласын әртараптандыру, тұрғындардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында, 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспар аясында 300 орындық мәдениет үйі кітапханасымен бірге салу көзделіп, жобалық құны 590,4 млн.теңгеге ЖСҚ жасақталды.

Мәдени саланың жеткілікті дамымауы, материалдық-техникалық базасының деңгейінің төмендігінде, мәдени кәсіпорындар және мекемелеріндегі Ұлт аспаптар дирижері, кәсіби деңгейдегі ұлт аспаптар кадрларының (қобызшы, сырнайшы, үрмелі аспаптар т.б.) және хореография (классикалық би), дәстүрлі ән өнерінің вокал мамандарының тапшылығы, мәдениет объектілерінің төмен деңгейде ақпараттандырылуы (ауыл кітапханаларының Интернет желісіне қосылмауы).

Жаңаөзен қаласы және оған қарасты іргелес ауылдарда жергілікті қорғауға алынған қорымдар саны - 15. Облыстық қаулымен қоғамдық қамқоршылық бекітіліп, жауапты мекемелерге жүктелген. Жыл сайын тазалық, жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады. 2015 жылы Қызылсай ауылынан 95 шқ.. солтүстік-шығыс бағыттағы «Үшшоңқал» қорымына жөндеу жұмысы жүргізілді.
Мәдениет бойынша SWOT-талдау:


КҮШТІ ЖАҚТАРЫ:

Мәдениет саласындағы қызметтерге сұраныс дәрежесінің жоспарлы өсуі;

Жылдан–жылға кітапханалардың кітап қоры толықтырылып отырады;

Тарихи-мәдени мұраларды насихаттау;




ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

Ауылдық мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі;

Мамандырылған кадрлардың, әсіресе ауылдық жерлерде жетіспеуі;

Мәдениет мекемелері желісінің дамуындағы үйлесімділіктің болмауына негізделген ауыл тұрғындарының мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтерге қолжетімділігінің теңсіздігі;



МҮМКІНДІКТЕР:

Салада тұрғындарға жаңа қазіргі заманға сай қызмет көрсету нысандарын енгізу;



ҚАТЕРЛЕР:

Мәдениет саласында мамандардың тұрақтамауы, әсіресе ауылдық жерде;




Мәдениет саласындағы негізгі проблемалар:

мәдениет объектісі кітапхана және оның бөлімшелері бейімделген ғимараттарда орналасқан;

мәдениет объектісі кітапхананың ақпараттандырудың төмен деңгейі, ауылдық кітапханада Интернет желісіне қолжетімділігінің жоқтығы;

материалдық-техникалық базаның төмен деңгейі (музыка аспаптарының, жарық және дыбыс жабдығының, сахна киімдерінің жетіспеушілігі;

мәдениет мекемелері үшін, әсіресе ауылдық жерде кадрлардың (реставраторлдар, каталогизаторлар және бағдарламашылар сияқты тар шеңберлі мамандардың тапшылығы);
2.1.2.5. Дене шынықтыру және спорт

Қала бойынша барлығы 01.01.2014 жыл кезеңіне 95 бірлік, 01.01.2015 жыл кезеңіне 100 бірлік спорт нысандары бар. Соның ішінде: Ә.Тұяқов атындағы 3000 орындық 1 стадион; «Энергетик» және «Р.Өтесінов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру» 2 спорт кешендері; «Алға» мүгедектер 1 спорт клубы, 2 жүзу бассейні, Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің №1 және №2 «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері»; жалпы білім беретін 24 мектепте спорт залдары, мектептен тыс мекемелердегі 2 спортзалы, арнайы орта оқу орындардағы 3 спортзалы, 15 аулаішілік спорт алаңдары, 15 аулаішілік ойын алаңшалары, 8 бильярд залы, 1 боулинг орталығы, 2 ату тирі, 1 дзюдо қазақ күресі спортзалы, 1 еркін күрес спорт залы, 1 бокс спортзалы және де басқалары. Сонымен қатар, 2015 жылы 5 спорт және 5 ойын алаңшалары пайдалануға берілді.

2012 жылы қалада жалпы білім беретін мектеп спорт залымен қоса, «Рахат» шағын ауданындағы Политехникалық колледжге спорт залы салынып, пайдалануға берілді. Облыстық бюджет қаражаты арқылы, «Жол картасы» бойынша 2010 жылы жаңа дене-сауықтыру мәдениеті кешені бассейнімен, әмбебап және бес спорт залымен қоса салынып, пайдалануға берілді.

2012 жылы 5 (бес) спорт алаңдарын салуға жергілікті бюджеттен 47,4 млн.теңге бөлінді. Ауданы барлығы 0,4 га (әр қайсысы 0,054 га-дан) жер телімі бөлінді. «Самал ш/а №1/2 үйінің алдында, «Көктем» ш/а №12-13 үйлердің аралығы, «Шұғыла» ш/а №15-16 тұрғын үйлер аралығы, «Өркен» ш/а №64-66 тұрғын үйлер аралығы, «Шаңырақ» ш/а №3/5/7 тұрғын үйлер аралықтарында салынды. Балаларға арналған спорттық және ойын алаңшаларын салуға жергілікті бюджеттен 30,0 млн.теңге бөлініп, игерілді. Осы қаражатқа №5 мектеп гимназия және №18 орта мектепке барлығы екі спорт алаңшалары салынды. Қаланың «Самал» ш/а №6 үйі, «Көктем» ш/а №22, №40 үйлерінің алдына барлығы бес аулалық ойын алаңшалары салынды.

Бюджет қаражаты есебінен «Самал» ш/а – 2 бірлік, «Көктем» ш/а – 2 бірлік және «Рауан» ш/а – 1 бірлік аулалық ойын алаңшалары салынды; Сондай ақ, Гимназия және №18 орта мектеп ауласында спорт алаңшалары орнатылды.

2013 жылы «Шаңырақ» ш/а №26-27 үйлердің жанынан, «Шаңырақ» ш/а Х.Муңайтпасов атындағы спорткешенінің жанынан, «Шұғыла» ш/а №5-6 үйлер жанынан, «Шұғыла» ш/а №16-17 үйлер жанынан, «Самал» №33-34 үйлер жанынан жалпы ауданы 450 шаршы метрді құрайтын спорт алаңдары салынды. (жобалық сметалық құны 65,822 млн.теңгені құрайтын 13.05.2013 жылғы №15-0154/13 мемсараптама қорытындысы бар. 2013 жылға жергілікті бюджеттен спорт имараттарын салуға 65,0 млн.теңге бөлінді).

Сонымен қатар, бюджет қаражаты есебінен «Өркен» ш/а №28, 68 және 64 үйлер жанынан, темір жол аумағындағы №3 үй жанынан, «Жастар» саябағында, барлығы 5 ойын алаңшалары орнатылды (құны 14,9 млн.теңге).

2014 жылы «Рауан» ш/а №3 үй жанынан, «Өркен» ш/а №56-57 үйлер жанынан, «Көктем» ш/а №57-58 үйлер жанынан, Теңге ауылында №69,71,76 және 78 үйлер жанынан, Қызылсай ауылында спорт алаңдары салынды (жалпы ауданы 450 шаршы метр, жобалық сметалық құны 65,822 млн.теңгені құрайтын 23.12.2013 жылғы №15-0415/13 мемсараптама қорытындысы бар. 2014 жылға жергілікті бюджеттен спорт имараттарын салуға 64,4 млн.теңге бөлінді). Сонымен қатар, бюджет қаражаты есебінен «Өркен» және «Шұғыла» шағынаудандарын барлығы 5 ойын алаңшалары орнатылды (құны 14,0 млн.теңге).

2015 жылы ЖБ-75,6 млн.теңге бөлініп, «Шаңырақ» ш/а №21 үй, «Шұғыла» ш/а №30 үй, «Астана» ш/а, «Ақсу» ш/а барлығы 5 (бес) спорт алаңдары салынды. Бизнес-инкубатор ғимаратында мүгедектерге арналған теннис секциясы спорт клубы ашылды.

Жастарды спортқа тарту мақсатында ауылдарда 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын салу үшін жобалық сметалық құжаттамалары жасақталды, оның: Теңге ауылында (жобалық сметалық құны 266,2 млн.тенгенің 10.10.2014 жылғы №15-0365/14 мемсараптамасы) және Рахат ауылында (жобалық сметалық құны 259,8 млн.тенгенің 10.10.2014 жылғы №15-0366/14 мемсараптама қорытындысы) бар. «Рауан» шағынауданында мұз айдынының құрылысын салу үшін ЖСҚ жасақталуда.

Қала бойынша 6 аула клубтары жұмыс жасайды, олар «Шаңырақ» ш/а №21 үй, «Шұғыла» ш/а №6 үй, «Самал» ш/а №3 үй, «Көктем» ш/а №22 үй, «Өркен» ш/а №70 үй, Теңге ауылындағы №14 орта мектеп.

2013-2014 оқу жылынан бастап жалпы білім беру мектептерінде дене тәрбиесі сабақтарын 3 сағат өткізу жобасы қамтамасыз етіліп, іске асырылды.

2014 жылы мектепішілік үйірмелерге оқушыларды көптеп тарту үшін спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 17 орта мектепке жергілікті бюджеттен 17,0 млн.теңге (әрқайсысына 1,0 млн.теңгеден) қаражат бөлініп, игерілді.

Қала бойынша 2014 жылы 46 спорттық шаралар өткізілді, бұл мақсатта бюджеттен 10,0 млн.теңге жұмсалды. Республикалық жарыстарға 78 құрама команда, Халықаралық жарыстарға 6 құрама команда қала спортшылары және жасөспірімдер арасында қалалық, аудандық, облыстық, Республикалық (шахматтан, волейболдан, жеңіл атлетикадан және басқа да спорт түрлерінен) жарыстарға іс-сапарға жіберілді.

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындар саны 24861 адамды құрайды немесе жалпы халық санынан 18,3%. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындардың ішіндегі жасөспірімдер саны - 6524 бала немесе 26,2%.
Дене шынықтыру және спорт бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

дене шынықтырумен және спортпен айналысушылардың санының өсуі;

спортпен шұғылданатын спортшы жастар мен секциялардың санының өсуі;

Қалалық, облыстық, Республикалық олимпиада ойындарының, Азия ойындарының, Азия мен Әлем чемпионаттарының чемпион спортшылары мен жүлдегерлері дайындалды.



ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

жаттықтырушылардың төмен жалақысы;

спорт залдары мен спорт кешендері санының жеткіліксіздігі;

балалар спортын дамыту үшін жағдай жасау;

спорт инфрақұрылымының нашар дамуы.


МҮМКІНДІКТЕР:

балалар мен жасөспірімдер бос уақытында, оның ішінде дене шынықтыру бойынша аула клубтарының желісін дамыту;

дене шынықтыру-сауықтыру спорттық іс-шаралар нысандарын жетілдіру, бұқаралық спортты дамыту бойынша жұмысты жандандыру;

балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің желісін кеңейту.



ҚАТЕРЛЕР:

спорт секторындағы бюджет ұйымдары қызметкерлері еңбекақысының төмендегенінен кадрлардың кетуі орын алуда және осы бағытта жұмыс жүргізуде мамандардың мүддесі төмен;

балалардың, оқушылардың және жастардың арасында қылмыстардың өсу фактілері артуы мүмкін.



Дене шынықтыру мен спорт саласындағы негізгі проблемалар:

- спорт мектептерінде білікті персоналдың жетіспеушілігі;

- жастарды спортқа қызығушылығы арттыру мақсатында қала мен

ауылдарда іс-шаралар өткізу;



  • сауатты, күшті жарнаманың, турөнімді ілгері жылжыту үшін жаңа

жарнамалар технологиясының аздығы.

2.1.2.6. Туризм

Қазіргі уақытта құрмет көрсету (тауап ету) турлары өңір туризмінің маңызды құрамдасы болып табылады. Ежелгі діни орталықтарға баратын жолдың қиындығына, тек жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік өте алатынына қарамастан, осы орындар күніне 1 мың талап етушілерді қызықтырып, олардың назарларын аудартады. Маңғыстау – Ұлы Жібек жолының бір тармағы өтетін көне жер, мұнда өзіндік ерекше және қызық тарихы бар көптеген құрылыстар, ғимараттар және ескерткіштер сақталған. Маңғыстаудағы олардың жалпы саны (ал облыс аумағындағы олардың саны - 10 мың) бүкіл Қазақстан екерткіштерінің бірден үш бөлігін құрайды. Таулы бөлігіндегі табиғи үңгірлерде ғалымдармен тұтас сәулеттік құрылыстар ашылды. Олар жер астындағы қабірлер, ғибадатханалар және мешіттер: «Бекет-Ата», «Шопан-Ата», «Қараман-Ата», «Сұлтан-епе» және т.б..

Жаңаөзен қаласының аумағында, Фетисово шығанағы маңындағы теңіз жағалауында «Кендерлі» демалыс базасы орналасқан. Мұнда бүкіл елден жазғы демалысқа туристер келеді. Базаның деңгейі мен жабдықталғандығы әлемдік стандарттарға сай келеді. «Кендерлі» демалыс аймағында қызмет көрсету Жаңаөзен қаласында туризмді дамыту бағыттарының бірі ретінде қарастырылып отыр. Осыған байланысты қала базасында сервистік-өндірістік қызмет көрсетуді дамыту, іскерлік, экологиялық және танымдық туризмге бағытталған бизнес-орталықтар, қонақүйлер құрылысы алдын ала қарастырылып отыр. Шығыс Қазақстанда пайдаланылатын бұғы мүйізімен емдеу (пантоемдеу) келешегі зор бағыт болып табылады, осы ем түрін Жаңаөзен қаласында да (Кендерлі) арнайы технология бойынша ұйымдастыруға болады.

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспар аясында 2012 жылы Кендірлі курортты аймағын дамытудың жүйелі жоспары әзірленіп, бекітілді. 2011 жылдан бастап 2015 жылды қоса алғандағы кезеңде Кендірлі курортты демалыс аймағының сыртқы инфрақұрылымы объектілеріне ТЭН мен ЖСҚ әзірленді. Курортты аймақтың автожолын салу және газдандыру, туристік және көліктік инфрақұрылымды дамыту, туристік өнімдерді жылжыту, кадрлар даярлау бойынша жұмыстар басталды.



2012-2014 жылдардағы туризм дамуы көрсеткіштерінің динамикасы

(статистикалық мәліметтер)


Көрсеткіштердің атауы

Өлшем

бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015ж.3кв.

Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер)

%

21399

4440

6532

2936

Өткен жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер емес)

%

238

363

386

350

Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәулік санының өсуі

%

35858

15089

17144

4977


Туризм бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

Тарихи ескерткіштер және археологиялық қазындылар, Каспий теңізінің орналасуы;

«Кендірлі» демалыс базасының жақын орналасуына байланысты айтарлықтай туристік мүмкіндіктер;

Орналастыру орындары дамуының оң динамикасы;



ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

Туризм объектілерінің жетіспеушілігі және инфрақұрылымның төмен деңгейі, туристік бизнестің нашар дамуы;

Туристік қызметтердің төмен сапасы;

Туристік салада кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі;

Тур-өнімді ілгері жылжыту үшін жарнамалар технологиясының жоқтығы;


МҮМКІНДІКТЕР:

Халықаралық талаптарға сай келетін инфрақұрылымды дамыту;

Тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтап қорғау және оларды насихаттау;

Көлік қатынасын дамыту;

Кәсіби кадрларды дамыту;

Халықтық қолөнер кәсібін, өңірдің брендін қалыптастыру құралы ретінде қолөнерлік кәдесыйлық өндірісін жандандыру;

Жарнама жасау, туризм саласында жаңа технологиялар мен инновацияларды даярлау және пайдалану;


ҚАТЕРЛЕР:

Инвестициялық белсенділіктің төменгі деңгейі;

Өнеркәсіптік қалдықтардың себебінен экологиялық жағдайдың нашарлауы;

Бюджеттік шығыстардың қысқаруы;

Әлемдік макроэкономикалық ахуалдың нашарлауы салдарынан ішкі және келу туризмі көлемінің қысқару.




Туризмді дамытудың негізгі проблемалары:

негізгі туристік объектілерге, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімдліліктің төменгі деңгейі;

туристік қызметтердің төмен сапасы;

туристік инфрақұрылым – паркингтермен, биоәжетханалармен жарақталмауы;

салада жұмыспен қамтылған мамандардың кәсіптік даярлау деңгейінің жеткіліксіз деңгейі;

2.1.2.7. Үш тілді дамыту

Жаңаөзен қаласы бойынша 01.01.2015 жыл кезеңіне мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 98,4%. 2015 жыл 11 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 100%, орыс тілін меңгергендер - 52,25%, ағылшын тілін меңгергендер - 11,25%, үш тілді (мемлекеттік, орыс, ағылшын) меңгергендер үлесі - 11,25% жетті.

Тұрғындардың саны жыл басында 136385 адам болса, 2015 жыл 11 айы бойынша 140100 болды.

2014 жылы Казтестке қатысқан мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны - 35 болса, 2015 жылы жалпы саны - 7, соның ішінде базалық деңгейден өткен қызметшілер саны - 4,орта деңгейден өткендер саны - 3.

2015 жылдың қорытындысы бойынша құжат айналымы бойынша: Шығыс құжаттарының саны - 946,оның ішінде мемлекеттік тілдегі құжаттың саны - 945. Шығыс құжат 100% мемлекеттік тілде жүргізілді.

Тіл саясаты саласындағы заңнама нормаларының бұзушылықтарға жасалған мониторинг нәтижесі бойынша сырты көрнекі ақпараттардың 120-на тексеру жүргізіліп, 21жарнама қате мәтінмен жазылған, транскрипциялық түзету қажет атаулар, атаулардың тақтайшаларын әзірлеу қажеттігі анықталып, тиісті іс-шаралар жүргізіліп, ескертулер берілді.

Жаңаөзен қаласы және оған қарасты Теңге, Қызылсай, Рахат ауылдарында қазақ тілінде оқытатын ұйымдар саны (балабақшалар мен орталықтар) - 26 ,мектептер саны - 20.

Үш тілді дамыту бойынша SWOT- талдау:


КҮШТІ ЖАҚТАРЫ:

Мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 100 %;

Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесінің ұлғаюы;

Тұрғындардың тіл саясатының жүзеге асырылуына қолдау көрсетуі.



ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

Мемлекеттік тілді оқытатын арнайы орталықтардың болмауы;

Қоғамда мемлекеттік тілдің жүйелі деңгейде қалыптаспауы.


МҮМКІНДІКТЕР:

Қоғамның барлық саласында мемлекеттік тілдің рөлін арттыру;

Мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативті кеңістігінде тілдік көптүрлілігін сақтап қалу;

Тұрғындардың лингвистикалық капиталын сақтап қалу және жандандыру.



ҚАТЕРЛЕР:

Қаламызға шет мемлекеттерден қоныс аударып келген оралмандардың көп келуі, экономикалық - әлеуметтік әркелкілік туғызып және тіл саясатының дамуына әсерін тигізуі;



Мемлекеттің тілді қолдану аясын кеңейту, үштілді дамыту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында бірқатар іс –шаралар өткізілді. Қазақстан халықтары тілдерінің ХVII фестивалі аясында мәдени іс-шаралар апталығы өтті. Бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар мен хабарлар таратылып, барлық білім беру ұйымдарда, арнайы оқу орындарда, кітапханаларда, мәдениет үйлерінде «Әр қазақ менің жалғызым», «Жасай бер, қазақ тілі –ана тілім!», «Тіл -достық дәнекері», «Тіл-халықтың алтын діңгегі», «Қанеки, тілім сөйлеші», «Полиглот-2015», «Әбіш оқулары» атты көрмелер, тәрбие сағаттар, дөңгелек үстелдер, әдеби сазды кештер, поэзия сағаттары, интеллектуалдық сайыстар, пікірталас өткізілді. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған мемлекеттің қызметкерлер арасында «Тіл сарбазы-2015» байқауымыздың басты мақсаты мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, дамыту.


2.1.2.8. Ішкі саясат

ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл.


Жаңаөзен қаласы бойынша 22 үкіметтік емес ұйымдар өз жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе іске асыруға 2012 жылы - 13,6 млн.теңге, 2013 жылы - 6,0 млн.теңге бөлініп, игерілді. 2014 жылғы бөлінген 7,4 млн.теңге қаражат жарияланған конкурстарға өтінімдердің түспеуіне байланысты бюджетке кері қайтарылды; 2015 жылға 6,7 млн.теңге қарастырылып, әлеуетті өнім берушілерден ұсыныс болмауына байланысты 2,8 млн.теңге жергілікті бюджетке кері қайтарылды. 2015 жылдың 9 айы бойынша 2,0 млн.теңге игерілді. 2012 және 2013, 2015 жылдары игерілген қаражаттарға қаланың өзекті мәселелеріне әлеуметтік зерттеулер жүргізілді; жастар арасында нашақорлықтың алдын-алу бойынша іс-шаралар; жастар және жасөспірімдер арасында діни сауаттылықты арттыру; мемлекеттік рәміздерді құрметтеу бойынша шаралар ұйымдастырылды.

Саяси партиялармен өзара іс-қимыл

2013 жылы 1 саяси «Нұр Отан» партиясы, 30 қоғамдық бірлестіктер (оның ішінде 5 жастар ұйымдары және 4 діни бірлестіктер);

2014 жылы 1 саяси «Нұр Отан» партиясы, 23 қоғамдық бірлестіктер (оның ішінде 5 жастар ұйымдары және 4 діни бірлестіктер);

2015 жылға 1 саяси «Нұр Отан» партиясы, 22 қоғамдық бірлестіктер (соның ішінде: 5 жастар ұйымы, 5 әйелдер ұйымы бірлестік, 5 діни бірлестік); сондай ақ, қаладағы кәсіпорындар мен мекемелер жанынан ашылған кәсіподақ ұйымдары да қызмет атқарады.

Бұқара халықпен жақын, Елбасының асыл мұраттарын басшылыққа алған «Нұр Отан» партиясы көшбасшылыққа халықтың сеніміне ие болу мен ел тәуелсіздігін нығайтудағы салихалы іс-қимылы арқылы ие болды. Партияның жергілікті жерлердегі тірегі жыл сайын нығайып, көбейіп келеді. Партия мүшелерінің дені жастар, басым бөлігі, 8330-ы экономика мен халыққа қызмет көрсету саласында еңбек етеді.

Этносаралық және конфессияаралық қатынастар

Жаңаөзен қаласында ішкі саяси тұрақтылықты нығайту ісінде, ұлтаралық қатынастарды үндестіру мәселелерін шешуде және бірқатар әлеуметтік мәселелерде Қоғамдық келісім ұйымының маңызы өте жоғары. Сонымен қатар, мұндай ұйым Теңге, Рахат, Қызылсай ауылдарында да құрылған.



Ақпараттық саясат.

Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі қаладағы барлық бұқаралық ақпарат құралдары арасында тығыз қарым-қатынас орнатқан. Елбасы тапсырмасы бойынша жергілікті билік өкілдерінің атқарып жатқан іс-шаралары, жергілікті әкімдіктің жұмысы және қаладағы пайдалануға беріліп жатқан нысандар мен ел игілігіне жаратылып жатқан істерді насихаттау жергілікті газет және телеарна арқылы жүзеге асырылады. Негізгі мақсаты – қаладағы әлеуметтік–экономикалық деректер мен жаңалықтарды дер кезінде жеткізуді басты назарға алып отыр. Мемлекеттік саясатты түсіндіру және насихаттау жұмыстары жергілікті 2012 және 2013 жылдары 3 бұқаралық ақпарат құралдары, олар: 1 телеарна «Қазақстан РТРК» «Қазақстан Ақтау» АҚ-ның Маңғыстау облысы филиалының Жаңаөзен өкілдігі, 2 газет «Жаңаөзен» және «Жаңаөзен жаршысы» тіркелген; 2014 жылы 4 бұқаралық ақпарат құралдары, олар: 1 телеарна «Қазақстан РТРК» «Қазақстан Ақтау» АҚ-ның Маңғыстау облысы филиалының Жаңаөзен өкілдігі, 2 газет «Жаңаөзен» және «Жаңаөзен жаршысы», «72934.kz» Жаңаөзен қоғамдық ақпараттық сайты жүргізеді.

Сонымен қатар, 3 республикалық «Мұнайлы мекен», «Президент және халық» және «Егеменді Қазақстан» газеттерінің, 1 облыстық «Маңғыстау» және «Огни Мангистау» газеттерінің меншікті тілшісі бар. Қала тұрғындары жергілікті телеарнамен 100%, оның ішінде «Отау ТВ» ұлттық цифрлық телехабар тарату желісімен 96,0%-ға жуығы қамтылған.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 2012 жылы - 12,7 млн.теңге, 2013 жылы - 13,6 млн.теңге, 2014 жылы - 28,5 млн.теңге бөлініп, игерілді. 2015 жылға 20,9 млн.теңге бөлініп, 2015 жылдың 9 айы бойынша 12,5 млн.теңге игерілді.

Қаланың қоғамдық өмірінде бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны зор. Бұқаралық ақпарат құралдары - мемлекеттік-ақпараттық саясаттың жүзеге асырылуын, азаматтық қоғам институттарының бірігіп жұмыс жасауын, демократизацияны, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік саясатты жүзеге асырылуын қамтамасыз ету және азаматтық бірлестіктің қалыптасуы, қаладағы жергілікті атқарушы органдар жүйесінде идеологиялық ведомстваның жағдайын анықтайды.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы бойынша жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдаулары қаланың барлық саласындағы қызмет ететін кәсіпорындар мен мекемелерге толығымен насихаттау жұмыстары жүргізілді. Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» бойынша қала тұрғындары арасында насихаттау жұмыстары жүргізілуде, есепті кезеңге 13 кездесу өткізілді.



Гендерлік даму.

Қала әкімі жанынан құрылған «Отбасы істері және гендерлік саясат» комиссиясы қала және іргелес ауыл мәселелері бойынша арнайы жоспар жасақталып, әр түрлі тақырыпта мәдени-көпшілік шаралар өткізілді. Қоғамда әйел адамның рөлі маңызды. 2015 жылғы есеп бойынша қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелерде - 5 басшы әйел, облыстық мәслихат депутаты - 1, қалалық мәслихат депутаты - 2, бұл әйелдердің 15,4% құрап отыр; ауыл әкімінің орынбасары - 2, 4200 кәсіпкерлікпен шұғылданатын әйелдердің 5-уі «Даму» қорынан 102,145 млн.теңгеге мемлекеттік грантты жеңіп алды.

Статистикалық көрсеткіштер бойынша, мемлекеттік мекемелерде 80,0% әйел адамдарды құрайды. Қаладағы қызмет ететін 30-ға жуық қоғамдық бірлестіктердің 90,0% әйел адамдар басқарады. Жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ашылған «Бизнес-инкубатор» ғимаратында орналасқан кәсіпкерлердің 80,0% әйел адамдар.

Қайырымдылық акциясы - 5, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қарттарға, ардагерлерге 2,0 млн.тенге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. «Мектепке жол-2015» акция аясында аз қамтылған отбасы және көп балалы отбасы, жартылай, тұлдыр жетім, мүгедек балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек қолын созуға 187 мемлекеттік мекемелер мен сауда үйлері, кәсіпкерлер 1761 балаға 21150,0 млн.теңге қаржылай көмек көрсетілді.



Ішкі саясат бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

қалалық ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруын қаржыландыру қамтамасыз етілген;

қалалық үкіметтік емес ұйымдарға арналған өңірлік ресурстық орталықтар белсенді жұмыс істейді;

мемлекеттік органдардың жетекші қалалық БАҚ-мен өзара іс-қимылының кешенді жүйесі ынтымақтастық негізінде жолға қойылды.



ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

ауылдық деңгейде үкіметтік емес сектор дамуының төмен деңгейі;

ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану деңгейі біршама төмен;

әлеуметтік маңызды жобалардың орындалу сапасын бағалауға арналған бірыңғай өлшемдердің жоқтығы;

журналист кадрлардың құқықтық сауаттылығының төмендігі.


МҮМКІНДІКТЕР:

мемлекет пен ҮЕҰ-дың әлеуметтік әріптестігін одан әрі тереңдету;

әлеуметтік ширығысудың әлеуетті ошақтарын уақытылы айқындап, оларды жою бойынша тиісті алдын алу шараларын қабылдау.


ҚАТЕРЛЕР:

қала халқында әлеуметтік оптимизмнің төмендеуі;

мемлекеттік емес БАҚ-да өңірдің қоғамдық-саяси өмірін тұрақсыздандыруға бағытталған материалдардың шығуы.



Ішкі саясат саласындағы негізгі проблемалар:

ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану деңгейі біршама төмен;

әлеуметтік маңызды жобаларды тиімді іске асырудың мониторингі мен олардың бағалаудың нақты пайымы мен тетігінің жоқтығы;

білікті журналист кадрлардың жетіспеушілігі;

азаматтық қоғамды және халықтың жауапкершілігін қамтамасыз ету мақсатында ҮЕҰ мен БАҚ-ның жеткіліксіз өзара іс-қимылы.
2.1.3. бағыт. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

2.1.3.1. Қоғамдық қауіпсіздік

Қала аумағында 2011-2014 жылдары 5197 қылмыс тіркелді (2011 жылы - 617, 2012 жылы - 926, 2013 жылы - 1756, 2014 жылы – 1898 бірлік). 2014 жылғы тіркелген қылмыс саны 2012 жылға қарағанда 2 есе өскен. Қылмыстардың өсуі - халық санының күрт өсуімен, сондай ақ қылмыстық оқиғаларды есепке алу тәртібіне өзгерістер енуіне байланысты дәрежесіне қарамастан анықталған барлық қылмыстардың тіркелуі.

2015 жылдың 11 айында 1562 қылмыс тіркелді, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1%-ға немесе 137 фактіге азайды (2014 жылдың 11 айында - 1699 қылмыс).

Жыл сайын Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасында қала аумағында «Құқықтық тәртіп», «Қару», «Мигрант», «Нелегал», «Қаңғыбас, «Тұрмыс», «Қадағалау» «Жасөспірім», «Назар аударыңыз, балалар», «Қауіпсіз жол», «Такси», «Контрофакт», «Іздеу», «Пәтер», «Айдап әкету», «Арна», «Мак» сияқты 60-ға жуық жедел-алдын алу іс-шараларын өткізіліп отырады.

Жалпы тіркелген қылмыстардың ішінде 2014 жылғы ауыр қылмыс саны - 106 бірлікті (2012 жылы – 118, 2013 жылы – 99) құраса, аса ауыр қылмыс саны 2014 жылы – 4 (2012 жылы – 15, 2013 жылы – 3) құрады. Оның ішінде ашылғаны: ауыр қылмыс 2014 жылы – 66 (62,3%), 2013 жылы 56 (56,6%), 2012 жылы – 59 (50%) болды; аса ауыр қылмыс 2014 жылы – 4 (100%), 2013 жылы – 5 (100%), 2012 жылы – 14 (93,3%) болды.

Адам өлтіру 2014 жылы 3 факт тіркеліп, 2012 жылмен салыстырғанда 72,7%-ға төмендеді (2012 жылы – 11, 2013 жылы – 2); ауыр дене жарақатының саны 2014 жылы – 7 факт тіркеліп, 36,4%-ға төмендеді (2012 жылы – 11, 2013 жылы – 7); қарақшылық саны 2014 жылы – 10 факт тіркеліп, 11,1%-ға өсті (2012 жылы – 8, 2013 жылы – 9); және өзгенің мүлкін ұрлау саны 2014 жылы – 979 факт тіркеліп, 1,8 есе өскен (2012 жылы – 536, 2013 жылы – 978);

Көшеде жасалған қылмыстар саны 2014 жылы – 234 бірлік, қылмыс саны 17,0%-ға төмендеді (2012 жылы – 282, 2013 жылы – 286); кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың саны 2014 жылы – 21 бірлік, қылмыс саны 27,6%-ға төмендеді (2012 жылы – 29, 2013 жылы – 27); топпен жасалған қылмыстардың саны 2014 жылы – 83 бірлік, қылмыс саны 6,7%-ға төмендеді (2012 жылы – 89, 2013 жылы – 80); және тұрмыс саласында жасалған қылмыстардың саны 2014 жылы – 1 бірлік, қылмыс саны 66,7%-ға төмендеді (2012 жылы – 3, 2013 жылы – 2);

Кешенді жоспар аясында құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар негізінде Жаңаөзен қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерінің құрылып жатқан жедел мақсаттағы әскери бөлімі үшін Жаңаөзен қаласында үлгілік әскери қалашық – 4584,3 мың теңге, әскери комиссариат ғимараты – 295,7 мың теңге, Теңге және Қызылсай ауылдарында тірек пункті – 21,9 мың теңге, Жаңаөзен қаласының 6 шығар жолы бар үлгілік өртке қарсы депо – 1078,4 мың теңге, учаскелік полиция пунктіне арналған орынжайлар салу 10 бірлік – 107,2 мың теңге, «Рубеж» стационарлық бақылау бекеті – 26,8 мың теңге, стационарлық полиция бекеті 2 бірлік – 21,9 мың теңге, Жаңаөзен қаласындағы ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін 60 және 100 пәтерлік 2 тұрғын үй пәтерлік үлгідегі жатақхана – 1021,0 мың теңге құрылысы салынып, пайдалануға берілді.

2013 жылы Жаңаөзен қаласының «Шаңырақ» шағынауданындағы жедел басқару орталығының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жедел басқару орталығының материалдық-техникалық жарақтандыруға 2013 жылы РБ-570,0 млн.теңге бөлінді. Жаңаөзен қаласы ІІБ ЖБО-на аппараттық – бағдарламалық кешен енгізу аяқталды. ЖБО кешенінің аясында қала бойынша негізгі жол қиылыстары мен қоғамдық орындарда 20 көшелік сандық бұрылмалы камералар орнатылды, Toyota Hiece автомашинасының негізінде оқиғалар орнын мобильді бейнетіркеу кешені сатып алынды, «Тетра» стандартындағы радиобайланысының жаңа жүйесі енгізілді, ЖБО, КББ және ІІБ әкімшілік ғимараты ескі әкімшілік ғимарат телефонмен жабдықталды. Ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында, талшылық-оптикалық байланыс желісі арқылы Жаңаөзен қаласының ІІБ-на Жаңаөзен қаласында орналасқан 9 учаскелік полиция пункті, уақытша ұстау изоляторы, жол полициясы бөлімі Жаңаөзен қаласы ІІБ-ның арнайы қабылдау бөлімшесі қосылды. Тетра стандарттың цифрлық транкинг радиобайланыс жүйесі енгізілді радио сайттары – 2, стационарлық радио станциялары – 10, мобильді радио станциясы – 16, алып жүретін радиостанциялар – 50.

2014 жылы бейнебақылау орнатуға ЖБ - 36,5 млн.теңге бөлініп, барлығы 18 бейнебақылау 12 басқарушы, 6 стационарлық орнатылды.

Орнатылған 38 бейнебақылау камералары (оның, 32-і жылжымалы және 6-уы стационарлық) 2013 жылдың желтоқсан айында іске қосылып, жұмыс жасауда. Бұл көшедегі болатын қылмыстардың ізін суытпай ашуға және қылмыстың азайуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде. Осы бейнебақылау камераларының көмегімен 2014 жылы 6926 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, ашылған қылмыс саны – 41 фактіні құрады; 2015 жылы 8260 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, ашылған қылмыс саны – 49 фактіні құрады. Алайда, кейбір жерлерде қылмыстарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік болмағандықтан, бейнебақылаулардың жетіспеушілігіне байланысты қосымша 68 бейнебақылау орнатуды қажет етеді (болжамды бөлуді қажет ететін қаражат 372,4 млн.теңге).

Қаланың автожолдарында 2014 жылы 87 жол-көлік оқиғасы тіркелді (2012 жылы – 103, 2013 жылы - 98). Оларда қаза болғандардың саны 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 50,0%-ға төмендеді (2012 жылы – 8 адам, 2013 жылы – 14 адам, 2014 жылы – 4 адам); Жараланғандардың саны 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 10,9%-ға төмендеді (2012 жылы –119 адам, 2013 жылы - 115 адам, 2014 жылы - 106 адам).


Көрсеткіштер атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Тіркелген жол-көлік оқиғасы саны, бірлік

103

98

87

Автокөліктердің саны, бірлік

27 034

28 488

31 270

10000 бірлікке шаққандағы жол-көлік оқиғаларының деңгейі

38,1

34,4

27,8

ІІБ-ның Жол полиция бөлімшесі авариялардың алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Мәселен «Нұр Отан» ХДП қаласының филиалы өкілдерінің қатысуымен және БАҚ-ын тартумен қала аумағында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар жедел-алдын алу және рейдтік іс-шаралары өткізілді.

Әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында 2014 жылы Жол қозғалысы қағидаларын 2029 бұзушылықты (2013 жылы - 655), оның ішінде көлік құралын мас күйінде айдаудың –271 бұзушылықты (2013 жылы - 275), қарсы қозғалыс жолағына шығудың - 45 бұзушылықты (2013 жылы - 170), белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырудың – 1713 бұзушылықты ( 2013 жылы – 210) және тағы басқа оқиғаларын анықтап, жолын кесті.

Қала бойынша 2014 жылы барлығы 26608 құқық бұзушылық анықталып (2013 жылы - 19065), 251,8 млн.теңге сомасына айыппұлдар салынды (2013 жылы – 84,3 млн.теңге). Мемлекет кірісіне 2014 жылы 189,9 млн. теңге өндіріліп алынды (2013 жылы – 76,2 млн.теңге).



Қоғамдық қауіпсіздік бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ішкі істер органдары бөлімшелерінің, оның ішінде әкімшілік полицияның материалдық-техникалық жарақталуының жақсаруына байланысты, жол қауіпсіздігінің құқық бұзушылықтарын анықтаудың өсуі;

Жаңаөзен қаласында ЖБО жұмысының аясында қоғамдық орындарда, оның ішінде көшелерде жасалатын қылмыстарды болдырмау, сондай-ақ қылмыстарды iзiн суытпай ашу және көшелер мен қоғамдық орындарда бейнебақылау жүйелерін енгізу;


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

тұрмыстық қылмыстардың алдын алу бойынша тиімсіз шаралар (адам өлтіру мен денсаулыққа ауыр зардап келтірудің үштен бір бөлігі тұрмыстық жағдайда, мас кезде жасалады);

жүру бөлігінің енін кеңейтуді, олардың барьерлік қоршаулармен, жол белгілерімен жабдықтауды жақсартуды қажет ететін жергілікті маңызы бар жолдардың нашар жағдайы;

жүргізушілерді даярлау жүйесін айтарлықтай жақсартуды қажет ететін көлік құралдары жүргізушілерінің көліктік тәртібінің төмендігі.



МҮМКІНДІКТЕР:

қаланың автожолдарында авариялардың санын қысқарту үшін, көліктік инфрақұрылымды дамыту, облыстың автомобиль жолдарын реконструкциялау, салу және жөндеу.



ҚАТЕРЛЕР:

әлемдік қаржы дағдарысына байланысты экономикадағы қиыншылықтар, халықтың бір бөлігінің, әсіресе жастардың жұмыспен қамтылмауы, тонау, ұрлық және басқа пайда күнемдік-зорлық қылмыстар санының өсуіне әсер етуі мүмкін.




Қоғамдық қауіпсіздік бойынша негізгі проблемалар:

ішкі істер органдарының жеткілікті материалдық-техникалық жарақталмауы;

кәмелетке толмағандар арасында қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі;

муниципииалдық полицияның жоқтығы немесе әкімшілік полицияның жергілікті атқарушы органдарға есеп бермеуі;

жол қозғалысына қатысушылардың, бәрінен бұрын жүргізушілердің көліктік тәртібінің төмендігі;

қала бойынша көліктер санының көбеюіне байланысты, қалаішілік автомобиль жолдарының көлемінің сәйкес келмеуі.


2.1.3.2. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардан сақтандыру

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы бойынша төтенше жағдайлар туындауы мүмкін аймақтар:



  1. Республикалық маңызы бар Жаңаөзен - Ақтау 17-24 шақырым, Жаңаөзен-Темір - Баба шекарасына дейінгі автокөлік жол учаскелері;

  • Жаңаөзен - Қызылсай автожолы учаскесі – 15 - 17 шақырым;

  • Жаңаөзен - Құланды автожолы учаскесі – 10 - 13 шақырым;

  • Жаңаөзен - Теңге автожолы учаскесі – 4 - 5 шақырым;

  • Кәсіпорындар ішіндегі автожолдар;

  1. Қатты қар жауының салдарынан қала ішіндегі шағын аудандар, елді-мекендер «ӨзенМұнайГаз» АҚ өндіріс аймағында көктайғақ болуы;

  2. Электр желілеріне мұздың қатуы;

  3. Химиялық қауіпті нысандардағы өндірістік апат салдарынан болған қатты әсер ететін улы заттардың (СДЯҚ) ауаға таралуы;

  4. «ҚазГӨЗ» ЖШС, «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» Батыс филиалы, «Өзен» БМАС, «БатшаҚуан» ЖШС, «ТеңгеБК» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Ақтау» МҚБ, «Өзенпромгеофизика» АҚ, «Өзен» теміржол станциясында жеңіл жанатын сұйықтық сақталған цистерналар тұрған кезде газдың жарылуы, өрттің және өндірістік аймақтарда мұнайдың төгілуі;

Болуы мүмкін жағдайлар:

  • Транспорт құралдарының шамадан тыс кептелісі, транспорттағы төтенше жағдайлардың орын алуы, электр желілерінің үзілуі, АҚ «ӨМГ» мұнайгаз кәсіпорындарының электр желілерінен ажыратылуы, үлкен өрт ошақтарымен бірге күрделі өрт қауіпті жағдайлардың болуы, қатты әсер ететін улы заттармен (ҚӘУЗ) улану ошақтарының пайда болуы, тұрғылықты халықтың холера, чума ауруын жұқтыру қауіпінің туындауы.

ҚР ІІМ ТЖК МО ТЖД Жаңаөзен қ. ТЖБ - Жаңаөзен қаласы және оған іргелес елді мекендердегі төтенше жағдайлардың алдын алу, жою, азаматтық қорғаныс жүйесін дамытуды жүзеге асырады.

Кесте 1. 2012-2014 жылдардағы Жаңаөзен қаласының төтенше жағдайларының динамикасы


жылдар

Төтенше жағдайлар саны

Зардап шекті, адам

Оның ішінде қайтыс болғаны, адам




Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

2012

28

8

122

75

36

1

2013

34

4

85

39

32

3

2014

24

2

46

2

16

1


Кесте 2. Өрттердің саны

жылдар

Төтенше жағдайлар саны

Зардап шекті, адам

Қайтыс болғаны, адам

Құтқарылғандар саны

2012

35

4



7

2013

44

4

1

8

2014

47

-

3

5


Кесте 3. Судағы қайғылы жағдайлар саны

жылдар

Төтенше жағдайлар саны

Қайтыс болғаны, адам

Құтқарылғандар саны

2012

2

2

-

2013

11

8

3

2014

3

2

1

Жазғы суға түсу маусымында жазатайым оқиғалардың санын азайту мақсатында, іс-шаралар өткізілді. Атап айтатын болсақ, 2012 жылы 7 рет, 2013 жылы 12 рет, 2014 жылы 15 рет лекциялар өткізіліп, осы жылдар аралығында 2152 оқушы қамтылды.

Жергілікті теледидар бойынша «Судағы қауіпсіздік қағидасы» тақырыбында бейнеролик күніне 1 рет көрсетіледі. Сондай ақ, Жаңаөзен қаласы бойынша орталық жолдарда және теңізге баратын тас жолдарда 2012 жылы 3 билборд, 2013 жылы 4 билборд, 2014 жылы 5 билборд орнатылды.

Төтенше жағдайлардан сақтандыру аясында мына алдын алу шараларының кешені өткізіліп, Жаңаөзен қаласында жұмылдыру резервін кезең-кезеңімен жаңарту басталып, бұрын жоспарланған 300 дана жеке қорғану құралдарының 252 данасы сатып алынды.

Теңіз жағалауындағы «Кендірлі» демалыс аймағы және көршілес демалыс базалары мен жағажайда Кендерли құтқару бөлімшесі (судан құтқару қызметі) жұмыс жасайды. Онда 6 құтқарушылар, 2 мотор қайығы бар. Алайда, олар бейімделген ғимаратта (темір контейнер) орналасқан, осыған байланысты типтік құтқару станциясы құрылысын салуды қажет етеді.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардан сақтандыру

бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

2012 жылмен салыстырғанда төтенше жағдайлардың саны 2014 жылы 75,0 пайызға төмендеуі;



Жаңаөзен қаласының 6 шығар жолы бар үлгілік өртке қарсы депо құрылысы салынуы; материалдық-техникалық базамен қамтылуы;

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

Қала және оған іргелес елді мекендерде жаңбыр, нөсер, қар еруінен су шайып кетуіне қарсы канализациялардың жоқтығы;

Коммуналдық кәсіпорындарда жеткілікті мөлшерде су сору және қар тазалау техникалардың жетіспеушілігі;

Қала әкімінің негізгі басқару пункті (қалалық әкімдігі) және қосалқы басқару пунктін қалпына келтіру (Жаңаөзен қаласының қорғаныс бөлімі);

Тұрғындарға қажетті жеке қорғаныс құралдарының жоқтығы;


МҮМКІНДІКТЕР:

Қала аумағының және оған іргелес елді мекендердің халқын оқыту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу; төтенше жағдайлардың алдын алу;



ҚАТЕРЛЕР:

«ҚазГӨЗ» ЖШС-нің аумағындағы газ құбырының жарылуы;

Қала аумағын су шайып кету қаупі бар;

Химиялық қауіпті нысанда апат болған жағдайда халықтың химиялық, радиациялық улану қаупі;




Саладағы негізгі проблемалар:

Жаңаөзен қаласының және оған іргелес Қызылсай, Теңге мен Рахат елді мекендерінде «барлығының назарына»! атты құлақтандыру жүйесімен қамтамасыз ету және де Жаңаөзен немесе Ақтау қаласына орталықтан басқару жолдарын қарастыру (Жаңаөзен қаласында 5 құлақтандыру жүйесі бар).

Қала және оған іргелес елді мекендерде жаңбыр, нөсер, қар еруінен су шайып кетуіне қарсы канализациялар қарастыру;

Қаланың коммуналдық кәсіпорындарында жеткілікті мөлшерде су сору және қар тазалау техникаларымен қамтамасыз ету (мотопомпа, ассенизаторлық техникалар);

«Өзенинвест» МКК балансындағы өрт гидранттарының толықтай жұмыс күйіне келтіруді қамтамасыз ету (баланста барлығы 604 өрт гидранты бар, оның 82 данасы жарамсыз күйде). Сонымен қатар, қаланың Шаңырақ Шұғыла, Самал, Көктем, Өркен, Арай-1, Арай-2, Рахат-1, Астана, Ақсу, Бостандық шағын аудандарында жаңа өрт гидранттарын орнатуды қажет етеді;

Жедел құтқару жасағының Кендірлі бөлімшесіне арналған модульді әкімшілік-тұрмыстық ғимарат орнату мәселесін қарастыру;

Қала әкімінің негізгі басқару пункті (қалалық әкімдік) және қосалқы басқару пунктін қалпына келтіру (Жаңаөзен қаласының қорғаныс бөлімі);

Әрбір панаханаларға 300 адам есебінен қала ішінде қорғаныс нысаналарының (бөгеттер, панаханалар) құрылысына жобалау құжаттарын дайындау;

Қала халқына қажетті жеке қорғану құралдары мен радиациялық, химиялық барлау құралдарын кезең-кезеңмен алу мәселесін қарастыру;

Қалада электроэнергия көзі сөнген кезде қолданылатын дербес автономды электр қуатымен жабдықтау көздерімен қамтамасыз ету;

Қала тұрғын фонды мен әлеуметтік нысандардың сейсмикалық тұрақтылығын күшейтуге қаржы бөлуді қарастыру;

Төтенше жағдайлар орын алған кезде қажетті азық түлік қорын, медикаменттерді және материалдық-техникалық құралдарды сақтау қоймаларын жасақтау мәселесін қарастыру;

«КазТрансГазАймақ» АҚ Жаңаөзен газ учаскесінің ақпаратына сәйкес проблемалық нысаналарда орналасқан жер асты газ құбырын ауыстыру;

2.1.4. бағыт. Ифрақұрылым

2.1.4.1. Байланыс және коммуникациялар

Телекоммуникациялар және байланыс

Жаңаөзен қаласы бойынша байланыс қызметі, ғаламтор және сандық телеарна қызмет түрлерін ұсынатын кәсіпорын - «Қазақтелеком» АҚ-ы.

Жергілікті телефон байланысының деңгейін цифрландыру 100%-ға жетті. Халық саны 1000 адам және одан артық болатын қаланың барлық елді мекендері 100% мобильді байланыс қызметімен қамтамасыз етілген.

Бүгінге күнге қала бойынша 4G желісінің 24 LTE базалық станциясы салынып, пайдалануға берілді (Жаңаөзен қаласында-20, Теңге-3, Қызылсай-1).

Қаланың Шаңырақ, Самал, Көктем және Өркен шағынаудандарында; Рахат, Теңге мен Қызылсай ауылдарында сыйымдылығы 19800 номерге арналған негізгі телефон нүктесі 6 бірлік АТС және 4 бірлік MSAN; сыйымдылығы 3136 нүктеге арналған мегалайн; сыйымдылығы 9226 нүктеге арналған талшықты-оптикалық желі «GPON» жаңа технологиясы арқылы берілетін жоғарғы жылдамдықтағы ғаламтор орнатылды. Есепті кезеңге негізгі телефон нүктесіне - 13376 абонент; мегалайн арқылы 2100 абонент және GPON жаңа технологиясына 6313 абонент қосылды.

«Жаңаөзен қаласындағы Рауан ықшамауданының және Теңге, Рахат селоларының телефон желісін салу» жұмыс жобасы жасақталды (жобаның сметалық құны 693,9 млн.теңге). Жоба аясында тартылатын магистральді талшықты-оптикалық кабель және тарату желісі кабелінің ұзындығы: «Рауан» ықшамауданы – 14,388 шқ.; Рахат ауылында – 182,903 шқ.; Теңге ауылында – 58,42 шқ. құрайды. Құрылыстың ұзақтығы – 19 ай.

Жаңаөзен қаласы бойынша статистикалық деректерге сәйкес интернетті пайдаланушылардың үлесі 2012 жылы - 60,6%, 2013 жылы - 56,7%, 2014 жылы – 55,4% құрады.

Пошта байланысы қызметімен «Казпошта» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы қамтамасыз етеді. Осы кәсіпорынның бөлімшелері арқылы 50-ден астам қызмет түрлері бойынша қызмет көрсетіледі.


Байланыс және коммуникациялар бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

Қаланың ауылдық елді мекендерінде телекоммуникациялық желілердің дамуы;

Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін талшықты-оптикалық желі жүргізу жөніндегі жобалардың іске асырылуы.


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

Жаңаөзен қаласының «Рауан» шағынауданы және Рахат ауылының Ақсу, Жұлдыз, Мерей шағынаудандарында байланыс желісімен қамтылмауы.



МҮМКІНДІКТЕР:

телекоммуникациялық желілерді одан әрі дамыту;

телекоммуникациялық операторлардың қызмет көрсету сапасын көтеру.


ҚАТЕРЛЕР:

ақпараттық жүйелерді, пошта байланысын дамыту жөніндегі іс-шаралардың жеткізе қаржыландырылмауы




Байланыс және коммуникациялар саласындағы негізгі проблемалар:

ауылдық елді мекендердегі пошта бөлімшелерінің әлсіз материалдық-техникалық базасы.

Жаңаөзен қаласының «Рауан» шағынауданы және Рахат ауылының Ақсу, Жұлдыз, Мерей шағынаудандарында байланыс желісімен қамтылмауы (мемсараптама қорытындысы бар).
2.1.4.2. Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2014 жылы - 96,4%, 2013 жылы - 81,9%, 2012 жылы - 77,9% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2011 жылы - 29491,0 млн.теңге, 2012 жылы - 24152,0 млн.теңге, 2013 жылы - 20667,0 млн.теңге, 2014 жылы - 20951,0 млн.теңгені құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2011 жылы 83,1 мың мың шаршы метр (67,7%), 2012 жылы 143,7 мың шаршы метр (72,3%) 2013 жылы 86,3 мың шаршы метр (99,3%), 2014 жылы 92,1 мың шаршы метрді (87,5%) жеке тұрғын үйлер құрады.

Тұрғын үй құрылысына 2014 жылы - 7661,5 млн.теңге, 2013 жылы - 5776,0 млн.теңге, 2012 жылы - 7096,0 млн.теңге көлемінде инвестициялар бағытталды.

Жаңаөзен қаласы бойынша тұрғын үй қорының жалпы ауданы 2010 жылы 1153,8 мың шаршы метр, 2011 жылы 1265,0 мың шаршы метр, 2012 жылы 1349,7 мың шаршы метр, 2013 жылы 1444,7 мың шаршы метр, 2014 жылы 1692,4 мың шаршы метрді құрады. Халықтың тұрғын үймен орташа қамтылуы (1 тұрғынға жалпы алаңның) 2010 жылы 13,7 шаршы метр, 2011 жылы 13,7 шаршы метр, 2012 жылы 14,9 шаршы метр, 2013 жылы 15,7 шаршы метр, 2014 жылы 18,0 шаршы метр құрады.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасының шеңберінде жасақталған «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған Кешенді Жоспарының» іс шарасында қала әкімдігінде кезекте тұрған азаматтар үшін коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салу мәселесі бойынша 2016-2017 жылдары Жаңаөзен қаласында 180 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы (жалпы ауданы 13,755 мың шаршы метр, сметалық құны 1266,6 млн.теңге); Теңге мен Қызылсай ауылдарындағы муниципиалдық (коммуналдық) әрқайсысы 4 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы (жалпы ауданы 1,221 мың шаршы метр, сметалық құны 100,7 млн.теңге) жоспарланған.


Құрылыс бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

10 мыңнан аса отбасының тұрғын үйге қажеттілігінің қанағаттануы;

толықтай жаңартылған Бас жоспарлар мен Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарлары;

дамыған құрылыс индустриясы



ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

Жаңаөзен қаласындағы жер учаскелерінің тапшылығы;

әлеуметтік тұрғын үйге қажеттіліктің тұрақты өсімі.


МҮМКІНДІКТЕР:

өңірде Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының іске асырылуы, бұл – тұрғын үймен қамтамасыз етілуді көтеруге мүмкіндік береді;

даму институттары: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның және «ҚИК» АҚ-ның құралдарын пайдалану


ҚАТЕРЛЕР:

құрылыс материалдарына арналған бағалардың көтерілуі, бұл тұрғын үйдің құнына әсер етеді;

өңірдегі халық санының тез өсуіне және жоғары көші-қон ағынының нәтижесінде тұрғын үйге деген қажеттілікті жабуға қабілетсіздік;

бюджеттік қаржыландырудың қысқаруы, және осының салдарынан қала тұрғындарын қолжетімді тұрғын үймен толық қамтамасыз етпеу.




Саладағы негізгі проблемалар:

- Жаңаөзен қаласындағы жер учаскелерінің тапшылығы;

- әлеуметтік тұрғын үйге қажеттіліктің тұрақты өсімі.
2.1.4.3. Жолдар мен көлік
Жаңаөзен қаласы бойынша автомобиль жолы жүйесі аудандық маңыздағы, қала және ауылішілік автомобиль жолдардан тұрады. Жолдардың жалпы ұзындығы шамамен 353,0 шақырымды құрайды, соның ішінде аудандық маңызы бар – 32,0 шқ., жергілікті маңызы бар – 321,0 шқ.

Жақсы және қанағаттанарлық күйдегі қалаішілік және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2015 жылы – 55,4% (195,7 шқ.), 2014 жылы – 50,4% (178,0 шқ.), 2013 жылы - 43,6% (154,0 шқ.), 2012 жылы – 41,6% (147,0 шқ.) құрады.



Жаңаөзен қаласының экономикалық өсуінің маңызды факторларының бірі көлік инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру болып табылады. Қозғалыс қауіпсіздігі мәселесі - бірінші кезектегі міндеттердің бірі және саланы дамытудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етудегі құрамдас бөліктің бірі.

Қалаішілік автомобиль жолдарын салу және қайта жаңғырту:

- 2012 жылы барлығы 6,7 шқ. құрайтын жаңа жол құрылысын жүргізуге 312,8 млн.теңге қаражат жұмсалды (оның ішінде: қалаішілік жолдар - 5,6 шқ., Қызылсай ауылы - 1,1 шқ.).

- 2014 жылы 24,3 шқ. құрайтын жаңа автомобиль жолдарын салуға барлығы 1470,2 млн.теңге қаржы жұмсалды (оның ішінде: Қызылсай ауылы – 4,3 шқ., Теңге ауылы – 9,5 шқ., Рахат ауылы – 4,4 шқ., «Мамыр» ш/а – 5,5 шқ., «Бәйтерек» ш/а – 0,6 шқ.);

- 2015 жылы автомобиль жолдарын салуға барлығы 522,7 млн.теңге қаржы жұмсалды. Оның ішінде: 9,48 шқ. құрайтын (Рахат ауылы – 7,3 шқ., «Бәйтерек» ш/а – 1,09 шқ., Теңге ауылы – 1,09 шқ.) автомобиль жолдарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұдан басқа, Қызылсай ауылы Мешіт ауыл көшесінің автокөлік жолының құрылысын бастауға 2015 жылы 5,0 млн.теңге игерілді, жобаның құрылысы 2016 жылы аяқталады (жобалық сметалық құны 287,0 млн.теңге, ұзындығы – 4,835 шқ.)

Көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 20,3 шқ. құрайтын 6 жобаның мемлекеттік сараптамасы дайын (сметалық құны 1027,8 млн.теңге);

Сонымен қатар, тағы да шамамен 14,0 шқ. құрайтын 2 жобалық сметалық құжаттамалары жасақталуда (қаланың «Астана», «Мамыр», «Ақбұлақ» және «Бостандық» шағынаудандарының көшелері; Рахат ауылының «Ақсу» және «Жұлдыз» шағынаудандарының көшелері) .

Аталған аймақтың табиғи-климаттық жағдайларын да ескеру қажет. Жиі болып тұратын қолайсыз ауа-райы жағдайлары: қатты жел, шаңды дауыл, жауын-шашын көлікте болатын проблемалардың артуына әсерін тигізеді.

Қалаішілік маңызы бар автомобиль жолдарына күрделі жөндеу:

- 2012 жылы 1,1 шқ. (29,8 млн.теңге) автомобиль жолы күрделі жөндеуден өткізілді, сондай ақ 124,5 мың шаршы метр (345,7 млн.теңге) аулаішілік жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді;

- 2013 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражаты есебінен Жаңаөзен-Қызылсай» автомобиль тас жолына (ұзындығы 17,1 шқ., құны 661,0 млн.теңге) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді; Бюджет қаражаты есебінен қалаішілік көшелерге («Қосқұлақов» - 1,6 шқ., «Достық» - 1,9 шқ., «Маңғыстау» - 1,3 шқ., «Қашаған» - 1,6 шқ., «Абай» - 1,5 шқ.) барлығы 7,9 шақырымға жолға 475,6 млн.теңге игеріліп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

- 2015 жылы Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Өзенмұнайгаз» АҚ арасындағы әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөлу бөлігіндегі шартты іске асыру жөнінде жасақталған келісім-шарт негізінде 433,0 млн.теңге және жергілікті бюджеттен 90,0 млн.теңге қаржы бөлініп, жалпы сомасы 523,0 млн.теңгеге «Жаңаөзен-Құланды» автокөлік жолын кеңейтуге 8,74 шқ., жалпы құны 827,2 млн.теңгені құрайтын жұмыс жобасы бойынша кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Кеңейту жұмыстары 2016 жылы аяқталады деп жоспарлануда.



Қалаішілік маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу:

- 2012 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарына (1560 м2) - 10,7 млн.теңге және орташа жөндеу жұмыстарына (10500м2) - 28,1 млн.теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді;

- 2013 жылы жолды ағымдағы жөндеуге (1560 м2) жолды 9,7 млн.теңге және 14200 м2 орташа жөндеуге 39,5 млн.теңге бөлініп, толықтай игерілді;

- 2014 жылы жолды орташа жөндеу жұмыстарына (11525м2) - 35,3 млн.теңге және жолды ағымдағы жөндеуге (1471м2) - 9,5 млн.теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді.

- 2015 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарына (1449 м2) – 10,9 млн.теңге және орташа жөндеу жұмыстарына (13325,59 м2) – 57,8 млн.теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді.

Жаңаөзен қаласындағы сыртқы көлік қатынасы теміржол қатынасымен, сонымен қатар автобуспен қалааралық жолаушылар тасымалымен қамтамасыз етілуде. «Жаңаөзен-Ақтау-Жаңаөзен» бағытында автобуспен қалааралық жолаушылар тасымалын «Керуен-Құддус» ЖШС қамтамасыз етеді.

Облыс орталығы Ақтау қаласымен байланыстыратын қатты жамылғысы бар 150 шақырым автомобиль тас жолы, сондай ақ 179 шақырымды құрайтын «Маңғышлақ-Жаңаөзен» темір жол желісі бар.

Қаламыздағы автомобиль жолдарында қозғалыстың қауіпсіздігі мен қолайлығын қамтамасыз ету мақсатында, жолдарды күтіп ұстауға:

- 2012 жылы 33,6 млн.теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді. Оның ішінде бағдаршамдарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсетуге 5,5 млн.теңге игерілді. Сондай ақ, күнделікті бағдаршам объектілерін тексеру, бағдаршамдарды және бағаналарды жуу жұмыстары атқарылды; 7450м2 жаяу жүргіншілер жолағын және тұтас жол жолағын сызуға - 7,9 млн.теңге; 28 светодиодтық бағдаршамдар орнатуға - 12,7 млн.теңге; 270 дана жол белгілерін орнатуға және ауыстыруға - 7,4 млн.теңге, жолдарды күтіп ұстауға - 11,4 млн.теңге игерілді;

- 2013 жылы 25,3 млн.теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді. Оның ішінде: бағдаршамдарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсетуге 4,4 млн.теңге; 7450м2 жаяу жүргіншілер жолағын және тұтас жол жолағын сызуға 13,3 млн.теңге; Рахат және «Ақсу» шағынаудандарында 8 светодиодтық бағдаршамдар орнатуға 4,6 млн.теңге; 104 дана жол белгілерін орнатуға және ауыстыруға 3,0 млн.теңге.

- 2014 жылы 40,1 млн.теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді. Оның ішінде: бағдаршамдарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсетуге 2,6 млн.теңге; 7450м2 жаяу жүргіншілер жолағын және тұтас жол жолағын сызуға 14,2 млн.теңге; жол қозғалысын реттеуге қалаішілік жолдарға 4 нысанға 31 дана светодиодтық бағдаршамдар орнатуға 9,7 млн.теңге игерілді; 104 дана жол белгілерін орнатуға және ауыстыруға 3,3 млн.теңге; сондай-ақ мүгедектердің хал-жағдайын жақсарту мақсатында 10 әлеуметтік нысандардың жанына 20 жол белгісіне РБ-478 мың теңге; автокөлік жолдарын құжаттандыруға 4,9 млн.теңге және автокөлік жолдарының жол белгілерін орналастыруын құжаттандыруға 5,0 млн.теңге.

- 2015 жылы 44,3 млн.теңге қаржы бөлініп, игерілді. Оның ішінде: бағдаршамдарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсетуге 4,7 млн.теңге; 7450м2 жаяу жүргіншілер жолағын және тұтас жол жолағын сызуға 14,2 млн.теңге; жол қозғалысын реттеуге қалаішілік жолдарға 3 нысанға 24 дана автокөлікке 8 дана жаяу жүргіншілерге арналған светодиодтық бағдаршамдар орнатуға 10,4 млн.теңге; 104 дана жол белгілерін орнатуға және ауыстыруға 2,4 млн.теңге; сондай-ақ мүгедектердің хал-жағдайын жақсарту мақсатында барлығы 418,8 млн.теңге (РБ-413,0 мың теңге, ЖБ-5,7 мың теңге) бөлініп, игерілген қаражатқа 38 әлеуметтік нысандардың жанына 38 жол белгісі орнатылды; реттелмейтін жаяу жүргінші өткелдеріне жарық диодты катофотпен «кошачий глаз» жабдықтауға 2,3 млн.теңгеге 150 данасы орнатылды; автокөлік жолдарына жасанды 489 жол кедергісін орнатуға 9,9 млн.теңге бөлінді.

Жолаушылар тасымалындағы автокөлік қатынасымен қамтылмаған елді мекендер жоқ. Жаңаөзен қаласының «Шаңырақ», «Шұғыла», «Самал», 3 «А», «Көктем», «Өркен», «Астана», «Бостандық», «Арай», «Ақбұлақ», «Мамыр», «Бәйтерек», «Мұнайлы» шағынаудандарының; Теңге, Қызылсай және Рахат елді мекендердің тұрғындарын қоғамдық көлікпен тасымалдауға №№1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12 маршруттары бойынша 3 жеке кәсіпкер қызметін қамтамасыз етеді. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 13.09.2012 жылы №2148 мемлекеттік тіркеуден өткізілген Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 29.08.2012 жылғы №375 қаулысының негізінде қоғамдық автобус бағыттарындағы жол ақы тарифі 40 теңге көлемінде белгіленген болатын.

Жаңаөзен қаласын теміржол торабының маңында, халықаралық, республикалық, жергілікті маңызы бар жолдардың маңайында орналасқан қалалардың тобына жатқызуға болады.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының КСӨО (көлік-сауда-өндірістік осі) құрылымын негізгі 4 тармақ құрайды:

1) Орталық тармақ – Бейнеу ауылы (Опорная станциясы) - Ақтау қаласы - Құрық ауылы (Ералиев станциясы) - Жетібай кенті (Жаңаөзен қаласы) - Фетисово кенті

2) Солтүстік тармақ - Ақтау қ.- Форт-Шевченко қ.- Қаламқас кенті

3) Шығыс тармақ –Ақтау қ.- Жаңаөзен қ.

4) Оңтүстік тармақ – Ақтау қ. (Жаңаөзен қ.) - Кендірлі.

Қаланы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында, «Кендірлі» курортты демалыс аймағының қашықтығы 2,2 шақырым автомобиль жолдарын салу жұмыстары басталды, 2015 жылы 50,0 млн.теңге бөлінді. Сметалық құны 318,8 млн.теңге болатын ТЭН-ге (05.02.2010 жылғы №15-0038/10 және ЖСҚ-ға (21.12.2013 жылғы №15-0594/12) арналған мемлекеттік сараптама бар.


Көлік бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

қанағаттанарлықсыз жай күйдегі автомобиль жолдарының 58,4%-дан 44,6%-ға дейін қысқаруы;

шектесіп жатқан мемлекеттермен байланысты қамтамасыз ету үшін салынған жаңа темір жол желісі;


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

қаламыздың автомобиль жолдары тығыздығының төмендігі;

автомобиль жолдарының тозуы;

темір жол желісінің электрленбеуі және бір табанды болуы.



МҮМКІНДІКТЕР:

«Нұрлы жол» бағдарламасының және «Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» аясында көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларын іске асыру;

транзиттік жүк және жолаушылар ағынының жандануынан өңір кірістерінің айтарлықтай өсуі;


ҚАТЕРЛЕР:

көлік инфрақұрылымын дамыту жобалары үшін бөлінген бюджет қаражатын секвестрлеу;

Өзен-Болашақ (Қазақстан) - Берекет (Түрікменстан) - Горган (Иран) темір жол желісін толық пайдаланбау салдарынан транзиттік әлеуеттің төмендеуі.

қаланың көлік-коммуникациялық инфрақұрылымының жеткілікті дамымауы себебінен өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі;




Көлік саласындағы негізгі проблемалар:

- асфальт-бетон жамылғысы тозуының жоғары дәрежесі;

- автомобиль жолдарын жөндеу мерзімдерінің сақталмауы – күрделі және орташа жөндеу эпизодтық сипатқа ие;

- жолдар салуға, жолдарды ағымдағы жөндеуге және күтіп-ұстауға бөлінетін қаражаттың жеткіліксіздігі;
2.1.4.4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Сумен жабдықтау.

Жаңаөзен қаласын ауыз сумен жабдықтау қазіргі кезде екі көзден алынады. Бірінші желімен - «ҚазТрансОйл» жабық АҚ Батыс филиалы «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры тасымалдайтын Еділ суы тазаланып халыққа таратылады. Екінші желімен - «Суды өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС арқылы тасымалдайтын «Түйесу» және «Сауысқан» жер асты артезиан сулар «Су тазарту имараты» арқылы халыққа тікелей пайдалануға беріледі.

Жалпы қалаға екі бағыттан жеткізілетін, тәулігіне қабылданатын судың орташа көлемі:

1. «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы Батыс филиалы «Астрахань-Манғышлақ» су құбыры арқылы тасымалдайтын Еділ суы тазаланып, халыққа таратылады (техникалық судың көлемі тәулігіне орташа есеппен 2012 жылы 12412 текше метр, 2013 жылы 13000 текше метр, 2014 жылы 14756 текше метрді құрады. 2014 жылғы көрсеткішті 2012 жылмен салыстырғанда 18,9%-ға өсті).

Тасымалданатын су ресурсының орташа мөлшері жылына 4456057 текше метрді құрайды (2010 жылы - 3800563 текше метр, 2011 жылы 3799427 текше метр, 2012 жылы - 4530483 текше метр, 2013 жылы – 4762811 текше метр, 2014 жылы – 5387000 текше метр құрады. 2014 жылғы көрсеткішті 2012 жылмен салыстырғанда 18,9%-ға өсіп отыр, өсу себебі ауыз су ресурсын тұтынушы санының көбеюіне байланысты болып отыр).

2. «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС арқылы «Түйесу» және «Сауысқан» жер асты артезиан сулары «Су тазарту имараты» арқылы халыққа тікелей пайдалануға беріледі (кен орнынан артезиан суы тәулігіне 4700 текше метрге дейін қабылданады). Тасымалданатын су ресурсының орташа мөлшері жылына 2021840 текше метрді құрайды (2010 жылы - 2612058 текше метр, 2011 жылы - 2130000 текше метр, 2012 жылы - 1942199 текше метр, 2013 жылы – 1732945 текше метр, 2014 жылы – 1692000 текше метр. Тасымалданатын су ресурсының мөлшері жыл сайын төмендеп келеді. Мәселен, 2014 жылғы көрсеткішті 2012 жылмен салыстырғанда 12,9%-ға төмендеді, төмендеу себебі «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС тарапынан тиісті мөлшерде су ресурсын қамтамасыз етуге бірқатар кемшіліктер орын алуда.

Еділ суы су құбырлар желісі арқылы жер асты су қоймасына жиналып, «МУД-720» (Дегремон) су тазалау қондырғысы арқылы тазаланады. Қабылданған су «МУД - 720» қондырғысы арқылы сағатына 720 текше метр немесе тәулігіне 17280 текше метр су тазаланады. «МУД-720» қондырғысы әрқайсысының қуаты өнімділікпен су тазартатын екі параллель желіден тұрады. Тазаланған су жинайтын резервуар сыйымдылығы 34000 текше метр, соның ішінде пайдалы таза су жинайтын көлемі 25000 текше метрді құрайды. Қазіргі таңда қала халқының саны 1991 жылы 54,3 мыңнан 2014 жылғы 136,4 мың адамға дейін және одан да астам өсуіне байланысты су пайдалану мөлшері тәулігіне 22000 текше метрге дейін барады.

Аталған жағдайдың алдын алу мақсатында, «Жаңаөзен қаласында тәулігіне 30000 текше метр Еділ суын ауыз су сапасына дейін тазалайтын су тазарту имаратының құрылысы және Еділ суын тәулігіне 50000 текше метр дейін жеткізу» жобасын жасақтау үшін «Су тазарту имараты» аумағынан 2,0 га жер телімі бөлініп, «ҚазТрансОйл» АҚ арқылы жалпы сметалық құны 2101,9 млн.теңгені құрайтын жобалық сметалық құжаттамасы жасақталды (26.07.2013 жылғы №01-0476/13 мемсараптама қорытындысы бар). Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, аяқталу мерзімі 2016 жыл.

Жалпы су желілерінің ұзындығы 01.01.2012ж. кезеңіне 398,0 шқ., 01.01.2013ж. кезеңіне 437,5 шқ. (о.і: магистралдық су желісі 22,0 шқ., таратушы су желісі 151,2 шқ., шағынаудан ішілік су желісі 264,3 шқ.), 01.01.2014ж. кезеңіне 561,6 шқ., 01.01.2015 жыл кезеңіне 614,6 шқ. құрайды (оның ішінде: магистралдық су желісі 22,0 шқ., таратушы су желісі 151,2 шқ., шағынаудан ішілік су желісі 441,4 шқ.).

Жаңғыртуды қажет ететін сумен жабдықтау желісінің ұзындығы 2011 жылы 117,24 шқ., 2012 жылы – 117,24 шқ., 2013 жылы – 104,7 шқ., 2014 жылы - 97,5 шқ., 2015 жылы 90,7 шқ. құрады.

Жаңғыртылған сумен жабдықтау желісінің ұзындығы 2012 жылы – 14,2 шқ., 2013 жылы - 2,8 шқ., 2014 жылы – 12,2 шқ. құрады. Жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі 2012 жылы – 12,1%, 2013 жылы – 2,7%, 2014 жылы – 12,5% құрады.

2015 жылы орталық бу қазандығына баратын қолданыстағы диаметрі 500мм. темір құбырын жаңғыртуға жобалық сметалық құжаттама жасақталып, қазіргі таңда қаржыландыруды қажет етеді. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы орган тарапынан колданыстағы 20,9 шқ. су желісін жаңартуға ЖСҚ жасақтауға бюджеттік сұраныс берілді, 2016 жылға қаржыландыруға талап етеді.

2014 жылы қала бойынша қабылданған судың көлемі 2012 жылға қарағанда 9,4%-ға өсіп, 7078763 текше метрді құрады. Орташа есеппен жыл сайын 6682400 текше метр су қабылданады. Қабылданған судың мөлшері 2010 жылы – 6412621 текше метр, 2011 жылы – 5929427 текше метр, 2012 жылы – 6472682 текше метр, 2013 жылы – 6495756 текше метр, 2014 жылы – 7078763 текше метрді құрады.

Сәйкесінше, таратылған судың көлемі орташа есеппен жыл сайын 6045236 текше метрді құрайды (2010 жылы - 5831179 текше метр, 2011 жылы - 5506458 текше метр, 2012 жылы - 6250325 текше метр, 2013 жылы - 6480327 текше метр, 2014 жылы – 5405057 текше метр).

2014 жылы су шығыны орын алған жоқ. 2013 жылы су шығынының мөлшері 2010 жылмен салыстырғанда 9,07%-дан 0,24%-ға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш кәсіпорын тарапынан қолданыстағы тозығы жеткен құбырларға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізу нәтижесінен болып отыр.

Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар халықтың үлесі 2010 жылы - 16005, 2012 жылы – 22288, 2013 жылы – 24447, 2014 жылы - 25561 құрады. 2014 жылғы көрсеткіш 2012 жылға 3273 абонентке өсті. Жыл сайын тұтынушылар саны тұрғындар есебінен орташа есеппен 2000 абонентке өсуде, бұл көрсеткіш Жаңаөзен қаласының су жүйесінің серпінді дамуын көрсетеді.

Қала бойынша барлығы 28418 үй бар, оның ішінде ауыз сумен қамтылғаны 25561 үй, қамтылуы 90,0% құрады (01.01.2014 ж. - 27224 үйдің - 24447-і қамтылды; 01.01.2013 ж. - 26396 үйдің - 22278-і қамтылды).

Ауыз су тасымалдау қызмет тарифі 2010 жыл 88,03 теңге, 2011-2014 жылға орта мерзімді тарифпен тұрғындарға 96,84 теңге болып бекітілді.

Су жүйесі бойынша «Өзенинвест» МКК күзгі-қысқы кезеңге дайындық іс-шараларының жоспары бойынша күрделі жөндеу және қосымша құрылыс монтаждау жұмыстарына кәсіпорынның қаражаты есебінен 2013/2014 жылы 41,2 млн.теңге, 2014/2015 жылы 35,4 млн.теңге көлемінде қаржы жұмсалды. Шағынаудандардағы ескі темір құбырлардың тозығы жетіп, құбырға берілетін су қысымын көтермеуі салдарынан болған апаттарға байланысты 2013 жылы жалпы ұзындығы 3717 метр темір құбыр полиэтилен құбырға ауыстырылды; жалпы ұзындығы 1191 метр кәріз шойын құбыр полиэтилен құбырға ауыстырылды. Ал 2014 жылы 5819 метр темір құбыр полиэтилен құбырға, 690 метр кәріз шойын құбыр полиэтилен құбырға ауыстырылды.

«Жаңаөзен қаласының қолданыстағы сумен қамту мен канализация жүйелерін кеңейту және құрылымдау» жоба бойынша жүргізілген құрылыс жұмыстары: жалпы құны 390,7 млн.теңгені құрайтын «Рахат-3» ш/а сумен қамту жүйесінің құрылысы (1, 2 кезеңі) бойынша 64,8 шақырым полиэтилен су құбыры тартылып, 2380 тұрғын үйді қамтыды; «Мұнайлы» ш/а ауыз сумен қамтамасыз етуге 67,2 млн.теңгеге 8407 метр су құбыры, Теңге ауылын сумен қамту жүйесі бойынша 462,0 млн.теңгеге 57802 метр полиэтилен су құбыры тартылып, барлығы 1115 үй сумен қамтылды. «Ақсу» ш/а ауыз сумен қамтамасыз етуге 208,4 млн.теңгеге 13873 метр су құбыры, «Рахат» ш/а 281,0 млн.теңгеге 28593 метр су желісі тартылды. 2014 жылы Жаңаөзен қаласы «Жұлдыз» (Рахат-3, 1-2 кезегі) (қосымша жұмыстар) шағын ауданында 147,4 млн.теңге болатын салқын суға есептеуіш қондыру және орнату жобасы іске асырылып, жоба бойынша 947 құдық орнатылды.

2014 жылдан бастап сметалық құны 2350,3 млн.теңге, жалпы ұзындығы 133045 метр болатын Рахат ауылының «Жұлдыз» және «Мерей» шағын аудандарын сумен жабдықтаудың бөлу желiлерiнiң құрылысы жүргізілуде. Құрылысқа 2014 жылы республикалық бюджеттен 839,6 млн.теңге сомасында қаражат бөлініп, толық көлемде игерілді (47,5 шқ су құбыры салынды). Іске асыру мерзімі 2014-2016 жылдары.

Жобалық сметалық құны 2101,9 млн.теңгені құрайтын «Жаңаөзен қаласындағы еділ суын тәулігіне 30000 текше метрге дейін ауыз су сапасына жеткізіп, дайындау үшін су тазарту имараттарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2014 жылы РБ-200,0 млн.теңге бөлініп, игерілді. 2015 жылға барлығы 1015,3 млн.теңге бөлінді (РБ-815,3 млн.теңге, ЖБ-200,0 млн.теңге). Іске асыру мерзімі 2014-2016 жылдары.

Теңге және Рахат ауылдарының тұрғындарын ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында су сақтау резервуарлары мен насос стансаларын салу үшін жобалық сметалық құжаттаманы жасақтауды қажет етеді.

Резервтік су көзін қарастыру үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ «Кендірліден» су тұщыту қондырғысын салуды жоспарлап, жобаны іске асыруға тендер жариялап, жеке инвесторларды тартуда.



Сарқынды су желісі.

01.01.2015 жыл кезеңіне жалпы қалалық канализация желісінің және коллекторының ұзындығы 71,2 шақырым, оның ішінде: қысымды ағынмен (напорный) – 2,0 шқ., өз ағынымен (самотечный) – 69,2 шқ..

Қаладағы 71,2 шақырым сарқынды су желісінің: коллектор диаметрі 300 мм ден 1000 мм – 16,71 шақырым, аула ішілік құбырлары 50 мм ден 300 мм дейін – 54,49 шақырым.

Қазіргі таңда кәріз желілерінде жағдайы айтарлықтай мәз емес. Қала бойынша жалпы тұрғын үйлер саны - 28418, соның ішінде 14548 тұрғын үй немесе 51,2%-ы кәріз жүйесімен қамтылып отыр (01.01.2013ж. - 14298-52,5%). Сарқынды су желілері қаланың бас жоспары бойынша 50,0 мың адамға есептелген болатын, қазіргі таңда 139,0 мыңнан астам халық тұрады. Өзекті мәселелердің бірі «Рахат», «Ақсу», «Жұлдыз», «Мерей», «Арай», «Астана», «Ақбұлақ», «Бостандық», «Мұнайлы» шағынаудандарының сарқынды су жиналатын жеке учаскелердегі құдықтардың санитарлық норма талаптарына сай келмеуіне байланысты орталықтандырылған сарқынды су желілерін салу және тозығы жеткен желілерді ауыстыру қажеттілігі туындап отыр. Жыл сайын қолданыстағы сарқынды су құбырларының 85,4%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етеді.

Жаңғыртуды қажет ететін сумен жабдықтау желісінің ұзындығы 2011 жылы 65,4 шқ. (92,7 %), 2012 жылы 65,4 шқ. (92,7 %), 2013 жылы 62,1 шқ. (88,0%), 2014 жылы 62,1 шқ. (88,0%) құрады.

Жаңғыртылған су бұрумен жабдықтау желісінің ұзындығы 2014 жылы 690 метр құрады, жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі 0,98% құрады (2013 жылы - 3300 метр, 4,7 %).

Қолданыстағы кәріз және су желілерін жаңғырту және кеңейту жұмыстарының жобасын жасақтауға бюджеттен қаражат бөлініп, бүгінгі таңда 25,08 шқ. құрайтын ЖСҚ жасақталуда.

Кәріз судың тазалау деңгейін 98,0%-ға дейін көтеру және қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, тазаланған суды қала ішіндегі көк желектерді суаруға пайдалану мақсатында сметалық құны 1931,4 млн.теңге болатын «Жаңаөзен қаласының өнімділігі тәулігіне 21500 мың текше метр болатын бұрыннан бар канализациялық-тазарту құрылыстарын реконструкциялаудың және жаңғыртудың» жобасы жасақталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Толық биологиялық тазартудан өткен сарқынды сулардың көлемі 2012 жылы 2187,9 мың текше метр, 2013 жылы 2352,8 мың текше метр, 2014 жылы 2295,5 мың текше метрді құрады. Бұл көрсеткіш қабылданған судың 2012 жылы 33,8%, 2013 жылы 36,2 %, 2014 жылы 32,4% құрайды.

Жылумен жабдықтау.

Қала бойынша ыстық су мен жылу тасымалдайтын сыртқы жылу желілерінің ұзындығы 2011 жылы 110,32 шқ., 2012 жылы 137,92 шқ., 2013 жылдан бері 192,32 шақырым құрайды (оның ішінде магистралды құбыры 48 шақырым, таратушы құбырлар 144,32 шақырым құрайды).

Қаланың жылу желілері жүйесі 2009 жылға дейін екі құбырлы болып келді. Жылу желілерінің тозығы жетіп, ысыраптың (жылу, ыстық су) мөлшерден тыс жоғалуына байланысты, сонымен қатар қаланың тұрғын үйлерін үздіксіз (жаз мезгілінде) ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметінің №865 «2009-2012 жылдарға арналған Кешенді жоспар» аясында республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жобалық сметалық құны 8295,3 млн.теңге болатын 192,3 шқ. құрайтын қаладағы сыртқы жылу желілерін төрт құбырлы жүйеге ауыстыру жұмыстары жүргізіліп, толықтай жаңартылды (2009 ж. – 16,1 шқ., 2010 ж. – 94,2 шқ., 2011 ж. – 51,2 шқ., 2012 ж. – 30,8 шқ.). Осы жобаның жобалау-сметалық құжаттарына орай, ауыстырылған құбырлардың пайдалану (кепілдік) мерзімі жиырма (20) жыл деп белгіленген, осыған байланысты 2029 жылға дейін қаладағы сыртқы жылу желілерін ауыстыруды талап етілмейді.

«Өзенжылу» МКК қарасты бу және жылу қазандықтары жаңадан салынған әлеуметтік нысандардың есебінен 18-ден 32 бірлікке жетті. Соның ішінде 4-уі негізгі (олар: 1 орталық жылу қазандығы, 1 аурухана жылу қазандығы, 1 темір жол бекетіндегі бу қазандығы, 1 Қызылсай селосындағы жылу қазандығы) және 28 кіші көлемдегі дербес жылу қазандықтары. Қазандықтарда негізгі және резервті отын ретінде табиғи газ пайдаланылады. Сонымен қатар, көп қабатты тұрғын үйлерді жеткілікті сапалы жылумен қамтамасыз етуде қалада жылу тапшылықтары орын алды. Орталық жылу қазандығындағы құрылғылардың жылдар бойында тозығы жетіп, және жылу тапшылығын жою мақсатында бюджет қаражаты есебінен жалпы сметалық құны 7007,9 млн.теңгені құрайтын «Орталық қазандықты кіші ЖЭО-ға ауыстыра отырып, қайта жаңғырту және кеңейту» 4 кезеңнен тұратын жоба іске асырылды. Аталған нысан пайдалануға берілген кезде:

а) тұтынушыларды жыл бойы ыстық су және жылу энергиясымен қамтуды;

б)қазандықтардағы технологиялық құрылғыларды қажеттілігіне орай электрэнергиясымен жабдықтауды, артық электрэнергияны сатуды қамтамасыз етеді;

в)жылу электр орталығындағы турбиналар 12000 МВт электр энергиясын өндіріп, өз қажеттілігіне 3799 МВт, ал қалған артық 8201 МВт электр энергияны қаладағы тұтынушыларға сатып беріледі;

г) 168 адамға жаңа жұмыс орындары құрылады.

Қазандық шаруашылығына жылу шығынын, ауаға таралатын зиянды қалдықтарды азайтуға, сондай-ақ қазандық қондырғылары жұмысының сенімділігі мен қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи жылу жабдықтары енгізілді.

«Өзенжылу» ММК арқылы 2014 жылы 344 мың Гкал. жылу энергиясы өндіріліп, 2013 жылғы деңгейге қарағанда 12,8% өсті (2013 жылы 388 мың Гкал. -18,3%-ға, 2012 жылы 328 мың Гкал. - 5,1%-ға өсім байқалды).



Энергия ресурстарын тиімді пайдалану. Энергия ресурстарын үнемдеу Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының ең өзекті міндеттерінің бірі болып табылады. ҚР Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес энергия үнемдеу саласында ішкі жалпы өнімнің энергия жұмсағыштығын 2015 жылға дейін кемінде 10%-ға және 2020 жылға дейін 25%-ға азайту міндеттеліп отыр. Сөйтіп, энергияны үнемдеу мемлекеттің стратегиялық міндеттеріне жатқызылып, сонымен қатар энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі әдіс саналады. Энергияны және реусрстарды үнемдеу бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Электр қуаты мен газды үнемдеу бойынша іс-шаралар әзірленді. Атқарылған іс-шаралар қала халқына қызмет көрсету сапасын жоғарылатып, жақсартты.

Жылу желілерін жаңарту және кеңейтумен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде шикізат ресурстары үнемделді: салқын су – 1135,0 мың текше метр (35,0%-ға), табиғи газ – 3730,0 мың текше метр (18,0%-ға), электрэнергиясы – 1137,0 мың кВт. (20,0%-ға), жалпы жылуэнергиясы – 80,05-тен 53,5 пайыз шығындары азайды.

Қала бойынша барлығы тұрғын үй пәтерлер саны – 28418, соның ішінде көп қабатты 251 тұрғын үйлердің 14091 пәтері орталық жылу жүйесімен қамтылып (49,6%). Қалған 14327 жеке тұрғын үйлер автономдық жылу қазандықтарымен қамтылып отыр («Рахат», «Ақсу», «Жұлдыз», «Мерей», «Рауан», «Бостандық», «Ақбұлақ», «Мамыр», «Бәйтерек» шағынаудандары, Теңге ауылы және Қызылсай селосы).

«Өзенжылу» МКК коммуналдық қызмет көрсету (жылу энергиясы мен ыстық су) нысандары: 94 бюджеттік мекемелер, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 10 филиалы, өндірістік және өндірістік емес 49 ұйымдар, 310 коммерциялық ұйымдар және де 251 тұрғын үйлер.


Электрмен жабдықтау.

Ақтау қаласындағы «МАЭК-Казатомпром» ЖШС-і арқылы өндірілген электр энергия өнімінің Жаңаөзен қаласына тиісті мөлшерін «Маңғыстау электр торабтық бөлу компаниясы» АҚ-ның «Өзен аудандық желілерді бөлу бөлімшесі» арқылы тасымалданады. Жаңаөзен қаласын және іргелес елді мекендерді, мұнай - газ өндіретін нысандарды электрмен қамту және өңдеу екі ВЛ-220кВ және екі желілі ВЛ-110 кВ бойынша «МРЭК» АҚ жүзеге асырады. Өзен 220/110/10 кВ кіші станциясы қаланы электрмен жабдықтаудың негізгі көзі болып табылады.

Тасымалданған электр энергиясын «Электржүйелері» ЖШС жабдықтайды. Ал электр энергиясын тарату, бөлу және есептеу қызмет түрін «Өзенэнергосервис» МКК қамтамасыз етеді.

«Өзенэнергосервис» МКК 2008 жылдан қызметін бастап, Жаңаөзен қаласын және оған іргелес елді мекендерді Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдарының тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз ету және қаладағы тарату пунктеріне, трансформаторлық подстанцияларға, жоғарғы кернеулі 6кВ және 0,4кВ әуе желілерімен жер асты кабель желілеріне, көше жарық шамдарына қызмет көрсетеді.

Осы кәсіпорын арқылы 2011 жылы 112385,3 мың кВт/сағ, 2012 жылы 122651,2 мың кВт/сағ, 2013 жылы 125897,5 мың кВТ/сағ., 2014 жылы 144408,6 кВт/сағ. электр энергиясы қабылданды, 2012 жылмен салыстырғанда 17,7%-ға тұтынушылардың көбеюінің есебінен өсіп отыр.

Таратылғаны 2011 жылы 106995,1 мың кВт/сағ., 2012 жылы 117406,2 мың кВт/сағ., 2013 жылы 123903,3 мың кВт/сағ., 2014 жылы 142074,7 мың кВт/сағ. құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 21,0%-ға өсті.


Кәсіпорынның 2012-2014 жылдардағы дамуының негізгі көрсеткіштері кВт. сағ



2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Электр энергиясын тасымалдау

112 385 321

122 651 200

125 897 465

144 408 639

Электр энергиясын тұтыну

106 995 144

117 406 246

123 903 257

142 074 657

Электр энергиясының ысырабы

5 390 177

5 244 954

1 994 208

2 333 982

Оның ішінде, өнеркәсіп

44 303 483

45 517 456

48 649 101

54 212 420

Халық және т.б

62 621 876

71 768 790

75 125 167

87 557 600


Энергияны үнемдеу. Қала көлемінде энергияны үнемдеу өзекті мәселелердің бірі.

Энергия үнемдеу бойынша іс-шараларды іске асыру қазіргі кезде, электр энергиясының шығыны 2012 жылы 5245 мың кВт/сағ.-тан 2014 жылы 2333,9 мың кВт/сағ.-қа төмендеп, үнемделді. Үнемделуінің себебі, тұтынушылардың «индуксиялық электр есептегіш құралдары» «электронды электр есептегіш құралдарына» ауыстырылды.

Тұтынушылармен тәулік бойы пайдаланған электрэнергиясының шығыстарын саралау, есепке алу және оған бақылауды күшейту мақсатында 2014 жылы «ӨзенЭнергоСервис» МКК-ны өз қаражат есебінен – электр энергиясын автоматты коммерциялық есептеу жүйесін (ЭЭАКЕЖ) енгізді. Жүйе бойынша «Астана» шағынауданында 205 тұрғын үйлерге арнайы есептегіш құралдары орнатылды. Нәтижесінде екі жақты байланыс каналы бойынша есептегіштердің көрсеткішін автоматтандырылған жүйе арқылы қадағалау мен бақылауға қол жеткізілді.

Қала бойынша барлығы 2012 жылы абонент 23654 электрмен қамтылды 89,6% (барлық үй саны 26396); 2013 жылы 24885 абонент электрмен қамтылды – 91,4% (барлық үй саны 27224); 2014 жылы 25806 абонент электрмен қамтылды – 90,8% (барлық үй саны 28418).

«Өзенэнергосервис» МКК-ның негізгі қорындағы жалпы электр желілерінің ұзындығы 2011 жылы 795 шқ., 2012 жылы 809,5 шқ., 2013 жылы 1206,0 шқ., 2014 жылы 1209,8 шқ. құрайды (әуе желісінің жалпы ұзындығы 1065,4 шқ. (0,4 кВ – 801,1 шқ., 6 кВ - 254,6), кабель желісінің жалпы ұзындығы – 140,6 шқ. (0,4 кВ - 62,84; 6 кВ – 77,80), әуе желісінің 110 кВ – 9,8 шқ. («Рахат» қосалқы подстансасы, 11 дана (РП-6кВ) тарату торабы, 78 дана (ТП-6/0,4кВ) трансформаторлық подстансасы, 198 дана (КТПН 6/0,4кВ) сыртқы жиынтық трансформаторлық подстансасы) бар.

Жаңғыртуды қажет ететін электр желісінің ұзындығы 2012 жылы 315,5 шқ. (39,0%), 2013 жылы 346,1 шқ. (34,0%), 2014 жылы 345,1 шқ. (29,0%), 2015 жылға 345,1 шқ. (28%) құрады. Тозығы жеткен электр желілерінің ұзындығы 2012 жылғы 39,0%-дан 2014 жылғы 28,0%-ға дейін төмендеді.

Жаңғыртылған электр желісінің ұзындығы 2012 жылы – бюджет қаражатынан 56,0 шқ., кәсіпорын қаражатынан 4,8 шқ.; 2013 жылы – кәсіпорын қаражатынан 3,37 шқ., 2014 жылы – кәсіпорын қаражатынан 5,04 шқ.; 2015 жылы кәсіпорын қаражатынан күрделі және ағымдағы жөндеу – 20,6 шқ. құрады.

Кәсіпорын қаражаты есебінен 2016 жылы - 12,5 шқ, 2017 жылы - 17,1шқ, 2018 жылы - 8,5 шқ, 2019 жылы - 7,5 шқ, 2020 жыл - 14,4 шқ. желілерге күрделі және жөндеу жұмыстарын атқару болжамдалуда.

Кешенді жоспар аясында: 2012 жылдан бері «Жаңаөзен қаласындағы электрмен қамтамасыз ету желілерін қайта жаңғырту және кеңейту» жобасы іске асырылуда (сметалық құны 887,0 млн.теңге), 2012-2014 жылдары бюджеттен 845,8 млн.теңге игеріліп, қаланың шағынаудандар аралығына бұрыннан бар трансформаторлық қосалқы станцияларды қайта жаңғырту және кеңейту, ұзындығы 56,0 шқ. кабель желісін жүргізуге қол жеткізілді.

2010-2013 жылдары «Жұлдыз» және «Мерей» жаңа шағынаудандарында электр жабдықтау жүйесін салуға жалпы сметалық құны 1636,7 млн.теңге құрайтын жоба іске асырылып, 207 шқ. электржелісі және 27 трансформатор орнатылды.

2012 жылы құрылысы «Жаңаөзен қаласының қолданыстағы электрмен қамту торабтарын кеңейту және қайта құрылымдау» (сметалық құны 438,9 млн.теңге) жобасы негізінде аяқталмаған жер телімдерінің электрлендіру жұмыстары бойынша 66,9 шқ. құрайтын электр желілері мен құрылғылар орнатылды.

Құрылысы аяқталмаған жер учаскелерінің электрлендіру жұмыстарына, соның ішінде Астана, Ақбұлақ, Ақсу, Мұнайлы, Бостандық шағынаудандарын электр энергиясымен қамтуға 42,4 млн.теңге қаржы қаралып, 0,4 кВ әуе желісі тартылды; Теңге ауылын электр энергиясымен қамтуға 32,3 млн.теңге қаржы қаралып, Проектная 42 және 44 көшелерінің екі жақ беткейіне 0,4 кВ әуе желісі тартылды;

Қызылсай ауылын электрмен қамтуға 30,2 млн.теңге және 45,3 млн.теңге бөлініп, 0,4кВ әуе желісінің бағаналары орнатылып, желілер жүргізілді.

2013 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында «Жаңаөзен қаласының орталық көшелерінің жарықтандыруға және қайта жаңартуға» жобасы іске асырылып (сметалық құны 155,9 млн.теңге), Сәтпаев және Бейбітшілік көшелеріне 207 баған орнатылып, 342 жарықшамдар қондырылды.

2013 жылы «Жаңаөзен қаласын жарықтандырудың құрылысы» жобасы (сметалық құны 118,8 млн.теңге) негізінде Жаңаөзен қаласына кіреберіс автокөлік жол бойына ұзындығы 20,3 шқ. кабель желісі тартылды, 3 дана трансформатор орнатылды. 2014 жылы Кешенді жоспар аясында Жаңаөзен қаласының «Қашаған, Маңғыстау, Қосқұлақов, Бейбітшілік, Достық, Абай, Мұнайшы, Мичурин, 17 маусым орталық көшелерін жарықтандыру желілерін қайта жаңғырту» жобасы (сметалық құны 202,4 млн.теңге) негізінде тоқ көзімен қоректенетін 144 жарық шамдары және 215 күн көзімен қоректенетін жарық шамдар орнатылды, сонымен бірге электр жарық шамдарына 10,9 шқ. электр желісі тартылды.

Жаңаөзен қаласының «Астана», «Арай», «Мамыр», «Ақбұлақ», «Бәйтерек», «Ақсу», «Рахат», «Бостандық», «Мұнайлы» ықшамаудандарында, Теңге және Қызылсай ауылдарында жарықтандыру желілерінің құрылысы» жобасы (сметалық құны 337,1 млн.теңге) негізінде барлығы 4365 жарық шамдары орнатылды. Нәтижесінде, тоқ және күн көзімен қоректенетін шамдарын орнатылғанға дейінгі пайдаланған электрэнергиясы 450,7 мың кВт/сағ. құраса, орнатылғаннан кейін 75,8 мың кВт/сағ. құрады, яғни 374,9 мың кВт.сағ. үнемделді.

2014 жылы «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында «Жаңаөзен қаласының Теңге селосындағы 6 кВ-тық бөлу пункті (РП-6) мен 110/6 кВ-тық «Рахат-1,2,3» подстанциясынан Теңге селосының шығыс бөлігіне дейін 6 кВ әуе электр жүйесі құрылысы» (сметалық құны 89,5 млрд.теңге) жобасы бойынша П/ст «Рахат-110/6кВ» тарату торабына дейін 3 шқ. екі қатар 6кВ жоғарғы кернеулі әуе желісі тартылып, 1 дана РП-6кВ, емханаға жаңадан 1 дана КТПГ-160/6/0,4кВт. орнатылып, тарату торабының құрылыс жұмыстары аяқталды.

Электрмен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізу, кеңейту және қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізу мақсатында жалпы сметалық құны 754,8 млн.теңгені құрайтын мемсараптама қорытындысы бар; сондай-ақ жалпы ұзындығы 21,675 шқ. құрайтын 6-кВ және 4-кВ әуе желілерін жаңғыртуға жобалық сметалық құжаттарын жасақтауды қажет етеді.



Газбен жабдықтау.

Қала көмірсутекті сұйытылған газды өндіру және тұтыну бойынша алда келеді. Газбен қамту желісінің ұзындығы 2011-2013 жылдары – 572,566 шқ. (Жаңаөзен қ. – 548,361 шқ.), 2014 жылы - 575,862 шқ. (Жаңаөзен қ. – 548,361 шқ.) құрайды.

МӨФ АҚ «ҚазТрансГазАймақ» Жаңаөзен газ шаруашылығының жалпы газ құбырының ұзындығы 549,854 шақырымды құрайтын жоғары, орта және төмен қысымды газ құбырлары бар.

Қала бойынша 3 дана «Газ тарату станциясы», 25 дана – «Газ тарату бекеті» және 65 дана «Шкафты газ тарату бекеттер» барлығы 94 таратушы қондырғылар бар.

Құрғақ газ қалаға жақын жердегі кен орындарынан (Теңге, Тасболат) келеді, жоғары және орта қысымды газ құбырларымен ГҚӨБ ӨФ "Өзенмұнайгаз" арқылы ГГРС-1 және ГГРС-2-ға келеді және бұдан әрі орталық қазандыққа және Қызылсай ауылындағы ГГРС-3-ке, Бостан ауылына және одан әрі Сенек ауылына барады.

Жаңғыртуды қажет ететін газ желісінің ұзындығы 2014 жылы 14,8 шқ. құрайды, жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттары жасақталуда. Іске асыру мерзімдері 2016 жылдан басталады.

2012 жылы «Жұлдыз» және «Мерей» шағынаудандарын ұзындығы 155,7 шақырым газ желісімен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 307,6 млн.теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, газдың орталық желісіне 1320-дан астам тұрғын үй қосылды.

Жаңаөзен қаласының қолданыстағы газбен қамту торабтарын кеңейту және қайта құрылымдау (2-кезек) жобасы іске асырылып, 4 ГРП орнатылды (жобаның сметалық құны 467,9 млн.теңге).

Жаңаөзен қаласының және Қызылсай, Теңге ауылдарының аяқталмаған жер телімдері бойынша инженерлік жүйелерінің құрылысы жобасы іске асырылып, ұзындығы 11,1 шқ. құрайтын газ желісі орнатылды (жоба құны 340,7 млн.теңге).

Жаңаөзен қаласына іргелес жатқан елді мекендердің аяқталмаған учаскелерінің инженерлік желілерінің құрылысы жобасы іске асырылып, 1,4 шқ. газ желісі орнатылды.

«Арай», «Мамыр», «Бәйтерек», «Рахат» және «Ақсу» шағынаудандарында, Қызылсай және Теңге ауылдарында 2013 жылы әр түрлі диаметрде және қысымдағы 3463 метр газ құбырлары ауыстырылып, 3 дана ШГТП орнатылды. 2014 жылы Жаңаөзен қаласындағы ГГРС-1 нысанында НГО-ГРП.33.200.000 технологиялық блогы монтаждалып, іске қосылды. 2015 жылы Қызылсай, Теңге ауылдарында және қаланың Мұнайлы, Бостандық шағынаудандарында 6 ШГТП (шкафты газ тарату пункті).

Газбен қамтылған үйлердің саны 2011 жылы – 24091 абонент, 2012 жылы – 25012 абонент (26396 үй бар, қамтылуы 94,8%); 2013 жылы – 26165 абонент (27224 үй бар, қамтылуы 96,1%); 2014 жылы – 27144 абонент (28418 үй бар, қамтылуы 95,5%); 2015 жылдың 10 айы – 27720 абонент (28494 үй бар, қамтылуы 97,3%).



Тұрғын үй қоры.

Ресми статистикалық деректерге сәйкес, Жаңаөзен қаласы бойынша тұрғын үй қорының жалпы ауданы 2010 жылы 1153,8 мың шаршы метр, 2011 жылы 1265,0 мың шаршы метр, 2012 жылы 1349,7 мың шаршы метр, 2013 жылы 1444,7 мың шаршы метр, 2014 жылы 1692,4 мың шаршы метрді құрады. Халықтың тұрғын үймен орташа қамтылуы (1 тұрғынға жалпы алаңның, шаршы метр) 2010 жылы 13,7 ш.м; 2011 жылы 13,7 ш.м; 2012 жылы 14,9 ш.м; 2013 жылы 15,7 ш.м; 2014 жылы 18,0 ш.метрді құрады.

Оның ішінде жеке меншік тұрғын үй қорының жалпы ауданы 2010 жылы 1130,8 мың ш.м; 2011 жылы 1231,0 мың ш.м; 2012 жылы 1317,2 мың ш.м; 2013 жылы 1421,1 мың ш.м; 2014 жылы 1672,6 мың ш.метрді құрады.

Кондоминиум объектілерінің (көп пәтерлі үйлердің) жалпы саны 245 объектіні құрайды (712156,95 шаршы метр) құрайды, оның ішінде 31 кондоминиум объектісі тіркелген. Қаланың тұрғын үй қоры мейлінше жоғары тозу дәрежесімен сипатталады. Күрделі жөндеуді қажет ететін 53 көп қабатты тұрғын (жалпы ауданы 82782,67 шаршы метр) бар, жалпы 245 тұрғын үйдің 11,6% құрайды.

Халықтың өмір сүруінің қолайлы жағдайын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама аясында 2012 жылы «Шаңырақ» ш/а №18 көп пәтерлі тұрғын үйдің шатырын, жылуын, ауыз су, кәріз құбырларын ауыстыруға арнайы мамандырылған мекеме арқылы 10 жылға 11,5 млн.теңге несиеге жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісім-шарт жасалып, үйдің шатыры мен жертөле құбырларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2013 жылы «Самал» ш/а №24 үйін толық жөндеуден өткізуге РБ-50,5 млн.теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары толықтай жүргізілді.

Қала бойынша тозығы жеткен тұрғын үйлердің мәселесі бойынша 2012 жылы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары С.Ахметовтың тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі» төраға орынбасары Н.Тихонюк «Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау - экс­пери­мен­талдық сейсмикаға төзімді құрылыс пен сәулет институты» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынының (ҚазҒЗСТҚСИ) мамандарымен – Жаңаөзен қаласының 1950-1970 жылдары салынған жалпы ауданы 82783 шаршы метрді құрайтын (1861 пәтер) тозығы жеткен 53 көп қабатты тұрғын үйлеріне зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша үйлердің іргетастарын жөдеуден өткізген соң, күрделі жөндеуден өткізу мүмкін делінген. Тиімділігін анықтау үшін техникалық-экономикалық негіздемесін жасақтауды қажет деп тұжырымдаған. «ҚазҒЗСТҚСИ» РМК қо­рытындысының талаптарын орындау үшін жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылып, алғашқы 8 тұрғын үйлерге ТЭО жасақталды. ТЭО-ның тұжырымдамасы бойынша күрделі жөндеуге шығатын шығынның көлемін есептей келе, жұмсалатын шығынның есебіне жаңа үй құрылысын жүргізген тиімді деп қорытындылаған. Тозығы жеткен тұрғын үй қорын жою бойынша ҚР Үкіметінің 2014 жылы 28 маусымда №728 Қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде 2015-2025 жылдарға арналған «Жаңаөзен қаласындағы тозығы жеткен үйлерді жою туралы» іс-шара жасақталып, қалалық мәслихаттың 2015 жылы 3 наурызда №36/285 шешімімен бекітілді. Бүгінгі күнде, апаттық үйлердегі тұрғындарды көшіру мақсатында, жаңа тұрғын үй салуға конкурс жарияланып, «Тобылғы 2015» ЖШС жеңімпаз атанып, дайындық жұмыстары жүргізілуде (Жаңаөзен қаласының әкімдігінің 31 шілде 2015 жылғы №707 қаулысы сәйкес, «Тобылғы-2005» ЖШС-не қаланың «Рауан» шағынауданынан тұрғын үйлерді жобалауға және тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу үшін жалпы ауданы 1,8 ГА жер учаскесі уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 5 (бес жылға), яғни 2020 жылдың шілдесіне дейін берілген).



Қала бойынша тұрғын үй қоры




Көп пәтерлі тұрғын үйлердің саны

Оның ішінде, жаңғыртуды қажет ететіні

Тіркелген кондоминиум объектілерінің саны

Кондоминиум объектілерін басқару органдарының саны

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің ауданы, м2

Жаңаөзен қаласы

260

53

34

9

802400,95


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

қаланың елді мекендері 100% табиғи газбен қамтылған;

жылу электр орталығы қосылған кезде жылумен қоса электр энергиясы өндіріледі, бұл жылу қазандығының өз қажеттілігіне керекті электр энергияны шығарады және де артықшасын өндірістік аймақтарға таратады;

сумен қамтамасыз ететін инфрақұрылымның жеткіліктілігі;



ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

ауыз су тапшылығы;

газбен жабдықтау инфрақұрылымының тозуы;

тұрғын үйлердің жертөлелердегі жылу құбырларының тозығы жетуіне байланысты судың ысырабының көбеюі;

электр желілерінің жоғары тозу дәрежесі;

көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріндегі щитпен пәтер аралығындағы ішкі инженерлік жүйелерінің тозығы жетіп, апатты жағдайда тұр. Осы жүйелерді модернизация бағдарламасына енгізуді қажет етеді;



МҮМКІНДІКТЕР:

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» іс-шараларын іске асыру есебінен инфрақұрылымның барлық түрлерін дамыту;

жаңғырту және кеңейту жұмыстары жүргізу нәтижесінде, электрмен қамту жүйесінде апаттық жағдайлар азайып, тұрақты қамтуға қол жеткізу;


ҚАТЕРЛЕР:

халық санының өсуі және жабдықтың тозуы салдарынан экономиканың шектеулі дамуы, қала халқы үшін судың жетіспеушілігі.





Саладағы негізгі проблемалар:

тұрғын үй қорының жоғары тозуы, сондай-ақ авариялық тұрғын үйлердің болуы (2,2%);

қала және оған іргелес елді мекендерде электрмен қамту ЖСҚ барларына және ЖСҚ жасақталып жатқан жобаларға қаражат бөлу;

халықтың және экономиканың тұрақты өсуіне қарай облыстағы бұрыннан бар су тапшылығы;

ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен жабдықтаумен толық қамтылмауы.


2.1.5. бағыт. Экология және жер ресурстары.

2.1.5.1. Қоршаған ортаны қорғау

Атмосфералық ауаның ластануы, жер қыртысының химиялық бұзылуы, халықтың ауыру деңгейінің жоғарлауы Жаңаөзен қаласының өндірістік дамуының экологиялық салдары болып табылады.



Статистикалық ресми деректер бойынша:

- ластағыш заттардың шығарындылары бар кәсіпорындардың саны 2010 жылы 34, 2011 жылы 34, 2012 жылы 43, 2013 жылы 47, 2014 жылы 37 бірлікті құрады.

- барлық тұрақты көздерден шыққан ластағыш заттардың көлемі 2010 жылы 15,3 мың тонна, 2011 жылы 16,7 мың тонна, 2012 жылы 6,3 мың тонна, 2013 жылы 14,4 мың тонна, 2014 жылы 15,3 мың тоннаны құрады.

- ластағыш заттардың нормативті шығындылары (бекітілген рұқсат бойынша) үшін төлемақы 2010 жылы 623,9 млн.теңге, 2011 жылы 968,0 млн.теңге, 2012 жылы 918,8 млн.теңге, 2013 жылы 215,9 млн.теңге, 2014 жылы 164,4 млн.теңгені құрады. 2014 жылғы көрсеткішті 2012 жылмен салыстырғанда 82,1%-ға төмендеді.

- ластағыш заттардың нормативтен тыс (рұқсаттан тыс) шығындылары үшін төлемақы 2010 жылы 218,0 млн.теңге, 2011 жылы 7,0 млн.теңге, 2012 жылы 39,5 млн.теңге, 2013 жылы 5,0 млн.теңге, 2014 жылы 323,0 млн.теңгені құрады. 2014 жылғы көрсеткішті 2012 жылмен салыстырғанда 8,2 есе өсті.

Қаладағы экологиялық жағдайды қаланың айналасындағы стихиялық қоқыс тастайтын жерлер нашарлатады, олар көптеген жерлерді алып, жер асты суларын және атмосфералық ауаны шіріп, ашып жатқан өнімдермен улайды. Осы географиялық аумақта жиі соғатын қатты желге және шаңды дауылдарға байланысты қоқыс шашылып, қоқыс тастайтын жерлер көбейеді. Бұдан басқа қоқыс тастайтын жерлер қаңғыбас үй және жабайы жануарлары, сондай-ақ құстар, егеуқұйрықтар, тышқандар, тарақандар және т.б. мекендейтін өте қауіпті санитарлық-эпидемиологиялық объектілер болып табылады.

Дәл осы азық-түлік қалдықтары қалалық қоқыстың пайдаға асырылуы ең қиын және экологиялық тұрғыдан ең қауіпті бөлігі болып табылатыны анық. Қағаз, шыны, тоқыма мата, ағаш, пластик, металл және құрылыстық қоқыс та тиісті іріктеуді жүргізгеннен кейін және алғашқы қайта өңдеуден кейін қайталама, өтімді шикізатқа айнала алады. Қоқыстан іріктеліп алынған шикізаттың өзіндік құны онша жоғары емес, сондықтан оны базарда өткізу айтарлықтай жоғары пайда әкеледі. Бірақ барлық қалалық қоқыс көлемінің жартысына жуығын азық-түлік қалдықтары құрайды, оларды санитарлық-эпидемиологиялық қауіп төндірмейтіндей етіп жою қажет.

Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ).

Қала бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау және көму қызметімен «Тазалық» МКК-ны айналысады.

Қоқыстардың көлемін азайту мақсатында Кешенді жоспар аясында 2010-2013 жылдары «Жаңаөзен қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеп кәдеге жарату және көму» (1-3 кезеңдері) комбинатының құрылысы жүргізіліп, 2014 жылы пайдалануға берілді. Жобаның сметалық құны 1234,3 млн.теңгені құрайды. Осы мақсатта республикалық және жергілікті бюджеттен 1123,1 млн.теңге игерілді. ТҚҚ көму және қайта өңдеу комбинатының 30 жылға жобалық сыйымдылығы 2241675 текше метрді құрайды; қоқыстарды қайта өңдеу зауытының өнімділігі 1 жылға 50000 тоннаны құрайды (екі кезеңдік жұмыс уақытымен 24 сағат). «Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге және қайта өңдеуге арналған комбинаты» Жаңаөзен қаласынан солтүстік-батыс бағытында 12 шақырым жерде орналасқан. Комбинаттың аумағы 22 га, Санитарлық қорғау аймағының аумағы 1000 метр құрайды. Комбинат құрамы келесі нысандардан тұрады, олар: ангар, қоқыстарды қайта өңдеу зауыты, қазандық, таразы, автотұрақ, әкімшілік ғимараты, қойма, механикалық цех, трансформатор, әжетхана, полигон. Қоқыстарды сұрыптаудың негізгі мақсаты қайта өңделместен бұрын қалдықтар құрамының бағалы құрауыштарын екінші реттік шикізат ретінде пайдаға асыруға сұрыптап алу. Жалпы комбинаттың өнім өндірісінде қолданылатын құрылғылар: 1) ТҚҚ қабылдау-сұрыптау кешені; 2) пластик ұнтақтағышы (дробилкасы) маркасы XFS-3460; HSS-600A; 3) ПЭТ бөтелкелерді ұнтақтағышы (дробилка) SWP-800B; 4) грануляция желісі; 5) вертикаль типті екі колонкалы гидравиликалық пресс ПГМ 2У – 1100; 6) гидравиликалық пакеттелген пресс ПГП-24; 7) ПЭТ бөтелкелерді таза бөлшектерге айналдырып қайта өңдейтін желісі; 8) полимер трубаларын өндіру желісі;

Комбинат 2014 жылдың мамыр айында іске қосылды. 2014 жылы комбинатқа барлығы 3266 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) қабылданды. Оның ішінде іріктелген ТҚҚ-ның көлемі 2145 тоннаны құрады, яғни комбинатқа тасымалданған ТҚҚ-ның 65,7 пайызын құрады. Көмілген ТҚҚ-ның көлемі 1121 тоннаны құрады. 2015 жылдың 9 айында 7831,5 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар қабылданып, оның ішінде: 4823,17 тоннасы іріктелді; 3008,33 тоннасы көмуге жіберілді. Іріктеліп, өндірілген өнімдерден: жасыл черепица – 988 шаршы метр; қызыл черепица – 110 шаршы метр; қоңыр брусчатка – 2355 шаршы метр; жасыл брусчатка – 597 шаршы метр; жасыл поребрик – 1521 метр; қоңыр поребрик – 2683 метр; пресстелген картон/қағаз – 1017 бума; ПЭТ бөтелкенің флексасы – 15 тонна; қоңыр/жасыл флекса – 1,5 тонна; түссіз-көк флекса – 13,5 тонна; агломератордан өткен түйіршіктері – 10,9 тонна құрады.

Пайда болған тұрмыстық қатты қалдықтарды іріктеп және кәдеге жарату үлесі 2014 жылы 5,2% (барлық ТҚҚ – 41,0 мың тонна, іріктелгені – 2,145 мың тонна), 2015 жылдың 9 айы – 15,9 (барлық ТҚҚ – 30,2 мың тонна, іріктелгені – 4,823 мың тонна).

Қала кәсіпорындарының тұрмыстық қатты қалдықтарын «тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына тасымалдау, көму» қызметінен қабылданған коммуналдық төлемақыларды және де «Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының өндірістік қызметінен шыққан ластаушы көздерге табиғатты пайдаланушы ретінде қоршаған ортаға эмиссия (стационарлы ластаушы көздерден, жылжымалы ластаушы көздерден, тұрғындардан келіп түскен ТҚҚ, мекемелерден келіп түскен ТҚҚ) төлейді. Мәселен, 2015 жылдың 9 айында 14168,0 мың теңге (ТҚҚ - 30,2 мың тонна, атмосфераға шығарындылар – 2133 тонна), 2014 жылы – 13164,9 мың теңге (ТҚҚ - 41,0 мың тонна, атмосфераға шығарындылар – 434 тонна), 2013 жылы 11218,6 мың теңге (ТҚҚ - 39,3 мың тонна, атмосфераға шығарындылар – 312 тонна), 2012 жылы – 35364,7 мың теңге (ТҚҚ – 36,8 мың тонна, атмосфераға шығарындылар – 291 тонна) қоршаған ортаға эмиссия тоқсан сайын жергілікті бюджетке төленді.

Барлық тұрақты көздерден шыққан ластағыш заттардың көлемі және де ластағыш заттардың нормативті шығындылары үшін төлемақы (атмосфераға шығарындылары) 2015 жылдың 9 айында – 4534,6 мың теңге (2133 мың тонна), 2014 жылы – 766,8 мың теңге (434 тонна), 2013 жылы – 500,1 мың теңге (312 тонна), 2012 жылы – 1535,1 мың теңгені (291 тонна) құрады.

Жыл сайынғы төленетін эмиссияның көлемі қала тұрғындарының, кәсіпорындардың өсіміне және айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты болып отырады.

Қала бойынша ТҚҚ 2 бағытта тасымалданады. Олар: 1) Шығыс-өндірістік аймақта, Құланды тас жолына қарай, қаладан 14 шқ. жерде орналасқан ТҚҚ полигонының жобалық қуаты 252185 тоннаны құрайды. Қазіргі таңда полигонда жиналған ТҚҚ көлемі 245632 тоннаны құрап, 2015 жылдың соңында полигонның жобалық қуаты шегіне жетеді; 2) «Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге және қайта өңдеуге арналған комбинатқа» тасымалданады. 2016 жылдан бастап барлық жиналған қоқыс 1 бағытта жөнелтіледі.

Қаладағы айта кететін өзекті мәселенің бірі – кейбір жеке кәсіпкерлік нысандар өздерінің жұмыс жасау бағытындағы шығатын қоқыстарын тасымалдап шығару бойынша «Тазалық» МКК-мен келісім шартқа отырмайды (осы аталған кәсіпорынның міндеттеме жүктеуге құзыретінің жоқтығы). Қаланың сыртқы жағында иесіз жатқан қоқыстардың көлемінің көбеюіне әкеліп соғады.

Қала және іргелес елді мекендердің санитарлық жұмыстарына жергілікті бюджеттен 2012 жылы – 393,0 млн.теңге, 2013 жылы – 693,0 млн.теңге, 2014 жылы – 755,3 млн.теңге, 2015 жылдың 9 айында – 662,9 млн.теңге бөлінді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау