«Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімінің аппараты» ММ 071600Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы, 5, анықтама телефоны 8-(72338)-27-115, электрондық пошта: kense_ulan@akimvko.gov.kz
бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға «Ұлан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жалпы конкурс жариялайды:
1.«Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүгедектер және ардагерлермен жұмыс ұйымдастыру секторының бас маманы, уақытша бос лауазым (негізгі қызметкер уақытша бала күтіміне байланысты демалыста 01.11.2020 жылға дейін),E-R–4 санаты, коды (№01-4-7)бойынша, лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: Жоғары «Қызметтер» саласындағы мамандықтар (әлеуметтік жұмыс), «Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласындағы мамандықтары (әлеуметтану, психология, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, еңбекті ұйымдастыру және нормалау), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі (әлеуметтану, психология, экономика, қаржы, есеп және аудит, әлеуметтік жұмыс) немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері:
Мүгедектерге,ҰОС ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне, мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларымен жұмыс істеу, арнайы жүру құралдар, протез, тифлоқұралдардың қажеттілігін жоспарлап, облыстық басқармаға тапсырыс береді және таратады. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтардың біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алуға комиссия мәжілісін өткізу және МЗТО-на азаматтардың іс макетін тапсыруын бақылауда ұстау. «Е-Собес», ИС «ЦОН» және мүгедектердің мәліметтерінің орталық базасымен (ЦБДИ) жұмыс жасау.Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау. Қабылданған құжаттардың дұрыстығына, сақталуына және олардың тіркелуін жауапкершілікке алады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электрондық нұсқада мемлекеттік қызмет көрсету.
«Ұлан ауданы Таврия ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, EG-3 санаты бойынша, лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі:Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері:
Иесіз үйлер, пәтерлер бойынша және оларды коммуналдық меншікке беру жұмыстарын үйлестіру. Салық басқармасына салық жинауға жәрдемдесу. Мемлекеттік коммуналдық меншігінің объектілерін жалға алуға (жалдауға) беру жұмыстарын үйлестіру. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жұмыстарын ұйымдастыру. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойынша белгіленген орындарда сауда жасау, жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау, көріктендіру ережелерін және жасыл екпелерін жою және бүлдіру ережелерін бұзғандармен жұмыс істеу. Тиісті аумақтарда малдардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспектордың ұсынысы бойынша карантин немесе шектеулік іс шаралар белгілеу туралы шешімдер қабылдау ұйымдастыру. Тиісті аумақтарда малдардың жұқпалы ауруларын жою бойынша ветеринарлық кешенді іс шаралар өткізілген соң мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспектордың ұсынысы бойынша карантин мен шектеулік іс шараларын алып тастау туралы шешімдер қабылдауды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте ветеринарлық пункттердің қызметтік үй-жаймен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Ұлан ауданы әкімінің аппараты» ММ қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не kense_ulan@akimvko.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (нысан қоса берілген);
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі(нысан қоса берілген);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысушы және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ұлан ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мемлекеттік органның және уәкілетті органның Интернет-ресурсында конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін 7 жұмыс күн ішінде ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, 311 кабинетке ұсынылуы қажет.
Егер конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық шешімімен келіспеген жағдайда олар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент), не Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Бес жұмыс күннен кешіктірмей Департаментке конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, Департаментке келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды Сіз келесі мекен-жайға жолдауынызға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 4.
Сонымен қатар, жолданған шағымда «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 6 тармағына сәйкес, яғни тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетiлетіндігін және қол қойылуы қажет екендігін ескертеміз.
Шағымда iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының негізінде өткізіледі.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_________________________________________________________
_________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
__________________________________________________________________
________ ___________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
|
_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
|
ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)
|
|
|
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)
|
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
|
1.
|
Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения
|
|
2.
|
Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)
|
|
3.
|
Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
|
|
4.
|
Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы(болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
|
|
5.
|
Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками
|
|
6.
|
Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары(болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
|
|
7.
|
Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені(болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
|
|
8.
|
Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі(болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
|
|
9.
|
Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
|
Күні/Дата
|
қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации
|
қабылданған/
приема
|
босатылған/
увольнения
|
|
|
|
|
_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата
|
_______________
күні/дата
|
Достарыңызбен бөлісу: |