Бағдарламасы жаңаөзен, 016 жыл мазмұны бағыт. Экономика


Сауда саласын дамыту бойынша SWOT –талдау



бет3/6
Дата20.11.2018
өлшемі2 Mb.
#21958
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Сауда саласын дамыту бойынша SWOT –талдау:


КҮШТІ ЖАҚТАРЫ:

Апта сайын ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесінің өтуі;

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны негізсіз өсіруді болдырмау шаралары.


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

Түрлі экономикалық және әкімшілік кедергілер болуы салдарынан тауарлық нарықтың баяу дамуы;

Қазіргі заманғы форматтағы базарлардың жоқтығы.


МҮМКІНДІКТЕР:

Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстар, бәсекелестіктер, шикізат берушілер, дайын өнімді сату мүмкіндіктері және тендерлерге қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат банкін қалыптастыру;

Шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет істеуін қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымның дамуы.


ҚАТЕРЛЕР:

Ішкі нарықтың импорттық тәуелділігінің артуы;

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының, жанар-жағар май және сұйытылған газ бағаларының көтерілуі.



Шағын және орта бизнестегі, саудадағы негізгі проблемалар:

Сыртқы экономикалық жағдайға байланысты жалға алу ақысы мен жабдық құнының өсуі;

Шағын және орта бизнестің салалық теңгерімсіздігі және оның әртараптандыруының төмен деңгейі;

ШОБ үшін нысаналы топ болып табылатын қала халқының жергілікті өнімге деген сұранысының төмендігі;

Қазіргі заманғы форматтағы базарлардың жоқтығы.

Қосымша азық-түлік қорларын сатып алу үшін көкөніс қоймаларының жоқтығы;

Ауылдық елді мекендерде шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік нысаналы бағдарламалар бойынша іске асырылып жатқан жобалардың төмен деңгейі;
2.1.1.5. Инновациялар мен инвестициялар

Инвестициялар.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2014 жылы 26252,0 млн.теңгені (2012 жылы - 41020,0 млн.теңге, 2013 жылы – 21997,0 млн.теңге) құрады. Жалпы инвестициялардың басым көздері - шаруашылық субъектілерінің меншікті қаражаты болып табылады, яғни 2014 жылы үлесі 80,5% құрады (2012 жылы - 75,7%).

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің негізгі көлемі: өнеркәсіпте – 40,9%, көлік және қоймалауда – 23,7%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын – 17,9%, мемлекеттік басқару және қорғаныс міндетті – 7,9%, білім беру саласында – 4,3%, құрылыста – 1,9%.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі 2014 жылы – 113,1%, 2013 жылы - 49,6%, 2012 жылы – 69,9% құрады.




Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Барлығы:

56 862

55 388

41 020

21 997

28 751

Мемлекеттік қаражат

(бюджет қаражаты)



14 913

12 994

9 303

3 198

4 982

Жеке қаражаттар

41 919

42 325

31 067

18 749

23 265

Шетелдік қаражат

30

69

650

50

504

Статистикалық ресми деректер бойынша негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға сыртқы инвестициялардың үлесі 2012 жылы - 1,6%, 2013 жылы - 0,2%, 2014 жылы - 1,8% құрады.


Инновациялар мен инвестициялар бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемінің құрамындағы ең үлкен үлесі 80,6% - жеке қаражаттар.


Әлеуметтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы және әлеуметтік салаға инвестициялар деңгейінің төмендігі;

Құрылыс және басқа өнімдерді өндіру үшін мұнай-химиялық өнімдерден инновациялық өнімдерді шығарумен айналысатын шағын және орта кәсіпорындардың жоқтығы.



МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамытуға мемлекеттік және жеке меншік инвестицияларды тарту;

Инновациялық жобаларды іске асырған жағдайда өңірдегі инновациялық белсенділіктің өсуі;

Жаңа өндірістерді дамыту мүмкіндіктерінің болуына байланысты жұмысбастылықтың өсу келешегі;

Халықтың өмір сүру деңгейін көтеру.



Өңдеу өнеркәсібінің дамуына шикізат базасының жетіспеушілігі;

Қызметтің белгілі түрін көрсетуде заманауи технологияларды енгізудің төмен деңгейі.

Жергілікті халықтың сапалы қызмет көрсету талаптарын толық қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы.



Инвестициялар саласындағы негізгі проблемалар:

мұнай-газ секторының шегінен тыс өңірлік инновациялық жүйе құру үшін стимулдардың жоқтығы;

дәстүрлі өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық технологияларды енгізудегі белсенділігінің төмендігі;

қала ШОБ-нің инновациялық белсенділігінің төмендігі және төмен әртараптандырылуы.


2.1.1.6. Экономикалық өсу орталықтарын дамыту.

«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы.
«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының аясында Маңғыстау облысында даму әлеуеті орташа бір моноқала – Жаңаөзен қаласы белгіленді. Қала халқының саны іргелес елді мекендермен бірге 142 мың адамды құрайды.

Қала құраушы кәсіпорын мұнай және газ өндірумен айналысатын «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына және облыстық мәслихаттың 11.12.2014 жылғы №21/307 шешіміне сәйкес, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді.

Жоспар аясында Жаңаөзен қаласын дамытудың негізі бағыттары айқындалды:

1. Жаңаөзен қаласының брендингі, 2015-2017 жылдарға арналған Кешенді даму жоспарын әзірлеу;

2. экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту;

3.Жаңаөзен моноқаласының инфрақұрылымын дамыту.

Жоспардың іс-шараларын қаржыландырудың болжалды көлемі 2015 жылдан бастап 2017 жылды қоса алғандағы аралықта барлығы 10,4 млрд. теңгені, оның ішінде республикалық бюджет – 8,8 млрд. теңгені, жергілікті бюджет – 1,6 млрд. теңгені құрады.

2015 жылы Кешенді жоспарда қарастырылған іс шараларды іске асыруға барлығы 1 130,5 млн.теңге бөлініп, игерілді. Соның ішінде: республикалық бюджеттен – 762,0 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 251,5 млн.теңге, басқа көздерден («ӨзенМұнайГаз» АҚ қаражаты) - 117,0 млн.тенге бөлініп, толықтай игерілді. Салалар бойынша атап айтсақ:

1) шағын және орта бизнесті дамытуға барлығы 325,3 млн.теңге бөлініп, толықтай игерілді. Соның ішінде: республикалық бюджеттен – 283,7 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 41,6 млн.теңге,

- кәсіпкерлік жобаларды іске асыру үшін несиелер бойынша пайыздық үстемелерін субсидиялауға – 112,4 млн.теңге бөлініп, толықтай игерілді (27 жоба, жалпы сомасы 745,8 млн.теңге) (РБ);

- өз кәсібін ашуға және дамытуға мемлекеттік гранттар беру – 25,0 млн.теңге бөлініп, толықтай игерілді (2014 жылғы 2 жоба, 2015 жылғы 7 жоба қаржыландырылды) (РБ);

- кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу (инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша) - 187,9 млн.теңге бөлініп, толықтай игерілді (2 жоба):

1. Өндірістік алаңға дейінгі кіріс автожолы құрылысы - автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы - 3,6 км, игерілген қаражат 176,3 млн.теңге, оның ішінде РБ - 146,3 млн.теңге, ЖБ - 30,0 млн.теңге. Құрылыс жұмыстары аяқталды (30.05.2015 жылғы мемлекеттік қабылдау актісі бар);

2. «Сағынбаев Қ» ЖК жылыжайын электрмен жабдықтау, жергілікті бюджеттен – 11,6 млн.теңге бөлініп, игерілді. Құрылыс жұмыстары аяқталды, қуаты 0,4 кВ, ұзындығы 5 шқ. электр желісі тартылды (23.01.2015 жылғы мемлекеттік қабылдау актісі бар).

2) инженерлік инфрақұрылымды дамытуға барлығы 805,2 млн.теңге бөлінді, оның ішінде: республикалық бюджеттен – 478,3 млн.теңге, жергілікті бюджеттен - 209,9 млн.теңге, басқа көздерден - 117,0 млн.теңге (2 жоба):

1. Жаңаөзен қаласының қалаішілік автокөліктер жолдарының құрылысы - жоба бойынша автомобиль жолының ұзындығы - 8126,03м; 2015 жылы жоба аясында 4321 метр жол салынып, 283,7 млн.теңге бөлініп, игерілді: оның ішінде РБ – 212,0 млн.теңге, ЖБ – 71,7 млн.теңге. Игерілген қаражатқа Рахат ауылының Лалагуль көшесі (1613 метр) және Гулмайса көшесі (1615 метр); «Астана» шағынауданының Шалабаев көшесі (616 метр) және Орынбаев көшесі (477 метр);

2. «Шаңырақ» шағынауданын абаттандыру (жалпы ауданы 43,6 мың шаршы метр). 2015 жылы 521,5 млн.теңге бөлініп, игерілді: оның ішінде РБ – 266,3 млн.теңге, ЖБ – 138,2 млн.теңге, БҚ – 117,0 млн.теңге.

2016 жылға жергілікті бюджеттен барлығы 417,8 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде салалар бойынша:

1) Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 294,0 млн.теңге бөлініп, есепті кезеңге толықтай игерілді. Құрылыс жұмыстары аяқталды, жолдың жалпы ұзындығы 8628,6 метрді құрайды, олар:

1. «Мұнайлы» шағынауданының Бисекенов, Кыдырбаев көшелерін асфальттауға (866,91 метр) – 29,7 млн.теңге бөлініп, толықтай игерілді;

2. «Бостандық» шағынауданының Кожаев, Махамбетов, Проектная-3 көшелерін асфальттауға (2143,89 метр) – 85,4 млн.теңге бөлініп, толықтай игерілді;

3. «Жұлдыз» шағынауданының №27, №10, №5 көшелерін асфальттауға (5617,80 метр) – 178,9 млн.теңге бөлініп, 178,9 млн.теңге игерілді.

2) Абаттандыру бойынша «Қаланың 3А шағын ауданының аулаішілік көшелерін және Вокзал маңындағы көшелерін абаттандыруға – 78,9 млн.теңге бөліндіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде (аулаішілік жолдарына асфальт төсеу), жыл соңына дейін қаражатты толық игеріп, жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.

3) Табиғи апаттарға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын дамыту – жарамсыз 21 өрт гидранттарын ауыстыруға - 5,1 млн.теңге бөлініп, толықтай игерілді, жоспарланған өрт гидранттары ауыстырылды.

4) Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін коммуналдық тұрғын үй салу – Теңге ауылында муниципалдық (коммуналдық) тұрғын үйдің құрылысына - 39,8 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталып, инженерлік желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде .
Экономикалық өсу орталықтарын дамыту SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

  • Көптеген салалық және аймақтық бағдарламаларды іске асыру;

  • Халықтың жас бөлігінің пайызын қоса алғанда, тұрақты өсуінің қарқыны;

  • Мұнайдың және газдың ұзақмерзімді (шамамен 30 жылға) қоры;

  • Аймақтық орналасуы (аумақтың географиялық орталығы);

  • Шағын кәсіпкерліктің субъектілерінің санының өсуі.




  • Инфрақұрылыммен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;

  • Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық жағынан артта қалуы;

  • Қаланың өңдеу өнеркәсібінің көпшілік саласына шикізат базасының әлсіздігі;

  • Инновациялық жобалардың іске асырылуының тиімді мехнизмдерінің болмауы, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструктордық жұмыстардың жеткілікті дамымауы;

  • Қаланың шамадан тыс қоныстануы, халықтың табысының арасындағы айырмашылықтық үлкендігі, жасырын жұмыссыздықтың жоғары деңгейі;

  • Мұнайөндіруші салаға экономикалық және әлеуметтік щоғырлану;

  • Агроөнеркәсіптің кешеннің дамуына табиғи-климаттық жағдайдың қолайсыздығы, төмен сумен қамтамасыз етілуі, суаруға ресурстардың тапшылығы, сырттын әкелінетін судың қымбаттығы;

Дайындалған инженерлік жәнен транспорттық инфрақұрылымы бар жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерінің жетіспеуі.

МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

  • Аймақтың транзитті потенциалы (ТРАСЕКА коридорлары, Север-Юг, Кендірлі, Құрық - аймақтың перспективалы нүктелеріне жақын орналасуы);

  • «Кендірлі» демалыс базасымен географиялық жақындықта болғандықтан, айтарлықтай туристік птенциалы;

  • Қала төңірегіндегі ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына байланысты инвестициялық потенциалдың болуы;

  • Жұмысбастылықтың өсу перспективасы, аймақтың ірі инвестициялық жобаларына және мұнай кәсіпорындарына сервистік қызмет көрсетуге бағытталған шағын және орта бизнестің дамуы;

  • Келесі кен орныдарға геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу (мұнай және газ, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру);




  • Экономиканың шикізатқа бағыттылығының сақталуы, соның әсерінен мұнай-газ ресурстарының сарқылуына байланысты экономикалық тоқыраудың орын алуы;

  • Халықтың өздері өндіретін азық-түлікпен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігінен азық-түлікпен қамтамасыз етілу қауіпсіздігіне қауіп, соның әсерінен ауылшаруашылық өнімге бағаның өсуі орын алады;

  • Үздіксіз оралмандардың қоныстануынан халық саны мен қаланың функционалдылығының арасындағы сәйкес келмеушілік;

  • Жұмыссыздықтың өсуі, криминогендік жағдайдың және әлеуметтік шиеленісудің жоғарылуы;

  • Мектепке дейін тәрбие беру мен білім берудің әлеуметтік-экономикалық тиімсіздігі (кезектігі – 1300 бала);

Улы қалдықтарды көму және жоюға арналған полигонның жоқтығына байланысты экологиялық қауіп орын алуы


«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша негізгі проблемалар:

Бағдарламаны іске асыруға бағытталған іс-шаралға қаражаттың толықтай бөлінбеуі.

2.1.2. бағыт. Әлеуметтік сала


2.1.2.1. Білім беру

2015 жылдың аяғында қала бойынша білім беру жүйесі 77 мекемені қамтиды: 45 мектепке дейінгі білім беру мекемелері, оның ішінде: 30 балабақша (26-і мемлекеттік, 4-уі жекеменшік) және 15 шағын орталықтар (2-уі мектеп жанындағы шағын орталық, 13-і жекеменшік шағын орталық); 23 жалпы білім беретін мектептер (19 орта, 3 бастауыш, 1 кешкі мектеп); 2 мектептен тыс мекемелер (М.Өскенбаев атындағы саз мектебі, оқушылар шығармашылық үйі); тәрбие және бейімдеу, түзету жұмыстарымен айналысатын «Оңалту орталығы» ММ; «Арнайы жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйым» ММ; 5 арнаулы оқу орындары (колледждер: 3-уі мемлекеттік, 2-уі жекеменшік).



Білім беруге арналған шығыстар 2011 жылы - 5,473 млрд.теңге, 2012 жылы -6,173 млрд.теңге, 2013 жылы - 6,714 млрд.теңге, 2014 жылы – 7,653 млрд.теңгені құрады. 2014 жылғы қаржы көлемін 2012 жылмен салыстырғанда 24,0%-ға өсті.

Білім беру объектілерін дамытуға 2012 жылы 1,676 млрд.теңге, 2013 жылы 1,728 млрд.теңге, 2014 жылы – 1241,5 млрд.теңге игерілді; 2015 жылға 1993,8 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен 2012 жылы – 1,456 млрд.теңге, 2013 жылы – 1,555 млрд.теңге, 2014 жылы – 1,066 млрд.теңге, 2015 жылға – 1,515 млрд.теңге; жергілікті бюджеттен 2012 жылы – 220,3 млн.теңге, 2013 жылы - 172,8 млн.теңге, 2014 жылы – 175,5 млн.теңге, 2015 жылға – 478,8 млн.теңге.



Мектепке дейінгі білім беру.

Жаңаөзен қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылуы барысында балабақшалардың саны 28,1%-ға көбейді. Балаларды балабақшамен қамту 73,1%-дан 80,0%-ға дейін өсті.

2000 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықта балабақшалардың саны 6-дан 24-ке дейін көбейіп, 4 есе өскен (21-і мемлекеттік және 3-і жекеменшік), 2014 жылдың соныңда 26-ға дейін өсті (22-і мемлекеттік, 4-уі жекеменшік); шағын орталықтардың саны 2010-2013 жылдары 1,8 есе өсіп 8-ден 14-ке дейін артса (3-і мемлекеттік және 11-і жекеменшік), 2014 жылы 15-ке дейін көбейді (3-уі мектеп жанындағы шағын орталық, 12-і жекеменшік шағын орталық).

2011 жылдың соңында балабақшалардың саны 32-ге жетіп, қамту 73,1% құрады. 2011 жылы қаланың бұрынғы мемлекеттік балабақшалары «Шұғыла» ш/а «Әлия» балабақшасы, 3 «А» ш/а «Шынар» балабақшасы, «Самал» ш/а «Сказка» балабақшасы ғимараттары өз мақсатында пайдалану үшін қайтарылып, онда орналасқан мемлекеттік мекемелер жаңа ғимаратқа көшірілді. Сонымен қатар, 200 орындық 4 жекеменшік балабақшалары мен №20 бастауыш, №9 орталау және №1, 4 орта мектептер жанынан 125 орындық 4 мемлекеттік шағын орталықтар ашылды.

2012 жылдың соңында балабақшалардың саны 35-ке жетті (мемлекеттік балабақша-17, мектеп жанындағы шағын орталық – 4, жекеменшік балабақша-3, жекеменшік шағын орталық-11). Қала бойынша 3-6 жас аралығындағы балалар саны - 11983, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 8986 бала қамтылып, 75,0%-ды құрады (балабақшаларда – 4580, мектепалды даярлықта және 1 сыныпта – 4406). 2012 жылы 320 орындық №17 «Балауса» мен 280 орындық №13 «Ақмарал» балабақшалары және 60 орындық Рауан ш/а №19 «Алтын күн» шағын орталығы пайдалануға берілді.

2013 жылдың соңында балабақшалардың саны 38 бірлікті құрады (мемлекеттік балабақша-21, 3-мектеп жанындағы шағын орталық, жекеменшік балабақша-3, жекеменшік шағын орталық-11). Қала бойынша 3-6 жас аралығындағы балалар саны - 12580, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 10374 бала қамтылып, 82,5% құрады (балабақшаларда – 5430, мектепалды даярлықта және 1 сыныпта – 4944). 2013 жылы «Бостандық» ш/а 320 орындық №18 «Мереке», «Жұлдыз» ш/а 320 орындық №20 «Нұршуақ», Теңге селосындағы «ҚТЖ» АҚ есебінен 320 орындық №21 «Назерке» атты жаңа балабақшалардың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

2014 жылдың соңында балабақшалардың саны 41 бірлікті құрады (мемлекеттік-22 және 4-уі жекеменшік балабақшалар; 3-мектеп жанындағы және 12-і жекеменшік шағын орталықтар). Қала бойынша 3-6 жас аралығындағы балалар саны - 13093, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 10460 бала қамтылып, қамту 80,0% құрады (балабақшаларда – 5470 бала, мектепалды даярлықта және 1 сыныпта – 4990 бала). 2014 жылы «Өркен» ш/а 280 орындық «Ақбұлақ» балабақшасы кері қайтарылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді; «Аружан» 100 орындық жекеменшік балабақша және «Нарғыз» 50 орындық жекеменшік шағын орталық ашылды.

2015 жылдың 10 айы бойынша балабақшалардың саны 41 бірлікті құрады (мемлекеттік-22, 4-уі жекеменшік; 3-мектеп жанындағы шағын орталықтар, 12-і жекеменшік). Қала бойынша 3-6 жас аралығындағы бала саны - 14908, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылып отырған бала саны - 11829 бала қамтылып, қамту 79,4% құрады (балабақшаларда – 5843 бала, мектепалды даярлықта және 1 сыныпта – 5986 бала).




Жылдар

Балабақша, шағын орталық саны

Барлығы МДҰ саны


1-6 жастағы балабақша

дағы

бала саны (01.10.2015ж. кезеңіне)

3-6 жастағы балабақша

дағы

бала саны

5-6 жастағы балабақша

дағы

бала саны

балабақ-шаларға

жолдама берілген бала саны


мемлекеттік

жеке меншік

2011

19

13

32

3556

3008

548

560

2012

21

14

35

4580

4028

552

1562

2013

24

14

38

5430

4818

612

1958

2014

25

16

41

5819

5191

628

1600

2015

25

16

41

5843

5202

641

2241



жасы

Барлығы

0 жас

1 жас

2 жас

3 жас

4 жас

5 жас

6 жас

7 жас

2012 жыл

25154

3674

3498

3365

3200

3079

2965

2739

2634

2013 жыл

26421

3909

3685

3492

3346

3206

3331

2697

2755

2014 жыл

27705

4130

3835

3692

3428

3306

3312

3047

2955

2015 жыл

30621

4039

3930

4080

3914

3926

3723

3345

3664



Қала бойынша балаларды мектепалды даярлықпен қамту кестесі



жылдар

1-6 жастағы бала саны

МАД тобындағы бала саны

қамту пайызы,%

1

2012

18846

1749

9,2

2

2013

19757

2135

10,8

3

2014

20620

1827

8,9

4

2015

22918

2700

11,8



Жылдар

Барлық педагогтар саны

соның ішінде

Жоғары және бірінші санатты педагогтардың жалпы педагогтарға шаққандағы үлесі, %

жоғары санатты

бірінші санатты

2012

478

36

99

28,2

2013

631

50

75

19,8

2014

627

48

59

17,1

2015 жыл 10 айы

631

54

52

16,8

Мектепке дейінгі (3-6 жас) білім алуға мұқтаж балалар санын төмендету үшін ашылған жаңа орындардың үлесі

жылдар

2012

2013

2014

2015

ашылған балабақшалар саны, бірлік / орын

3/560

3/960

3/430

5/1380

ашылған б/б орындарының үлесі, %

12,6

17,6

9,1

12,2


Жалпы орта білім беру.

Жаңаөзен қаласына қарасты жалпы орта білім беру мекемелерінің саны 2000 жылы 14 мектеп болса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 22-ге дейін жетті (8 бірлікке артты), оның ішінде: 3 бастауыш мектеп, орта мектептердің саны 10-нан 19-ге дейін өсті. 2005 жылы «Рахат» шағынауданында 624 орындық, 2008 жылы Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына сәйкес: «Ақсу» шағынауданында 960 орындық, «Арай» шағынауданында 1200 орындық, №19 орта мектеп және лицей мектебі салынды.

Қала бойынша 2012/2013 оқу жылында жалпы сыйымдылығы 18796 оқушыға арналған 22 күндізгі білім беретін орта мектепте (18-орта мектеп, 4 бастауыш) 22480 оқушы; 2013/2014 оқу жылында жалпы сыйымдылығы 18220 оқушыға арналған 21 күндізгі білім беретін орта мектепте (18 орта мектеп, 3 бастауыш мектеп) 23108 оқушы; 2014/2015 оқу жылында жалпы сыйымдылығы 20120 оқушыға арналған 22 күндізгі білім беретін орта мектепте (19 орта мектеп, 3 бастауыш мектеп) 24308 оқушы оқыды. 2015/2016 оқу жылында жалпы сыйымдылығы 20120 оқушыға арналған 22 күндізгі білім беретін орта мектепте (19 орта мектеп, 3 бастауыш мектеп) 25544 оқушы білім алуда.


жылдар

2011

2012

2013

2014

2015

мектептердегі

оқушы саны



22193

22480

23018

24308

25544


2011 жылы 22193 оқушы 18736 орынға арналған 22 мектепте оқытылып, соның ішінде үш мектепте 774 оқушы үшінші ауысымда оқытылды (№15 орта мектепте – 273 оқушы, №14 орта мектепте – 67 оқушы, №18 орта мектепте - 474 оқушы). 2011-2014 жылдар аралығында 3924 орынға арналған жаңа 4 мектептің қолданысқа берілуіне байланысты үш ауысымдық оқыту жүйесі жойылды (2011 жылы «Жұлдыз» шағынауданында 1200 орындық, 2012 жылы «Бостандық» («Арай-2») шағынауданында 624 орындық, 2013 жылы Теңге ауылында 900 орындық орта мектеп, 2014 жылы «Мерей» шағынауданында 1200 орындық орта мектептің құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді).

Мектептер мен балабақшаларға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының уақтылы жүргізілуіне байланысты авариялық мектептер мен балабақшалар жоқ.



Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша:

- 2012 жылы барлығы 156,173 млн.теңге игерілді (№4 орта мектеп - 127,959 млн.теңге, №10 орта мектеп - 12,214 млн.теңге; №12 бастауыш мектеп - 16,0 млн.теңге). Бұдан басқа, ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептердің шатырларын жаңадан орнатуға барлығы 63,940 млн.теңге (№1 - 25,423 млн.теңге, №6 - 26,174 млн.теңге, №10 - 317,5 мыңтеңге, №20 – 12,025 млн.теңге игерілді);

- 2013 жылы барлығы 401,331 млн.теңге игерілді (олар: №1 орта мектеп - 446,0 мың теңге, №4 орта мектеп - 44,960 млн.теңге, №6 орта мектеп - 447,0 мың теңге, №10 орта мектеп - 96,991 млн.теңге, №14 орта мектеп - 892,8 мың теңге, №7 «Ертөстік» балабақшасы - 19,792 млн.теңге, №9 «Салтанат» балабақшасы -237,802 мың теңге);

- 2014 жылы барлығы 805,583 млн.теңге игерілді (олар: №1 орта мектеп – 39,667 млн.теңге, №2 орта мектеп – 125,0 млн.теңге, №4 орта мектеп – 166,322 млн.теңге, №10 орта мектеп – 4,952 млн.теңге, №12 бастауыш мектеп – 127,479 млн.теңге, №13 бастауыш мектеп – 167,781 млн.теңге, №7 «Ертөстік»-117,543 млн.теңге, «Солнышко» балабақшасы - 56,839 млн.теңге). 2015 жылы барлығы 44,377 млн.теңге бөлінді. (олар: №6 орта мектеп – 23,87 млн.теңге, №13 бастауыш мектеп – 9,482, саз мектебі («Солнышко» балабақшасы) – 11,048 млн.теңге.)


Ағымдағы жөндеу жұмыстары:

- 2012 жылы барлығы 13,730 млн.теңге игерілді (олар: №2 орта мектеп - 6,450 млн.теңге, №14 орта мектеп – 2,480 млн.теңге, №21 орта мектеп – 4,800 млн.теңге);

- 2013 жылы №14 орта мектепке 4,206 млн.теңге игерілді;

- 2014 жылы барлығы 24,228 млн.теңге игерілді (олар: №3 орта мектеп– 2,5 млн.теңге, №8 орта мектеп– 9,868 млн.теңге, №2 «Жанар» балабақшасы - 6,467 млн.теңге, №8 «Ақбөбек» балабақшасы - 5,393 млн.теңге).

- 2015 жылы барлығы лицей мектебіне бөлінген 18,999 млн.теңге игерілді.

Жалпы орта білім беру мекемелерінде педагогтардың саны 2000 жылы 1103 болса, жаңа 8 мектептің ашылуына байланысты 2012 жылы 1686 мұғалім, 2013 жылы 1692 мұғалім, 2014 жылы 1673 мұғалім, 2015 жылы 1815 мұғалім жұмыс жасайды. Жоғарғы педогогикалық білімі бар педогогтардың үлесі: 2012 жылы 905 мұғалім - 53,7%, 2013 жылы 1212 мұғалім – 71,6%, 2014 жылы 1150 мұғалім 68,7%, 2015 жылы 1223 мұғалім 67,4% құрады. Оның ішінде ауылдық жерлерде 2012 жылы 197 мұғалім - 11,7%, 2013 жылы 227 мұғалім – 13,4%, 2014 жылы 478 мұғалім – 28,6%, 2015 жылы 163 мұғалім – 30,0% құрады.

2012/2013 оқу жылында 76 жас маман, оның ішінде жоғары оқу орындарын бітірген 35 маман, арнаулы орта оқу орындарын бітірген 43 маман жұмысқа келді.

2013/2014 оқу жылында 35 жас маман, оның ішінде жоғары оқу орындарын бітірген 20 маман, арнаулы орта оқу орындарын бітірген 15 маман жұмысқа келді.

2014/2015 оқу жылында 45 жас маман, оның ішінде жоғары оқу орындарын бітірген 33 маман, арнаулы орта оқу орындарын бітірген 12 маман жұмысқа келді.

2015/2016 оқу жылында 83 жас маман, оның ішінде жоғары оқу орындарын бітірген 55 маман, арнаулы орта оқу орындарын бітірген 28 маман жұмысқа келді.

Бүгінде қала бойынша мектептерде математика, физика, орыс тілі, бастауыш (орыс мектептерге) пәндері бойынша 33 педагог мамандар жетіспейді.

2012/2013 оқу жылында 829 мектеп бітірушілердің 510-ы (61,5%) ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ-ның орта ұпайы 64,4 құрады, өткен оқу жылмен салыстырғанда 5,7 ұпайға артты. Мектеп бітірген 829 оқушының 516-і (62,2%) жоғары оқу орындарына, оның ішінде 79-ы (15,3%) грант бойынша (39-ы мемлекеттік грантқа, 40-ы Маңғыстау облысы әкімінің грантына ие болды); 254 оқушы (30,6%) арнаулы орта оқу орындарына түсті, 54 (6,5%) түлек жұмысқа орналасты, 1-уі әскер қатарына кетті және де 4-уі республикадан тыс кетті.

2013/2014 оқу жылында 712 мектеп бітірушілердің 478-і (67,1%) ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ-ның орта ұпайы 70,8 құрады, өткен оқу жылымен салыстырғанда 6,4 ұпайға артты. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша 40 оқушы 100-ден жоғары балл жинады, 6 оқушы «Алтын белгіге» ие болды; шекті деңгейден 152 оқушы 50-ден төмен балл жинады. Мектеп бітірген түлектердің 712 оқушының 483-і (67,8%) жоғары оқу орындарына, оның 32-і (6,6%) грант бойынша; 167 оқушы (23,5%) арнаулы орта оқу орындарына түсті, 60 түлек (8,4%) жұмысқа орналасты, 2-уі әскер қатарына кетті.

2014/2015 оқу жылында 805 мектеп бітірушілердің 591-і (73,4%) ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ-ның орта ұпайы 71,5 құрады, өткен оқу жылымен салыстырғанда 0,7 ұпайға артты (облыстық көрсеткіш 75,7). ҰБТ-ның қорытындысы бойынша 64 оқушы 100-ден жоғары балл жинады, 9 оқушы «Алтын белгі», 4 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды; шекті деңгейден 173 оқушы 50-ден төмен балл жинады.




Мектеп бітірген түлектердің 805 оқушының 593-і (73,7%) жоғары оқу орындарына, оның 61-і (10,3%) грант бойынша;172 (21,4%) оқушы арнаулы орта оқу орындарына түсті, 36 (4,5%) түлек жұмысқа орналасты және де 2 оқушы әскер қатарына кетті, 2 оқушы әр түрлі себептермен жұмыс және оқумен қамтылмаған.

Оқу жылдарының қорытындысы бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі: 2012/2013 о.ж. - 829 мектеп бітірушінің 19,2 пайызы (159 оқушының 16 үздік және 143 екпінді); 2013-2014 о.ж. - 712 мектеп бітірушінің 26,8 пайызы (191 оқушының 9 үздік және 182 екпінді); 2014-2015 о.ж. - 805 мектеп бітірушінің 45,7 пайызы (368 оқушының 37 үздік және 331 екпінді).

Мектеп бітірушілердің арасында жаратылыстану – математика пәндерін табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі 2013/2014 оқу жылында 59,9%, 2014/2015 оқу жылында 59,1%.

Мектеп бітірушілердің арасында қоғамдық - гуманитарлық пәндерін табысты (өте жақсы/жақсы) игерген оқушылардың үлесі орташа есеппен мектеп бітірген 2013 жылы 829 түлектің 557-і 67,2%, 2014 жылы 712 түлектің 509-ы 71,5%, 2015 жылы 805 түлектің 592-і 73,5% құрады.

Қоғамдық-гуманитарлық пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын табысты игерген оқушылардың үлесі 2013/2014 оқу жылында 64,7%, 2014/2015 оқу жылында 63,6% құрады.

Қала бойынша барлық мектептер компьютер сыныптарымен толықтай жабдықталған, 85 компьютер сыныбында 1218 компьютер бар (1 компьютерге 2012 жылы 32 оқушыдан, 2013 жылы 26 оқушыдан, 2014 жылы 18 оқушыдан, 2015 жылы 21 оқушыдан келді). Сондай ақ, интерактивті тақталар интернет желісіне қосылып, он-лайн режиміндегі интерактивті сабақтарға қатыса алады, 63 интерактивті тақта бар (жергілікті бюджет есебінен 55 тақта, демеушілер есебінен 8 тақта).

2013 жылы конфигурация 25 (12+1) компьютер сыныптарымен, 2014 жылы конфигурация 20 (15+1) компьютер сыныптарымен жабдықталды. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 111,7 млн.теңге бөлінді.

Мектептерде лингафондық-мультимедиялық кабинеттермен жабдықтау (16+1) 2012 және 2013 жылдары 30 сынып болса, 2014 жылы 28 сынып болып төмендеді (тозығының жетуіне байланысты).

«Е – learning» электрондық оқу жүйесіне 2012 жылы екі мектеп (№7,8), 2013 жылы үш мектеп (№6,10,19) қосылды. Барлық мектептің 22,7 пайызын құрайды.

Жалпы білім беретін мектептерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды сатып алуға және тасымалдауға бюджеттен 2012 жылы 56,1 млн.теңге (1,7,8 сыныптарға оқулықтар), 2013 жылы 77,1 млн.теңге (2,9 және 1 сыныпқа ағылшын тілі оқулықтары), 2014 жылы 83,4 млн.теңге (2,10 және 2 сыныпқа ағылшын тілі оқулықтары) қаражат бөлініп, игерілді.



Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту:

- 2012 жылы барлығы 27,8 млн.теңге игерілді (оның ішінде: бес мектепке химия кабинеті, жеті мектепке мүгедек балаларға арналған компьютер, және т.б.);

- 2013 жылы барлығы 196,7 млн.теңге игерілді (оның ішінде: бес мектепке химия кабинеті; бір мектепке мүгедек балаға арналған компьютер; он сегіз

мектепке компьютер (12+1); №18 «Мереке» және №20 «Нұршуақ» балабақшасына жалпы материалдық техникалық базасы сатып алынды; №20 орта мектепке және №13 «Ақмарал» балабақшасына автокөліктер сатып алынды; және тағы басқалары);

- 2014 жылы барлығы 196,1 млн.теңге игерілді (оның ішінде: он бес мектепке (15+1) компьютер; №10,18,11 мектептерге химия кабинеті; №2,3,5,11 мектептерге физика кабинеті; №5 мектепке математика кабинеті; №11 мектепке биология кабинеті; №3 мектепке технология кабинеті; №21,9 мектептерге және білім үйлестіру орталығына автобустар сатып алынды; №18 «Мереке» балабақшасына және Оқушылар шығармашылық үйіне газель автокөліктері сатып алынды және тағы басқалары);

- 2015 жылы барлығы 5048,8 млн.теңге игерілді (оның ішінде: мектептердегі жазғы демалыс лагерлеріне: №№1,14 орта мектептеріне кровать, №№17,14,15 гимназия мектептеріне тоңазытқыш, №13 бастауыш мектеп, №6 және гимназия мектептеріне компьютер, №12 бастауыш, №19 орта мектептеріне мектеп парталары, 7 мектепке компьютер құрылғылары (жүйелі блок, принтер), 13 мектепке әртүрлі мектепке қажетті құралдар алынған (кілем, сплит.система, орындықтар, кітап сөрелері, киім ілгіш, перделер, т.б.)

Қала мектептері жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықталуда. Қазіргі таңда қала бойынша 7 мектепте физика кабинеті (31,8%), 8 мектепте химия кабинеті (36,4%), 13 мектепте биология кабинеті (59,1%) бар.

Оқушыларды әлеуметтік қолдау.

Аз қамтылған отбасылардың балаларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 2012 жылы 2814 бала (135,174 млн.теңге игерілді); 2013 жылы 2762 бала (игерілгені 124,884 млн.теңге), 2014 жылы 3002 бала (игерілгені 131,428 млн.теңге), 2015 жылы 2740 бала (игерілгені 167,789 млн.теңге). Оқушыларды әлеуметтік қолдау мақсатында жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіліп отырады.

1 сыныпқа келген оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 2012 жылы 2804 бала (игерілгені 108,073 млн.теңге), 2013 жылы 2776 бала (игерілгені 62,056 млн.теңге), 2014 жылы 3160 бала (игерілгені 137,030 млн.теңге), 2015 жылы 3300 бала (игерілгені 150,337 млн.теңге).

1-сыныпқа келген оқушыларды тегін мектеп формасымен 2012 жылы 2804 бала (7,869 млн.теңге); 2013 жылы 2776 бала (8,794 млн.теңге), 2014 жылы 3160 (12,567 млн.теңге), 2015 жылы 3298 бала (16,385 млн.теңге) қамтамасыз етілді.

Жаңаөзен қалалық білім бөлімінде 2012 жылы 106 тұлдыр жетім, ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тіркелді, оның 12-і патронат тәрбиесінде, 94-і қорғаншы және қамқоршысының тәрбиесінде; 2013 жылы 137 тұлдыр жетім, ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тіркелді, оның 10-і патронат тәрбиесінде, 127-і қорғаншы және қамқоршысының тәрбиесінде; 2014 жылы 129 тұлдыр жетім, ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тіркелді, оның 9-ы патронат тәрбиесінде, 120-ы қорғаншы және қамқоршысының тәрбиесінде; 2015 жылы 114 тұлдыр жетім, ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тіркелді, оның 9-ы патронат тәрбиесінде, 105-ы қорғаншы және қамқоршысының тәрбиесінде.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы:

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім алуға жағдай жасау мақсатында қалада «Оңалту орталығы» ММ (53 баланы қамтиды); «Арнайы жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйым» КММ (176 баланы қамтиды) және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация бар.

Мектептерде 2012/2013 о.ж. 55 мүгедек бала тіркелген, оның 44-і үйден жеңілдетілген бағдарламамен оқытылса, 11 бала мектептерде инклюзивтік білім алады (20,0%); 2013/2014 о.ж. 61 мүгедек баланың 47-і үйден оқытылды, 14-і мектептерде инклюзивтік білім алады (23,0%); 2014/2015 о.ж. 61 мүгедек баланың 50-і үйден оқытылады, 11-і мектептерде инклюзивтік білім алады (18,0%); 2015/2016 о.ж. 45 мүгедек баланың 39-ы үйден оқытылады, 6-ы мектептерде инклюзивтік білім алады (13,3%).

Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 22 күндізгі мектеп және 2 мектептен тыс мекеме (саз мектебі, оқушылар шығармашылық үйі) жұмыс жасайды. Оқушылар шығармашылық үйіне қарасты 7 аула клубтары бар («Шаңырақ» ш/а «Мұрагер», «Шұғыла» ш/а «Жасұлан», «Самал» ш/а «Жасталап», «Көктем» ш/а «Жігер», «Өркен» ш/а «Жеткіншек», Теңге ауылында «Жұлдыз», Рахат ауылында «Алау»). Осы аула клубтарға әр түрлі бағыттағы үйірмелерге 2012 жылы 2202 оқушы, 2013 жылы 2202 оқушы, 2014 жылы 2460 оқушы қатысты. 2015 жылы 2300 оқушы қатысуда.

Жыл сайынғы жазғы демалыспен 2012 жылы 7170 бала, 2013 жылы 8571 оқушы, 2014 жылы 10999 бала, 2015 жылы 16619 бала қамтылды. Оның ішінде мектеп жанындағы ашылған лагерлерде: 2012 жылы 8 мектепте 2520 бала (17,8 млн.теңге игерілді), 2013 жылы 7 мектепте 2120 бала (21,7 млн.теңге игерілді), 2014 жылы 8 мектепте 2330 бала (33,3 млн.теңге), 2015 жылы 10 мектепте 2920 бала (42,1 млн.теңге) қамтылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау