Зайсан аудандық ішкі саясат бөлімінің 2017 жылы атқарған жұмыстарының есебі



жүктеу 219,53 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі219,53 Kb.
#6567

Зайсан аудандық ішкі саясат бөлімінің 2017 жылы атқарған жұмыстарының ЕСЕБІ
Аудандық ішкі саясат бөлімі қызметінің басым бағыттарының бірі ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Аудандағы әлеуметтік шиеленіс факторларының алдын алу, жою бойынша шаралар әзірлеу және жүзеге асыру үшін қоғамдық-саяси ахуалға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.

Ауданда биліктің оң имиджін қалыптастыруға және күшейтуге, мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларды және Елбасының Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауларын, Бағдарламалық мақалаларын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар, сонымен қатар маңызды оқиғалар қатарын жоспарлау – ішкі саяси тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді. Ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, әлеуметтік шиеленіс деңгейі төмен деп бағаланады.

Қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын сақтап, бекіте түсу үшін ауданда кешенді іс-шаралар ұйымдастырылып, оған жергілікті тұрғындар, қоғамдық бірлестіктер, ҮЕҰ, жастар, этномәдени орталықтары, саяси партия, дін өкілдері қатысып, өз үлестерін қосып отырады.

Ақпараттық жұмыс 

Бүгінгі таңда Зайсан ауданы бойынша стратегиялық басты бағыттар ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау, мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды ақпараттық сүйемелдеу мақсатында аудандық «Достық» газеті жұмыс жасайды. 1930 жылғы 1 қазаннан шығатын қоғамдық-саяси газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы 2008 жылғы 6 қазанда №9363-Г куәлігі берілген.

Аптасына екі рет, сәрсенбі, сенбі күндері қазақ тілінде шығады. Таралымы 4800 дана.

Басылым уақытылы обьективті ақпараттар беру арқылы қоғамдық пікірдің оң қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.

Мемлекет басшысының Жолдауын, Мемлекеттік бағдарламаларды, қоғамдық-саяси шараларды газетте жариялау бойынша медиа-жоспар жасалып бекітілген, спикерлер тізімі жасалған. Спикерлер бекітілген медиа-жоспар бойынша аудандық «Достық» газетіне мақалаларын жариялап тұрады.

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасы Жолдауы, «100 нақты қадам - Ұлт Жоспары, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер»мемлекеттік бағдарламалары, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың мемлекеттiк бағдарламасы, 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Ауылшаруашылық кооперативтерін құру, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар, Жастар саясаты, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Цифрлы Қазақстан, Үш тілді білім беру, Мәдени және конфессияаралық келісім туралы және басқа да өміршең бағдарламалардың жүзеге асырылуы жария көруде.

Сонымен қатар бүгінгі таңда өзекті болып отырған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының Қоғамдық сананы жаңғырту аясында жүзеге асырылып жатқан «Туған жер» бағдарламасы, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, тұрақтандыру қоры, кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту, мемлекеттік қызмет, білім, ауылшаруашылығы, спорт, мәдениет, экономика салалары, үкіметтік емес ұйымдар, Жасыл ел, аудандық қоғамдық кеңес, қауымдастықтар жұмысы және аудан тынысы, ел және жаһан, облыс және аудан жаңалықтары халық назарына ұсынылып отырады.

2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болуы, Алматыда өткен Универсиада-2017 спорт ойындары және де Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырылуы туралы жаңалықтарды басты назарда ұстап отыр.

Атаулы даталарға, биылғы жылы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің, ҚР Қарулы куштерінің, ҚР Ішкі Істер қызметінің құрылғанына және ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қабылдануына 25 жыл толуына орай мерейтойлық арнайы беттер әзірленіп, арнаулы газет саны шығарылды.

Ақпараттық саясат газет арқылы ғана емес, аудан әкімінің сайты, әлеуметтік желілер арқылы да жүзеге асырылады. Зайсан ауданы әкімдігінің инстаграм, фэйсбук әлеуметтік желілерінде арнайы парағы ашылып, ақпараттар жарияланып тұрады. Аудан әкімінің ресми сайтында арнайы айдарлар ашылып, ауданда жүзеге асырылған іс-шаралар жайлы жарияланып тұрады. Газетке, сайтқа, әлеуметтік желілерге ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында логотиптер, инфографикалар басылады.



2017 жылы газет арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу қызметіне жергілікті бюджеттен 5 млн 500 мың теңге бөлінсе, телерадиохабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерге 1 млн. 100 мың теңге қаржы бөлінді.

Жыл басынан бері сыни мақалалар болған жоқ.



Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын халық арасында түсіндіру туралы

Ұлт Көшбасшысы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтарда жариялаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының басым бағыттары мен міндеттері және жолдау аясында ауданда атқарылатын жұмыстар жайлы халықты ақпараттандыру үшін аудан әкімінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы 1-14 ө өкімімен құрамында 80 мүшесі бар 13 ақпараттық топ құрылған. Ақпараттық топ мүшелері ауданның барлық 37 елдімекенінде, мекемелер мен ұжымдарда тұрғындармен кездесулер өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жыл басынан бері 262 кездесу өткізіліп, 24660 адам қамтылды. Ақпараттық топ мүшелеріне жолдау бойынша, барлық қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың ауданда жүзеге асырылуы бойынша қысқаша мазмұнда көмекші құралдар, жаднамалар әзірленіп таратылып отырады. Сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы, осы мақала аясында «Туған жер» бағдарламасының іске асырылуы, Жер кодексі нормаларын, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Ауылшаруашылық кооперативтерін құру, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдармен, өзге де мемлекеттік бағдарламалардың қысқаша мәтіндерінен және аталған бағдарламалардың орындалуы туралы ақпараттардан жаднамалар әзірленіп топ мүшелеріне таратылады.



ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және «Туған жер» бағдарламасын түсіндіру және насихаттау, іске асыру бойынша.

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөнінде комиссия аудан әкімінің 2017 жылғы 2 маусымдағы №1-83ө өкімімен құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Комиссия құрамына мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйым мүшелері кірді. «Туған жер» бағдарламасының арнайы тұжырымдамалық ұстанымдары басшылыққа алынып, аудан әкімдігінің қаулысымен жұмыс тобы бекітілді.

Осы топтың жұмысшы органы ретінде Жобалық Кеңсе құрылып, құрамына 3 бөлім қызметкерлері енді, қызметкерлер осы жобаны іске асырумен ғана айналысатын болады. Сонымен қатар Қазақстанда және алыс-жақында тұратын атақты жерлестердің тізімі (барлығы 36 адам) жасалып, оларды әрі қарай ұлттық құндылықтарды насихаттайтын, патриоттық және рухани тәрбие беретін жобалар мен акцияларға қатыстыру үшін арнайы ауқымды іс-шаралар қатары қалыптастырылды.

Ауданға қомақты инвестициялар тарту мақсатында бірнеше болашақ жобалар базасы қалыптастырылды. Жобалар арнайы талдау және іріктеуші жұмыс тобына жолданды. Жобалардың ішіндегі ең ауқымдысы –Майқапшағай елді мекенінде көліктік-логистикалық орталығын салу (жоба құны 6 млрд.800 млн.теңге) табиғи газ және көміртек диоксидін өндіру зауыты (жоба құны 250 млн.теңге), 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңы, ет өнімдері цехы, тері өңдеу және сүйек ұнын шығару зауыты (жоба құны 2 млрд.теңге), Абай саябағында ардагерлердің демалыс орнын салу (жоба құны 1 млн.теңге), шағын трактор зауытын кеңейту (жоба құны 80 млн.теңге) және т.б.

Ауданда «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» атты жобаға еліміздің түкпір-түкпірінде білім мен ғылымда, өнерде, әдебиетте, спортта қоғамдық келісім мен ұлт бірлігінің нығаюына зор үлес қосып жүрген зайсандық 15 тұлға іріктеліп алынып, әрқайсысының еңбек жолы, қол жеткен табысы, енгізген жаңалығы, жетістіктері жайлы мағлұматтар толық берілді. Олардың қатарына Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Қылышқанов М.Қ., Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық университетінің философия ғылымдарының докторы Уазырханова Г.К., ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Абзалиев О.Қ., Режиссер-хореограф, алтын және үш күміс медаль иегері Ағабылов М.М., электронды оқулықтардың авторы, Ресей жаратылыстану Академиясының профессоры, «Қазақстан ұстазы» қоғамының төрағасы Өскенбаев А.Ә., дзю-додан Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы, әлем кубогының күміс жүлдегері, XV Азия ойындарының күміс жүлдегері, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Атаев А.Ж., дзю-додан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Исанова Г.А., «Ерен еңбегі медалінің иегері», Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойлық медалінің иегері, кәсіпкер Абышева А.А., Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Уаш Д.З. , журналист, ҚР Сенат төрағасының ақпарат жөніндегі көмекшісі Жексенбай Б., және басқалар енді.

Мемлекет басшысының Рухани жаңғыру бағдарламасы шыққаннан бері ауданға өнердегі, әдебиеттегі елімізде танымал бір топ жерлестер келіп, дарын иелері болған зайсандықтарға арналған кітаптарының тұсаукесерін ұйымдастырып, аудан тұрғындарымен, жастармен кездесулер өткізіп, театр саңлағы болған Қазақстанның мәдениет қайраткері О.Кәкеев атындағы облыстық театрлар фестивалі ұйымдастырылып, тұңғыш рет балалар мен жасөспірімдердің музыкалық шеруі ұйымдастырылып өткізілді. Аудандағы киелі жерлер мен тарихи мұра орындарына балалар мен мектеп оқушыларының саяхаттары ұйымдастырылуда, сонымен қатар алдағы 3000 оқушының, 130 ардагердің, 50 астам мүмкіндігі шектеулі жандардың, мемлекеттік қызметшілер және барлық санаттағы адамдардың «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы және Астана қаласына саяхаты жоспарланып жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні Қазақстанның сакралды нысанына енген Шіліктінің Сақ патшасы Алтын адам жеріне ашық аспан асты музейінің филиал ретінде құрылысының алғышарттары жасалу үстінде және өңірден шыққан Баймұрат батырға ескерткіш орнату жөнінде жұмыстар атқарылуда.

Аудандық «Достық» газетінде және әлеуметтік желілерде «Рухани жаңғыру» атты арнайы айдармен бүгінгі күнге 15 мақалалар жарық көрді.

Ұлттық рухты жаңғыру жолындағы жұмыстар жоспар бойынша жалғастырылады.

Осы мақсатта үсітіміздегі жылы аудан көлемінде 200-ге жуық іс-шара ұйымдастырып өткізу жоспарланған. Оның ішінде 17 дөңгелек үстел, 44 спорттық сайыс, жастар арасында 3 дебат турнирі, 6 форум, 8 конкурс, би кештері, ретро фестиваль, кездесулер және аудан кітапханаларында 34 тақырыптық көрме, 47 концерттік бағдарлама және т.б.

«Туған жер» бағдарламасы аясында Зайсан қаласында Энергетиктер аллеясы, әлеуметтік дәріхана, тойхана, ардагерлерге арналған Абай саябағында демалыс орны, сауда үйлері, Сартерек ауылында Шөкей Сәкібаев атындағы алма бағы ашылды. Жалпы бүгінгі күнге 45,5 млн.теңгенің 36 жобасы жүзеге асырылды.



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану және насихаттаудың жағдайы туралы

Мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау бойынша тұрақты жұмыс атқаратын комиссия құрылып, құрамы аудандық маслихаттың шешімімен бекітілген. Үстіміздегі жылы ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған ауданда кешенді шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні Ту ұстаған 25 бірыңғай безендірілген ақ приора автокөліктері, 25 салт аттылар және 25 жас велошабандозшылар шеруі аспанға 25 көгаршын мен 250 шар ұщырумен жалғасып, әскери қызметшілердің арнайы Ту, Елтаңба ұстаушыларының салтанатты маршы және бір мезгілде аудандық музыка мектебінің хорына 5000 мың адамның қосылған Мемлекеттік Гимнді орындауына ұласқан шара өтті. Шара соңы патриоттық әндерден даярланған концертпен жалғасты. Жыл басынан бері аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиясының 2 отырысы өткізіліп, комиссия отырысында тиісті мекеме басшыларының есебі тыңдалып, кемшіліктерді жоюға бағытталған шаралар қабылданды. 2 рет рейд жүргізіліп, 94 мемлекеттік мекеменің рәміздері тексерілді. Аудандағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерді қолдану барысы комиссия тарапынан тұрақты бақылауға алынған. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында Зайсан қаласында және ауылдық округтерде 76 лайтбокс, 16 баннер орнатылған.



Дін мәселесі бойынша 

Ауданда діни ахуал тұрақты. Дінаралық, ұлтаралық келіспеушіліктер тіркелмеген.Ауданда діни ахуалды тұрақты сипаттайтын және этносаралық, конфессияаралық саладағы мемлекеттік саясатты оңды бағалайтын тұрғындардың үлесі 85,5 пайызды құрайды. Діни ахуалды қалыпты деп бағалаушылар 92,6 пайызды құрайды.

«ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы және Қазақстан Республикасындағы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалуын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімі жанындағы ақпараттық-түсіндіру топтары жыл басынан бері мақсатты топтар арасында 54 кездесу өткізіп, 3415 адам қамтылды, оның ішінде 29 кездесу жастар арасында өтіп, 3000-ға жуық жастар қамтылды. Ауданда діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің 2 отырысы, 4 семинар, 14 дөңгелек үстел, 1 конференция, 3 форум өтті, 2 рет облыстан теолог маманы және 2 рет Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары келіп ауданда жұмыстар жүргізді. Кездесулерде жастар, студент жастар, жұмыссыздар, әйел жамағаты, мешіт жамағаты, көп балалы аналар және қолайсыз отбасылары мүшелері қамтылып, алдын алу, оңалту және адрестік көмектер көрсетілді.

Мемлекеттік әлеуметтік тпсырыс аясында Рухани керуен ұйымдастырылып, елдімекендерде ауқымды шаралар өткізіп, 500-ге жуық түрғындар қамтылды.Ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін, шынайы қазақ қызының бейнесін қалыптастыру және жас қыздардың сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер ала алатын текті қыздар ортасын құру мақсатында құрылған «Зере», «Қыз Жібек» клубтары жұмыс жасайды.Сонымен қатар бүгінгі күні өзекті мәселеге айналған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жас ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ұлдарымызды ұлтжанды, қыздарымызды инабатты етіп тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын сақтау мақсатында аудандағы әйелдер кеңестерінің бірлескен «Руханият» қауымдастығы жанды жұмыстар атқаруда.

Діни экстремизм мен терроризмнен сақтандыру мақсатында 6000-ға жуық брошюралар, 1250 дискілер даярланып, таратылды. Дін тақырыбында аудан бойынша 80 баннер орнатылып, аудандық "Достық" газетінде 35, облыстық газеттерде 6 мақала, сайттарда 45 материалдар, ресми сайтта 24 бейнероликтер орналастырылды. Ақпараттық-насихаттық жұмыстардың бір форматы ретінде қала, ауыл округтерінде діни тақырыптарға арналған 22 баннер арнатылған, тақырыптарға және мерекелерге сай жаңартылып отырады. Ү.ж. наурыз айында ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының ауданда филиалы ашылып, 2 исламтанушы-теолог, 1 дінтанушы маманы жұмыс атқаруда. Шілде айында осы орталық жанында әйел жамағаттары үшін қол-өнер үйірмесі ашылып, бүгінгі күні 20-ға жуық әйел жамағат тартылған.

Жастар және тұрғындар арасында діни сауаттылықты жоғарлату, теріс діни ағымдардың алдын-алу мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жобаларды іске асыруға 450 мың теңге бөлініп, жұмыстар шілде-тамыз айларында жүргізіледі, "Қауырт желі-114" қызметіне 123200 теңге бөлініп, 17600 дана төлемшот түбіртіктері таратылды.

9 сыныптарда өтетін "Зайырлылық және дінтану негіздері" пәніне арналған 674 дана жаңа оқулыққа жергілікті бюджеттен 957 080 теңге қаражат бөлінді, оқушылар жаңа оқулықтармен толық қамтылды.

Қоғамдық сананы жаңғыртуға сай бүгінгі күні елдің тарихын, қазақтың мақал-мәтелдерін, ұлт көсемдері мен би-шешендердің даналық ой-тұжырымдарын, діни өлең-жырларын жатқа айтып, уағыз-насихатты ұлттық құндылықтармен тұздықтап отыруға машықтандыру арқылы дін қызметкерлерінің бүгінгі қоғамның сұранысына сай білім іздеуіне, мешіттерді сауатты кадрлармен қамтамасыз етуге жұмыстар ұдайы жүргізіліп отырады.



Саяси партиялармен жұмыс.

ШҚО, «Нұр Отан» партиясының Зайсан аудандық филиалының есебінде 2443 партия мүшесі есепте тұрады. 13 бастауыш партия ұйымдары, 121 партия топтары бар.Оның ішінде 552 зейнеткер, 108 мүмкіндігі шектеулі жандар, 248 жұмыссыздар тіркелген. Аудан бойынша партия мүшелері экономикалық белсенді тұрғындардың 11 пайызын құрайды.Бүгінгі күні партия қатарындағылардың сандық құрамына емес, сапалық құрамына мән беру талабына сай мүшелері соған сай қалыптастырылуда.Партия жоспарына сай қоғамда басымдық танытатын 9 негізгі бағыт бойынша 9 партиялық жоба жүзеге асырылуда.

«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатында 162 мүшесі, 254 еріктілері бар. Жастармен жұмыс «Жастар Отанға!», «Сәтті қадам», «Жастар кадрлық резерві» жобаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Аудандық мәслихат депутаттарымен жұмыс.

Аудандық мәслихатта 13 депутат бар, 5-і қалалық округтерден, 8-і ауылдық округтерден сайланған депутаттар. 1 депутат-аудандық мәслихаттың хатшысы.Аудандық мәлихатта 3 тұрақты комиссия,1 депутаттық фракция, «Нұр Отан» партиясы фракциясы жұмыс жасайды.Депутаттардың 11-і «Нұр Отан» партиясынан, 2-і «Ақжол» партиясынан сайланғандар.Депутаттар барлық қоғамдық-саяси маңызды шараларға атсалысып, қатысып отырады.Ақпараттық түсіндіру топтарының құрамында елдімекендерге шығып, мекемелер, ұжымдар, шаруа қожалықтары, шағын және орта бизнес құрылымдарында Елбасы жолдауын, мемлекеттік бағдарламаларды және оларды ауданда іс жүзіне асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы тұрғындарды хабардар етіп отырады. Ауданда «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары сәтті жүзеге асырылуда, депутаттық топтар құрылыс нысандарының басында жиі болып, құрылыс сапасы, мерзімі және жұмыс жағдайымен танысып отырады.Сонымен қатар ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына өз үлестерін қосып келеді.



Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс

Зайсан ауданында «ҚР Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ШҚО филиалының Зайсан ауданы бойынша бөлімшесі, «Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Зайсан ұйымы» қоғамдық бірлестігі, «Зайсан ауданы мүгедектерінің ерікті қоғамы» ҚБ, Бастау - Зайсан жастары» ЖҚБ, «Елім-ай Зайсан», «Зайсан жастары» мүгедек жастардың қоғамы» ЖҚБ, «Ғибрат Зайсан», «Ұлағатты жастар» және «Зайсанның белсенді әйелдер қоғамы» қоғамдық бірлестіктері, жиыны 9 ҮЕҰ-дар ауданның барлық қоғамдық маңызды шараларына қатысып, бірлесіп жұмыс атқаруда.

5 институционалдық реформаның «100 нақты қадам-Ұлт жоспары» аясында 2016 жылдан бастап Аудандық қоғамдық кеңес құрылып, бүгінгі күні 30 дан астам отырыстарын өткізіп, 70-ке жуық мәселелер қарады. Қала, ауылдық округтерде құрылған қауымдастықтар да халық игілігі үшін қоғаммен тығыз байланыста жұмыстар атқаруда.Сонымен қатар 6 салалық кәсіподақ ұйымдары жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасында еңбек заңдылықтарының сақталуына, еңбек және әлеуметтік жағдайларының заман талабына сай болуын қадағалап жұмыс атқарады.Қала, ауылдық округтерде ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңестері, жастар үйірмелері, өнерпаздар үйірмелері, клубтар және 4 этномәдени орталықтары жылдық жоспарларына сай жұмыс жасайды.

Жыл сайын аудандық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар аясында қоғамдық бірлестіктер әртүрлі кешенді шаралар ұйымдастырып өткізеді. Биылғы жылы аудан бюджетінен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 2140,0 мың теңге қаржы бөлініп, 8 лот бойынша конкурс өткізіліп, ұтып алған 3 қоғамдық ұйымдар Астана күніне, Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына арналған шаралар өткізіп, жастарды діни экстремизм мен терроризмнен сақтандыру мақсатында елдімекендерге рухани керуендер ұйымдастырып, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділік акциясын, жастар арасында еңбек әлеуетін арттыру мақсатындағы жұмыстарды жүргізеді.

Сонымен қатар аудан әкімі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау жөніндегі Кеңес тоқсанына 1 рет отырысын өткізіп келелі мәселелерді талқылап, ұсыныс-пікірлерді жинақтап, тиісті мемлекеттік органдарға жолдап, басқа да мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Кеңес отырыстарында өткен тоқсанның қорытындысы талқыланып, алдағы жоспарлар қаралып, өзекті мәселелер өз шешімін табады.

Гендерлік саясат бойынша 

Зайсан ауданы мәслихатының шешімімен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссия құрылған. Құрамында 17 мүшесі бар. Аудандық комиссия жұмыс барысында қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік қағидаттарын іске асыру мақсатында, негізге алынған Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамасы, Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдерді кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциясы, ТМД және басқа да ратификацияланған халықаралық шарттар мен келісімдері бойынша әзірленген, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 6 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген, «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын» басшылыққа алып, бүгінгі күні осы тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының 2017-2019 жылдарға арналған бірінші кезеңінің жоспарына сәйкес ауданда бірқатар жұмыстар атқарылды. Жыл басынан бері комиссия 2 рет өз отырысын өткізіп, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды талқылады. Жыл басынан бері 12 дөңгелек үстел отырысы, 2 семинар, 2 форум өткізілді. Олардың басты тақырыбы Қоғамдық сананы жаңғырту барысында бүгінгі қоғамдағы әйел адамның орны, қыздарымыздың тәлім-тәрбиесі, жас аналарға арналған бала күтімі туралы кеңестер, отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау жолдары туралы болды. Сонымен қатар, үлгілі отбасылардың аналары мен келіндерінің қатысуымен «Бақытты жанұя – бақытты ел!», «Қазақстандағы гендерлік саясатты жүзеге асырудағы Ұлт көшбасшысының рөлі», «Мерейлі отбасы», «Еңбек әулеті», тақырыптарында семинарлар, кездесулер, форумдар өткізілді. Білім беру ұйымдарында және әлеуметтік мекемелердің қызметі шеңберінде жанжал және өмірлік қиын жағдайлар болғанда медиация қызметтерін көрсету де жолға қойылған. Ауданда этномәдени бірлестіктері жанында «Аналар кеңесі» құрылып жұмыс жасайды. Аналар кеңесі Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын қызу талқылап, тәуелсіздік жылдары елдің дамуына, өңірдің өркендеуіне үлес қосқан азаматтарды дәріптеуде. Аудан әкімі жанындағы әйелдер кеңесі «Мұрагер» үйінде орналасқан. Бөлімнің тікелей бақылауымен, бағыт-бағдарымен жұмыс істейтін кеңес жыл басынан бері әртүрлі мастер-класстар, семинар-тренингтер өткізіп келеді. Кеңес отырысы әр тоқсан сайын тұрақты түрде өткізіледі.

Аудан бойынша халық саны 37947, оның ішінде әйелдер саны 19049, яғни 50,2 пайызды құрайды. Әйел депутаттардың үлесі 8 пайыз, әкімшілік мемлекеттік қызметшілер арасында әйелдер саны 55,2 пайыз, ішкі істер органдарында 21,4 пайыз, әскери қызметте 32 пайыз. Әйелдердің белсенді рөлі, бірінші кезекте, шағын және орта бизнес, кәсіпкерлікте байқалады, ондағы әйелдердің үлесі 63,5 пайызды құрайды. Ауданда 100 жастан асқан қария аналар 1, 90 жастан асқандар 27, соғыс жесірлері 2, саяси қуғын-сүргін ұрпақтары 9, тыл ардагерлері аналар 208, І, ІІ-ші топтағы мүгедек әйелдер 384, ІІІ топтағы мүгедек әйелдер 192, жұмыс істеп жүрген мүгедек әйелдер 32, 15 жасқа дейінгі мүгедек қыз балалар 65. Алтын алқа иегерлері аналар 276, Күміс алқа иегерлері 452. Сонымен қатар әйел адамдар арасында «Ауданның құрметті азаматы» атағын алғандар 22, «Құрмет» орденін алғандар 1, «Ерен еңбегі үшін» медалін алғандар 5, Ел тәуелсіздігінің 10, 20, 25 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталғандар 12, «Шапағат» медалімен марапатталғандар 2, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталғандар 2, ҚР Құрмет Грамотасымен марапатталғандар 6, басқа да салалық медальдармен наградталғандар 30 –ға жуық. Қажылық сапарға барған әйелдер саны 6.

Бүгінгі таңда елімізде зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мемлекеттің басым міндеттерінің бірі ретінде айқындалған. Тұрақты даму мақсаттарының бірі зорлық-зомбылықтың барлық түрін барынша қысқарту болып табылады, ол мемлекеттік саясаттың осы салада сындарлы және нақты шараларын қажет етеді. Осы орайда қоғамдық ұйымдар (әкелер, аналар, ақсақалдар кеңесі, қоғамдық кеңесте) зорлық-зомбылық, сондай-ақ ерте жастан некеге тұру әрекеттеріне жол бермеу және болдырмау туралы дін өкілдері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Тұжырымдаманың 1-ші кезеңін іске асыруда төмендегі міндеттер жүзеге асырылуы тиіс:

- отбасылық өмірдің жағымды үлгісін қалыптастыру, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын арттыру, өскелең ұрпақ тәрбиесін кұшейту;

- балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сапалы орта білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету, зерделі, дене бітімі, рухани жағынан дамыған және табысты азамат қалыптастыру, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеяның рухани-адамгершілік құндылығын және саламатты өмір салтын нығайту бөлігінде олардың тәни, зияткерлік және рухани дамуына жәрдемдесу;

- отбасының барлық мүшелеріне қатысты зорлық-зомбылық фактілерін азайту, отбасы тұрмысындағы қылмыстық құқық бұзушылық құрамын қылмыстық сипаттан арылтуды қамтамасыз ету.

Жастар саясатын жүзеге асыру

Ауданда жастар саясаты жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы №285 «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңы, «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы және тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі екінші кезең 2016-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары басшылыққа алынады. Сонымен қатар ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысының 2017 жылға арналған, облыс әкімінің және аудан әкімінің бекіткен іс-шаралар жоспары басшылыққа алынып, жыл көлемінде тек жастармен ғана 500 ден астам шаралар жүзеге асырылады. Бүгінгі күні аудан жастары Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының Қоғамның санасын жаңғыртудың бағыттары мен таяу жылдардағы міндеттерінің жастарға арналғанын сезіне отыра, Қазақстанды жылдам дамып келе жатқан мемлекет ретінде ғана емес, жоғары сапалы адами капитал және ең бай тарихы бар алдыңғы қатарлы мелекет ретінде бар әлемнің тануы жолында үлкен жауапкершілікпен алға ұмтылатындықтарын жеткізуде.

Аудандағы жастардың жалпы саны 7742, бұл аудан тұрғындарының жалпы санының 20,4 % құрайды. Қалада – 3952, ауылдарда – 3790 жастар тұрады. Аудан бойынша жұмыссыз жастар саны 126, жұмыс істейтін жастар саны 1166, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жастар саны 282.

Аудан әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөнінде кеңес мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Бүгінгі күні аудандағы Жастар ісі жөніндегі кеңесті аудан әкімі басқарады, құрамында 11 мүше бар. Бекітілген жоспарға сәйкес әр тоқсанда аудан әкімінің төралығымен отырыстарын өткізеді, үстіміздегі жылы 2 отырысы өтті. Кеңес отырыстарында жастар саясаты бойынша өзекті мәселелер талқыланып, тиісті тапсырмалар беріледі.

Мемлекеттік жастар саясатын институционалды қамтамасыз етуде «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты, «Поэзия» жастар театры, «Сайхан» спорт клубы, «Жас натуралистер» орталығы, музыка, спорт, өнер мектептерінде көптеген үйірмелер жұмыс істейді.

Жалпы ауданда белсенді жастар саны – 4723, яғни белсенді жастардың үлес салмағы 55%.

«Жас Отан» Жастар қанатының құрамында 113 мүше, 260 еріктілер бар. Аудандағы 27 мектепте қоғамдық маңызды іс-шараларға белсене араласатын оқушылар саны 5000-ға жуық.

Ауданда тіркелген үкіметтік емес 3 жастар ұйымы бар, «Бастау-Зайсан жастары», «Зайсан жастары» мүгедек жастар қоғамы», «Ұлағатты жастар» қоғамдық бірлестігі. 2 ұйым мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар аясында 3 жоба ұтып алып, жұмыстар жүргізуде.

Жастарды еңбекпен қамту және жұмысқа орналастыру шараларын жүзеге асыруда «Жастар іс тәжірибесі», «Жасыл Ел» және «Дипломмен ауылға» бағдарламалары нәтижелі жүзеге асырылуда. Сонымен қатар «Нұр отан» партиясының «Жастар кадрлық резерві», «Жастар Отанға!» және «Сәтті қадам» партиялық жобалары да нәтижелі жүзеге асырылуда. Жастарды үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бойынша бастамасын жүзеге асыруға тартып, сондай-ақ еліміз жастарына мемлекеттік мекемелер мен кез келген меншік түріндегі кәсіпорындарда қажетті практикалық білім мен алғашқы тәжірибе жинақтауға мүмкіндік бере отырып жұмысқа орналастыруға көмек көрсету, жас басқарушылар үшін әлеуметті жеделсаты, яғни кәсіби өзін өзі дамытуға және өз саласында сапалы нәтижелерге жетуге ұмтылған жас басқарушыларды іздестіру мен іріктеу, кәсіби және тұлғаның өсу үшін мүмкіндік, яғни мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес пен қоғамдық қызмет саласы үшін жас басқарушыларды қалыптастыру сияқты мемлекеттік маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні саясаттағы жастар саны арта түсуде, аудандық мәслихатта 1 жас, басқару органдарында 5 жастар бар.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2009-2015 жылдар аралығында ауданға келген 35 жас маманға 80149,0 мың теңге тұрғын үй алуға пайызсыз бюджеттік несие берілген, 65 жас маманға 7490,4 мың теңгенің көтерме жәрдемақысы төленген, 2016 жылы 11 жас маманға 34996,0 мың теңге несие берілген, 10 жас маманға 1484,7 мың теңге көтерме жәрдемақы төленді. 2017 жылы

Жастар іс тәжірибесіне жоспар бойынша соңғы 3 жылда жолданған жас мамандар 54 болды. 2017 жылы

«Жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша ауданда 29 жасқа дейінгі еңбекші жастарға жалдамалы пәтер ретінде 108 жасқа баспана берілді.

Ауданда өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру, өндірісалды тәжірибеден дағдыларды қабылдау және біліктіліктерін арттыру мақсатында Жасыл Ел» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. 2014 жылы 30, 2015 жылы 50, 2016 жылы 100, 2017 жылы 150 тұрмысы төмен, мұқтаж отбасыларының балалары (жастары) тартылып, аудандық бюджеттен тиісінше қаржы бөлінді. Жасыл Ел жасағы талай жастың уақытын тиімді өткізіп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріп, қаланы, ауылдарды гүлдендіру, абаттандыру бағытында жұмыс атқарып келеді.

Жастардың көп шоғырланған жері Зайсан технология колледжі, онда 7 мамандық бойынша 11 топта 189 студент білім алуда.

Жас мамандарды туған өлкеге тарту мақсатында жоғарғы, арнайы орта оқу орындарын бітіруші түлектермен аудан әкімінің дәстүрлі кездесулері ұйымдастырылып, нәтижесінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, ауылшаруашылығы және ветеринария салалары жас мамандармен толықтырылуда. Сонымен қатар жұмыссыз жастар үшін ашық есік күні акциялары ұйымдастырылып, жұмыс берушілермен тікелей келісім шарттар жасалып, түйіндемелері жинақталып тиісті мекемелерге жолданады.

Жастардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, оның ішінде оқушылар арсында түрлі мәдени көпшілік шаралар өткізіледі. Барлық білім беру мекемелерінде құқықтық комитеттер құрылған, комитеттердің ашық отырыстары ата-аналардың қатысуымен өткізіледі, бірлескен рейдтар ұйымдастырылады. Арнайы есепте тұрған жастарды түрлі үйірмелерге тарту жұмысы жолға қойылған. Жасөспірімдер және балалар спорт мектебіндегі спорт секцияларына 1000-ға жуық балалар тіркелген.

Сонымен қатар, жастардың мәдени-рухани, өнегелі, патриоттық тәрбиесін дамыту және бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін ауданда 38 кітапхана, 3 клуб, 7 Мәдениет үйі, 1 спорт кешені, 26 спорт залы, 8 хоккей корды, 57 спорт алаңы, 4 бильярд залы, 1 стадион, 1 атшабар, 10 футбол алаңы, 3 спорт модулі бар, 1 жабық және 1 ашық жүзу бассейні бар. Қысқы мерзімде 15 мұз айдыны, 20 шаңғы жолы жұмыс істейді. Барлық нысандарға жастардың еркін кіруіне жағдайлар жасалған.

Қала, ауылдық округтерде қоғамдық жұмыс арқылы 1 жастармен жұмыс атқарушы мамандар ұсталынып отыр. Жыл басынан бері жастар ұйымдарымен барлығы 200 ге жуық іс шаралар өтті. Оның ішінде 70- ке жуығы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, діни радикалды ұйымдардың зияндылығы барысында өткізілген шаралар. Сонымен қатар еліміздегі айтулы оқиғалар, мерейтойлық даталар және Астана төрінде өтіп жатқан халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін насихаттау, оған қатысуды ұйымдастыру барысында ауданнан 3000 жас қатысып қайтты, әрі қарай көрме жұмысы аяқталғанша қатысушылар қатары көбейе түспек. Жыл көлемінде әр салада белсенді жұмыс атқарып, қоғамдық жұмысқа белсенді араласқан жастар үшін «Жыл көшбасшысы» аудандық жастар сыйлығы ұйымдастырылып табыс етіледі.

Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға атсалысуымен байланысты, болашақтың негізі бүгін қаланады. Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан-2050» стратегиясының түйінді мақсаттарының бірі болып табылады. Қазақстан XXI ғасырдың үшінші онжылдығында жаңа әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге ниет білдіріп отыр. Сол себепті, аға буынның жасаған істерін жалғастыру ұлттың бәсекелестікке қабілеттілік деңгейін жоғарылатуға, еліміздің XXI ғасырда гүлденуі мен әлемдік танылуын қамтамасыз етуге тиіс жастарға үлкен үміт пен жауапкершілік жүктеледі.



Көрнекі насихат құралдары 

2017 жылы аудандық бюджеттен көрнекі насихат құралдарын жасатуға 3,4 млн. теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі күнге дейін 178 баннер, 80 лайт-бокс жасалып орнатылды. Негізгі тақырыптары болып Елбасы жолдауы, «100 нақты қадам»-Ұлт жоспары, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және барлық мемлекеттік бағдарламаларға қоса айтулы даталарға, дін тақырыбына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, жол қауіпсіздігін сақтауға және т.б. облыстық басқармалар тарапынан берілетін тапсырмаларға сәйкес даярланып орнатылатын көрнекі құралдары бар.



«OTAU TV» бойынша ақпарат

Аудан бойынша қазақстандық 38 телехабар тарататын ұлттық сандық «OTAU TV» желілеріне 3500 абонент қосылған, 156 абонент ID TV-ге қосылса, 650 абонент цифрлық телехабар тарату желілеріне қосылған. Тұрмысы төмен отбасыларына «OTAU TV» қондырғысын орнатып беруге қол жеткізуде кәсіпкерлер, қала құраушы кәсіпорындар, шағын және орта бизнес өкілдерімен, шаруа қожалықтарымен жұмыстар жүргізіліп, ү.ж. 5 отбасына қондырғы орнатылды. Аудан бойынша 27 білім беру мекемелерінің 6-ы, 8 сауықтыру мекемелерінің 5-і, 8 қонақ үйдің 5-і «OTAU TV» ұлттық сандық желілеріне қосылған.
жүктеу 219,53 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау