72
теріден, кейде ағаштан жасап, бағалы тастармен сәндеп, қонақтарға
сый ретінде тартқан. Қазіргі кезде торсықты керамикадан жасайды.
Қонақты қымызбен күтіп алайық!
Тәрбиеленушілерге торсықты баумен немесе қалың жүннен есілген
жіппен сәндеуді ұсынады.
(ұ) саусақтарға арналған жаттығу
1. «Сақиналар».
Алдымен оң қолмен, одан кейін сол қолмен кезек-кезек сақина жасай
отырып, бас бармақтың ұшына әрбір саусақтың ұштарын тигіз.
Жаттығудың соңында екі қолмен бірдей жасау керек.
2. «Жұдырықтың қыры – алақан».
Үстел бетінде қолды үш жағдайда ұстау. Жұдырық, кейін қолды
ашып, қырымен ұстау, одан соң ашық алақанды үстел үстіне салу.
Алдымен оң қолмен, кейін сол қолмен, соңында екі қолмен бірдей
жасау керек.
3. «Нөл».
Сұқ саусақтың ұшын бас бармаққа біріктіріп – нөл таңбасын жасау.
Осы қимылдар қайталанады.
(ұ, Ж) Аппликацияны орындау технологиясы.
Педагог балалардың назарын жұмысты орындау ретіне аударып,
тапсырманы түсіндіреді.
Үлгіқалыптарды қиып аламыз. Тікбұрышты төртбұрыштың
әзірлемесін қиып аламыз. Тәрбиеленушілерге ашық-қоңыр немесе
сары түсті қағаз қолдануды ұсыныңыз.
Әзірлемені екіге бүктеп, торсықтың үлгіқалыбын бүкпе бойына
жатқызамыз. Үлгіқалыпты қарындашпен бастырып сызамыз.
Торсықты контур бойынша қиып алып, бүктеуін жазамыз.Әзірлеме-
негізге жапсырамыз.
Одан кейін оюдың үлгіқалыбын торсықтың үстіне қойып, жай
қарындашпен бастырып сызамыз.
Оюдың сызығына жаққышпен желім жағамыз.
Желім жағылған сызыққа жүннен есілген жіпті немесе жіңішке бауды
жапсырамыз.
Балаларды желім сызығының ұзындығын қадағалап отыруды
үйретіңіз.
(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережесі
Педагог ҰОҚ барысында қайшымен жұмыс жасаудың қауіпсіздік
ережелерін ұдайы ескертіп отырады.
Балалардың жұмыс материалдарына ұқыпты қарауын, уақыт пен
материалды тиімді пайдалануын қадағалайды.
Музыкалық сүйемелдеу.
Түрлі түсті қағаз,
торсықтың және қазақтың
ою-өрнек қалыбы, қайшы,
желім, желімге арналған
жаққыш, сулық, жіңішке
бау, жуан жүнді жіп.
Жадынама.
IV. ұОқ
қорытындылау.
Рефлексия.
26–30 минут
(ө, ұ) Рефлексиялық бағалау.
Жұмыстар талданып, нәтиже қорытындыланады.
• аудиалдар: ауызша, жаппай: саған бүгінгі ҰОҚ-да не ұнады, сенің
ойыңнан шықты ма?
• кинестетиктер: «бет» карточкасы таратылады, балалар оған
ауыздың суретін салып, өз көңіл күйлерін смайлик түрінде көрсетеді.
Танымдық белгілер.
28 -ұОқ. дОстАРымА
АРнАЛғАн нАтЮРмОРт
мектеп/мұ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
сынып/топ:
қатысқандардың саны:
қатыспағандардың
саны:
ұОқ-нің оқыту
мақсаттары
0.1.1.1. Жырту, қиып алу әдістерімен түрлі ертегілік бейнелер, т.б. жасай отырып, қарапайым
заттарды жапсыру.
0.1.1.2. Үлгіқалып/есте сақталған үлгі/затқа қарап жапсыруларды құрастыру, сәйкес түсті,
пішінді, заттардың фактурасы мен пропорцияларын таңдау, бөлшектерді жапсыру бірізділігін
дұрыс пайдалану.
0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы
жағынан әртүрлі қағаздар).
0.2.2.2. Бірнеше қабат етіп бүктелген қағаздан геометриялық сәндік элементтерді көбірек
қиып алып, геометриялық пішіндерді (шаршылар, тіктөртбұрыштар, шеңберлер, сопақшалар)
ортасынан немесе диагональ бойынша қию.
0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
73
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
-елестету бойынша геометриялық фигуралар негізінде, бірнеше бөліктен тұратын заттардың
жапсырмасын жасай отырып, біртұтас әсерлі бейне алады;
-бөлшектерді жапсырудың реттілігін дұрыс пайдалана алады.
Көптеген тәрбиеленушілер:
-қағаздың бетіне суретті үлкендерінен бастап жапсырып, оларды кішкентай, ерекше
бөліктермен толықтыра алады;
-өз ой-қиялын білдіре алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
-натюрморттың не екенін түсіндіре алады;
-өз бетімен таныс техникаларды үйлесімдей алады.
тілдік мақсаттар
дағдыларды дамыту:
-сөзбен түсіндіру арқылы композицияны нақтылау;
-жұмыс тәсілі мен реттілігін айту;
-түпкі ойды түсіндіру;
-өзінің және өзгенің жұмыстарын талқылау және түсіндіру;
-түстердің пропорциялық арақатынасын сөз түрінде айқындау;
-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау.
Көптілділік: натюрморт – натюрморт – still life.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
-натюрморт, көгөністер, жемістер, контур, қию тәсілдері, қағазды бүктеу.
талқылауға арналған сұрақтар:
Натюрморт дегеніміз не?
Натюрмортты неден жасауға болады?
Симметриялы фигураларды қалай қиюға болады?
Алдыңғы білім
Көгөністер мен жемістер туралы қарапайым түсінік. Қайшымен жұмыс жасау білігі: жолақты
тіктөртбұрыш етіп қию; шаршыны үшбұрыш етіп қию; шаршы немесе төртбұрыштың
бұрыштарын қиып алып, домалық және сопақ пішіндерді қию. Симметриялық емес заттарды
бейнелеу үшін салынған немесе ойдағы пішін бойынша сұлбаны қию дағдысын қалыптастыру.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс- әрекет
Ресурстар
I. Оң көңіл күй
орнату.
0–1 минут
II. өмірлік тәжірибені
өзектендіру.
мақсат қою
2–5 минут
(ұ) ұОқ оң көңіл күй туғызу.
Өлшемі мен түстері
Әртүрлі көгөніс пен жемістердің муляждары.
(ұ) Педагог балаларға көгөніс пен жемістер натюрморты бейнеленген
суреттердің репродукцияларын көруге ұсынады. Тәрбиеленушілер
жұмбақты шешеді:
Егер суретте сен көрсең,
Самаурынды үстелдегі,
Жүзімді себеттегі,
Құмырадағы раушан гүлді,
Немесе қола сауытты,
Көгөніс, жеміс-жидек, не торт –
Ендеше, бұл ... (натюрморт)
Педагог балаларды ҰОҚ-нің тақырыбына жақындатады.
Музыкалық сүйемелдеу.
Натюрморт бейнеленген
суреттердің
репродукциялары.
III. ұОқ-нің
тақырыбы бойынша
жұмыс
6–25 минут
(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялық материалмен жұмыс.
Балалар суретке қарап, қандай заттардың бейнеленгенін атайды.
Суреттегі заттардың қайсысы негізгі болып табылатындығы туралы
болжам жасайды.
Гүлдер, жеміс-жидектер, көгөністер мен тұрмыстық заттар
бейнеленген суреттер натюрморт деп аталады.
(Ж) Шағын зерттеу: көгөніс пен жемістердің муляжына қарап,
олардың көлемін, пішінін және түсін анықтау. Педагог ауызша көркем
сөзді пайдаланып, затқа сенсорлық зерттеу ұйымдастырады. Қию
барысында балалар ақырын (немесе ішінен) жұмыс барысының ретін
айтып отырады.
Әліппе-альбом.
Көгөніс пен жеміс
муляждары.