Азамат Есембулов – «Біздің жұмысымыздың маңыздылығы - адамдарға көмек көрсету»
Шығыс Қазақстан – үлкен аймақ. Облыста барлығы 22 халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Бірақ дәл осы жерде ең көп адамға қызмет көрсетеді деп айта алмаймыз. Шығыс басқа қырымен ерекшеленеді. Облыстағы ХҚКО қызметі туралы толығырақ – Шығыс Қазақстан облыстық ХҚКО директоры Азамат Есембуловпен сұхбатымызда.
- Азамат Хамидулиевич, Сіз жас басшысыз. Сіз бар-жоғы 32-десіз, бірақ ХҚКО-ны осы филиалында 6 жыл қызмет атқарасыз. Осы жылдары Сіз басқа аймақтарда тәжірибеге енген қандай жаңашылдықтарға қол жеткіздіңіз?
- Шынымен, біздің ХҚКО-ның мақтанарлығы бар. Біз бірінші болмасақ-та алғашқылардың бірі болып өз қызметкрелерімізді ым-ишара тіліне оқыттық. Бүгінгі таңда әрбір филиалда сурдоаударма тәсілін игерген кем дегенде бір қызметкерден бар. Бұл есту мен сөйлеу қабілетінде қиындығы бар адамдар үшін өте маңызды және қолайлы. Өзіңіз ойлаңыз, бұрын ХҚКО-ға келіп қызмет алу үшін оларға қоса еріп жүретін және ХҚКО қызметкерімен арада байланысқа жол серік керек, оның жұмыс кестесіне бағыну қажет. Бұл өте қолайсыз. Ал қазір ондай мәселе жоқ. Реттеу залында әрқашан аталған келушілермен түсінісе алатын, оған керек нәрсеге жол сілтейтін бір қызметкер жүреді.
- Сіз кадрды қалай іріктедіңіз?
- Ол үшін үлкен жұмыс атқарылды. Мысалы, БҰҰДБ-мен біздің қызметкерлерді ым-ишара тіліне оқыту мүмкіндігі табылды. Қазіргі таңда осы тәжірибе басқа аймақтар үшін жақсы бастама болды деп сеніммен айта аламын. Мысалы, қазіргі таңда республиканың барлық филиалдарында инспекторлар сурдоаударма оқытудан өткен.
- ХҚКО халыққа жақын болуы үшін не істелініп жатыр? ШҚО үшін мұның өзекті екендігіне келісесіз – облыс территориясы үлкен, сіздің филиалыңызға жетуде қиындық туындайтын алыс қоныстанған елді мекендер өте көп.
- Бұл бағытта жұмыстар үнемі жүргізіліп жатыр. Мысалы, бізде Мобильдік ХҚКО белсенді жұмыс атқарады – ол ауылдық жерлерде қызмет көрсету үшін қажетті барлық құралдармен жабдықталған арнайы автокөліктер. Демек, егер азамат алыс қоныстанған жерде тұратын болса ол үшін ХҚКО-сы бар аудан орталығына барудың қажеті жоқ. Ол азаматтардың уақытын да, ақшасын да үнемдейді. Қазіргі таңда ШҚО-да осындай 7 автокөлік бар. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап ХҚКО қызметкерлерімен көлікте ЗТМО, «Казпочта» және көші-қон полиция өкілдері жүреді. Ол адамдарға кеңес алуға, қызметің өзі алып, қажет болса мемлекеттік баж салығын төлеуге мүмкіндік береді.
- Азамат Хамидулиевич, Сіз өзіңіз соңғы жылдардағы қандай жетістікті маңызды деп санайсыз?
- Ақырғы 6 жылда ХҚКО түбегейлі өзгерді және жақсы жаққа. Халыққа қызмет көрсету бойынша барлық бағыттар бойынша көптеген жұмыс мөлшері орындалды. Мысалы, қазіргі таңда адамдарды электронды қол қоюға үйретіп жатырмыз, оның қаншалықты ыңғайлы, әрқайсысының уақытын қаншалықты үнемдейтіндігін түсіндіріп жатырмыз. Кейіннен ХҚКО визуалды түрде де өзгерді – адамдарға ыңғайлы бола бастады, қызметтер жылдам, бұрынғыдан да кәсіби және сауатты көрсетіледі, кезекте тұру жойылды, егер азғана күту керек болса ол оны өзіне ыңғайлы жағдайда орындай алады. Қазір қандай-да бір анықтаманы алу үшін күні бойы күтудің қажеті жоқ. Бүгінгі күні ХҚКО келіп маманға кіре алмау дегенді елестету мүмкін емес.
- Осы жаңашылдықтардың барлығы қалай енгізілді есіңізде ме? Сол кездегі паспорттық үстелден ерекше ХҚКО неден басталды?
- Біріншіден, жұмыс кестесі өзгерді. ХҚКО-лардың қазіргі күнге дейін сақталып отырған жұмыс кестесі бекітілді: сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін. Бұл өте маңызды. Халыққа қызмет көрсету орталығы болғандықтан халыққа өте ыңғайлы болуы керек. Адамның орташа жұмыс күні сағат 18:00-ге дейін екендігі ескерілді, сондықтан ол келгенше және барлығын ресімдегенше сағат 20:00-ге дейін үлгереді. Осы жұмыс кестесі автоматты түрде бүкіл республикаға енгізілген.
- Ал ХҚКО қызметкерлері ше? Жүктеме ұлғайды ма?
- Әрине оларды да ойладық. Бізде қызметкерлер екі ауысымда жұмыс істейді. Айтпақшы қызметкерлер туралы. Олардың кәсібилігін үнемі арттыру мақсатында тәлімгерлер демек жетекші институты енгізілді. ХҚКО-ға бұл маманның қажеті не? Мысалы, жаңадан қызметкер келді. Оны жұмысқа үйрету керек. Дәл осы тәлімгер осымен айналысады. Сонымен қатар, қызметкерге жұмыс кезіндегі қандай-да бір қиындықтармен күресуге көмектеседі. Сонымен бірге, семинарлар өткізеді, біздің қызметкерлер үшін оқыту курстарын ұйымдастырады, жұмыстағы жаңашылдықты түсіндіреді.
- Осындай тәлімгерлер барлық ХҚКО-да бар ма?
- Бұрын – иә, барлық бөлімде болған. Ең басында оның қажеттігі болған, қазір жоқ. ШҚО-да барлығы 4 тәлімгер бар, Өскемен және Семей аймақтарында әрқайсысында екіден. Олар жұмыс мөлшеріне үйренген – аймақтарға шығады немесе өздерінде қызметкерлерді жинайды.
- Жұмыста көп нәрсенің басшыға байланысты екендігіне келісесіз бе? Мен түсінемін, 22 бөлімнің ішінен бір-екеуін бөліп атау қиын, әйтсе де, барлық жаңашылдықтың жылдам әрі қарапайын енгізілетіні қай жерде?
- Біздің мамандар өте мықты. Барлық бөлімдерде жаңашылдықтыжылдам қабылдайды. Бірақ мен Әлия Салиевна Ниғмеджанова басқаратын Өскемен қалалық №2 бөлімі мен Гульнара Керейхановна Идришева басқаратын Семей қалалық №1 бөлімді бөліп атар едім. Табыстылықтың 50 %-ы басшыға байланысты, осылармен жаңа іс бастау мен үшін өте жеңіл.
- Бұл клиенттер, басшылар үшін, ал ХҚКО қызметкерлері қаншалықты өзгерді?
- Мен ең басты өзгерістің осы қызметкерлерді болғандығына сенімдімін. Адамдар өз жұмысына, клиенттерге басқадай қарай бастады. Ешқандай сыбайластық, ешқандай дөрекілік жоқ.Түсінесіз бе, үстелді, компьютерді ауыстыруға болады, бірақ жұмыс одан жақсармайды, егер ол үстелде дөрекі отыратын болса. Біз өз қызметкерлерімізді клиенттерге басқадай қарауға үйретеміз, олардың көмек көрсеткісі келуі керек. Бұл адамдармен жұмыста өте маңызды. Бізде барлығы мінсіз деп айта алмаймын, алдыда әлі де атқарылатын жұмыстар жеткілікті. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, біз жұмыс істейміз.
Бұл қызықты. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында 652 адам жұмыс істейді. 2015 жылғы қараша айына олар 2млн-нан астам адамға қызмет көрсеткен (2014 жылы – 1,5 млн-нан астам адам).
Жыл көлемінде бас тартулар мен бұзушылықтар 3 есеге азайған.
Достарыңызбен бөлісу: |