70
II. өмірлік
тәжірибені
өзектендіру.
мақсат қою
2–5 минут
(ұ) Педагог тәрбиеленушілерге сұрақ қояды:
Нан алу керек болса,
Сыйлық алу керек болса,
Өзімізбен сөмке алып,
Біз далаға шығамыз,
Сөрелер жанынан өтіп,
Қайда біз барамыз? (Дүкенге)
Педагог балалардан сөренің не екенін сұрайды.
Ол қайда орналасады және не себепті қажет?
Балаларға ҰОҚ-нің тақырыбын түсіндіреді.
Иллюстрациялар, дүкен
сөресінің фотосуреттері.
III. ұОқ-нің
тақырыбы
бойынша жұмыс
6–25 минут
(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялық материалмен жұмыс.
Педагог балаларға суретті көруді ұсынады. Балалар жұптасып суреттегі
азық-түліктердің пайдалы-пайдасыз екендігін және оның себебін
талқылайды.
Сөреде сатып алушыларға дүкеннен не сатып алуға болатыны көрсетіледі.
Сөреде өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік және киім-кешек көрсетілуі
мүмкін.
Педагог сабаққа дайындықты тексереді. Балаларға жапсырмада қандай
сөрені бейнелейтіні туралы ойлануды ұсынады. Дүкен сөресін жасау үшін
қарындаш пен сызғышты қолдану жөнінде кеңес береді.
(ұ) саусақтарға арналған жаттығу
Бостан-босқа тұрмайын,
Алмұрттарды жинайын!
(Сол қолды кеуде тұсында иіп ұстайды – «себет», оң қолмен ағаштан
алмұртты жұлып алып, себетке салған қимыл көрсетеді.)
Алманы да терейін,
Досым келсе, берейін.
(Қолдарын ауыстырады.)
Бананды аршып, оны да,
Ұстатам достың қолына!
(«Банан» ұстаған қолын алға созады.)
(ұ) Аппликация жасау технологиясы.
Әзірлеме-негізде қалам мен сызғыштың көмегімен дүкен сөресін сызып
алу керек. Тәрбиеленушілерге сызғышты қолдану
ережесін еске салыңыз: сызғышты қағаз бетіне жатқызып,
сол қолмен (егер бала солақай болса, оң қолмен)
үстінен басып тұрады.
Қарындашты сызғышқа қарай тігінен орнатып, қарындашты да тігінен
ұстап, сызғыштан ажыратпай, сызық сызамыз.
Сөре дайын болғанда, балалар оны толтыруға кірісе алады.
Педагог, балаларға жоспар бойынша жапсырманы жасауға мүмкіндік бере
отырып, қию техникасын қадағалап отырады.
Қағазды түзу сызық бойымен қию кезінде оны төмен қарай түсіріп,
біруақытта қайшыны жоғары қарай жылжыту керек. Домалақ және сопақ
пішіндерді қию кезінде қайшы оң қолда бір орында қозғалыссыз ұсталады,
ал сол қолмен қағаз сурет сызығының бойымен жылжытылады.
Педагог балалардың дәл қиюын және бөлшектерді бүлдірмеуін
қадағалайды. Өзіндік жұмыс кезінде педагог тапсырма берудің орнына,
балаға кеңестер, жанама сұрақтар қойып, оның өз бетімен жұмыс
жасауына қолдау көрсетеді.
Қию сызығының анық, бұдырсыз болуын қадағалау қажет.
Қиған кезде қағазды ойып алмауға тырысу қажет.
(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережесі
Педагог ҰОҚ барысында қауіпсіз жұмыс ережелерін еске салады:
Өз жұмыс орныңда тәртіп сақта.
Түзу құралдармен жұмыс жаса.
Жұмыс барысында құрал жүзінің қозғалысына назар аудар.
Қайшының сақинасын өзіңе қаратып қой.
Қайшымен ойнама, бетке жақындатпа.
Қайшыны мақсатына сай пайдалан.
Әліппе-альбом.
Дүкен сөресінің
фотосуреті.
Музыкалық сүйемелдеу.
Түрлі-түсті қағаз, журнал
қиындылары, принтерден
басып шығарылған қағаз,
жай қарындаш, сызғыш,
қайшы, ПВА желімі
(немесе желім-қарындаш),
желімге арналған жаққыш,
сулық клеенка.
Жадынама.
IV. ұОқ
қорытындылау.
Рефлексия.
26–30 минут
(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау:
Педагог балаларды өзара бағалауға шақырады.
Түрлі-түсті танымдық белгілер: парақша, қарша, гүлдер, бағдаршамдар
пайдаланылады.
Түрлі-түсті танымдық
белгілер: парақша, қарша,
гүлдер, бағдаршамдар.
71
27-ұОқ. АтАмныҢ тОРсығы
(бауды пайдалана отырып, сәндік
аппликация)
мектеп/мұ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
сынып/топ:
қатысқандардың саны:
қатыспағандардың саны:
ұОқ-нің оқыту
мақсаттары
0.1.3.2. Қуыршақтар мен ойыншықтарға арнап ұлттық бұйымдарды, сондай-ақ, қазақ ою-өрнектерінің
желісімен балалардың ойдан шығаруы/шаблон бойынша түрлі бұйымдарды, шырша ойыншықтарын,
құттықтау ашықхаттарын, ұжымдық панноларды сәндеу.
0.2.1.1. Геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию(жолақтарды
тіктөртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тіктөртбұрыштың бұрыштарын
қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып алу).
0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін
нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
-стандартты емес материалды (жіп, бау) пайдалана алады;
-үлгіқалып бойынша ұлттық бұйымдарды сәндей алады;
-жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады;
-қайшыны дұрыс ұстап, оны еркін пайдалана алады.
Көптеген тәрбиеленушілер:
-түпкі ойын тұрақты сақтап, өз жұмысын жоспарлай алады және жұмысты соңына дейін жеткізе алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
-өз бастамасымен бейнелеудің әртүрлі тәсілдерін біріктіре алады;
-өз ой-қиялын көрсете алады.
тілдік мақсаттар дағдыларды дамыту:
-сұрақтарға жауап беру, бұрын меңгерген біліктерді еске түсіру;
-шығармашылық жұмыс барысында мүмкіндіктер аясын талқылау;
-ұлттық дәстүрлермен және қолөнермен, жасалған халық шығармашылығы бұйымдарымен танысу
кезінде сөздік қорды байыту;
-қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;
-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау.
Көптілділік: жіп – нитки – thread.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
-торсық, ою, бау, жіп, желім сызығы, симметриялы қию.
талқылауға арналған сұрақтар:
Торсық дегеніміз не?
Симметриялы қию үшін қағазды қалай дұрыс бүктеуге болады?
Сен ұлттық оюдың қандай элементтерін қиып үлгердің?
Алдыңғы білім
Қазақтың халық шығармашылығы туралы түсініктер.
Сәндік композициялар жасау туралы қарапайым біліктер.
Қағазды бүктеп, бірнеше фигуралар қиып алу білігі.
Қайшыны пайдаланудың техникалық дағдылары.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
і. Оң көңіл күй
орнату.
0–1 минут
(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй туғызу.
«Мейірім гүлшоғы». Балалар шеңберге тұрады. Олардың
әрқайсысында гүл болады, гүлді мейірімді тілектер айтып, бір-біріне
сыйлайды. Нәтижесінде мейірім шеңберін бастаған балаға гүл шоғы
беріледі.
Музыкалық сүйемелдеу.
II. өмірлік тәжірибені
өзектендіру.
мақсат қою
2–5 минут
(ұ) Педагог пазл-суретті жинауды ұсынып, суретте не бейнеленгенін
айтуды сұрайды. Балаларды сабақ тақырыбына жақындатады.
«Торсық» пазл-сурет.
III. ұОқ-нің
тақырыбы бойынша
жұмыс
6–25 минут
(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялық материалмен жұмыс.
Тәрбиеленушілер суретті, фотосуреттерді, иллюстрацияларды көреді.
Педагог ежелден көптеген халықтардың қымызды шипалы сусын деп
есептегенін айтады. Бұрынғы заманда қымызға арналған ыдысты
Әліппе-альбом.
Тұсаукесер.