Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 1,12 Mb.
Pdf просмотр
бет2/40
Дата14.05.2018
өлшемі1,12 Mb.
#12817
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40

4

оның негізгі мақсаты – айшықты аппликация бейнелерін жасау арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың 

шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыруға, композиция құру дағдыларын дамытуға, қию тәсілдерін 

меңгерген кезде көру және қозғалу үйлесімділігін дамытуға бағытталады.

Бұл ретте педагог мынадай нақты міндеттерді іске асырады:

– халық қолөнері, материалдар мен құрал-жабдықтар туралы ұғым қалыптастырады;

– бөлшектерден зат бейнесін құру, есте сақтау, түсінік бойынша әртүрлі нысандардан композиция құру 

дағдыларын дамытады;

– геометриялық және өсімдік өрнектері негізінде жырту, өру техникасын қолдана отырып, симметриялық, 

сұлбалық, бірнеше қабатталған заттарды қию техникасына, сондай-ақ әртүрлі үйлестірілген техникаларға 

үйретеді;

– мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық қабылдау қабілетін дамытады;

– саусақтың ұсақ моторикасын, көзбен өлшеу, байқағыштық қабілеттерін дамытады;

–  аппликацияда  түс,  нысан,  өлшем  және  т.б.  сияқты  көркемдік  мәнерлілік  құралдарын  пайдалануға 

үйретеді;

–  аппликацияда  қазақ  халқының  ұлттық  қолданбалы  көркемөнерінің  желісін  пайдалану  арқылы 

отансүйгіштікке тәрбиелейді.

ОӘК-ді  пайдалану  күтілетін  нәтижелерді  тұжырымдауға  мүмкіндік  береді  және  мектепалды 

дайындық сыныбының тәрбиеленушілері:

– жырту, қию тәсілдерімен қарапайым аппликацияны орындау арқылы әртүрлі ертегі кейіпкерлерін және 

т.б. жасай алады;

–  үлгіқалыпқа,  затқа  қарап  заттардың  тиісті  түсін,  нысанын,  пропорциялары  мен  фактурасын  таңдап, 

бөлшектерді дұрыс жапсыру кезектілігін дұрыс пайдалана отырып, жапсырма құрастыра алады;

– елестету бойынша геометриялық фигуралар негізінде бірнеше бөлшектерден жапсырмалар құрастырып, 

біртұтас  айшықты  ойыншықтардың  бейнелерін  немесе  қағаздан  жыртылған  түзу  емес  бөлшектерден 

үлпілдеген ойыншықтар бейнесін жасай алады;

– жапсырмада жеке/ұжымдық сюжетті композиция құра алады, заттардың кеңістіктік қатынасын, түсін, 

пропорцияларын, текстурасын ескере отырып, оларды жер, су, аспанға қатыстылығына қарай жатқыза алады;

– қазақ халқының қолданбалы көркемөнерінің желісі негізінде, жапсырмадағы ою-өрнек элементтерінің 

кеңістіктік қатынасын ескере отырып, ою-өрнек нысандары мен элементтерін кезектестіріп, қарқынды және 

симметриялы түрде орналастыру арқылы ою-өрнектерден жапсырмалар құрастыра алады;

– қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің желісі негізінде балалардың ойы/үлгіқалып бойынша ойыншықтар 

мен  қуыршақтарға  арналған  ұлттық  бұйымдарды,  сондай-ақ  жаңажылдық  шыршаға  арналған  әшекей 

бұйымдарды, құттықтау ашықхаттарын, ұжымдық панноларды безендіре алады;

– геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттарды қия алады (жолақтарды тікбұрыш етіп қияды, 

шаршыларды үшбұрыш етіп қияды, шаршы немесе тікбұрыштың бұрыштарын қиып алып, дөңгелек және 

сопақша пішіндерді қиып алады);

 – симметриялы заттарды бейнелеу үшін салынған немесе қиялдағы контур бойынша сұлбаларды қия 

алады; 

–  екіге,  қатпарланып  бүктелген  қағаздан  әртүрлі  симметриялы  нысандар,  табиғат  пен  жасанды  әлем 



бейнелерін қайшымен ойып алады;

– аппликацияға арналған материалдарды (тығыздығы, түсі, текстурасы бойынша әртүрлі қағаз түрлері) 

тиімді пайдалана алады;

–  бірнеше  қабатқа  бүктелген  қағаздан  бірнеше  көркемдік  элементтерді  қия  алады,  геометриялық  фи-

гураларды  (шаршылар,  тіктөртбұрыштар,  шеңберлер,  сопақшалар)  екіге  бөліп  және  диагоналі  бойынша  

қия алады;

– екіге бүктелген қағаздан ортасы мен бұрыштарын безендіретін, қатпарлап бүктелген қағаздан тізбектер, 

шілтерлер, қар үлпектерін, гүлдер және т.б. қия алады;

– жұмыс барысында жұмыс орнын тәртіпке келтіре алады.

ұОқ жүргізу ерекшеліктері

ҰОҚ-нің өзгеше ерекшелігі сол, берілген оқу процесі тәрбиеленушілердің шығармашылық іс-әрекеттерінде 

ерекше  белсенділік  танытулары  болып  табылады.  Мысалы:  педагогтің  баланы  шығармашылық  ізденіс 

жағдайына қою білігі, тәрбиеленушілердің үздіксіз білім алуға деген қажеттілігін іске асыру үшін балалар-

ды зияткерлік шығармашылықпен қызықтыру білігі, «білімді адамнан» (яғни білім, біліктер және дағдылар 

жүйесімен қаруланған) «өмір сүруге дайын адамға» дейін жетелеу білігі жаңа педагогикалық ұстанымдар. 

Балалардың шығармашылығын дамыту баланы «ең жақын даму аймағына» бағытталған мақсатты оқытуға 

байланысты екендігін түсіну елеулі маңызға ие.




5

 Авторлар педагогке көмек ретінде ұзақмерзімді және қысқамерзімді жоспарларды әзірледі. Ұсынылып 

отырған қысқамерзімді жоспарламада пәнаралық байланыстарды (сурет салу және жапсыру, өзін-өзі қауіпсіз 

ұстау, валеология, қоршаған ортамен таныстыру, драма, өзін-өзі тану сабақтары және т.б.) пайдалана отырып, 

бөлімдердің оқу материалы бірізді ашылады.

  Тәрбиеленушілердің  ҰОҚ  шығармашылық  жұмысы  әртүрлі  нысанда  жүзеге  асады:  тегістікте  және 

көлемде  бейнелеу  (заттың  өзіне  қарап,  жады  бойынша,  сипаттама  бойынша);  безендіру  жұмысы;  құрбы-

құрдастарының  жұмыстарын,  сабақтағы  жобалық  (ұжымдық)  және  жеке  жұмыстың  нәтижесін  талқылау; 

халық мұрасын зерделеу; оқылатын тақырыптарға иллюстративтік материал іріктеу; (халықтық, классикалық 

және заманауи) музыкалық және әдеби шығармаларды тыңдау. Практикалық, рефлексиялық әрекет ҰОҚ-нің 

негізгі бөлігі болып табылады. 

 Оқу материалының мазмұны балаларға өнер мен өмірдің өзара байланыс жүйесі туралы айқын түсінік 

беруге  бағытталады.  Балалардың  өмірлік  тәжірибесі  мен  қоршаған  ортадан  мысалдарды  көбірек  тарту 

көзделеді.  Айналадағы  шынайы  өмірді  бақылау  және  эстетикалық  тұрғыдан  ортақтасу  негізінде  жұмыс 

істеу балалардың бағдарламалық материалды меңгеруінің маңызды алғышарты болып табылады. Қоршаған 

әлемге көзқарасты білдіруге деген талпыныс бейнелі ойлаудың дамуының көзі болуы тиіс. Баланың адамның 

ішкі дүниесіне қызығушылығын, өзінің жан дүниесіне үңіле білу, өзінің ішкі уайым-қайғысын түсіне білу 

қабілетін дамыту өнерді үйретудің басты мақсаттарына айналады.

Бұл – өзге адамның сезіміне ортақтасу қабілетін дамытудың алғышарты. 

Ұсынылып отырған қысқамерзімді ҰОҚ-нің жоспарлары түпкілікті құрылым болып табылмайды және 

тәрбиеленушілер  ұжымының  даму  деңгейіне  қарай,  педагогтің  ұйғарымы  бойынша  түрленуі  мүмкін. 

Әдістемелік нұсқауда 6–7 жастағы балаларды шығармашылыққа үйретудің қолжетімді әдістемелік тәсілдері, 

ең  тиімді  нысандары  мен  әдістері  қамтылған.  Олар  балаларға  зерттеу  әрекетінде  алғашқы  қадамдарын 

жасауға көмек көрсетуге арналған.

ҰОҚ-де тұлғаға бағытталған көзқарасты пайдалану балалардың субъективті тәжірибесіне, олардың жеке 

өмірлік тәжірибесіне ұдайы сілтеме жасау арқылы жүзеге асады. Педагог пен балалар оқу әрекетінде тең 

құқылы серіктестер ретінде жұмыс істеуі тиіс.

Қысқамерзімді  жоспарламада  балалардың  меңгеруі  тиіс  алдын  ала  нәтижелер  ұсынылды,  әр  ҰОҚ-нің 

оқыту  мақсаттары  әзірленді,  пәндік  мазмұнмен  жұмыс  жүргізуге  арналған,  көптілді  компонентті  (қазақ, 

орыс,  ағылшын  тілдерінде  негізгі  терминдер)  қамтитын  тілдік  мақсаттар  айқындалды,  тәрбиеленушілер 

сабаққа  келетін  алдыңғы  білім  бөлек  берілген.  Бұл  педагогке  тақырып  бойынша  жұмыс  перспективасын 

көруге және әр ҰОҚ-нің нақты мақсаттарын оқытудың түпкілікті нәтижесімен салыстыруға көмектеседі. Пән 

бойынша тақырыптар мазмұнының ықпалдастығына, олардың басқа да білім салаларының материалымен 

сабақтастығына ерекше көңіл бөлінеді.

Қысқамерзімді  жоспарламада  берілген  оқу  материалы  тәрбиеленушілерді  әртүрлі  материалдардың 

қасиеттерімен  таныстырады.  Олар  геометриялық  фигураларды,  түстерді  ажыратуды,  шамасына  қарай 

бөлшектердің арақатынасын белгілеуді және бөлшектерді біртұтас біріктіруді, заттың құрылымын, кеңістікте 

орналасуын айқындауды, қағаз бетінде бағдарлауды үйренеді.

ОӘК  мазмұны  тәрбиеленушілердің  жеке  практикалық  шығармашылығын  ұжымдық  (жобалық) 

шығармашылық әрекетпен кезектестіруді көздейді.

Ұжымдық жұмыс нысандары әртүрлі болуы мүмкін: топтар бойынша жұмыс, оқушылардың әрқайсысы 

жалпы  панноға  немесе  құрылысқа  арналған  өзінің  бөлігін  жасайтын  жеке-ұжымдық  жұмыс.  Бірлескен 

шығармашылық әрекет балаларды келісуге, ортақ міндеттер қойып, оларға қол жеткізуге, бір-бірін түсінуге, 

өз  құрбы-құрдастарының  жұмысына  құрмет  және  қызығушылық  танытуға  үйретеді,  ал  ортақ  оң  нәтиже 

болашақ шығармашылыққа ынталандырады және өз күшіне сенімділік туғызады. Көбіне осындай жұмыс 

қандай да бір үлкен тақырыпты қорытындылау үшін жүргізіледі және оны толығырақ және жан-жақты ашуға 

мүмкіндік береді, осылайша барлық балалардың күш-жігерін біріктіру нәтижесінде айшықты әрі біртұтас 

қолөнер туындысы жасап шығарылады.

Әдістемелік нұсқауда оқу материалының мазмұнын екі бөлімге бөлу ұсынылады:

1.1. Аппликация бағыттары.

2.2.  Материалдармен  және  құрал-жабдықтармен  жұмыс  істеу  тәсілдері  және  еңбек  гигиенасы  мен 

қауіпсіздік техникасының негіздері.

Осы бөлімдердің мазмұны сегіз тақырыпшалар арқылы іске асырылады:

«Мен кіммін және қандаймын?»

«Мектепке не үшін барамыз?»

«Менің айналамда кімдер бар?»

«Менің айналамды не қоршап тұр?»



жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау