68
Алдыңғы білім
Қайшыны пайдалану білігі: жолақты тікбұрышты төртбұрыш етіп қию, шаршыны үшбұрыш етіп
қию, шаршының немесе төртбұрыштың бұрыштарын қиып тастап, домалақ және сопақ пішіндерді
қию. Симметриялы емес заттарды бейнелеу үшін сызылған немесе ойдағы контур бойынша сұлба
қиып алу бойынша қарапайым дағдылар. Қой және қошқар сияқты үй жануарлары туралы түсінік.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
і. Оң көңіл күй
орнату.
0–1 минут
(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.
Төбелерден секіріп,
Жүріп шарбақ бойымен,
Күн таңертең жарқырап:
Жеміс бағына қарай өтті,
Өзен үстінен жанай өтті,
Жаңа, балғын жапырақты,
Жылы қолымен сипай өтті.
Күнмен бірге көзін ашты,
Құстар, шөптер, гүлдер,
Бәрі Күнге күлімдеді,
Біз де Күнге күлімдейік!
Музыкалық сүйемелдеу.
II. өмірлік тәжірибені
өзектендіру.
мақсат қою
2–5 минут
(ұ) Педагог тәрбиеленушілерді жұмбақпен қызықтырады:
Кім ыстықта да, суықта да өз тонын шешпейді? (Қой.)
– Қойдың тоны қандай? Не себепті ол туралы: «Иірмейді, тоқымайды,
бірақ адамдарды киіндіреді», – деп айтады?
Балалардан үй жануары – қой туралы не білетінін сұрайды.
– Бүгін «Қошақан» жапсырмасын жасаймыз.
Тақырып бойынша
бейнематериал.
III. ұОқ-нің
тақырыбы бойынша
жұмыс
6–25 минут
(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялық материалмен жұмыс.
Тәрбиеленушілер суретте қандай жануар бейнеленгенін айтады, оның
пайдасын түсіндіреді.
Қуаныш қой жүнінің жылу сақтағыштық, ылғалды жақсы сіңіретін
және ыстықты өткізбейтін қасиеттері туралы ақпаратпен бөліседі.
Педагог балаларға қошақан сұлбасын жасау үшін медициналық
мақтаны батыл қолдануға болатынын ұсынады.
(ұ) саусақтарға арналған
«қошақандар» жаттығуы.
(Екі қолдың алақандары төмен түсіріледі. Шынтақтар жанжаққа
қаратылған. Екі қолдың сұқ саусағы мен шынашағы сақина тәрізді
жұмылып, алға созылады да, қошақанның мүйіздерін бейнелейді.
Қалған саусақтар алақанға жұмылып тұрады. Осындай күйде бір
қолдың сұқ және шынашақ саусақтарымен екіншісін сүзу керек.)
Таңертең ерте, екі қой сүзісті,
Мүйіздерін сартылдатып,
Осылай ұзақ сүзісті,
Бір-бірінен жеңілмей,
Түске қарай шаршап қалып,
Содан кейін, жайылымға қарай тарқасты.
(ұ, Ж) Аппликацияны орындау технологиясы
Педагог тәрбиеленушілерді жұмысты тез және ұқыпты істеуге,
қиюдың тиімді тәсілін пайдалануға, қағазды орынды жұмсауға,
жұмыс орнын таза ұстауға бағыттайды. Педагог балаларға үлгіқалып
бойынша қошақанның сұлбасын салуды ұсынады. Қиып алып, оны
әзірлеме-негізге (фон) жапсырады. Шеткі сызықтарды көз алдына
елестету арқылы қайшыны қағаздан ажыратпастан қиған балаларды
мадақтайды.
Әрбір бұйра жүнді әзірлемеге жаққан желімнің үстіне мақта түйірін
жапсыру керек.
Мақта, жіптер, моншақтар, қауырсын сияқты қосалқы заттарды ПВА
немесе кеңсе желімімен жапсырған жөн.
Педагог тәрбиеленушілерге суреттегі қажетті бөлшектерді
фломастермен бояуды ұсынады.
(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережесі
Педагог ҰОҚ барысында қайшы мен желімді пайдалану ережелерін
еске түсіреді. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке
келтіруді үйретеді.
Әліппе-альбом.
Музыкалық сүйемелдеу.
Түрлі түсті қағаз, жай
қарындаш, қайшы, ПВА
желімі (немесе желім-
қарындаш), желім жаққыш,
сулық,
клеенка, мақта, фломастер.
Жадынама.
69
IV. ұОқ
қорытындылау.
Рефлексия.
26–30 минут
(ө, ұ) Рефлексиялық бағалау:
Жұмыстар талданып, нәтиже қорытындыланады:
• аудиалдар: ауызша, жаппай: саған бүгінгі сабақта не ұнады, сенің
ойыңнан шықты ма?
• кинестетиктер: «бет» карточкасын тарату, балалар оған ауыздың
суретін салып, өз көңіл күйлерін смайлик түрінде көрсетеді.
Танымдық белгілер.
26-ұОқ. дҮКЕн сөРЕсіндЕ
(сюжеттік аппликация)
мектеп/мұ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
сынып/топ:
қатысқандардың саны:
қатыспағандардың саны:
ұОқ-нің
оқыту
мақсаттары
0.1.2.1. Жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік
қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып
оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыру.
0.2.1.1. Геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию(жолақтарды тіктөртбұрыш,
шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тіктөртбұрыштың бұрыштарын қию арқылы шеңбер
және сопақ пішіндерді қиып алу).
0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан әртүрлі
қағаздар).
0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін
нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
-жапсырмада композиция жасай алады;
-әртүрлі қағазды қолдана алады;
-геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттарды қия алады;
жапсырма материалын тиімді пайдалана алады.
Көптеген тәрбиеленушілер:
-сюжеттік жапсырма жасау кезінде коллаж техникасын қолдана алады;
-қағазды жырту тәсілін белсенді пайдалана алады;
-қағаздың бетіне суретті үлкендерінен бастап жапсырып, оларды кішкентай, ерекше бөліктермен толықтыра
алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
-өз бетімен таныс техникаларды үйлесімдей алады;
-фигуралардың көлемінің әртүрлі екендігін айқындай алады;
-ой-қиялын көрсете алады.
тілдік
мақсаттар
дағдыларды дамыту:
-жұмыстың әдістері мен кезектілігі туралы айту;
-түпкі ойды түсіндіру;
-жапсырма жасау жөнінде ұсыныстар жасау;
-өзінің және өзгенің жұмыстарын талқылау және түсіндіру;
-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау.
Көптілділік: дүкен – магазин – shop.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
-дүкен сөресі, пайдалы азық-түлік, қарындаш, сызғыш, газет-журналдардың қиындылары, принтерден басып
шығарылған қағаз, жырту тәсілі, сюжеттік жапсыру.
талқылауға арналған сұрақтар:
Не себепті дүкендерге сөрелер қажет?
Сызғышты қалай пайдалану керек?
Сен қандай қағаз түрлерін білесің?
Коллаж дегеніміз не?
Алдыңғы
білім
Әртүрлі қағазбен, желіммен жұмыс жасаудың дағдылары. Қайшымен жұмыс жасаудың техникалық
дағдылары. Қалыптасқан әлеуметтік құзыреттілік.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
I. Оң көңіл күй
орнату.
0–1 минут
(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй туғызу.
«Досыңа жақсы көңіл күй сыйла» тренинг-ойын.
Музыкалық сүйемелдеу.