54
III. ұОқ-нің
тақырыбы бойынша
жұмыс
6–25 минут
(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс.
Тәрбиеленушілер суретке қарайды. Басқұр – бұл
қазақтың киіз үйін бекіту мен жабдықтауға арналған
салтанатты әрі сәндік жолақтар.
Басқұрды геометриялық және өсімдік оюлы өрнекпен
әшекейлейді.
Педагог балалардың қандай материалмен жұмыс
істейтіні жөнінде ойлануды ұсынады. (Қағазбен) Қандай
құралдармен? (Қайшы, желімге арналған жаққыш,
қарындаш).
Болжалды композицияға назар аударады: жолақтар
қандай болады, қандай ою-өрнек қолданылады? Ұнаған
ою-өрнек үлгілерін таңдауды ұсынады.
(ұ) саусақтарға арналған жаттығу
Алақандар үстел үстінде,( «бірекі» – саусақтар бірге,
саусақтар бөлек).
Алақан – жұдырық – қырынан, («бірекіүш»)
Саусақтардың амандасуы («бірекіүштөртбес»
– екі қолдың саусақтары қосылады: бас бармақ бас
бармақпен, сұқ саусақ сұқ саусақпен және т.с.с.).
Қояндар (сұқ және ортаңғы саусақты жоғары қарай
көтерді, бас бармақ, төртінші және бесінші саусақтар
біріктіріледі.)
Қояндар тығылып қалды (жұдырықты түю).
Ағаштар өсіп тұр (алақандарды өзіне қарай бұрып,
қолды жоғары көтеру).
Ағаштар жоқ (одан кейін қолдар төмен қарай
түсіріледі).
(ұ, Ж) Аппликацияны орындау технологиясы.
Фон түсін таңдайды. Қию тәсілдерін анықтайды. Фон
әзірлемесіне жай қарындашпен басқұр жолағының
суретін салады, қиып альбомға жапсырады.
Өз бетінше қиып алып, ою-өрнектің дайын үлгіқалыбын
алады.
Қағазды белгілі тәсілдермен: екіге немесе қатпарлап
бүктейді. Ою-өрнектің бүгу сызығы бойымен ою-
өрнектің
үлгіқалыбын қойып, жай қарындашпен сызып алады.
Педагог тәрбиеленушілердің назарын заттың шеткі
сызықтарына аударады. Шеткі сызықты қию оңай болу
үшін оң жақтан солға қарай қияды.
Сосын белгілер бойымен ою-өрнекті қиып алады да
жазады.
Педагог балалардың дәл қиюын және бөлшектерді
бүлдірмеуін қадағалайды. Қию сызығының анық,
бұдырсыз болуын қадағалау қажет. Қиған кезде қағазды
ойып алмауға тырысу қажет.
Жолаққа ою-өрнектің барлық бөлшектерін орналасты-
рады. Орналастырудың ең жақсысын таңдайды.
Жапсырудың барлық бөлшектерін матаға ретімен жап-
сырады.
Желімді бейненің ортасынан бейненің бұрышы мен
шетіне қарай біркелкі етіп ұқыпты жағу керек. Бұл үшін
жаққышты, саусақты, сорғышты қолдануға болады.
Екі шетін саусақпен (бас бармақ пен сұқ саусақ немесе
бас бармақ пен ортаңғы саусақ) ұстап, қағаз бөлшектің
бетін аударады.
(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережелері
Сабақ шеңберінде педагог қайшымен жұмыс істеу
ережелерін және жұмыс барысында жұмыс орнын,
құралдарын ретке келтіруді еске салып отырады.
Әліппе-альбом.
Презентациялық материал.
Музыкалық сүйемелдеу.
Түрлі түсті қағаз, жай қарындаштар,
қайшы, ПВА желімі (не желімді
қарындаш), желім жаққыштар,
сүрткіштер, клеенка.
Қазақтың ою-өрнектері бар
үлгіқалыптар мен трафареттер.
Жадынама.
IV. ұОқ
қорытындылау.
Рефлексия.
26–30 минут
(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау.
Жұмыстар талданып, нәтиже қорытындыланады.
Мазмұны бойынша бағалау: танымдық белгімен бағалау
– бала өзінің жұмысын танымдық белгілер (карточка-
лар, жетондар, ишарат және т.б.) көмегімен бағалайды.
Символ-карточкалар.
55
19-ұОқ. ЖЕЛКЕнді КЕмЕ
(оригами техникасын
пайдалана отырып көлемді
аппликация жасау)
мектеп/мұ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
сынып/топ:
қатысқандардың саны:
қатыспағандардың саны:
ұОқ-нің оқыту
мақсаттары
0.1.1.3. Елестету арқылы геометриялық пішіндер негізінде бірнеше бөліктен тұратын заттардың
жапсырмасын құрастыру, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс қолдана отырып, тұтас ойыншық
бейнелерін жасау немесе қисық жыртып алынған қағаздан жұмсақ ойыншық бейнелерін құрастыру.
0.2.2.3. Орталықты, бұрыштарды, әшекейлеу үшін екіге бүктелген қағаздан, қатпарлап бүктелген
қағаздан қол ұстасуды, шеңбер айнала ән айтқан адам бейнелерін, шілтер үлгілерін, қар ұшқындарын,
гүлдер, т.б. қию.
0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан
әртүрлі қағаздар).
0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін
нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
-оригами техникасын меңгеруге қатыса алады;
-ойыншықтың тұтас бейнесін құрай алады;
-қайшыны дұрыс ұстап, еркін пайдалана алады;
-жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсай алады;
-заттарды бүкіл парақ бетіне орналастыра алады.
Көптеген тәрбиеленушілер:
-симметриялы емес заттарды бейнелеу үшін суреті салынған немесе қиялдағы пішін бойынша
сұлбаларды қиюға бейімделген;
-бейнелерді қағаз бетіне жапсыруды алдымен ірі бөліктерінен бастап, кейін ұсақ, ерекше бөліктерімен
толықтыра алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
-өзіне таныс әдісті өз бетінше үйлестіре алады.
тілдік мақсаттар дағдыларды дамыту:
-сөзбен түсіндіру арқылы композицияны нақтылау;
-жұмыс тәсілдері мен кезектілігі жөнінде айтып беру;
-түпкі ойын түсіндіру;
-жапсыру жөнінде ойларын ұсыну;
-өзінің және өзгелердің жұмыстарын талқылау және түсіндіру;
-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау.
Көптілділік: кеме – корабль – ship.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
-оригами техникасы, қағазды бүктеу, симметриялы пішіндер қию, кемелер.
талқылауға арналған сұрақтар:
Оригами дегеніміз не?
Қағазды қалай дұрыс бүктеу керек?
Оригами техникасына қайшы керек пе?
Оригами үшін қандай қағазды қолдануға болады?
Алдыңғы білім
Оригами техникасында қарапайым пішіндерді жасай білу.
Қайшымен қарапайым жұмыстарды орындау.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
і. Оң көңіл күй
орнату.
0–1 минут
(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.
теңіз
Тыным таппай толқындары жарысқан,
Кейде тыныш, кейде дүлей айбынды.
Кемелер мен шағалалар табысқан,
Телегей су – алып теңіз айдыны.
«Мынау надан адам екен» дегізбей,
Білім алғын тереңдігі теңіздей.
Е. Өтетілеуұлы
Музыкалық сүйемелдеу.
II. өмірлік тәжірибені
өзектендіру.
мақсат қою.
2–5 минут
(ұ) Педагог тәрбиеленушілердің сабақта не істейтіндерін білген/
білмегенін сұрайды? Мақсат қою.
Педагог балаларға жабдықтың – жұмыс парағының дайындығын
тексеруді ұсынады: ластанбайтын төсем, қайшы, желім жаққыш,
шүберек, түрлі-түсті қағаз, қоқыс салғыш.
Кемелердің суреттері.