46
(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережелері.
Желіммен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері.
Желіммен жұмыс істеу кезінде қажет болса, жаққышты пайдалан.
Жұмысты орындаудың осы кезеңіне ғана қажетті желім
мөлшерін ал.
Желімнің артық мөлшерін жұмсақ шүберекпен немесе майлықпен
абайлап алып таста.
Жұмысты бітіргеннен кейін жаққышты және қолыңды сабынды
сумен жақсылап жу.
IV. ұОқ
қорытындылау.
Рефлексия.
26–30 минут
(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау
Жұмыстар талданып, нәтиже қорытындыланады. Мазмұны
бойынша бағалау: танымдық белгімен бағалау – бала өзінің
жұмысын символдар (карточкалар, жетондар, ишарат және т.б.)
көмегімен бағалайды.
«қар кесегі» (нұсқа)
Балалар шеңбер бойымен «қар кесегін» (қағаздан жасалған) бір-
біріне беріп, сабақта қолынан не келгендерін және нені пысықтау
керектігін айтады.
Қағаздан жасалған қар.
15-ұОқ. АқШАқАРғА
АРнАЛғАн КөЙЛЕК
(фольга мен майлықтарды пайдалана
отырып сәндік аппликация)
мектеп/мұ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
сынып/топ:
қатысқандардың саны:
қатыспағандардың
саны:
ұОқ-нің оқыту мақсаттары
0.1.3.2. Қуыршақтар мен ойыншықтарға арнап ұлттық бұйымдарды, сондай-ақ,
қазақ ою-өрнектерінің желісімен балалардың ойдан шығаруы/шаблон бойынша
түрлі бұйымдарды, шырша ойыншықтарын, құттықтау ашықхаттарын, ұжымдық
панноларды сәндеу.
0.2.2.2. Бірнеше қабат етіп бүктелген қағаздан геометриялық сәндік элементтерді
көбірек қиып алып, геометриялық пішіндерді
(шаршылар, тіктөртбұрыштар, шеңберлер, сопақшалар) ортасынан немесе диаго-
наль бойынша қию.
0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау
(тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан әртүрлі қағаздар).
0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
-ою жасау үшін фольгадан шиыршық жасай алады;
-желімді пайдалану дағдыларын қолдана алады;
-қайшыны дұрыс ұстап, еркін пайдалана алады;
-қиялдай алады.
Көптеген тәрбиеленушілер:
-фольгамен және қағаз майлықтармен өз бетімен жұмыс істей алады;
-қазақтың халықтық өрнектерінің желісімен панноларды сәндей алады;
-түпкілікті ойын тұрақты сақтап, өзінің әрекеттерін жоспарлай отырып, жұмысын
соңына дейін жеткізе алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
-таныс техниканы өз бетімен үйлесімдей алады.
тілдік мақсаттар
дағдыларды дамыту:
-жапсыру жөнінде ойларын ұсыну;
47
тілдік мақсаттар
-сөзбен түсіндіру арқылы композицияны нақтылау;
-жұмыс әдістері мен кезектілігі жөнінде айтып беру;
-өзінің және өзгелердің жұмыстарын талқылау және түсіндіру;
-түстің, пропорциялық қатынастардың ерекшелігін сөзбен айқындау;
-тақырыпқа қызығушылық тудыратын көркем сөзді тыңдау;
-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау.
Көптілділік: өрнектер – узоры – patterns.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
-сәндік жапсыру, өрнектер, фольга, майлықтар, шиыршық.
талқылауға арналған сұрақтар:
Өрнек дегеніміз не?
Неліктен аязда терезеге өрнектер түседі?
Қағазға өрнекті ненің көмегімен салуға болады?
Шиыршық қалай жасалады?
Алдыңғы білім
Эстетикалық дағдылар, қоршаған ортадағы сұлулықты көре білу. Жапсыруда
қолданылатын түрлі материалдар туралы түсінік. Шиыршық жасай білу.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
I. Оң көңіл күй
орнату.
0–1 минут
(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.
Педагог балаларға «Сәлемдесу» тренингін ұсынады.
Музыкалық
сүйемелдеу.
II. өмірлік
тәжірибені
өзектендіру.
мақсат қою.
2–5 минут
(ұ) Педагог балаларға сабаққа дайындықтарын тексеруді және кім туралы
айтып тұрғанын шешуді сұрайды:
Аязатаның жанында
Жүреді әрқашанда.
Бізге жұмбақ жасыратын,
Ән айтып, би билейтін
Сәнді көйлек киетін
Кім екенін айтыңдар?
Бұл – (Ақшақар).
Балалар кім немесе не туралы айтылғаны жөнінде болжамдар айтады.
Педагог ҰОҚ-нің тақырыбына тоқталады, алдағы жұмысқа
жұмылдырады.
Репродукциялар.
III. ұОқ-нің
тақырыбы бойынша
жұмыс
6–25 минут
(ұ) Әліппе-дәптердегі иллюстрациялармен жұмыс.
Тәрбиеленушілер суретке қарап, Аязатаға Жаңа жылда балаларға кім
сыйлық таратуға көмектесетінін айтады.
(Ж) Проблемалық сұрақ: Ақшақардың қалай киінгенін білесің бе? Ол
киімін қандай оюлармен әшекейлейді? Досыңмен бөліс!
Педагог фольга мен қағаз майлықтарды пайдалана отырып, Ақшақардың
көйлегіне ою салуды ұсынады.
(ұ) саусақтарға арналған жаттығу.
«тату-тәтті саусақтар»
Бұл саусақтар шымшылайды,
(Бас бармақпен және сұқ саусақпен екінші қолымыздың алақанын (немесе
анамыздың алақанын) шымшылаймыз).
Мына саусақтар серуендейді.
(Сұқ саусақ пен ортаңғы саусақты екінші қолдың үстімен «жүргіземіз»).
Мыналар әңгіме-дүкен құрғанды ұнатады,
(Ортаңғы саусақ пен аты жоқ саусақты қимылдатып, бірбіріне
үйкейміз).
Мыналар ұйқыны жақсы көреді.
(Аты жоқ саусақ пен кішкентай саусақты алақанға қысамыз).
Әліппе-дәптер.
Тақырып бойынша
иллюстрациялық
материал.
Музыкалық
сүйемелдеу.
Фольга, майлықтар,
жай қарындаштар,
қайшы, екіжақты
скотч, клеенка.
Ақшақар
үлгіқалыбы.