ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ
Пәні: Қазақ әдебиеті
|
Мектеп: Мұнайлы ауданы,Қызылтөбе ауылы, № 2 орта мектеп
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Боранғали Б.О.
|
Сынып: 7 сынып
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Мұхтар Әуезов.Әңгіме. Пейзаж. Суреттеу.
|
Оқу мақсаттары:
|
Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Алынған мәліметтерді меңгере отырып, оларға шығармадан дәлелдемелер келтіріп түсіндіреді.
Кейбір оқушылар орындай алады: Өз көзқарасын білдіріп, өлеңнен шығатын тұжырымды айқындайды
|
|
Бағалау критерийлері:
-Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды
-Өз көзқарасын білдіріп, өлеңнен шығатын тұжырымды айқындайды.
|
Ойлау дағдылары
|
Білу,түсіну,қолдану,талдау,жинақтау,бағалау
|
|
|
|
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Поэма, эпикалық шығарма
|
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
|
Талқылауға арналған сұрақтар
|
Ишара:
Сабақ барысында оқушыларға қолдау көрсетіліп, шапалақ соғу арқылы қошемет көрсетіледі.
|
Құндылықтарға баулу
|
Отансүйгіштік,батырлық,ерлік, сөз өнерін құрметтеу, ұлтжандылық
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақстан тарихы
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
|
Сабақтың барысы
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Басы
мин
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
1.Мұхтар Әуезов туралы не білесіңдер?
2.Жазушының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі қандай?
М.Әуезов туралы білетіндерін еске түсіреді
.
Қазақ әдебиетінің классикалық туындысына айналған «Көксерек» хикаяты 1928 жылдың желтоқсаны мен 1929 жылдың қаңтар айларында Ташкент қаласында жазылды. Бұл хикаятта адам мен табиғаттың қайшылықтары Құрмаш пен Көксеректің қарым-қатынасы арқылы шебер суреттелген. «Көксерек» әңгімесінің тақырыбын таңда жұбайы Валентина Әуезова былай деп еске алады: «Бірде мен қабырға күнтізбесін (1929 жылдың) сатып алдым. Сол күнтізбе Мұхтардың жазу үстелінің тұсында ілулі тұратын еді. Сонда белгілі суретшінің салған суреті бар болатын – қысқы түн, қар жамылған меңіреу дала, сонау алыста, көз ұшында қар басқан кішкентай деревняның оттары көрінеді. Ең алдыңғы қатарда түнде жортқан қасқыр тұр. Міне, сол сурет Мұхтар Әуезовтің сонау жас бала кезінде кәнігі аңшылардан естіген әңгімелерін есіне түсірген болу керек, енді міне, күн сайын көз алдынан осы суреттегі көрініс кетпеген Мұхтар өзінің «Көксерек» әңгімесін жазған болатын».
«Көксерек» повесі маңызы жағынан Л.Толстойдың «Холстомер» мен «Булька», А.Чеховтың «Аққасқа», «Каштанка», Д.Лондонның «Ақ азу», У.Флобердің «Аю» атты шығармаларымен деңгейі бірдей. 200 томдық дүниежүзі әдебиеті кітапханасына М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы мен «Көксерек» хикаяты кірген. Сондай-ақ, 1973 жылы «Қазақфильм» киностудиясы «Көксерек» әңгімесі негізінде «Көксерек» драмалық көркем фильмін түсірді.
Әдебиет теориясы
Пейзаж туралы түсінік
Көркем әдебиеттегі табиғат суреті – пейзаж деп аталады. Пейзаж (франц. «мекен», «өлке») – белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі. Тақырыпты толығырақ ашу үшін пейзаж кескіндеме жанрының басқа түрлерінде де (портрет, баталия жанры т.б.) қолданылады. Пейзажда суретшінің сезімі, көңіл күйі, түсінігі, табиғатқа деген эстетикалық, этикалық көзқарасы аңғарылады.
Көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністері – адам образын толықтыра түсетін тәсіл. Пейзаж – әдеби шығармаларда жаратылыстың, яғни, табиғаттың әсем көрінісі, көркемдік бейнесі.
Бағалы дерек
Қасқырларды алғаш қызыл кітапқа енгізген – Германия мемлекеті. Бұл шешім 1934 жылы Фри- дрих Ницше мен Освальд Шпенглердің ықпалымен қабылданған. Қызыл кітапқа енген жануарлардың ең алғашқысы осы қасқырлар болып табылады. (massaget.kz)
Қасқырлар – өте төзімді келеді және өз аумағында ең қаһарлы жыртқыш саналады. Ірі еркек қасқырлардың салмағы мекен ететін жеріне байланысты 50–80 келі аралығында болады. Неғұрлым солтүстікке жақын мекендесе, соғұрлым ірі келеді. Олар бір жегенде 10 келі ет жей алады. Ауа-райы жайлы болса, қасқырлар орман ішінде 9 км жердегі дыбысты ести алады екен. Ал ашық далада 16 км қашықтықтағы дыбысты құлағы сезеді. Сондай-ақ, тірі жануардың иісін 1,5 шақырымнан анық сезе алады. (massaget.kz)
Қасқыр – дала тағысы. Киелі саналатын көкбөрі тұқымына қатысты тағы бір дерек, ол – оның отбасына беріктігі. Қасқыр бір ғана отбасына ие және ол – бөлтірік тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан. Ауыздандыру, бөлтірігін көкжалға айналдыру, бәрі-бәрі – осы ата қасқырдың құзырындағы міндет. Өзге аңдарда жоқ осы қасиеттер киелі жаратылыс иесін әркез даралап тұрады. («Қазақ энциклопедиясы»)
|
|
Сабақ ортасы ортасы
3минут
15 минут
15 минут
|
Мәтін бойынша сұрақтар:
1.Адамдар қасқырдың күшіктерін неге аяусыз өлтірді?
2. Неліктен бір күшікті тірі қалдырып кетті?
3. Үлкендер мен Құрмаштың әжесі неліктен Көксеректі өлтіру керек деп еді?
4. Құрмаш неге үлкендердің айтқанына көнбеді? Ол неліктен Көксеректі өлтіруге қимады?
5. Көксерек неге қолға асырауға көнбеді? Көксеректің ауылдан кетуіне қандай себептер болды деп ойлайсыңдар?
Қолдану: «Білімді мыңды жығар» Сәйкестендіру тесті
Бөлім
|
Болған оқиғалар
|
Ауылға келуі
|
Екі аяқтылардың індегі бөлтіріктерге қиянаты.
|
Көксеректің мінезі
|
Оның ауылда өсуі, мінез-құлқындағы қасқырға тән ерекшеліктері.
|
Көксеректің ауылдан кетуі
|
Көксеректің өз тұқымын тануы, бірнеше рет жоғалып кету
|
Көксеректің жаралануы
|
Көксеректің Ақ қасқырмен қосылып төңіректегі ауылдарды шулатуы.
|
Құрмашпен соңғы кедесуі
|
Көксеректің Құрмашты өлтіруі.
|
Аққасқа мен Көксерек шайқасы
|
Аққасқаның Көксерекпен айқасы. Көксеректің өлімі. Құрмаштың әжесінің Көксеректі басқа теуіп, Құрмашын жоқтауы
|
Дескриптор:
-Шығарманың бөлімдерінің мамұнын еске түсіреді;
-Әр бөлім бойынша оқиғаларды жіктеп, кестені толтырады
3.Талдау, жинақтау: «Әдеби шеңбер»
(Әр топ өз ара топ ішінде талқылап, қорғайды.)
І топ: «Хикая картасы» арқылы білімдерін жинақтау
ІІ топ: Венн диаграммасы арқылы кейіпкерлерді салыстыру
ІІІ топ: Блум түймедағы әдісімен білімдерін жүйелеу
ІҮ топ: «ПДМҚ» әдісі арқылы талдау, ой қорыту
Дескриптор
Шығарманың мазмұны,сюжеттік желісі негізінде сұрақ құрастырады;
Оқушылар мәтіндегі қай бөлімнің маңызды екенін үзінділер, мысалдар арқылы дәлелдейді;
Шығармадағы ақпараттың өмірмен байланысын мәтіннен ашып көрсетеді;
Шығармадағы көтерілген мәселеге ұтымды ой айтып, қорытынды жасайды;
Бекіту. «Ыстық орындық» әдісі.
М.Әуезовтің «Көксерек» шығармасының мазмұнына сүйеніп, сұрақтарға жауап береді. Шығарманың мазмұнын бекітеді.
«Мұғалім – оқушы»
«Жуан және жіңішке» әдісін (сұрақ қою мәнерін жетілдіреді.«Жіңішке» сұрақтар – бір сөзді жауап талап ететін сұрақтар. Ал «жуан» сауалдар – ойлауды, қосымша білімді тартатын, талдай білуді талап ететін сұрақтар).
- Мұхтар Әуеов әңгімені неге «Көксерек» деп атаған, жазушы ойын қалай түсіндірер едіңіз? (Жазушы шығарманы «Көксерек» деп атағанмен, мұнда қасқыр тағдыры ғана сөз болмайды, адам мен табиғат арасындағы күрделі өзекті мәселе көтеріледі.)
- Әңгіме негізіндегі басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсы деп ойлайсыңыз?( Табиғатқа жасалған қиянат)
- Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға бола ма? (Ақтауға болмайды. Себебі жазушы өз шығармасында табиғатқа қиянат келтіргендерді «екі аяқтылар» деп суреттеген.)
Табиғатқа қиянат келтіру, оның тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар? (табиғатқа қиянат жасау, оның тыныштығын бұзу мәселесі-қауіпті мәселе).
-Әңгіме қалай аяқталады? Қарғыспен аяқтауына не себеп? Әженің қарғысымен аяқталады. Әженің қарғысы-заңғар жазушының озбырлыққа пен қаталдыққа деген қарғысы).
-.Бұдан нені ұғамыз? Жазушы неге үндейді? (Жазушы жер бетіндегі тіршілікті татулыққа
Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы)
-Көксеректі жауыздыққа, соншама өшпенділікке баулыған нәрсе не? Әлде табиғаттың қатаң заңы ма, қасқырлар әлемінің тіршілік заңы солай ма?
Әр топ бір сұрақтан алып, «автор орындығына» отырып, жауап береді.
Дескриптор:
-Оқушылар алған сұрақтарға жауап беріп,диалогқа түседі;
-Берілген жуан сұрақтарға тура жауап қайтармай, ой елегінен өткізіп, сыни пікір айтады.
Қорытынды: «Көксерек» әңгімесінен алған әсерлеріңді білдіріп, шағын эссе жазыңыздар
Дескрипторлар:
1. Әңгіменің ерекшелігіне зер салады
2. Замануи тұрғыдан бағалайды
3. Өз ойын білдіреді
ҚБ
Үй тапсырмасы:
«Адам және табиғат» тақырыбында ойтолғау жазу
|
|
Сабақ соңы
2 мин
|
Рефлексия«Бес саусақ» әдісі арқылы жүзеге асады. (Парақшада оқушының не жазуы тиіс екені толығымен көрсетілген). Парақшаны жеке оқушы толтырады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |