50
Педагог тікелей үйрету әдісін қолданады. Жұмыстың реті барлық орындау
кезеңдері көрсетілген сызбалар түрінде тақтада көрсетіледі.
Құстың сұлбасын үлгіқалып бойынша сызып алады немесе өз бетімен еске
түсіру арқылы немесе қара түсті параққа құстың суретін қарап отырып
салады. Салған суретін қиып алып, дайындалған қағазға желімдейді.
Қара түсті қағазды тігінен екіге бүктейді де қанаттарын қиып алады. Қағазды
екіге қалай дұрыс бүктейтінін және әзірлеменің қай жерінен ұстайтынын
тәрбиеленушілерден сұраңыз.
Жүннен иірілген жіпті ұсақтап қияды.
Құстың төсіне және желімделген негізге желім жағып жүннен иірілген жіптің
қиылған бөлшектерін орналастырады.
Бейнені керек бөлшектерімен толықтырады.
Бұтақты жырту тәсілімен дайындалған түрлі түсті қағаз жолақтарынан
жасауға болады.
Педагог бір баланы суықторғайды әзірлеу тәсілін көрсету үшін тақтаға
шақырады, тәрбиеленушілер білгендерін бекітуі және жұмыс ретін қайталауы
үшін сол баланың әрекеттерін нақтылап, түсіндіріп отырады.
Түрлі-түсті қағаз,
жай қарындаштар,
қайшы, желім,
желім жаққыштар,
сүрткіштер, клеенка,
жүннен иірілген қызыл
түсті жіп.
Жадынама.
(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережелері
Сабақ шеңберінде қайшымен жұмыс ережелерін еске салып отыру.Қайшыны
кезек-кезек ашып-жауып қию керек.
IV. ұОқ
қорытындылау.
Рефлексия.
26–30 минут
(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау: Педагог сабақты қорытындылайды. Жұмысты
сәтті орындағандар қол шапалақтасын. Сосын жұмыста қиналғандар қол
шапалақтасын.
«қар кесегі» (нұсқа)
Балалар шеңбер бойымен «қар кесегін» (қағаздан жасалған) бір-біріне беріп,
сабақта қолынан не келгендерін және нені пысықтау керектігін айтады.
Педагогтің айтқанын
мұқият тыңдайды.
17-ұОқ. қАЛА КөШЕЛЕРіндЕ
(сюжеттік аппликация)
мектеп/мұ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
сынып/топ:
қатысқандардың саны:
қатыспағандардың саны:
ұОқ-нің оқыту
мақсаттары
0.1.2.1. Жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік
қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала
отырып оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыру.
0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі
симметриялық пішіндерді қию.
0.2.2.2. Бірнеше қабат етіп бүктелген қағаздан геометриялық сәндік элементтерді көбірек қиып алып,
геометриялық пішіндерді (шаршылар, тіктөртбұрыштар, шеңберлер, сопақшалар) ортасынан немесе
диагональ бойынша қию.
0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін
нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
-геометриялық пішіндерді (шаршылар, тіктөртбұрыштар, шеңберлер, сопақшалар) ортасынан немесе
диагональ бойынша қия алады;
-заттарды бүкіл парақ бетіне орналастыра алады;
-желімді пайдалану дағдыларын қолдана алады.
Көптеген тәрбиеленушілер:
-заттардың кеңістіктік қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің
текстурасын есепке ала отырып оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыра
алады;
-бейнелерді қағаз бетіне жапсыруды алдымен ірі бөліктерінен бастап, кейін ұсақ, ерекше
бөліктерімен толықтыра алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
-өздеріне таныс әдісті үйлестіре алады;
-композиция заңдарын қолдана алады.
тілдік мақсаттар
дағдыларды дамыту:
-жапсырма жасау жөнінде ойларын ұсыну;
-жұмыс тәсілдері мен кезектілігі жөнінде айтып беру;
-түстің, пропорциялық қатынастардың ерекшелігін сөзбен айқындау;
-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;
-өзінің және өзгелердің жұмыстарын талқылау және түсіндіру;
-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау.
Көптілділік: қала – город – тown.
51
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
-геометриялық пішіндер, композиция перспективасы, қию тәсілдері, әзірлемелер, желімді астар,
көлік, көше, ғимарат.
талқылауға арналған сұрақтар:
Қандай геометриялық пішіндерді білесің?
Жақын тұрған пішіндер қандай болып көрінеді?
Көлікті қандай әзірлемелерден қиып алуға болады?
Алдыңғы білім
Қарапайым сюжеттік композиция жасай білу, қағаздың бетін толтыра білу. Қайшымен жұмыс
дағдылары. Геометриялық пішіндерді білу. Негізгі түстермен және олардың реңкімен танысу.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
і. Оң көңіл күй
орнату.
0–1 минут
(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.
Бүгінгі қала бейнесі
Сілкіп тастап нала жүгін,
Жасанып тұр қала бүгін.
Сәулетіне,
Дәулеті сай,
Қос басындай таразының.
Түнгі қала,
Жұлдыздардың,
Шоғырына айналып тұр.
Ө. Ақыпбекұлы
Музыкалық сүйемелдеу.
II. өмірлік тәжірибені
өзектендіру.
мақсат қою.
2–5 минут
(ұ) Педагог тәрбиеленушілерді үлкен
және шағын
қалалардың фотосуреттерінен (картиналар,
иллюстрациялар) ұйымдастырылған шағын көрмеге
шақырады.
Педагог тәрбиеленушілерді алдағы әрекетке
жұмылдырады.
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
«Қазақстан қалалары»
фотосуреттері, иллюстрациялар,
суреттер, картиналар
(мүмкіндігінше).
III. ұОқ-нің тақырыбы
бойынша жұмыс
6–25 минут
(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс.
Педагог балалардан суретке қарап, ғимараттардан,
көліктен, қоршаған ортадан қандай геометриялық
фигуралар көріп отырғанын айтқызады.
Балалардың назарын жыл мезгіліне аударады. Қар
қайда жатыр? Үйлердің төбесінде, ағаш бұтақтарында,
отырғыштарда.
Педагог балаларға алдағы композицияны көрсетіп,
онда қазір көкжиекке ұласқан (парақтың жоғарғы
жағын нұсқайды) кең байтақ жер жатқанын (парақтың
төменгі жағын нұсқайды) көрсетеді. Бірақ осы жақында
аспанға бой тіктеп үйлер көтерілетінін, үйлерге адам
қоныстанатынын, жолдармен көліктер ағылысатынын
айтады. Осының бәрін қазір біз өзіміз жасаймыз өз
қаламызды саламыз.
Жақын орналасқан фигуралар үлкен болып көрінеді.
Ал алыстағылары кішкентай сияқты көрінеді.
(ұ) саусақтарға арналған жаттығулар
Көңілді адамдар (саусақтар алақан үстінде адымдайды),
Өзен жанымен өтеді (екінші алақанның үстімен
адымдайды).
Жүгіріп-секірді, (үстел үстін тықылдатамыз),
Күнді қарсы алды, (бетіміздің үстімен жүреді),
Көпірге шықты,(саусақтардың басын біріктіреміз).
Шеге қақты, (жұдырықпен жұдырықты соққылаймыз).
Содан кейін өзеңге сүңгиді (алақандарымызды
сілкілейміз).
Адамдар қайда? (Қолдарымызды қолтығымызға
тығамыз).
Әліппе-альбом.
Тұсаукесер материалдары немесе
фльипчарттар.
Музыкалық сүйемелдеу.