Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 1,12 Mb.
Pdf просмотр
бет30/40
Дата14.05.2018
өлшемі1,12 Mb.
#12817
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40

60

II. өмірлік 

тәжірибені 

өзектендіру. 

мақсат қою 

2–5 минут



(ұ) Педагог балаларға байқатпай бөлмеге тақияны алып келеді, тәрбиелену-

шілерден бөлмеде жаңа заттың  қайдан пайда болғанын айтуды ұсынады.

Ежелден қазақтар бас киімді ерекше қастерлегенін айтады. Адамның басынан 

бас киімін жұлып алуға болмайды.

Адамдар әрқашан, қай жерде болмасын бас киімін ерекше мұқият шешіп, 

мүмкіндігінше жоғарырақ қоюға немесе ілуге тырысқан. Бас киімнің еденде 

немесе орындықта жатпауына айрықша көңіл бөлінген, олай болмаған жағдайда 

оның иесінің денсаулығына нұқсан келеді деп саналған.

Мақсат қояды.

Қазақтың тақиясы.



III. ұОқ-нің 

тақырыбы 

бойынша 

жұмыс

6–25 минут



(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс

Балалар суреттерді көреді. Өздеріне белгілі қазақтың ұлттық киімдерін атайды.

Педагог қыздарға Айсұлуға арналған тақияны, ал ұл балаларға Қуанышқа 

арналған тақияны сәндеуді ұсынады.

Тәрбиеленушілер трафареттерді немесе үлгіқалыпты пайдалана отырып, 

қағазды екіге немесе қатпарлап бүктеп қиюға тапсырма алады.

Әліппе-альбом.

Иллюстрациялық 

материал.

(ұ) сергіту сәтіне арналған жаттығу

Секірейік, секірейік,

Ұзын құлақ қоянша.

Шаршағанды кетірейік.

Болар сонда тамаша. 

(Ж, ұ) Аппликация жасау технологиясы.

Жұмыстың орындалу алгоритмі:

Педагог балаларға ою салу үшін тақияны әзірлеуді ұсынады.

Одан кейін тәрбиеленушілер оюдың үлгіқалыбын қиып алады. Түрлі түсті 

қағаздан әзірлеме-жолақтарды қиып алады.

Түрлі түсті қағаз жолақтарын екіге немесе қатпарлап бүктеп, ою үлгіқалыбын 

әзірлеме-парақтың бүгілген сызығына жатқызады. Жай қарындаштың көмегімен 

үлгіқалыпты бастырып сызады.

Қиып алып, тақияға орналастырады. Ойдағыдай болғанға дейін оюдың 

орналасуын өзгертуге болады.

Жапсырманың барлық бөлшектерін негізге ретімен жапсырады. 

Оюды әзірлеу тәсілін көрсету үшін педагог балалардың бірін шақырады. 

Тәрбиеленушілердің түсініктерін бекітуі және кезектілікті тағы да бір рет 

қайталауы үшін оның іс-қимылын нақтылап түсіндіреді.



(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу тәсілдері.

Педагог сабақ шеңберінде қайшымен жұмыс істеу ережелерін еске салады. 

Тәрбиеленушілердің назарын қағазды үнемдеп пайдалану керектігіне аударады. 

Қағаздың үлкен қиындыларын лақтыруға болмайды, оларды ұсақ бөлшектерді 

қиып алу үшін пайдалануға болады.

Музыкалық сүйемелдеу.

Түрлі түсті қағаз, жай 

қарындаштар, қайшы, 

ПВА желімі (не желімді 

қарындаш), желім 

жаққыштар, сүрткіштер, 

клеенка.


Жадынама.

IV. ұОқ 

қорытын-

дылау. 

Рефлексия.

26–30 минут



(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау.

Педагог балаларды бір-бірін бағалауға шақырады.



Рефлексияның бір түрін таңдайды:

• физикалық (үлгердім – үлгермедім);

• сенсорлық (өзін-өзі сезіну: қолайлы – қолайсыз);

• зияткерлік (нені түсіндім, ұғындым – нені түсінбедім, қандай қиындыққа  

   кезіктім);

• рухани (жақсардым – нашарлай түстім, өзімді, өзгелерді жақсарттым).

Балалар бір-бірін 

бағалайды. 



22-ұОқ. қОҢыР Үнді дОмБыРА

(заттық жапсыру)



мектеп/мұ: 

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

сынып/топ:

қатысқандардың саны: 

қатыспағандардың 

саны:

ұОқ-нің 

оқыту 

мақсаттары

0.1.1.2. Үлгіқалып/есте сақталған үлгі/затқа қарап жапсыруларды құрастыру, сәйкес түсті, пішінді, 

заттардың фактурасы мен пропорцияларын таңдау, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс пайдалану.

0.2.1.1. Геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию (жолақтарды тіктөртбұрыш, 

шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тіктөртбұрыштың бұрыштарын қию арқылы шеңбер 

және сопақ пішіндерді қиып алу).

0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан әртүрлі 

қағаздар).

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.



61

Күтілетін 

нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-затқа қарап заттық жапсыруларды құрастыра алады;

-бөлшектерді жапсыру кезектілігін пайдалана алады;

-қайшыны дұрыс ұстай алады, оны еркін пайдалана алады; 

-жапсыруға арналған материалдарды тиімді пайдалана алады.

Көптеген тәрбиеленушілер:

-заттардың тиісті түсін, пішінін, пропорцияларын және фактурасын таңдай алады;

-заттарды бүкіл парақта орналастыра алады;

-тұрақты түпкі ойды сақтай алады, өз әрекетін жоспарлай алады, жұмысын аяқтай алады.



Кейбір тәрбиеленушілер:

-өз бастамасы бойынша әртүрлі бейнелеу тәсілдерін біріктіре алады. 



тілдік 

мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-жұмыс әдістері мен орындау кезектілігі туралы айтып беру;

-түпкі ойды түсіндіру;

-ұлттық салт-дәстүрлермен, қолөнермен танысқан, халық шығармашылығы бұйымдарын жасаған кезде сөз 

қорын байыту;

-түстерді, пропорциялық қатынастарды сөзбен сипаттау;

-тақырыпқа қызығушылық туғызатын көркемсөзді тыңдау;

-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау.



Көптілділік: музыкалық аспап – музыкальный инструмент – мusicalin strument.

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-музыкалық аспап, үлгіқалып, контур бойынша қию, негізгі бөліктер, ою-өрнек.



талқылауға арналған сұрақтар:

Қазақтың қандай музыкалық аспаптарын білесің?

Домбыра қандай бөліктерден тұрады?

Домбыраны қандай өрнектермен сәндеуге болады?

Қошқармүйізді қандай тәсілмен қиып алуға болады? 

Алдыңғы 

білім

Қазақтың музыкалық аспаптарымен танысу. Қайталау және ырғақ қағидалары негізінде қарапайым 

өрнектер құрастыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысу. Желіммен және қайшымен жұмыс. 

Қағазды бірнеше қабат етіп бүктеу, геометриялық сәндік элементтерді, фигураларды бірден көп етіп қию. 



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

і. Оң көңіл күй орнату.

0–1 минут



(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.

Ойна, домбырам, ойна!           Балаша мәз қылып,

Күй болып төгіліп,               Қуантып бір таста.

Су болып сарқыра.               Ойдан ой қуалап,

Жалықпа, домбырам,             Тау-тасты аралап,

Сағындым үніңді.                 Қайтайын сенімен,

Жүрекке мұң төгіп,               Ойнашы, домбыра,

Артынан қуантып,                Төгілтші, тоқтама!

Арғымақ боп жүгір.

Музыкалық 

сүйемелдеу. 

II. өмірлік нәтижені 

өзектендіру. 

мақсат қою. 

2–5 минут



(ұ) Педагог тәрбиеленушілерге қазақ домбырасының үнін тыңдауды 

ұсынады. Домбыраны тыңдағанда нені елестеткендерін сұрайды.

Cабақтың мақсаты – домбыраның аппликациясын жасау.

Аудиожазба.



III. ұОқ-нің тақырыбы 

бойынша жұмыс

6–25 минут



(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс. 

Педагог балаларға суретке қарауды ұсынады. Домбыра – қазақтың 

музыкалық аспабы. Аспаптың негізгі бөлігі сопақша пішінді, ал 

ішектер орналасқан бөлігі ұзын болады.

Балаларды домбыраны қолмен ұстап көруге шақырады.

Домбыра – қазақтың ең көне аспабы. 

Оны қазақтың әр үйінен кездестіруге болады. 

Ол қазақтардың өміріндегі ең қажетті және міндетті заттардың 

қатарына жатады.

Қайшы мен желімді қалай дұрыс пайдалану керектігін еске түсіріп, 

айтып беру ұсынылады. Ол үшін майлық пен клеенка қажет.

(ұ) саусақтарға арналған 

«Оркестр» жаттығуы.

Біздің саусақтарымыз – әртістер,

(екі қолдың саусақтары ашып­жұмылады).

Әліппе-альбом.

Музыкалық аспап – 

домбыра.


Домбыра бейнеленген 

көшірмелер.

Музыкалық 

сүйемелдеу. 




жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау